«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында

Депутаттық корпус пен Үкіметтің бірлескен жұмысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының қажетті заңнамалық негізін қалыптастырып, партияның сайлау алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында талқыланды.

Партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын талқылау видеоконференция режимінде өтті.

Жиынға қатысушылар бағдарламаны жүзеге асыру барысына ай сайын мониторинг жүргізіп отыруды Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған тапсырмасы екенін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттық корпус пен Үкіметтің бірлескен жұмысы, қажетті заңнамалық негіз құру қазіргі уақытта партияның барлық сайлау алдындағы міндеттемелерінің 90%-ын орындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.

Фракцияның кеңейтілген жиналысына қатысқан еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта алда тұрған барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалмақ.

Осы ретте, фракция мүшелері сайлау алдындағы міндеттемелерді орындау олардың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Заң жобалары бойынша жұмыс барысында депутаттар партияның алға қойған міндеттерін шешуде, ең алдымен, қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз етудің нақты жолдарын іздестіруге баса назар аударды.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы ашықтық үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «E-Halyk» ақпараттық жүйесімен біріктірудің мерзімдерін аяқтау сынды бірқатар мәселелерді көтерді.

Депутаттар жұмыстың әлеуетті бағыттары туралы айта келе, әлемдік тенденциялар мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, өнімді жұмыспен қамтуға халықтың белсенді қатысуы қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ, Мәжіліс депуттары ішкі нарықты молайтып, экспортты дамыту үшін аграрлық саланы дамытудың жаңа тәсілін әзірлеудің қажеттігіне тоқталды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу