22 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 22 қаңтарда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.  

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысы;

  • Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың және ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу