4 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 4 маусымда, сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері. 

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу