Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда

Үкімет үйінде Үкімет отырысының қорытындысына сәйкес, су тасқынына қарсы күресте бірлескен жұмыс жүргізетін төрт ведомство өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Өз кезегінде көлік министрі Марат Қарабаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов журналистер тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді.

ТЖМ өкілі ведомство су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. Оған Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық ұлан бөлімшелері және әкімдіктер күштері мен құралдары жұмылдырылған. Мәселеге жедел ден қойылып, өзара әрекеттестік үйлесімді жүзеге асырылады. Бауыржан Сыздықов зардап шеккен өңірлердің тұрғындарын эвакуациялау және қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы да айтты. 

Тиісті ведомстволар су қоймалары мен өзендердің толып кетуін бақылау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өзендерінде су деңгейінің көтерілу байқалады, Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында үлкен қар қоры бар. МВРИ және МЭПР басшылары қазіргі ахуал, болжамдар мен атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Жолдардың су шайып кеткен 55 учаскесі мен 4 көпірде қалпына келтіру жұмыстары бақылауда. Су өткізу жолдары қайда салынып жатыр, Балқашқа баратын жол қашан аяқталады және елімізде шағын авиацияны дамыту қаншалықты тиімді, деген сынды сауалдарға Көлік министрлігінің басшысы жауап берді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалау және шығынды өтеу алгоритмін түсіндірді. Сондай-ақ 2024 жылдың 1 мамырына жоспарланған жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

#Брифинг #Су тасқыны #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу