Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: электр энергетикасын және электрондық сауданы дамыту

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Тілшілердің сұрақтарына энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев жауап берді. 

Энергетика министрлігінің басшысы профильді заңды әзірлеу барысы, бақылау-қадағалау функцияларын күшейту және цифрлық платформаны дамыту туралы айтты. Сонымен қатар мұнай және газ өндіру, уран, энергетика салаларында цифрлық шешімдер бойынша жұмыстардың да жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол мұнай мен газдың жаңа шекті бағалары, оларды реттеу, сондай-ақ жекелеген санаттағы азаматтарды тарифтер бойынга бюджеттік қолдау механизмі туралы сұрақтарға жауап берді.

Арман Шакқалиев электрондық сауда туралы баяндап, сатып алған заттарына көңілі толмайтын қазақстандықтардан 8 мыңға жуық өтініш түскенін айтты. Онлайн-саудаға қатысты өтініштердің үштен бірінен астамы қанағаттандырылып, төленген соманың басым бөлігі тұтынушыларға қайтарылды. Сонымен қатар министр баға динамикасының негізгі бағдары, азық-түлік инфляциясы жайлы айтып, тіпті бірқатар елдегі инфляция көрсеткіштерін атады.

#Брифинг #Сауда #Энергетика #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу