Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің үш кезеңі аяқталды

Бейсенбі, 24 Қазан 2019, 12:16:25

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізудің негізгі аспектілерін түсіндіріп берді. 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды науқанының бағдарламасында мемлекеттік қызметтің өзгеруі, жаңғыртылуы тиіс екенін айтты, мемлекеттік қызметке жоғары деңгейлі құзыреттерге ие, заманауи беталыстардан хабардар жастарды тарту қажет. 

Президент бастамасы бойынша жастарды қолдау аясында елімізде алғаш рет Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды.

А. Жайылғанованың айтуынша, қазіргі кезде іріктеудің барлық рәсімдері міндетті түрде ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Резервті қалыптастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 

Әлеуетті резервшілерді іріктеу 6 кезеңнен тұрады:

1.   Қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау;

2.   Үміткерлердің тестілеу;

3.   Тестілеуді тексеру;

4.   Әлеуетін бағалау (эссе, құзыреттерін бағалау, жобаларды таныстыру);

5.  Қатысушылардың Сарапшылар комиссиясымен әңгімелесуі;

6.  Қатысушылардың кандидатурасын Ұлттық кадрлық резерв комиссиясында қарастыру.

«Іріктеуге қатысу үшін бастапқы тіркеуден 13212 адам өтті. Оның ішінде 7312 адам тіркеуден соңына дейін өтті. Үміткерлер арасында Қазақстаннан тыс жерде жүрген 46 адам бар. Олардың басым бөлігі Ресейден – 10 адам, АҚШ-тан – 4 адам, Ұлыбританиядан – 3 адам, Түркиядан – 3 адам», — деді ҚР МҚСА төрағасы.

Қазіргі кезде бастапқы үш кезеңі аяқталды – қатысушылардың құжаттары қабылданып, үміткерлер тестілеуден өтті, тестілеу тексерілді. 

«Қабілеттерін тестілеу» кезеңі а.ж. 12 қазанда аяқталды. Тест үміткерлердің күрделі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін анықтауға бағытталды және екі блоктан құралды – вербалды және сандық. Бұл олардың сараптамалық және сындарлы ойлау жүйесінің деңгейін, логикасын анықтауға мүмкіндік берді. 

Қабілеттіліктерді тестілеуге 5745 үміткер қатысты. Бұл кезең нәтижелерін есептеу автоматтандырылған режимде өтті. Нәтижелері үміткерлер тестілеуден өткен соң бірден pkrezerv.kz сайтында қатысушылардың виртуалды жеке кабинеттерінде қолжетімді болды. Одан соң нәтижелер өңделіп, баллдарымен жалпы рейтинг Агенттік сайтында және Pkrezerv.kz сайтында жарияланды. 

Ұлттық комиссия резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберілетін үміткерлердің шекті санын анықтады. 

Осылайша, тестілеуін тексеруге 1000 артық адам жіберілмейді.

●    келесі «Әлеуетін бағалау» кезеңіне — 600-ден аспайтын адам;

●    Сараптамалық комиссияда әңгімелесуге – 400-ден аспайтын адам;

●    Ұлттық комиссия отырысына – 330-дан аспайтын адам жіберіледі.

Осылайша, бекітілген талаптар негізінде, тестілеуін тескеруге жіберілген 902 үміткер кему бойынша қарапайым ранжирлеу әдісімен анықталды. 

Қазіргі кезде тексеру қорытындылары бойынша 549 қатысушы іріктеудің келесі кезеңі – «Әлеуетін бағалау» кезеңінен сәтті өтті. 

«Ашықтық үшін азаматтарға іріктеуге қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді екенін айтқым келеді. Әрбір іріктеуден соң біз келес кезеңге өткендердің тізімін жариялаймыз. Мәселен, “Әлеуетін бағалау” кезеңіне жіберілгендердің санымен жалпы рейтинг pkrezerv.kz онлайн-платформасында және біздің Агенттік сайтында жарияланды», — деді А. Жайылғанова.

«Әлеуетін бағалау» іріктеуінің келесі кезеңі 2019 жылғы 22 қазан және 3 қараша аралығында өтеді. Бұл кезеңде 3 құрауыш қамтылған: эссе жазу, жобаны таныстыру, құзыреттерін бағалау. Эссе жазу және жобалар презентациясы бейне және аудиофиксация арқылы pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде онлайн жүргізіледі. 

Іріктеудің әр кезеңін тиісті қызмет саласының мамандары бағалайды. Қазіргі уақытта эссе мен жеке жоба жұмыстарын бағалау үшін сарапшылар пулы анықталған және оның құрамына академиялық орта, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері кіреді.

Кандидаттың әрбір эссесін және жобалық жұмысын бір уақытта үш сарапшы онлайн режимде бағалайды. Қорытынды баға сарапшылардың бағаларының орташа мәнінен құрылады. 

Құзыреттілікті бағалау туралы айтар болсақ, оны өткізу үшін арнайы оқудан өткен сертификатталған бағалаушылар тартылады. Сондай-ақ, біліктілікті бағалау рәсімдерінің сапасын арттыру үшін бағалаушылардан кейін кәсіби супервизорлар қарайды. 

Жалпы, кандидаттардың әлеуетін бағалау кезеңін қарашаның 20-сыншы күндері аяқтау көзделген. 

Кандидаттардың Сарапшылар комиссиясымен сұхбаттасуы 27 қараша мен 13 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл кезеңде алдынғы іріктеу кезеңдеріндегі ұпайлар жиынтығы бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсеткен 400-ге жуық адам жіберіледі.

Сараптамалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын, 330-дан аспайтын ең жақсы қатысушыдан тұратын тізім жасалады. Резервке қабылдау туралы түпкілікті шешімді Ұлттық комиссия қабылдайды.

«Әрбір кандидат өзінің нәтижесін үнемі қадағалай алуы үшін, біз қатысушыларға сайтта өздерінің жеке кабинетінде өз рейтингтерін қадағалай алатын мүмкіндік бердік», — деді агенттік төрағасы. 

Тестілеуді тексеру кезеңінен бастап, әрбір келесі кезең үшін мүмкін болатын 100% шаманың белгілі бір пайызы келеді. Сонымен, тексеруге 10%, жобаны таныстыруға – 9%, эссеге – 15%, құзыреттілікті бағалауға – 36%, сұхбаттасуға –30%.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.