Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: кәсіпорындарда экологиялық талаптарды сақтау және ғылымды коммерцияландыру

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Тілшілердің сұрақтарына экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері жайында баяндады. Қазақстандық биолог қатерлі ісікке қарсы алғашқы дәрі жасаған. Бүгінде Онкология және радиология ҒЗИ-да 15 науқас ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ ол жер сілкінісінен кейін Алматы жатақханаларындағы студенттерді эвакуациялау ұйымдастырылғанын айтып, қираулар мен зардап шеккендер туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Ерлан Нысанбаев еліміздің батысында күкірттің шектен тыс сақталуына байланысты жүріп жатқан сот барысы жайлы, шағалалар мен аққулардың жаппай қырылуы мен киіктерді атуға қатысты сұрақтарға жауап берді.

#Брифинг #Экология #Ғылым #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу