2019 жылы көктемгі егіс алқабы 19 млн га жетті — А. Сапаров

Қазіргі таңда барлық өңірлер егіс науқанын аяқтады. Егіс науқаны кезінде жанар-жағармаймен, тұқымдармен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде еш мәселе туындаған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Сапаров айтып берді.

Биыл көктемгі егістік алқабы 19 млн га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,5 млн га, майлы дақылдар – 2,7 млн га, көкөніс пен бақша және картоп – 458,3 мың га, жемдік дақылдар – 1,2 млн га, өнеркәсіптік дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) – 144 мың га.

Ағымдағы егін егу науқанын жүргізу үшін шамамен 2,5 млн тонна тұқым егіліп, 471,4 мың тонна тыңайтқыштар салу жоспарланған. Әртараптандыру шеңберінде астық дақылдарының (арпа, сұлы, бұршақ және ноқат, бидай үшін үшін жүгері), көкөністер мен қауындар, картоп және жем-шөп дақылдары егілетін алқаптар кеңейтілді.

Вице-министр өндірісті әртараптандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп «Солтүстік соя» бағдарламасының әзірлегенін хабарлады. Бағдарлама солтүстік өңірлерде соя өнімдерін өндіруде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек көрсетуге бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы егіс науқаны аясында 14 мың гектар егілді. Жалпы алғанда, «Солтүстік соя» бағдарламасын іске асыру 5 жылда 1,5 млн гектарға дейін соя өсіру алаңдарын ұлғайтуға, кірістілігін гектарына 30 центнерге дейін арттыруға, жалпы өнімді 3,2 млн тоннаға дейін, өңдеуге арналған жабдықтарды және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өнімдер экспортын арттырып, жұмыс орындарының санын көбейтіп, өнімділікті арттыруға ықпалын тигізеді.

«Проблемалары бар агрохолдингтер бойынша көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілуі туралы жекелей айта кеткен жөн. Тиісті жұмыстар атқарылды, агрохолдингтердің 1,6 млн га көлеміндегі егіс алқабына егу бойынша жоспарланған шаралар орындалды, жалақы және салық бойынша болған мәселелер шешілді. Биыл күзде үлескерлер өздерінің дивидендтерін алады», — деп нақтылады бірінші ауыл шаруашылығы вице-иминистрі.

Биылғы жылы егіс науқанына 147 мың трактор, 4 мың жоғары өнімді егіс кешендері, 79,5 мың соқа, 249,0 мың жер өңдеуге арналған қондырғы пайдаланылды, бұл өткен жылғы ауылшаруашылық техникалар паркінен 300 егіс кешені және 4 мың тракторға артық. Техника паркін ұлғайтуда маңызды рөлді инвестициялық субсидиялар және жабдықтар лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемелерге субсидиялар ретінде мемлекеттік қолдау шаралары атқарды.  

Сонымен қатар, наурыз-маусым айларында егін егуге 380 мың тонна дизель отыны бөлінді (2018 жылы – 375 мың тонна). Қазіргі уақытта облыстарда 334,5 мың тонна (88%) жүктелді.

А. Сапаров атап өткендей, биылғы егіс науқаны уақытында аяқталды,  бұл өз кезегінде жақсы астық жинаудың кепілі бола алады. Ауа райы да қолайлы болды, егіс науқанын бөгейтін жағдайлар болған жоқ.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу