14 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 14 мамырда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Биылғы қаңтар–сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ҚР республикалық бюджетінің орындалу қорытындылары;

  • Электронды сауданы дамыту мәселелері.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу