Жастар жылын өткізу барысы және ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 3 шілдеде, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жастар жылын өткізу барысы және ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова шара спикері болады.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу