Елбасының Nur Otan саяси кеңесінің отырысында алға қойған міндеттерін орындау туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 23 тамызда, сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев биыл 21 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерін іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері:

  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев;
  • ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев;
  • ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев,
  • Nur Otan партиясының мүшесі, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.  

Сонымен қатар, баспасөз конференциясына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов қатысады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу