16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 16 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;

  • Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету мәселесі;

  • Жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау 15 қараша күнгі сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу