Мемлекет басшысы Жолдауының бесінші басымдығын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 28 тамызда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдығын іске асыру аясында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев шара спикері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу