Банк секторы табыс деңгейі төмен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын қабылдайды — ҚР Ұлттық банкі

 

Мемлекет тарапынан берілетін тұтынушылық несиелерді беру ережелерін одан әрі қатаңдату шаралары туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банк Төрағасының орынбасары О. Смоляков айтып берді. 

 

О. Смоляков атап өткендей, борыш жүктемесінің бақылаусыз өсуінің аса үлкен тәуекелдері ең алдымен қаржы нарығындағы реттелмейтін субъектілерде туындайды, яғни, бұл - онлайн-кредиторлар, түрлі серіктестіктер, ломбардтар т.б. Үш жыл ішінде банктер бойынша қарыз жүктемесінің өсімі 40% құраса, ал реттелмейтін субъектілер бойынша 2 еседен асып кеткен.

Қазіргі таңда борыш жүктемесін азайту бойынша бірқатар шаралар әзірленді, оларды Сенат қолдап, Мемелекет басшысына қол қоюға жіберілді. Бұл шаралар қарыз алушының түпкі мөлшерлемесінің ашықтығын болдырмайтын комиссия мәселесін алып тастауға бағытталған. Сонымен қатар олар қарыз алушы тарапынан борыш жүктемесіне қатаң талдау жасауды, борыш жүктемесі жайлы толық мәлімет үшін Несие бюросына ақпарат ұсынуды қарастырады. 

Сонымен қатар банк секторы қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады. Бұл шаралар табыс деңгейі төмен тұрғындарға бағытталады. Атап айтқанда, күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатындарға несие беруді шектеу, оған тыйым салу жоспарланған. Сонымен қатар, банктің реттеушілік талаптары, капиталды салмақтау және борыш жүктемесін бағалау бойынша тәсілдер күшейтіледі.   

Тағы бір шара заңнамаға 90 күннен астам уақыт бойы борыш өтелмеген жағдайда айыппұл мен өсімпұл есептеуді шектейтін нормаларды енгізу қажеттігін қарастырады. Бұл шара да тұрақты борыш жүктемесін болдырмайды. 

Сонымен қатар О. Смоляков қазір азаматтарға банктерге бару қажет емес екенін айтты. Негізгі жұмысты Үкімет, Ұлттық банк, Кредит бюросы мен банктер атқарады. 

«Қарыз алушылардың банктермен өзара әрекеттестігі аса қажет деп ойламаймыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Жарлықта айқындалған тұлғалар тізімі бойынша ақпаратты алған соң, Ұлттық банк Мемлекеттік несие бюросымен және банктермен бірге барлық сандарды салыстырып, 1 маусымдағы жағдай бойынша 300 мың теңгеге дейін әлеуметтік қолдауды алушылар болып табылатын қарыз алушылар туралы ақпаратты аламыз. 1 маусымдағы жағдай бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдардың түпкі саны бойынша да осылай. Бағдарлама операторларымен келісмішарттар жасасқан соң тиісті сомалардың өтелуін де біз бақылайтын боламыз, өйткені бұл өтемдер нақты жүргізіліп, несиелік іс қағазы мен Несие бюросының мәліметтерінде көрініс табуы тиіс», — деп түсіндірді О. Смоляков.

Сонымен қатар Ұлттық банк Төрағасының орынбасары жеке тұлғаның бірнеше банкте несиесі болған жағдайға қатысты түсінік берді.  

«Біз мұндай мехнизм ұсындық: қарызының көптігіне қарай, яғни қай банкке қарызы көп болса, сол қарыз бірінші кезекте өтеледі, және әрі қарай. Бірдей бөлу міндеті тұрған жоқ, біз жеке тұлғаның қарызының пропорционалдылығын есепке аламыз», — деді О. Смоляков.

Оның айтуынша, бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе жоқ, өйткені барлық тізімдер банктердің, Мемлекеттік несие бюросының мәліметтерімен салыстырылады. Ұлттық банкте әрбір жеке тұлғаның жалпы қарыз сомасы туралы нақты деректер бар. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу