Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 24 қазанда, сағат 10.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, сонымен қатар компаниялар өкілдері – ақпараттық жүйе және тестілік тапсырмаларды әзірлеушілер. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу