Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Жұма, 20 Наурыз 2020, 11:29:36

ҚР Үкіметінде өткен онлайн-брифинг кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргі кезде Қазақстан аумағында COVID-19 таралмауы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Өкімімен елімізде бір ай мерзімге төтенше жағдай енгізілді. ҚР Премьер-Министрінің жетекшілігімен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның 3 отырысы өткізілді.

Е. Тоғжанов хабарлағандай, қазіргі кезде Үкімет тәулік бойы жұмыс істейді, нақты шешімдер бір-екі күн ішінде қабылдануда. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. 

«Бірінші, кешеден бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағында карантин енгізілді, бұл халықаралық тәжірибеге сай келеді. Біз вируспен “қозғалыс аз болған сайын таралуы да аз” ұранымен күресеміз. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағына кіріп-шығуды шектеу туралы шешім қабылданды», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Наурыз айының 22-сі күні сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен барлық көлік түрлерінің қатынасы — әуе, темір жол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22-іне дейін азаматтарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуге немесе кетуге болады.

Екі қаладан шыға берісте медицина қызметкерлерінің кезекшілігімен мобильді бекеттер қойылады, шыққан адамдардың барлығына міндетті түрде сауалнама жүргізіледі. 

Бұл шаралар адамдардың денсаулығына мониторинг жасау және вирустың өңірлерге таралуын болдырмау үшін қабылдануда. 

«Екінші, өндірістік тауарлар сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдени, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Мейрамханалар мен дәмханалар үйге жеткізу арқылы жұмыстарын жалғастыра алады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртібінде жұмыс істейді», — деді Е. Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік ұйымдардың қызметшілерінің 70%-ы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының мекемелеріне меншік түріне қарамастан барлық жұмысты қашықтан істеуге ауыстыру ұсынылды.

«Қашықтан жұмыс істейтін азаматтардан қажеттілік болмаса, үйден шықпауларын сұраймыз. Атап айтайын, бұл шектеу шаралары тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қойылған», — деді ол. 

Үшінші, барлық өңірлерде аялдамаларды, қоғамдық көлікті, көшелер мен басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды санитариялық өңдеу, зарарсыздандыру бойынша шаралар күшейтілетін болады. 

Төртінші, 16 наурыздан 6 сәуір аралығында барлық мектеп оқушыларын каникулға жіберу туралы шешім қабылданды, барлық колледждер мен ЖОО-лар қашықтан оқытуға көшірілді. 

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының барлық мектепке дейінгі ұйымдары карантин кезеңіне уақытша жабылды, ал басқа өңірлерде штаттық режимде жұмыс істейді (бүгінде еліміз бойынша балалардың 28%-ы балабақшаға барады)», — деді Е. Тоғжанов.

Премьер-Министрдің орынбасары елімізде азық-түлік қоры мен дәрі-дәрмектердің көлемі жеткілікті екенін айтты. 

«Бесінші, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды үздіксіз жеткізу жүзеге асырылатынына сендіргім келеді. Үкімет, өңірлер әкімдіктері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін 32 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді. Бизнес субъектілеріне мынаны айтқым келеді, біз бағаның, әсіресе, тұрғындар үшін бірінші қажеттіліктегі өнімдерге негізсіз өсуіне жол бермейміз. Тиісті мемлекеттік органдар бағаның өзгеруіне қатаң мониторинг жүргізетін болады, ал алыпсатарлық фактісі анықталған жағдайда қатаң санкция қолданылады», — деді вице-премьер.

Алтыншы, төтенше жағдай режимінде құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеудің маңызы зор.

Сондықтан ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтілген режимде жүргізетін болады. 

Жетінші, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ШОБ-тың жекелеген санаттары (СОСО, кинотеатрлар, көрмелер) үшін бірқатар салықтық ынталандырулар әзірленді: мүлік салығынан уақытша босату, салық берешегі бойынша өсімпұлды тоқтата тұру.

«Сондай-ақ жыл соңына дейін жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді 10% жеке табыс салығынан (70 мыңға жуық кәсіпкер) босату ұсынылады. Барлық осы шаралар қаржылық жағдайы нашарлаған бизнесті қолдауға мүмкіндік береді», — деді Е. Тоғжанов.

Сегізінші, Елбасының халыққа арнаған үндеуіне сәйкес Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатын болады. Қазіргі жағдайда жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр.

Осыған байланысты Үкімет Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірледі, оны іске асыруға 300 млрд теңге қарастырылатын болады.

Бағдарлама жұмыспен қамтамасыз етуге, сонымен қатар өңірлердегі неғұрлым өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, атап айтсақ: әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық нысандарды қайта жаңарту және жөндеу. 

«Кәсіпорындардың басшылығына, бизнес қоғамдастыққа қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын және оларды қысқартуға жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік салдарды азайту бойынша барлық шараларды қабылдауды ұсынамын», — деді ол. 

Тоғызыншы, халық арасында медициналық маскалардың тапшылығы мәселесі қызу талқыланып жатыр.

Е. Тоғжанов Үкімет басшылығы күн сайын отандық өндірушілердің өндіріс көлемін арттыру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Егер бүгінде елімізде күн сайын 360 мың маска өндірілсе, оның 171 мыңы көп рет пайдалануға арналған, жақын арада олардың санын 1 млн-ға дейін арттыру міндеті тұр», — деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары.

Оныншы, шетелде жүрген 5 мыңнан астам қазақстандық туристерді қайтаруды қамтамасыз ету қажет.

«Бүкіл әлем бойынша рейстердің ауқымды қысқаруы жағдайында оларды чартерлік рейстермен елге қайтару бойынша теңдессіз шаралар қабылданып жатыр. Осы жылдың 23 наурызына дейін 4 мыңнан астам қазақстандық туристті елге қайтару бойынша 18 рейс жоспарланған (қалғандары кейінірек жеткізіледі)», — деді Е. Тоғжанов.

Айта кету керек, белгілі бір қиындықтарға қарамастан, мемлекет қазақстандықтарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерді орындайды.

«Біз сіздерді мемлекет қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен және қолдаумен қарауға шақырамыз. Құқық қорғау органдарының, медиктердің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысына түсіністік танытуды және жәрдем көрсетуді сұраймын. Мұның бәрі ортақ игілік, жақындарымыздың амандығы және елімізде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Елбасы, Мемлекет басшысы және Үкімет Қазақстан халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Дегенмен, ортақ күш-жігеріміз арқылы ғана біз барлық қиындықтарды еңсере аламыз! Біздің табысымыз бен ұлт денсаулығы әрқайсымызға байланысты, ал бүгінде біздің ұйымшыл болуымыз аса қажет», — деп түйіндеді Е. Тоғжанов.


Жаңалықтар тізбегі
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
17 Наурыз 2020, 11:22
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін техникалардың дайындығы 100%-ды құрайды — ҚР АШМ
17 Наурыз 2020, 11:07
Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады — ҚР ҰЭМ 
17 Наурыз 2020, 10:07
Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын қарады
17 Наурыз 2020, 09:52
Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын бекітті
16 Наурыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин сауда желілерінің басшыларымен кеңес өткізді
16 Наурыз 2020, 19:24
Қ. Тоқаев Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
16 Наурыз 2020, 18:27
Н. Орманбетов  Н. Карбеновтың орнына ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі