10 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі күні, 10 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;

  • 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;

  • Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы;

  • 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау 9 қараша күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу