Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика — Ақмола облысы қалай дамуда

Жұма, 30 Қазан 2020, 19:24:49

Елдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, Ақмола облысының негізгі экономикалық көрсеткіштері 2020 жылдың 9 айында оң қарқын көрсетті. Сонымен қатар аймақ соңғы үш ай ішінде еліміз бойынша көш басындағылардың қатарында тұр. 9 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,9%-ға, ауыл шаруашылығы 19,5%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 29,5%-ға, құрылыс жұмыстары 6,8%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 1,4%-ға өсті. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы аймақтың негізгі көрсеткіштері және экономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы толығырақ шолу материалынан оқыңыздар.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақмола облысында сауда мен көліктен басқа салаларда әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 631,2 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің НКИ — 118,1%. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға өсті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға өсіп, 74,5 млрд теңгені құрады. Тұрғын үйді пайдалануға беру 2019 жылғы деңгейге қарағанда 101,4%-ды құрады, 361,2 мың м2 пайдалануға берілді.

2020 жылдың І тоқсанында жалпы өңірлік өнім көлемі 393,7 млрд теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 35,1%-ды, ауыл шаруашылығы 5,9%-ды, құрылыс 2,5%-ды, сауда 9%-ды, көлік және қоймалау 9,4%-ды, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 11,8%-ды, өзге салалар 26,3%-ды құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 534,6 мың теңгені құрады.

 

Пандемия өңір экономикасына қалай әсер етті?

Жалпы, облыс экономикасында тауар айналымы мен көліктен басқа салаларда құлдырау байқалмады, бұл төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың енгізілуіне, өңірлер арасындағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты болды.

Бүгінгі таңда осы салалар бойынша жағдайдың біртіндеп жақсарып келе жатқаны байқалады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қалған көрсеткіштері бойынша мемлекеттің елеулі қолдау көрсетуінің, дағдарысқа қарсы қабылданған жоспардың және экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі жоспардың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Облыс соңғы үш ай ішінде ел бойынша көшбасшылар қатарында.

9 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,9%-ға, ауыл шаруашылығы 19,5%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 29,5%-ға, құрылыс жұмыстары 6,8%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 1,4%-ға өсті.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша облыс экономикасы өсімінің оң серпіні сақталады.

Коронавирус инфекциясының таралуы, ең алдымен, қызмет көрсету секторына теріс әсер етті (тамақтану орындары, кинотеатрлар, сұлулық салондары және т. б. қатысты карантиндік-шектеу шаралары). Бұл ретте өңдеуші сектор салаларының бір бөлігі дамыды.

Осылайша, химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өнімдерін өндіру салалары (атап айтқанда, ӨЖЖ стационарлық және мобильді аппараттарын өндірушілер) дезинфекциялаушы құралдарға, дәрі-дәрмектерге, жеке қорғану құралдарына және т. б. жоғары сұраныстың болуы есебінен өнім өндіру көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік алды.

Жеңіл өнеркәсіпте тігін кәсіпорындары мен ателье, «Тыныс» АҚ машина жасау кәсіпорнымен қоса, тәулігіне 25 мың көлемге дейін қорғаныш маскаларының жаппай өндірісін жолға қойды. 2020 жылғы 14 наурыздан бастап қорғаныш маскалары өндірісінің жиынтық көлемі 1,8 млн данадан асты.

Киім, аяқ киім және тоқыма бұйымдарын (негізінен Қытай, Түркия, Ресей, Өзбекстан) өндіруге мамандандырылған шет елдердің шекараларын жабу және осы елдердегі фабрикалардың қызметін тоқтата тұру отандық жеңіл өнеркәсіп компаниялары үшін жаңа тауашаны құруға жол ашты («Самхат аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «ТП Арман» ЖШС, ателье және т. б.). 2020 жылдың 8 айында былғары аяқ киім өндірісі 3,3 есеге, полиэтиленнен жасалған қаптар 25,5%-ға, тоқыма бұйымдары 55%-ға ұлғайды.

Химия өнеркәсібінде облыстың 5 кәсіпорны («Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС, «Гала Косметик және К» ЖШС, «Ардагер М Company» ЖШС, «Бауыр-Бек-Нұр» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» АҚ) дезинфекциялық құралдар өндірісін қолға алған. Осы жылдың 19 наурызынан бастап антисептик өндірісінің жиынтық көлемі 715,2 мың литрден асты.

Машина жасауда ӨЖЖ аппараттарының өндірісі («Көкшетау-4П» моделі) «Тыныс» АҚ кәсіпорнында жолға қойылған. Өндірістің айлық қуаты 500 бірлікке дейін құрайды. 2020 жылдың басынан бері ӨЖЖ аппараттарының өндірісі 640 бірлікті құрады.

Сонымен қатар электрондық сауда қызметтеріне қажеттілік артты. 2020 жылдың 8 айында облыс бойынша 250,1 млрд теңге сомасына төлем карточкаларын пайдалана отырып, 23,8 млн қолма-қол ақшасыз төлемдер жүзеге асырылды, бұл транзакциялар саны бойынша 2019 жылдың деңгейінен 6,5 есе, сомасы бойынша 4,6 есе жоғары.

 

Ақмола облысының экономикалық белсенділігін қалпына келтіру

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру мақсатында биыл экономиканың нақты секторын қолдауға және жұмыспен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қосымша 51,1 млрд теңге бөлінді:

  • аграршыларды қолдауға — 5,2 млрд теңге.

  • «Бизнестің жол картасы-2025» аясында кәсіпкерлікті қолдауға — 0,9 млрд теңге.

  • «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етуге — 11,3 мың уақытша және 441 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 325 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 45 млрд теңге. Бұдан басқа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 15,1 млрд теңге бөлінді: Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 7,6 млрд теңге қарастырылып, 9,3 мыңға жуық азамат тартылды;

  • «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы — 41 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 7,5 млрд теңге.

Бөлінген қаражат пен Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру экономиканың өсу қарқынын сақтап қалуға және қолда бар мүмкіндіктер мен резервтерді ескере отырып, жылды табысты аяқтауға мүмкіндік береді. 

Ауыл шаруашылығында егін жинау және 47 млрд теңгеге 41 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен жалпы өнім көлемі шамамен 555,6 млрд теңгені құрайды.

Индустриялық секторда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірісті ұлғайту және Индустрияландыру картасы бойынша 14 жобаны 28 млрд теңгеге (702 тұрақты жұмыс орны) іске қосу есебінен өндіріс көлемі 2% өсіммен 800,9 млрд теңгеден асады деп күтілуде.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне көрсетілетін қолдау оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 29,8%-ға дейін ұлғайтуға жол ашады. 

Облыс экономикасына 2019 жылғыға қарағанда 17,4% өсіммен кем дегенде 387 млрд теңге инвестицияланатын болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 145 млрд теңге немесе 100,1% деңгейінде күтілуде. 6,7% өсіммен 570 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

 

Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар 9 айда 4,8%-ға өсті

Өңір экономикасының базалық саласы — ауыл шаруашылығы. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 509 690,1 млн теңгені құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы — 360 785,8 млн теңге, мал шаруашылығы — 147 798 млн теңге.

Облыста барлығы 8 477 агроқұрылым бар, оның ішінде: 1 720 — заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, БП, ӨК), 1 080 — жеке кәсіпкерлер, 5 677 — шаруа-фермер қожалықтары.

2020 жылдың І жартыжылдығында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 494,3 мың теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,5% құрады.

Осы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар 43,4 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104,8% құрады. 

2020 жылдың II тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 141 835 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңіндегіге қарағанда 13,9%-ға артты, бұл облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш (124,6 мың теңгеден 141,8 мың теңгеге дейін).

 

Көкөніс шаруашылығы

Көкөніс шаруашылығы — ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі және көп еңбекті қажет ететін салаларының бірі. Ақмола облысы үшін халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі басымдыққа ие. Сондықтан, жылыжай технологиялары мен осы салада маманданған, өңір тұрғындарын жыл бойы жаңа көкөністермен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар ұйымдар басты рөлді атқарады.

Ірі кәсіпорындардың бірі — «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС жақында өзінің он жылдық мерейтойын атап өтті. Бес гектардан астам аумақта ондаған көкөніс пен гүл сұрыптары өсіріледі. Биыл тәжірибе ретінде қарбыз отырғызылды. Өндірістік қуаты жылына екі жарым мың тоннадан астам өнімді құрайды. Кәсіпорын көкөніс өсіру саласында ең озық инновациялық технологияларды пайдаланады. 

Өнімдер жоғары сапалы, өйткені оны өсіру үшін синтетика емес, көптеген тұздар бар табиғи кокос субстраты қолданылады. Тыңайту үшін бірдей компонентті тыңайтқыштар, яғни химиялық таза заттар қолданылады. Көкөністер генетикалық түрлендірілмеген.

Ақмолалықтар бұрыннан жақсы көріп тұтынатын Степногор жылыжайындағы көкөністер Нұр-Сұлтан мен Қарағанды, Омбы мен Новосибирск нарықтарын жаулап алды. Жылыжай құрылысы «ҚазАгро» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылған республикадағы алғашқы жобалардың бірі болды.

 

Астық жинау науқаны

Ақмола облысында биыл 4905,9 мың га алаңда жаздық дақылдар егілді, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4447,1 мың га алаңда орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1 мың га жоғары.

Бұл ретте, негізгі азық-түлік дақылдары — жаздық бидай — 3698,7 мың га алқапқа себілді.

Өткен жылдардың шөптерін ескере отырып, жем-шөп дақылдарын жаздық себу 2020 жылы 442,6 мың га алқапта орналасқан, бұл өткен жылдың деңгейінде.

Осы жылдың азықтық шөптері 200,3 мың га алқапқа себілді, бұл өткен жылдың жоспарланған көрсеткіштерінен 13,7 мың га жоғары. Картоп халық санын ескере отырып, 15,79 мың га алқапқа, ал көкөністер 3,57 мың га алқапқа егілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен тиісінше 87 га және 55 га жоғары.

Биылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Дәнді дақылдарды бастыру 4,4 млн га алаңда жүргізілді. Орташа өнімділік 11,8 ц/га болғанда 5,2 млн тонна астық бастырылды.

Майлы дақылдарды жинау 240,3 мың га алқапта немесе жинау алаңының 100%-ында жүргізілді, май тұқымдарының жалпы түсімі 147 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 7 ц/га.

Көкөністер 3,5 мың га алқаптан немесе жоспарланған алаңның 100%-ынан жиналды, жалпы жиын-терім 151 ц/га түсімділікпен 52,8 мың тоннаны құрады.

Картоп 15,8 мың га алқаптан немесе жоспарланған алаңның 100% жиналды, жалпы түсім 160,9 ц/га болған кезде 253,6 мың тоннаны құрады.

 

Астық қабылдау кәсіпорындарын дайындау

Осы жылдың егінін қабылдауға жалпы сақтау сыйымдылығы 4,2 млн тонна болатын 65 жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары қатысуда.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарында 2,4 млн тоннаға жуық астық қоймалары бар.

Облыста жалпы тәуліктік өнімділігі 100 мың тоннадан асатын 240 астық кептіргіш бар.

 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2020 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 35,8 млрд теңге сомасына 1420 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

  • астық жинайтын комбайндар — 249 бірлік;

  • тракторлар — 318 бірлік;

  • егіс кешендері — 43 бірлік;

  • өзге де техника — 810 бірлік. 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жұмыстары жалғасуда.

 

Шөп дайындау 

Облыста шөп дайындау жұмыстары аяқталды. Іс жүзінде 1,1 млн тонна шөп немесе жылдық қажеттіліктің 100% дайындалды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 472,8 мың басты құрайды, оның ішінде сиыр басы — 226,8 мың бас. Жылқы саны 206,5 мың басты, құс саны 7 775 мың басты құрады. Қой мен ешкі басы 571,3 мың басты, шошқа басы 104,4 мыңды құрады.

Облыста тірі салмақта 107,5 мың тонна ет, 321,1 мың тонна сүт, 630,6 млн дана жұмыртқа өндірілді.

 

Тұқымдық түрлендіру

Тұқымдық түрлендіруді жүргізу бойынша іс-шаралар орындалуда. 2020 жылға жоспар 77,1 мың басты құрайды, қатысу үлесі 35%. Қазіргі уақытта қамту 70,9 мың басты немесе 32,2% құрайды.

Фермаларды құру

Етті мал шаруашылығын одан әрі дамыту аясында облыста 7,6 мың бас етті ірі қара мал сатып ала отырып, 111 ферма құру бойынша жол картасы әзірленді.

Қазіргі уақытта жалпы саны 7,6 мың бас болатын 94 ет фермасы құрылды.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында осы жылы 2,5 мың бас сатып алумен 18 сүт-тауарлы фермасын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда жалпы саны 1,2 мың бас болатын 14 ферма пайдалануға берілді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту

Азық-түлік белдеуін дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 17 ауданы кірді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының 128 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімін жеткізумен айналысуда, оның ішінде 68-і — мал шаруашылығы өнімдері (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6-ы — құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54-і — өсімдік шаруашылығы (ұн, картоп, көкөніс, өсімдік майы).

Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталығына өз өнімдерін жеткізеді.

Сондай-ақ «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді, онда «Capital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін өткізеді.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда нарығына 99,9 мың тонна сүт өнімдерін, 23,1 мың тонна ет және ет өнімдерін, 224,7 млн дана жұмыртқа жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 47 млрд теңгеге 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, 5,4 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылды:

  • 4 — бордақылау алаңдарының, асыл тұқымды репродукторлардың құрылысы бойынша (2 бордақылау алаңы, 1 репродуктор);

  • 8 — сүт шаруашылығы бойынша (7 сүт-тауар фермасы);

  • 12 — етті мал шаруашылығы бойынша (12 ет фермасы);

  • 2 — құс шаруашылығын дамыту бойынша;

  • 2 — суару жүйесін құру бойынша (2 жоба іске асырылды);

  • 6 — ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша (2 кәсіпорын);

  • 5 — астық қоймасы мен картоп қоймасын салу бойынша (1 кәсіпорын);

  • 2 — балық өсіру бойынша (1 кәсіпорын).

 

АӨК-тегі мемлекеттік қолдау шаралары

2020 жылға ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 37,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде::

  • Мемлекеттің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын субсидиялауы. Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 14,1 млрд теңге бөлінді.

  • Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау. Аталған бағдарламаларды іске асыруға 2020 жылы 6,6 млрд теңге бөлінді.

  • Инвестициялық салымдар мен қайта өңдеуді субсидиялауға — 9,9 млрд теңге.

  • Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу — 6,8 млрд теңге.

01.10.2020 жылғы жағдай бойынша игеру 32,2 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 86,1%-ын құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 3 млрд теңге бөлінді.

01.10.2020 жылғы жағдай бойынша игеру 2,98 млрд теңгені немесе жоспардың 100% құрады, бұл ретте жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 632 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші несие алды.

Мемлекет басшысының 31.03.2020 жылғы тапсырмасы аясында Ақмола облысының көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 33,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:

  • «Кең дала» бағдарламасы бойынша облыстың 265 АШТӨ 20,9 млрд теңгеге несие алды;

  • «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 66 АШТӨ — 5,2 млрд теңгеге;

  • Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын кредиттеу бағдарламасы бойынша 53 АШТӨ — 0,2 млрд теңгеге.

  • «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу аясында облыстың 160 АШТӨ — 7,1 млрд теңгеге.

 

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаты жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаты жылына 146,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаты жылына 960 мың тонна 47 ұн тартатын кәсіпорын, өндірістік қуаты жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2020 жылдың 9 айында 83,3 млрд теңгеге азық-түлік өндірілді. 

Ет өнімдері өндірісінің өсуі байқалды, ол 31,3 млрд теңгені, ұн — 13,6 млрд теңгені, өсімдік майы — 500,2 млн теңгені құрады.

Азық-түлік өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті ет өңдеу саласы — 37,5%, сүт — 18,7%, астық өңдеу саласы — 16,3%, нан және нан-тоқаш өндірісі — 4,8%, өзге салалар 22,7% алады.

 

Ет өңдеу

Аталған кәсіпорындар мен цехтар заттай мәнде 42,1 мың тонна ет өндірді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсті. Шұжық өнімдерін өндіру көлемі 1,6 мың тоннаны құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсті.

Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі орта есеппен 75,8%-ды құрады.

 

Сүт өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 67,2 мың тоннаны құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегімен салыстырғанда 4,9% төмендеді. Сары май 741 тонна, ірімшік және сүзбе — 817 тонна, ашыған сүт өнімдері 4,5 мың тонна өндірілді.

Сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 61,1% құрады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

20,3 мың тонна өсімдік майы өндірілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 16,2%-ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарының жүктемесі орта есеппен 54,9%-ды құрады.

 

Ұн өндіру

Есепті кезеңде 229,1 мың тонна ұсақ тартылған ұн өндірілді, өсім 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 28,7% құрады.

Ұн өндіретін кәсіпорындардың жүктемесі 33,8%-ды құрады.

 

Өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту

Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде 10,5%-ға артқаны байқалады және $169,5 млн құрайды.

Ақмола облысының кәсіпорындары сыртқы нарықтарға жеткізетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері: ауыл шаруашылығы дақылдарының дәндері мен тұқымдары, ұн, сүт өнімдері, ет және субөнімдер, жұмыртқа және т. б.

Экспорт құрылымында негізгі үлесті бидай (28,9%), майлы дақылдар (8%), бидай ұны (7,8%), жасымық және бұршақ тұқымдас көкөністер (3,3%), тағамдық жұмыртқа (1,4%) құрайды.

Ет және субөнімдер экспортының үлесі — 1,8%, сүт және сүт өнімдері экспортының үлесі — 0,6%.

Экспорт бойынша заттай көріністе ұлғаю байқалады:

  • күнбағыс майы 667,7%-ға;

  • соя бұршақтары 11,3 есе;

  • ІҚМ еті 556,9;

  • қарақұмық, тары және өзге де дәнді дақылдар 83,6%-ға;

  • зығыр тұқымы 74,2%-ға;

  • кебек және бидай қалдықтары 57,6%-ға;

  • бидай ұны 51,3%-ға;

  • қыша және мақсары тұқымдары 39%-ға;

  • еттен жасалған консервілер 27,4%-ға;

  • жануарларды азықтандыруға арналған өнімдер 18,8%-ға;

  • жасымық және бұршақ көкөністер 9,9%-ға;

  • құс еті 5,5%-ға.

ІҚМ етін экспорттаушылар «Щучинск ет комбинаты» ЖШС, «Астана Агропродукт» ЖШС, «Бижан» ЖШС, құс етін экспорттаушылар — «Capital Projects LTD» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, өсімдік майын экспорттаушылар — «Бота 2015» ЖШС, «Агример Астық» ЖШС, жұмыртқа экспорттаушылар — «Үш-Бұлақ 2005» ЖШС, «Ижевский» ӨК, ұн экспорттаушылар — «INTER TRADE» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС, «ИрченкоЭлеватор» ЖШС, «ХПП Төңкеріс» ЖШС, сүт өнімдерін экспорттаушылар — «Мilk Projeсt» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС.

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында өндірісті ұлғайту және импортты ығыстыруға айтарлықтай перспектива бар. Мәселен, жаңа кәсіпорындар салу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту көзделген. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау үшін барлық жоспарланған іс-шараларды іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді одан әрі дамытуға және қайта өңделген өнім экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе ұлғайтуға ықпал ететін болады.

 

2020 жылдың 9 айындағы өнеркәсіпті дамыту қорытындысы

Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кенді, уранды өндіруге, машина жасауға, химия өнеркәсібіне маманданған.

Ақмола облысына елімізде өндірілетін темір жол мойынтіректерінің 100%-ы, жүк автомобильдерінің 36,3%-ы, өңделмеген алтынның 30,2%-ы, өңделген сүттің 12,1%-ы және ұнның 9%-ы тиесілі.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады — 80,4%, онда 533,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химия өнеркәсібімен, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндірумен, түсті металлургиямен және машина жасаумен ұсынылған.

Бүгінде облыстың индустриялық секторында 1 226 кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді. Өнеркәсіп секторында жұмыспен қамтылғандар саны — 53 526 адам.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 732 млрд теңгенің тауарлық өнімін өндірді. Өсім өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 8,8%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді, өндірілген өнім көлемі 608,2 млрд теңгені құрады.

Тамақ өнімдері өндірісінде ұн өндірісі 26,4%-ға, өсімдік майы 16,2%-ға, ет және субөнімдер өндірісі 10,4%-ға өсті.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде пластмассадан жасалған құбырлар өндірісі 2 есеге артты.

Машина жасауда «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк автомобильдері өндірісінің өткен жылғы кезеңге қарағанда 18,6%-ға өскені байқалды. 

Металлургия саласында өңделмеген алтын өндірісінің көлемі 14,1%-ға артып, 24,1 тоннаны құрады, бұл «AltyntauKokshetau» АҚ қызметіне байланысты.

 

9 айда жеңіл өнеркәсіпті дамыту

Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіп саласында мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді — "Новопэк" ЖШС, "SAMHAT" аяқ киім фабрикасы" ЖШС, "Киіз фабрикасы" ЖШС, "Диас" тігін фабрикасы" ЖШС, "Көкше арнайы киім" ЖШС, "Ақай" ательесі және басқалары. Аталған кәсіпорындар қаптар мен сөмкелер (биг-бэг үлгісіндегі), полиэтилен үлдір, былғары аяқ киім, киізден жасалған аяқ киім, арнайы киім, төсек жабдығын т. б. шығарады.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 5,6 млрд теңгеге өнімін өндірді. Өсім былғары өнімдерін өндіру көлемінің 4,7 есеге, полиэтиленнен жасалған қаптардың 25,8%-ға, тоқыма бұйымдарының 58,3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясымен күрес аясында ақмолалық тігін кәсіпорындары мен ательелер "Тыныс" АҚ машина жасау кәсіпорнын қоса алғанда, маскалар тікті, мұнда тәулігіне 25 мыңға дейін қорғаныш маскаларының жаппай өндірісі жолға қойылды. 2020 жылғы 14 наурыздан бастап қорғаныш маскалары өндірісінің жиынтық көлемі 1,8 млн данадан асты.

 

«Қарапайым заттар экономикасы»

«Қарапайым заттар экономикасы» портфелі 30,8 млрд теңге сомасына 175 жобадан тұрады, оның ішінде: 164 жоба қаржыландырылды, ЕДБ – 1 жоба мақұлданды, жұмыста — 10 жоба. Оның ішінде 10 жоба бойынша кепілдік шарттарына қол қойылды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі ең маңызды жобалар жалпы несие сомасы 1 430 млн теңгеге «БАХ SÖHNE» ЖШС-нің «Сұлы қауызын өндіру» жобасы, 1 622 млн теңгеге «Асыл Арман» ЖШС-нің және 1 227 млн теңгеге «Көкше Сити» ЖШС-нің 2 қап өндіру жобасы, 598 млн теңгеге «MILK PROJECT» ЖШС-нің «Сүт өндіру және ірімшік өңдеу» жобасы болып табылады.

 

Инвестициялар тарту

Жалпы өңірде жергілікті атқарушы орган мен даму институттары өкілдіктерінің базасында инвесторларды қолдаудың толық инфрақұрылымы құрылды, проблемалық мәселелерді шешу және сүйемелдеу алаңы жұмыс істейді. Даму институттары, ұлттық компаниялар, қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жобаларды ықтимал қаржыландыру және инвестициялар саласындағы мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру бойынша семинарлар ұйымдастырылады. Инвестициялық бастамалар мен тауашалы жобалар базасы қалыптастырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, ол өңірге жаңа инвесторларды тарту үшін тиімді платформа болады деп күтілуде.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс экономикасына 297,6 млрд теңге инвестиция құйылып, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті.

Пайдалану бағыттары бойынша инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпке — 46,1%; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға — 16,8%; ауыл, орман және балық шаруашылығына — 14,6% тиесілі.

Негізгі өсу серпініне инвестициялар көлемі 28,5 млрд теңге болатын «КБ Интерпрайзис» ЖШС қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы, 15 млрд теңгеге «Макинск құс фабрикасы» ЖШС құс фабрикасының 2-кезегі, 5,6 млрд теңгеге «GoldenEnergyCorp» ЖШС жел электр станциялары және 2 млрд теңгеге «Вичи» ЖШС секілді ірі инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етеді.

 

Өңірде «жасыл энергетиканы» дамыту

Ақмола облысы әлемдік трендке сүйене отырып, жаңартылатын энергия көздерінің санын арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с-тан асады, бұл оларды энергетиканы дамыту үшін тартымды етеді. Аршалы және Ерейментау аудандары жел энергетикасын дамыту үшін перспективалы аудандар болып табылады.

Ақмола облысы еліміздің солтүстік бөлігінде орналасқанына қарамастан, облыс аумағында күн радиациясының әлеуеті айтарлықтай маңызды. Бұл ретте күн энергиясын тек электр энергиясын өндіру үшін ғана емес, сондай-ақ жылу үшін де пайдалануға болады, бұл күн қондырғыларын, оның ішінде орталық электр және жылумен жабдықтаудан алыс орналасқан аудандарда енгізу мүмкіндігін береді.

Айта кету керек, биологиялық отынды қолдану белгілі бір резервке ие. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу есебінен электр энергиясын алуға болады.

Биыл ресейлік «Hevel» компаниясының қатысуымен Целиноград ауданында қуаты мен салынған қаражаты бойынша жаңа елеулі «Күн электр станциясының құрылысы» инвестициялық жобасы іске қосылды. Жобаның қуаттылығы 100 МВт, инвестиция көлемі 28,5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді, өндірілетін электр энергиясы «KEGOC» АҚ Бірыңғай жүйелік операторы арқылы беріледі.

Қазіргі уақытта жалпы қуаты шамамен 150 млрд теңге болатын 340 мегаватт ЖЭК 5 жобасы іске асырылуда: бұл «ЦАТЭК Грин Энерджи» компаниясының жел электр станциясының екінші кешені, оның қуаты 100 МВт құрайды, құрылысты биыл аяқтау жоспарланған; 2021 жылы «Вичи» ЖШС 3,75 МВт, «Golden Energy Corp» ЖШС 30 МВт және «Ereimentau Wind Power» ЖШС 50 МВт жел электр станциялары іске қосылады; 2022 жылы 100 МВт-қа «Borey Energо» ЖШС жел электр станциясы іске қосылмақ.

 

Шағын және орта бизнес қалай дамуда? 

Ақмола облысында шағын және орта бизнес ел экономикасының дамуына өз үлесін арттыра отырып, әртүрлі өндірістік салаларда барынша берік позицияға ие. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 45,6 мың бірлікті құрайды, ШОК жалпы қосылған құнының ЖӨӨ-дегі үлесі — 24,8%. ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 129,1 мың адамды құрады. 2020 жылдың II тоқсанында ШОК өнімдерін шығару 328,6 млрд теңгені құрады.

Алайда, елдегі карантин мен оған байланысты енгізілген шектеулер бизнес сегментіне әсер ете алмады.

Осыған байланысты, өңірде соңғы алты ай ішінде кәсіпкерлік секторды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін қолдау шаралары көрсетілуде.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы іс-қимылының арқасында өңірде өндірілетін отандық тауарлардың көлемі ұлғайды, олардың ассортименті кеңейтілді. Бағдарлама бойынша қаржыландыру 1,6 есеге артты, биыл 300-ге жуық кәсіпкер қолдауға ие болады. «Еңбек» мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасына сегіз мың адам қатысты, жылдық жоспарлау кезінде — 9,5 мың адам.

Облыста бизнесті қолдау үшін жеңілдікті несиелер беруде қолайлы қаржылық жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда 470 жеңілдетілген шағын несие (жоспарланған – 803) және 500-ге жуық өтеусіз гранттар (жоспар — 640) берілді.

Барлық жобалар аяқталғаннан кейін 400-ден астам адам тұрақты жұмысқа ие болады, ал жұмыспен қамту шараларымен 27 мыңнан астам адам қамтылатын болады. Бүгінде барлық бағдарламалар бойынша жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар аса зардап шеккен салаларда кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларының қосымша пакеті шеңберінде 1 235 субъектіге 11,8 млрд теңге төлем сомасына кредиттерді төлеу кейінге қалдырылды, Ұлттық банктің айналым қаражатын толықтыруға жылдық 8%-бен жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша 10 млрд теңгеге кредиттер берілді, салық жеңілдіктері облыстың 20 мыңнан астам кәсіпкерлеріне 9 млрд теңгеге жуық сомаға қатысты болды.

 

Өңір халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 38 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде: 

  • 25 жалға берілетін тұрғын үй немесе 1112 пәтер.

  • 13 несиелік немесе 826 пәтер.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері Ақмола облысы бойынша 8,1 млрд теңгеге 892 өтінім мақұлданды.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақмола облысында 417,7 мың м2 немесе 3 439 пәтер пайдалануға берілді.

 

Биыл жолдарды жөндеуге 24,2 млрд теңге қарастырылған

Аталған қаражат аясында жергілікті маңызы бар 410 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 100-ден астам су өткізу құбырларын жөндеу, 570-ке жуық жол белгілері мен 434 сигнал бағаналарын орнату жоспарланған.

Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам жол жөнделді.

 

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын дамыту

«Еңбек» бағдарламасы бойынша ШОБ қолдау аясында осы жылы 3 432,8 млн теңге сомасына 803 микрокредит беру жоспарлануда, оның ішінде ауылдық жерлерде 2 961,3 млн теңге сомасына 773 микрокредит және қалаларда 471,5 млн теңге сомасына 30 микрокредит. Биыл 2 850 млн теңге сомасына немесе жоспардың 83% 717 шағын несие берілді. Сондай-ақ 378,6 млн теңге сомасына 690 грант беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 370,3 млн теңге сомасына 696 грант алды. 2020 жылы «Атамекен» ҰКП арқылы 1 350 адамды кәсіпкерлік негіздеріне, 1 323 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.

Жалпы облыс бойынша 20 822 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 12 483-і тұрақты жұмыс орны.

 

Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту

2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 9 387 азаматты жалпы сомасы 7 586,4 млн теңгеге қамту жоспарланған. 23.10.2020 ж. жағдай бойынша 9 783 адам қамтылды немесе 104,2%. Барлығы 1 855 адамды оқытумен қамту жоспарланған, оның ішінде 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ТжКБ базасында 9-11 сыныптардың 1 190 түлегі оқуға кірісті, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 748 адам қамтылды. 9 айдың қорытындысы бойынша 350 адам оқуды аяқтады, 241 адам жұмысқа орналастырылды.

Облыста 325 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, оның ішінде 207 объектіде жұмыстар аяқталды. 9 112 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4 512-сі жұмыспен қамту орталықтары арқылы, бұл жоспардың 80,2% құрайды.

 

Цифрландыру және инновацияларды енгізу процесі

Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде 2020-2023 жылдары Ақмола облысының өнеркәсіпті цифрландыру жобаларының 2018-2023 жылдарға арналған жол картасы әзірленді, оның аясында цифрлық технологияларды, Индустрия 4.0 элементтерін, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен тау-кен өндірісі өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі саласындағы өндірістік процестерді автоматтандыру және оңтайландыру жүйелерін енгізуді қамтитын 7 кәсіпорында цифрландырудың 11 жобасы қарастырылған.

Бүгінгі таңда 11 жобадан 7 жоба жүзеге асырылды («Тыныс» АҚ, «AltyntauKokshetau» АҚ (3 жоба), «RG Gold» ЖШС, «Семізбай U» ЖШС, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС).

4 жоба (3 кәсіпорын) бойынша 2020-2023 жылдары мерзімдермен іске асыру жалғастырылуда («Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Көкше Цемент» ӨБ» ЖШС (2-жоба), «AltyntauKokshetau» АҚ).

Осы іс-шараларды іске асыруға байланысты жұмыс орындарының босатылуы 2020 жылы болжанбайды (кәсіпорындардың ақпараты бойынша).

2019 жылдың қорытындысы бойынша инновациялары бар кәсіпорындардың саны 88, инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 7,7% құрады. Өндірілген инновациялық өнім көлемі 17,8 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлға құрмай консорциалдық келісім негізінде Ш. Уәлиханов атындағы КМУ базасында «Ақмола ғылыми-зерттеу технологиялық паркі» құрылды. Технопарктің қызметі ғылыми идеялар мен әзірлемелерді іске асыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, заманауи инновациялық технологияларды енгізуге және жалпы облыстың инновациялық секторын дамытуға бағытталған. Технопарк базасында тамақ өнеркәсібі, баламалы энергетика, АТ-технология, туризм, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату салаларында 30 стартапты үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

 

5 мыңнан астам оқушы компьютерлерді уақытша пайдалануға алды

Облыстың білім беру жүйесінде барлық бағыттар бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Мектепке дейінгі білім беруде 32 123 баланы қамтитын 601 ұйым (248 балабақша және 353 шағын орталық) жұмыс істейді.

3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі біліммен қамту 100% құрайды (1 жастан 6 жасқа дейін — 75,7%). Жыл басынан бері 418 жаңа орын құрылды (365 орындық 8 мектепке дейінгі ұйым ашылды, жұмыс істеп тұрған 3 балабақша 53 орынға кеңейтілді).

Жекеменшік балабақшалар желісі (жеке меншік — 111) белсенді түрде дамуда, бұл олардың жалпы санының 44,8%-ын құрайды (барлығы — 248 балабақша).

Мектепке дейінгі білім беру саласында 812,9 млн теңге инвестиция сомасымен 13 МЖӘ жобасы іске асырылуда.

Бүгінгі таңда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 536 мектепке дейінгі ұйым қызметі қайта жанданды, 17 046 баланы немесе 53% қамтитын 1 540 кезекші топ ашылды.

Осы жылы облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

2020-2021 оқу жылында облыс оқушыларының 100% жаңартылған мазмұнға көшті (131 031).

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстың 555 мектебінің ішінде 28 025 оқушы контингенті бар 387 ауылдық шағын жинақты шалғайдағы мектеп (оқушылардың жалпы санының 21,5%) қатаң санитариялық шараларды сақтай отырып, штаттық режимде және 168 мектеп қашықтан білім беруде, ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш буын оқушылары кезекші сыныптарда оқиды.

Бүгінде 39 087 оқушыдан тұратын 3 167 кезекші сынып жұмыс істейді, онда 2 868 педагог сабақ береді. Санитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін штаттық режимде оқитын ауылдық шағын жинақты мектептер мен бастауыш сыныптар санитарлық қауіпсіздік құралдарымен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген.

Қашықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Қашықтан білім беру режимінде оқитын 63 019 оқушының ішінде 5 535 оқушының жеке компьютерлері/ноутбуктері болмады. Аталған оқушыларға 100% компьютерлік техника мектептерден уақытша пайдалануға берілді. 

Бұдан өзге үкіметтік резерв қаражаты есебінен 3 568,5 млн теңге сомасына 23 043 бірлік компьютерлік техника сатып алынады, олар бірінші кезекте әлеуметтік осал отбасылардың балаларына берілетін болады. Бүгінгі таңда 278 бірлік сатып алынды және жеткізілді.

Барлық жалпы білім беретін мектептер (100%) жылдамдығы 4 Мбит/с және одан жоғары кеңжолақты интернетке қосылған. 271-нің жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/с-қа дейін, 284 мектепте интернет жылдамдығы 8 Мбит/с және одан жоғары (облыстың 35 мектебінде жылдамдықтың артуын ескере отырып).

2020 жылдың басында облыста 3 апатты және 12 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді.

Биыл Жұмыспен қамту жол картасы қаражаты есебінен күрделі жөндеу шеңберінде Жарқайың ауданы Н. Крупская атындағы орта мектебінің апаттылығы жойылды.

Қалған 2 мектеп бойынша: Біржан сал ауданының Бұланды ауылында 80 орындық мектеп салу жобасы әзірленді, ол мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жарқайың ауданы Бірсуат ауылындағы мектепке балабақша ғимаратын 120 орындық қайта жаңартуға конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Үш ауысымды оқытуды жою үшін қаражат бөлінді және 3 500 орындық 7 мектептің және Көкшетау қаласының мектептеріне 1 680 орындық 4 қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.

Биыл 1 620 орындық 3 мектеп және Көкшетау қаласының мектептеріне 1 320 орындық қосымша 3 оқу корпусын пайдалануға беру жоспарланған, бұл 6 мектеп бойынша үш ауысымды алып тастауға мүмкіндік береді.

2240 орындық 5 нысанның құрылысы жалғасады. Пайдалануға беру мерзімі — 2021 жылы.

Целиноград ауданы Шұбар ауылында 300 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының шет аймақтарын дамыту аясында Целиноград ауданының Қосшы ауылында 1200 орындық тағы бір мектептің құрылысы жүргізілуде.

Облыс мектептеріндегі апаттылық және үш ауысымдылық мәселесін 2023 жылға дейін шешу жоспарланып отыр.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында облыстың 32 колледжінде 21 мыңнан астам студент білім алуда.

Жаңа оқу жылында бюджет қаражаты есебінен 5 954 студент қабылданды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие 36 мамандық және 64 біліктілік бойынша 3 800 студент қамтылған қосарлы оқыту жүйесі дамуда.

Облыста колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және түлектерді жұмысқа орналастыруды арттыруға мүмкіндік беретін «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылуда.

«Жас маман» жобасы аясында өңірде 11 жетекші колледж анықталды, олар 100 сұранысқа ие мамандықтарға енгізілген мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды.

Осы жылы «Жас маман» жобасына облыстың 5 колледжі қатысуда. Жоба аясында заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға республикалық бюджеттен 1 582,1 млн теңге бөлінді, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру 80,8 млн теңгені құрайды. 6 колледж 2021 жылы «Жас маман» жобасына қатысады.

Биыл облыс колледждеріндегі оқу үдерісі ҚР БҒМ-нің кадрларды даярлау бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдарына сәйкес ұйымдастырылды.

Облыстың барлық колледждері қашықтан білім беру технологияларын қамтитын автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істейді.

 

КВИ ықтимал жаңа толқынына 5 мың инфекциялық және 500 реанимациялық төсек-орын дайындалды

2020 жылы Көкшетау қаласында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын заманауи онкологиялық емхананың құрылысы аяқталады. Бұдан басқа, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (АМСК) 3 объектісінің құрылысын аяқтау жоспарланған:

  • Шортанды ауданының Степное және Софиевка ауылдарында 25 және 50 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулатория.

  • Целиноград ауданы Қосшы ауылында 100 келушіге арналған аудандық емхана.

Көкшетауда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Бірнеше ғимарат екі айдың ішінде заманауи конструкциялардан салынған. Жобаның құны — 7 млрд теңгеден астам, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.

Инфекциялық аурулар орталығы 200 орынға шақталған: 180 стационарлық төсек орны және 20 реанимациялық төсек. Ғимараттар кешеніне әкімшілік-зертханалық, қабылдау-қарау, реанимациялық-операциялық және стационардың бес блогы кіреді. Әрқайсының өз түсі бар, мысалы, стационарлар — күлгін, реанимация — сары, әкімшілік — қызыл.

Аурухананың басты ерекшелігі — желдету және ауаны сүзу жүйесі, бұл пациенттер мен қызметкерлер арасында вирусты жұқтыру қаупін азайтады.

Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және COVID-19 таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз етуге 3 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 873 млн теңге және жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді.

425 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 77 отандық өндіріс аппараты бар.

Жыл басынан бері Үкімет резерві есебінен жергілікті өндіруші «Тыныс» АҚ шығаратын 60 портативті ӨЖЖ аппараты сатып алынды.

Жергілікті бюджет есебінен 40 стационарлық ӨЖЖ аппараты сатып алынды, тағы 23-і өтеусіз негізде берілді, 9-ы демеушілік көмек шеңберінде сыйға тартылды.

656 оттегі концентраторы, 3 оттегі станциясы, 1 мың пульсоксиметр, 50 оттегі баллоны, екі оттегі беру жүйесі сатып алынды.

Сонымен қатар облыс резервінен қажетті жабдықтарды сатып алуға 566,3 млн теңге бағытталды.

Ескірген жабдықтардың орнына жалпы сомасы 136 млн теңгеге 4 рентген аппараты бойынша шарт жасалды. 

Медициналық ұйымдарда 9 компьютерлік томограф бар.

Қазіргі уақытта облыста 3 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді, халықты скринингтік тексерулермен толық қамту үшін республикалық бюджет есебінен 8 бірлік жылжымалы медициналық кешен жеткізілді.

Сондай-ақ қараша айында 2,5 млрд теңгеге 58 бірлік санитарлық автокөлік жеткізіледі деп күтілуде.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту шеңберінде 2 жоба іске асырылуда — Көкшетау қаласының №1 қалалық емханасын 1,5 млрд теңгеге және Степногорск қаласының қалалық емханасын 585,2 млн теңгеге сенімгерлік басқаруға беру.

Жобаларды іске асыру аясында жеке әріптес есебінен объектілерді күрделі жөндеу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыруды 100%-ға жеткізу, тұрғын үй және көтерме түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсына отырып, медицина кадрларымен мәселені шешу жоспарланған.

Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырған 3 487 науқас тіркелген, оның ішінде 1 432-сінде симптомы бар, 2 055-і симптомсыз вирус тасымалдаушы. 95 пациент ем алып жатыр, 3 250 — шығарылды, 77 — қайтыс болды.

2020 жылғы 1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмонияның 468 жағдайы тіркелді.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес облыс бойынша 565 инфекциялық төсек орны қолжетімді, 12%-ы қазіргі таңда бос емес. Реанимациялық төсек орны — 18%.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты төсек саны 1 шілдеден бастап 4 есеге, оның ішінде реанимациялық төсек саны 2 есеге қысқарды.

Аймақта КВИ жаңа толқынына 5000 инфекциялық және 500 реанимациялық төсек-орын дайындалды.

Жалпы, КВИ-мен күреске ҚР Үкіметі мен облыс әкімдігінің резервтерінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдары, жабдықтар сатып алынды.

Қорғаныш құралдары мен антисептиктер медициналық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерге таратылды, екі айлық қор бар.

Сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтандырылуда және жергілікті бюджет қаражатынан 166 млн теңгеге КВИ жаңа толқыны басталған жағдайға дәрілік заттардың екі айлық азаймайтын қоры құрылуда. Осы жылдың қазан айының соңына дейін «СҚ-Фармация» ЖШС-мен толық жеткізу жоспарлануда.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде жоспарлы жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады, бүгінгі күні ӘМСҚ қаражатынан 4,5 млрд теңге сомасына 432 тегін дәрі-дәрмек атауы тиелді, 110 мың адам қамтамасыз етілді.

Стационарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады, ӘМСҚ қаражатынан 3,3 млрд теңге сомасына 568 препарат атауы тиелді.

Медициналық ұйымдар ӘМСҚ қаражатынан 535 млн теңге сомасына ДЗ-ның 88 атауын қосымша тиеді. Бұдан басқа, медициналық ұйымдар ӘМСҚ қаражатынан сомасы 194 млн теңгеге КВИ амбулаториялық емдеу үшін ДЗ (пероральді антикоагулянттар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар) 5 атауын қосымша дайындады. 63 млн теңгеге жөнелтілді. Қалғаны — 59 млн теңге. 50 мың адамды қамту жоспарланған.

ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру қуаты тәулігіне орташа 1 500 зерттеуді құрайтын 6 зертханада жүргізіледі. ПТР-ға тексеру бойынша 10 бірлік жабдық бар, олардың орташа қуаты бір мезгілде 36 зерттеуді құрайды.

Бір тұрғынға тестілеудің тиімділігі — 36,8, халықты тестпен қамту — 17 392 адам.

COVID-2019-ға зертханалық зерттеу үшін 26,8 мың зерттеуге арналған тест-жүйесі бар.

Жіті респираторлық аурулар кезінде тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен 14 млн теңгеге 16 мыңнан астам вакцина дозасы сатып алынды. Сондай-ақ медициналық ұйымдар 56 млн теңгеге 64 мың доза сатып алды.

Облыста вакциналау 10 қыркүйектен бастап жүргізілуде, бүгінгі күні қауіп тобындағы адамдардың 54%-ы қамтылған.

Көкшетау қаласында 7,2 млрд теңгеге COVID-19 диагнозы расталған пациенттер үшін 200 төсектік тез тұрғызылатын модульдік аурухананың құрылысы аяқталуда.

COVID-19-ға қатысты кәсіби қызметін орындауына байланысты 885 медицина қызметкері ауырып қалды, оның 527-сі бір реттік төлем алды, оның ішінде 422-де COVID-19 зертханалық расталды және 105-де вирустық пневмония бар. 

Қайтыс болған медициналық қызметкерлер саны — 15, оның ішінде кәсіптік қызметін атқару кезінде жұқтырғандар — 4, оның ішінде COVID-19 ауруымен — 3, вирустық пневмониямен — 1, олар 10 млн теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем алды.

 

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту

Соңғы жылдары Ақмола облысында бюджеттің түрлі көздерінен қаржыландыру есебінен лифт шаруашылығы толығымен қалпына келтірілді. 500-ден астам аула аумағы жөнделді. Осы жылдың өзінде Жангелдинов, Вернадский, Әуелбеков, Ақан сері, Баймұқанов, Сәтпаев, Абай, Уәлиханов көшелері және Жайлау шағын ауданы шегінде 20-дан астам аула ретке келтірілді. 

ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

Биыл Көкшетау қаласындағы көп қабатты ғимараттардың (385 мың м2) қасбеттерін жөндеуді қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Жұмыстар қаланың әртүрлі бөліктерінде жүргізілді: Сүлейменов көшесі бойынша, «Центральный», «Көктем», «Васильковский» ш.а. бойында және Абылай хан даңғылында жүргізілді. Тағы он шақтысы Н. Назарбаев даңғылы, Уәлиханов, Абай және Әуезов көшелерінде жаңартылды. Сондай-ақ 21 көпқабатты үйде заманауи стри-арт пайда болды. 

Биылғы жылы Қопа көлінің бойындағы жағалаудың құрылысы басталды, Достық үйінің аумағы абаттандырылуда. Сонымен қатар Полина Осипенко атындағы скверге ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда асфальт пен жол жиектері толығымен ауыстырылып, жас ағаштар отырғызылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Желтоқсан 2020, 12:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады  
30 Қараша 2020, 18:49
«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын ұлғайту» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруға қатысты депутаттық сауал
30 Қараша 2020, 18:10
Заңнамалық актілерге ревизия жүргізу және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету — М. Бекетаев Президент Жолдауының іске асырылуы туралы айтып берді
30 Қараша 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды
30 Қараша 2020, 16:05
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.