30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады.

Бұл Қазақстан Үкіметі Басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары болады, онда Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өтеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысып, Shell, BITFURY, SUEZ GROUP, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компанияларымен келіссөздер өткізеді және бірқатар инновациялық нысандарды аралайды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу