Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы

Сейсенбі, 11 Ақпан 2020, 17:47:41

Сейсенбі күні, 11 ақпанда Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтардағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары қаралды. Кулуарларда ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар айтылды, атап айтқанда, журналистер Жамбыл облысындағы ағымдағы жағдай мен тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ Қытайдан отандастарымызды эвакуациялау туралы сұрақтарына жауап алды. 

Күн тәртібінен тыс, Министрлер кабинетінің алдында Қордай ауданында оқиға салдарын жою жөніндегі комиссия басшысы, қазір Жамыб облысының әкімі Б. Сапарбаев сөйледі. Оның айтуынша, бүгінде жағдай тұрақты. Жергілікті атқарушы органдар барлық құқық қорғау органдарының қолдауымен жұмыстар жүргізуде. 

Өткен жұма күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік орын алды. Өкінішке орай, қайғылы оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты, 178 адам зардап шекті. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға, азаматтардың мүліктеріне залал келтірілді. 

«Соңғы 5 күнде 141 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 19 – полиция қызметкері. 10 адам қаза тапты. Қазақ тапқандардың отбасыларына әкімдік пен жергілікті демеушілердің есебінен көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан әр отбасыға көңіл айтты», — деді Б. Сапарбаев. 

Бүгінде медициналық көмекпен Қордай аудандық ауруханасында – 13 адам, Алматы қаласында – 25 адам қамтылды. Алматыдан Қордай ауданына 10 жоғары білікті дәрігер келді. 

Бүгінде Үкімет комиссиясы жергілікті тұрғындардың көмегімен өртенген үйлер мен коммерциялық нысандарды қарап, тексеріп жатыр. Алдағы 1-2 күнде Комиссия олардың нақты саны туралы және зардап шеккендердің қандай көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат береді. 

«Бұл үш күнде біз 5 ауылдың тұрғындарымен кездестік, оларға қандай көмек көрсетілетінін нақтыладық. Жалпы, тұрғындар жағдайды дұрыс түсініп отыр. Кеше біз ақсақалдармен кездестік, олармен сөйлестік», — деді Б. Сапарбаев.

Үш күн ішінде кейбір азаматтар Қырғызстанға кетіп қалған. Б. Сапарбаевтың айтуынша, екі күн ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылды. 

Кешеден бері барлық мектептер, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, барлық дүкендерде де жұмыс басталды. 

Үкімет басшысы Үкімет комиссиясының жұмысын жалғастыруды тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіледі. 

 

Биыл бірінші айдан бастап экономиканың өсу қарқынын сақтау қажет — А. Мамин. 

Бірінші мәселені қарау барысында Премьер-Министрге биыл қаңтар айында ЖІӨ өсімі 2019 жылғы қаңтардағы 2,9%-ға қарағанда 3,6%-ға дейін жылдамдады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өскені баяндалды. 

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов экономиканың барлық негізгі салаларында оң серпін байқалғанын айтты: құрылыста өсім 12,5%-ды, саудада – 5,2%-ды, көлік саласында – 3,6%-ды, тау-кен өнеркәсібінде, өңдеу секторында, оның ішінде машина жасауда 21%-ды, қара металлургияда 17,5%-ды құрады. 

Ұлттық қордың активтері 6,8%-ға $61,9 млрд-қа дейін ұлғайды, республикалық бюджетке түсетін кірістер 929,7 млрд теңгеге жетті (жоспарға 95%), өсу қарқыны 131%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтарда 732 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында тұрғын үйлердің көбірек пайдалануға берілгені белгіленген.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 104,8%-ға, оның ішінде республикалық – 86,8%-ға және жергілікті бюджеттер – 153%-ға орындалғанын жеткізді. Республикалық бюджеттің кірістері 331 млрд теңгені құрады.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары А. Баймағамбетов осы жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 5,6%-ды құрағанын хабарлады. Азық-түлік емес жылдық инфляция өткен айда акциздердің жоғарылауына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен 5%-бен салыстырғанда 5,2%-ды құрады. Осы жайдайда, биыл 3 ақпанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені және оның пайыздық дәлізін 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың азық-түлік нарықтарында бәсекелестікті арттыру және оңтайлы тарифтік саясат жүргізу жөнінде шараларды қабылдаған жағдайда базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін болады. 

Баяндамаларды тыңдаған соң Асқар Мамин мемлекеттік органдар мен өңірлер басшыларының инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, еңбек өнімділігін және халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Үкімет Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр 

Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысына Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелмегені баяндалды. ҚР-да ЖРВИ симптомдары мен жоғары температурасы бар 134 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 106-сы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарларда емделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов хабарлағандай, медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын мониторингілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, 24 167 адам қамтылды, оның ішінде 1298-і – шетел азаматтары. Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан келген 8 851 адам медициналық бақылауға алынған, қалған 15 316-сы инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен шығарылды.

Орталық референс-зертхана базасында Аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйені әзірледі. Халықаралық ынтымақтастық аясында Роспотребнадзордан 2000 зерттеуге диагностикалық жүйелер алынды және ҚХР-дан 5000 зерттеуге сатып алынды. 

Бүгінде ҚХР аумағында 497 ҚР азаматы бар, олардың 337-сі студенттер. Биылғы 10 ақпаннан 11 ақпанға дейін ҚР 217 азаматы «Эйр Астана» әуе компаниясының чартерлік ұшағымен Бейжің қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Осы жылдың 12 ақпанында ҚХР-дан ҚР 155 азаматын осындай рейспен шығару жоспарланған. Азаматтарды елге эвакуациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін ҚХР аумағында Қытайда қалуға ниет білдірген ҚР 343 азаматы қалады.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде Сыртқы істер министрлігінің коронавирустың Қазақстан Республикасының аумағында таралуына жол бермеу бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндады. 

Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті К. Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атына коронавирусқа қарсы күресте Қытайға еліміздің барынша көмек көрсетуге және толықтай қолдау көрсетуге дайын екені туралы хатын жолдады. Сондай-ақ Қытайға медициналық қолғаптар (1 млн дана) және маскалар (500 мың дана) түрінде гуманитарлық көмек көрсету мәселесі пысықталды.

Бұдан өзге, дипломатиялық арналар арқылы түскен өтініштерге сәйкес ЕАЭО елдерінің 24 азаматын (18 Қырғызстан азаматы, 5 Беларусь азаматы және 1 Армения азаматы) әкетуге жәрдем көрсетілді. Бішкекке бірден жіберілген Қырғыз Республикасының азаматтарынан басқа, Нұр-Сұлтан қаласына келгеннен кейін азаматтардың барлығы карантинге жатқызылды. 

Қытай тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде «Эйр Астана» әуе компаниясының рейсімен 11 ақпанда ҚР 217 азаматы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, тағы 155 қазақстандық 2020 жылдың 12 ақпанында жеткізіледі.

Қытай тарапының өтініші бойынша 10 ақпанда «Эйр Астана» рейсімен Қазақстаннан ҚХР 43 азаматы және ҚХР Елшілігі мен ҚХР Бас консулдығының Алматыдағы коммерциялық емес жүгінің бірінші бөлігі тасымалданды. Екінші бөлігі жеткізіледі.

ҚР Елшілігі Білім және ғылым министрлігімен және ҚХР ЖОО-ларымен бірлесіп, қазақстандықтарды қажетті медициналық жабдықтармен және тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңда СІМ ұсынымы бойынша ҚР 450 азаматы Қазақстанға өздері оралды.

Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстарын жалғастыруды, Сыртқы істер министрлігіне ҚХР-дағы қазақстандықтармен тығыз байланыс орнатып, оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

Премьер-Министр монополияға қарсы органдар мен Денсаулық сақтау министрлігінің назарын дәріхана желілеріндегі медициналық маскалар мен вирусқа қарсы препараттарға бағаны жасанды көтерудің жекелеген фактілеріне аударды. 

«Мәселенің мән-жайын анықтаңыздар. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің әкімдері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы керек», — деді А. Мамин.

Кулуарларда ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қазіргі кезде Жамбыл облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерімен ҚР ҚК келесі баптары бойынша 25-тен астам қылмыстық іс қозғалғанын айтты: жаппай тәртіпсіздік орнату, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға үндеу. 

«6-дан аса қылмыстық іс бұзақылық фактісі бойынша қозғалды, 3 қылмыстық іс басқаның мүлкін зақымдау бойынша қозғалды, 10 қылмыстық іс кісі өлтіру және 2 қылмыстық іс қастандық жасауға әрекеттену фактісі бойынша қозғалды. Қазіргі кезде ведомствоаралық тергеу оперативтік тобы, Бас прокуратура, ІІМ және басқа да құқық қорғау органдары жаппай трйтіпсіздік, кісі өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», — деді С. Әділов.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы сонымен қатар бүгінде қамауға алынғандар бар екенін айтты. 

«Өкінішке орай, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, алдын-ала тергеу мәліметтеріне қазіргі кезде жариялау мүмкін емес. Шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық тергеу барысы ІІМ басшылығы мен Бас прокуратураның тұрақты бақылауына алынған», — деді Тергеу департаментінің бастығы.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін түнде қазақстандық дипломаттардың күшінің арқасында Қытай аумағынан 217 қазақстандық азаматты әкету ұйымдастырылды. Бұл азаматтар Қытайдың 36 қаласынан жиналған, негізінен студенттер мен 5 сәби. 

«Жақында, 12 ақпанда біз тағы бір “Air Astana” бортын аттандырамыз, онымен Қытайдан 150-ге жуық азамат келеді. Тағы бірнеше жүз Қазақстан азаматы Қытай аумағында қалып отыр, олар сонда қалуға ниет білдірді. Олар дипломатия қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, біздің студенттеріміз бен сонда жұмыс істейтін басқа да азаматтар. Қытайдың қалған қалалары карантинге жабылған жоқ, сондықтан біздің азаматтар үшінші елдер арқылы Қазақстанға орала алады», — деді А. Смадияров. 

Б. Сапарбаев кулуарларда сонымен қатар Қордай ауданындағы асыраушысынан айырылған отбасыларға барлық көмек көрсетілетінін атап өтті. 

«Көптеген тұрғын үйлерге залал келтірілді, өрт болды, сондықтан тәртіп орнату, сәйкестендіру үшін техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл төтенше жағдай әлеуметтікке жатпайды. Негізінен техногенді сипатта, сондықтан біз бәріміз барлық тұрғын үйлерді. сауда нкүтелерін қалпына келтіріп, жолдар мен көшелерді тазалауымыз керек т.б. Мұнда әлеуметтік сипат жоқ, тек, қаза тапқандардың отбасыларына, яғни асыраушысынан айырылған отбасыларға заңға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін болады», — сказал Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазір келтірілген залалдың нақты сомасын атап айту мүмкін емес. 

«Жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр, зақым келген барлық тұрғын үйлер, сауда нүктелері тексерілуде. Менің ойымша, біз жақында келтірілген залал сомасын анықтап, Үкіметке ұсыныстар енгізілетін болады. Сонымен қатар, мен бүгін атап өткенімдей, біз қазір кәсіпкерлермен, осы елді мекендердің тумаларымен жұмыс істеп жатырмыз, олар да зардап шеккендер мен отбасыларға қолдау көрсететін болады», — деді Жамбыл облысының әкімі. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.