ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Мәскеу қаласында болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді.  

Екі елдің Премьер-Министрлері стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен сауда-экономикалық, инвестициялық және аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру келешегін талқылады.

Асқар Мамин сонымен қатар «Ресей тікелей инвестициялар қоры» бас директоры К. Дмитриевпен, «Сыртқы экономикалық банк» басқарма төрағасы И. Шуваловпен, «Ресей темір жолдары» ААҚ басшысы О. Белозеровпен және «Росгеология» холдингінің басшысы С. Горьковпен жекелеген келіссөздер жүргізді. Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, электронды коммерция нарығын дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың делегациясы құрамында Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі «Қазақстан» қайта жөнделген павильонының ашылу салтанатына қатысты.  

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу