Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы және Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Оған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы «Салауатты Қазақстан» медициналық пойызы, ауылдағы ауруханалар мен амбулаторияларды жабдықтармен, фельдшерлік құралдармен жарақтандыру туралы сұрақтарға жауап берді, жылжымалы медициналық кешендердің жұмысын қайта қарау туралы айтты.

Биыл Қосшы қаласында тұрақты жедел медициналық көмек іске қосылады. Бұл туралы Ақмола облысының басшысы мәлімдеді. Табиғи газ кестеге сәйкес беріледі. Өңірдің негізгі қызметі – газ құбырымен қамтамасыз ету. Сондай-ақ Марат Ахметжанов Астана жанындағы Қараөткел кентін сумен және энергиямен жабдықтау, қар шығару және қауіпті аумақтардағы су тасқынына қарсы күрес туралы сұрақтарға жауап берді.

Осы көктемде ТЖД мен елорда әкімдігінің күштері кез келген жағдайға дайын. Бұған қала басшысы Жеңіс Қасымбек сендірді. Оның айтуынша, Астананың бас жоспарына сәйкес 2035 жылға дейін іргелес аумақтарды елордаға қосу көзделмегенін айтты. Алайда 5 бағыт бойынша қосымша көлік тораптары ашылады, мәселен, Қосшы мен Бурабайға жету жолдары жеңілдетілмек. Сондай-ақ әкім әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жүктемесі мәселелері қалай шешілетінін айтты. Жыл соңына дейін 24 мектеп, он шақты мемлекеттік балабақша, 4 Оқушылар сарайы салынады. Шілдеге дейін үлескерлердің алдыңғы ағынының мәселелері толығымен шешіледі.

#Ауыл медицинасы #Брифинг #Үкімет отырысы #Өңірлер

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу