1 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 1 қазанда, сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау; 

  • Ауылда интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту.  

ҚР Үкіметінің отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «Вконтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу