Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 16 шілдеден жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталады — ҚР Қаржы министрлігі

Жұма, 12 Шілде 2019, 12:48:16

ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті туралы айтып берді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.  

Қ. Баеділов салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары бекітілетін және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізілетінін айтты.

Қаржы вице-министрі хабарлағандай, Жол картасы бекітілді, оның аясында мемлекеттік кірістер органдары салықтық рақымшылық жүргізу тәртібі туралы халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізледі, соның арқасында әрбір азамат биылғы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды алып тастау бойынша осы науқанды пайдалана алатын болады. 

«2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығы бойынша берешекке 12%, мүлік салығына 6,7% тиесілі», - деді Қ. Баеділов.

Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін дербес шоттарды түгендеу жүргізілді.

Қаржы вице-министрі атап өткендей, осыған байланысты осы рақымшылықтың маңызды шарасы - жеке кәсіпкер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен туындайтын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың салықтық берешегін есептен шығаруға мүмкіндік беру.

«Бұл жерде көрсетілген берешек 2002-2003 жылдары салық органдарының жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық ақпараттық жүйеге (БСАЖ) көшуі кезінде пайда болған. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы 700 млн теңгеге, оның ішінде негізгі борыш - 400 млн теңге, өсімпұл – 300 млн теңге болатын мұндай салықтық берешек 16 мыңнан астам жеке тұлғада болған», - деп түсіндірді Қ. Баеділов. 

Жеке тұлға салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылады. 

«Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жасайтын болады және олар негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады», - деп түсіндірді Қанат Баеділов және ол 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық берешегі бар барлық азаматтары мемлекет тарапынан өсімпұл ретіндегі санкцияларды есептеусіз салық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайалануға шақырды.  

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.