ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», ИИДМБ мемлекеттік бағдарламалары аясындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңір экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.  

Үкімет басшысы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалардың дамуымен танысты, атап айтқанда: экспортқа бағдарланған «Amal Bio» ЖШС алма бақтарымен, елеулі экспорттық әлеуеті бар «Адал» АӨК АҚ цифрлық сүтті-тауар фермасымен және жүгері өсіретін алаңмен танысты.

Жамбыл ауданында Үкімет басшысы «EmpireFood» ЖШС ет комбинатына, Қарасай ауданында «Хамле» ЖШС кондитерлік өнімдер зауытына барды. 

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында Алматы облысының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 305,3 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 103,3% құрады. Өсім Индустрияландыру картасы жобаларын, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру, газдандыру жұмыстарын жүргізу, «Alacem» цемент зауытын салу, «Сарыбұлак 2» ЖЭС, «Лукойл» майлау материалдарын шығару зауытын салу арқылы қамтамасыз етілді.

ИИДМБ және Индустрияландыру картасы аясында 2019 жылы 1214 жұмыс орнын құрумен, 61,9 млрд теңгеге 11 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішіндегі ірі жұмыс орындары: «Жетісу Мажико Агрокешені» ЖШС (май өнімдері мен құрама жемнің өндірістік кешеннің құрылысы) және «Meat Processing and Service» ет өңдеу кешені.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу