10 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Жұма, 10 мамыр күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық;
  • Егін егу науқанының барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің Баспасөз орталығында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің және ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу