Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

СІМ Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы: шетелдік инвестицияларды тарту шаралары жетілдірілуде

Жұма, 21 Маусым 2019, 12:44:20

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Е. Көшербаев атап өткендей, Қазақстан Орталық Азияда тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша көш басында. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына $320 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. 2018 жылы өткен жылдармен салыстырғанда, инвестициялардың жалпы ағымы 15,8%-ға артып, $24,3 млрд құрады.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдың желтоқсан айында инвестициялар тарту қызметі Сыртқы істер министрлігіне берілді. Бұл шешім әлемде инвестициялар үшін бәсекелестіктің артуы жағдайында біздің еліміздің одан әрі дамуы бойынша өршіл міндеттерге қол жеткізу аясында уақытылы қабылданған шешім болды.

«Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент Қ. Тоқаев инвестицияларды тарту және қорғау, іскерлік белсенділікті ынталандыру және  орташа тапты кеңінен қалыптастыру қажеттігін атап өткен еді. Инвестициялар тарту – бұл жаңа жұмыс орындарын құру, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, инновациялық технологиялар трансферті, сонымен қатар мемлекет бюджетіне салық түсімдерін ұлғайту. Яғни, біздің жұмысымыз қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге оң әсерін тигізеді», — деді Е. Көшербаев.

Осы міндеттері орындау мақсатында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жаңа жүйе жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.

Жаңа жүйе аясында шетелдік мекемелермен өзара іс-қимылды күшейту және бұл инфрақұрылымды инвестициялар тартудың негізгі құралдарының бірі ретінде пайдалану қарастырылған. Қазақстанның шетелде 93 миссиясы бар, қазіргі кезде олардың барлығы жаңа инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмысқа бағдарланған.

Шетелдік мекеме-орталық-өңір форматында үш деңгейлі жүйе жасалған, бұл әрбір инвестормен және жобамен әрбір деңгейде нақты жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  Мұндай механизм өңірлерден жобаларды тікелей шетелдік мекемелерге әлеуетті инвесторларды іздеу үшін жеткізуге және керісінше жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елімізге инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізетін институттар да бар.  Олар - «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Тікелей инвестициялар қоры.

Сондай-ақ жаңа жүйе аясында әлеуетті инвесторлардың елдерін қамту гоеграфиясын кеңейту қарастырылған. Экономиканың басымдықты секторларына тарту үшін 40 инвестор ел айқындалды. Озық елдерге баса назар аударылды. Олар - АҚШ, Германия, Жапония.

Жалпы, жыл басынан бері шетелдік мекемелер 1000-нан астам кездесулер өткізіп, іске асырылу әлеуеті жоғары 128 жоба нақтыланды.

Бұдан өзге, жыл басынан бері 17 инвестициялық іс-шара өткізілді, олардың алаңында бірқатар маңызды стратегиялық құжаттарға қол қойылды.

Барлық өңірлерде фронт-офистер құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, онда рұқсат беретін барлық жауапты органдар шоғырландырылатын болады. Инвесторға тек «бір терезеге» жүгіну қажет,  сонда ол өзінің жобасын іске асыруға қажетті барлық көмекті ала алады.

«Сонымен қатар біз фронт-офистердің елшіліктермен тікелей байланыса алуына жағдай жасауға ұмтыламыз. Мысалы, егер, Елшілікке инвестор келсе және инвесторлар үшін қажетті қандай да бір өңірде қандай да бір коммуникацияларды қосу, осы коммуникациялардың болуы, электр және жылу қуаттылықтарының қажеттілігі туралы мәселе туындаса, онда Елшілік тікелей сұрау салып, форнт-офистермен байланысқа түсе алады. Жұмыстар жалғастырылуда. Біз шілде айында оны аяқтаймыз деп отырмыз. Жыл соңына дейін фронт-офистер барлық өңірлерде құрылуы керек», — деді министрдің орынбасары.  

Оның айтуынша, Стратегиялық инвесторлар жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған, оның қызметі Қазақстан нарығына ірі инвесторларды енгізу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Кеңес Үкіметтің барлық құрамын қамтиды және кез келген шешім бірлесіп қабылданады. Биылғы 26 маусымда Кеңестің алғашқы отырысы өтеді. Күн тәртібінде — инвестициялық саясатты жетілдіру бойынша бес маңызды мәселе.

Сонымен қатар, Е. Көшербаев Министрліктің мақсаты инвесторларды табумен қатар, оларды экономиканың аса маңызды секторларына тарту екенін айтты. Ірі жобаларды іске асыруға елеулі қорлары бар басым салалар анықталды. Бұл — азық-түлік өнеркәсібі, агрохимия, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, газ химиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тау-кен металлургия кешені. Қазіргі таңда ҚР СІМ «Kazakh Invest» ұлттық компаниясымен бірлесіп аталған салаларда жобаларды пысықтап жатыр.  

«Біз Қазақстан нарығына кірген барлық инвесторларға жәрдемдесуге әрқашан да дайынбыз, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға әзірміз. Бұл – салық жеңілдіктері, инвестициялық преференциялар, заттай гранттар», — деді Е. Көшербаев.

Б. Батырашевтің айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі инвесторлар келесі елдер болып қалып отыр: Нидерланды – $7,3 млрд, АҚШ – $5,3 млрд, Швейцария – $2,5 млрд, Ресей – $1,5 млрд, Қытай – $1,5 млрд, Бельгия – $1,0 млрд, Франция – $0,9 млрд, Ұлыбритания – $0,6 млрд, Корея – $0,5 млрд.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Шілде 2020, 17:39
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
14 Шілде 2020, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020
14 Шілде 2020, 15:31
Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.