Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда

Бейсенбі, 30 Шілде 2020, 10:33:34

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы саласын біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуына ықпалын тигізеді. Бүгінде Орталықта егін шаруашылығына сорттардың түсімділігін арттыру мақсатында инновациялық тәсілдер қарқынды енгізілуде, ол жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін көрнекті полигондарды құруға, ҚР АӨК саласын дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге ықпал етіп, аграрлық саладағы ғылыми ортаны одан әрі дамытуды нығайтады.   

 

Бүгінде Орталықтың алдында қандай міндеттер тұр?

Орталық ауыл шаруашылығында білімді таратудың Ұлттық жүйесін әзірлеуді ұсынады, себебі, ауылдықтар үшін қажетті ақпарат жеткіліксіз. Олар нақты жылдың табиғи-климаттық жағдайларына байланысты технологиялар туралы ақпаратты қажет етеді: себу мерзімдері мен жинау мерзімдері, тұқымдарды өңдеу тереңдігі, оларды өңдеу, өсімдіктерді қорғау құралдары, жануарларды азықтандыру рациондары, малды күту технологиялары және т. б.  

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековтың айтуынша, дәл осы білім тарату орталықтары ғылым, білім және агробизнес интеграциясының байланыстырушы буыны болуға тиіс. Мұнда ауыл тұрғындары өз проблемаларымен келуі керек. Мұнда ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізуге тапсырманы, ал университеттер – кадрларға қойылатын талаптарды алуы керек.

Сондай-ақ, кейбір тәжірибе жүргізу станцияларын жеке бизнеске сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқылануда. 2002 жылдан бастап 30-ға жуық АШТС жеке меншікке берілді, бірақ іс жүзінде бірде-бір жекешелендірілген кәсіпорын қазір ғылыммен айналыспайды.

Екінші жағынан, озық жеке агроқұрылымдарды тәжірибелік станциялар ретінде тарту мүмкіндігін қарастыру керек. Олар ғылыми зерттеулерге, магистранттар мен докторанттардың зерттеулеріне, студенттердің практикадан өтуіне, білімді таратуға қатыса алады. 

2018 жылы жетекші шетелдік ғылыми орталықтар мен университеттерде ғылыми кадрларды даярлау бойынша жақсы бағдарлама  – «300 Спартан» бағдарламасы ұсынылды.

2019 жылы аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 17,5 млрд теңгеге немесе жалпы өнімнің 0,4%-ына жетті. АӨК мемлекеттік бағдарламасында 2021 жылы 25 млрд теңгеге дейін немесе 0,5% дейін, ал 2030 жылға қарай саланың жалпы өніміндегі үлесін 1% дейін жеткізу көзделген. 

Бірақ ғылымды қаржыландыруда елеулі сәйкессіздіктер бар: ғылыми зерттеулерге барлық қаражаттың 90%-дан астамы, тәжірибелік жұмыстарға 10%-дан аз, ал трансферт пен коммерцияландыруға 0% жұмсалады. Әлемдік тәжірибеде осы үш блоктың үлесіне шамамен бірдей қаржыландыру көлемі  – 30-35%-дан келеді.

Техниканың жоғары тозу дәрежесі ЖЖМ мен қосалқы бөлшектерге шамадан тыс шығындарға алып келеді. Нәтижесінде Қазақстан миллиондаған тонна астықты ала алмайды. Ғалымдардың еңбегін ынталандыру мақсатында Орталық роялти негізінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру жұмыстарын бастады. Роялтидің әлеуетті көлемі жылына 10 млрд теңгеге жуық, оның 3 млрд теңгесі ғалымдарға, ал 7 млрд теңгесі жаңа ғылыми әзірлемелерге төленетін еді. Роялти жүйесі дегеніміз ғалымдардың табысын арттыру ғана емес. Сондай-ақ бұл оларды егістік сапасын бақылауға ынталандырады, бұл елдің барлық егінінің түсімінің сапасы мен көлеміне әсер етеді.

 

Аграрлық ғылым трансформациясында қандай тетіктер қолданылады? 

Орталық бүгін аграрлық ғылымды трансформациялауға кірісті. Іске асырылып жатқан шаралар қатарында бар: 

  • ҒЗИ қаржыландырудан ғалымдарды қаржыландыруға көшу;
  • тәжірибелік жұмыстарға жұмсалатын шығындар үлесін 40%-ға дейін ұлғайту;
  • технологияларды трансферттеуге және коммерцияландыруға бюджет қаражатын бөлу;
  • көпшілігін университеттер құрамына беру арқылы институттар санын қысқарту;
  • үздік жеке агроқұрылымдарды тарту есебінен тәжірибелік шаруашылықтардың санын 40-қа дейін ұлғайту;
  • тәжірибелік шаруашылықтардың функционалының өзгеруі;
  • ұжымдық пайдалану зертханаларын құру;
  • ғылымның тәуелсіз сараптамасын енгізу; 
  • фермерлердің ғылыми зерттеулерге арналған шығындарын субсидиялау жөніндегі норма.  

Бұл ғылымға қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді. Осы жылы осы бағыттағы жұмыс басталады — ереже жобасы мемлекеттік органдарда келісуден өтуде. 

 

2019 жылы Орталық 15 мың тоннадан астам жоғары сапалы бірегей және элиталық тұқым өндірді

Ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды іске асырудың алдыңғы үш жылдық кезеңінде (2015-2017 жылдар) ауыл шаруашылығы дақылдарының 173 сорты мен будандары жасалды. 2019 жылы трансферт және экологиялық сынақ бойынша шетелдік селекциядағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 515 үлгісі зерделенді және бағаланды, ауыл шаруашылығы дақылдарының 9 отандық сорттары мен будандары жасалып, мемлекеттік сынақтан өткізуге жіберілді, дәнді, майлы, мал азығы дақылдарының 15 мың тоннадан астам жоғары сапалы бірегей және элиталық тұқымдары өндірілді.

Бұл дақылдардың жаңа сорттары 1,1 млн гектардан астам жерге егілді.

Өсімдік шаруашылығында барлығы 300-ге жуық әзірлеме бар. Мал шаруашылығында біздің ғалымдардың активінде 200-ге жуық әзірлеме бар. Электрондық деректер базасы құрылды, оған 700-ге жуық жұмыс кіреді. 

Айта кету керек, мекемелердің бір бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан және 32 ауыл үшін олар қала құраушы болып табылады. Орталық осы ғылыми кенттерді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге кірісті. Оларда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін күрделі жөндеу, тұрғын үйлер салу көзделеді. Ол үшін барлық мемлекеттік бағдарламалардың («Ауыл – ел бесігі», «Еңбек», «Нұрлы жер») мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады. Алғашқы оң мысалды Қостанай облысы  көрсетті. 

Орталықта атап өткендей, егер қазақстандық шаруалар мен сала оларды қолдануға дайын болмаса, аграрлық ғылымның барлық ең үздік жетістіктері де нәтиже бермейді. Сондай-ақ 3,5 миллионға жуық адам еңбек ететін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жартысына жуығын өндіретін жеке қосалқы шаруашылықтарды заңдастыру қажет. 

АӨК субъектілерінен түсетін салықтың барлық көлемі жылына шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Сондықтан ауыл шаруашылығына салық салудағы өзгерістер бюджеттің кіріс бөлігіне әсер етпейді. 

 

ҒЗИ мен ЖОО-ның ғылыми-білім беру қызметі саласындағы негізгі өзгерістер

Ғылыми-білім беру қызметі саласындағы өзгерістер аграрлық жоғары оқу орындарын зерттеу университеттеріне айналдыруды, ҒЗИ ғалымдарының оқытушылық қызметке кететін уақыт үлесін 20%-ға дейін, ал ЖОО оқытушыларын ғылыми қызметке жұмсалатын уақытын 30%-ға дейін ұлғайтуды қамтиды.

Анықтама: агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы бағыттары және ветеринария бойынша кадрлар даярлайтын 3 университет жұмыс істейді.

Үш ЖОО-да даярлаудың барлық бағыттары бойынша 25 595 адам, оның ішінде ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша 9 596 студент білім алуда. 

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарында бейінді мамандықтар пайызы төмен. Осыған байланысты Орталық ұсынады:

  • заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді;
  • халықаралық экономикалық жүйеге белсенді ықпалдасуды, «ақылды экономикаға» сүйенуді;
  • оқу бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкес келтіруді;  
  • білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларының сабақтастығын құруды;
  • білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына бейімдеуді;
  • мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделіне көшуді;
  • әзірлемелер мен технологияларды, білімді  құру және трансфертін, Қазақстан мен әлемдік ғылым арасында интерфейсті қалыптастыруды;
  • жоғары білімнің қолжетімділігі мен инвестициялық тартымдылығын күшейтуді;
  • студенттердің жеке басының дамуы мен тұрмыстық жайлылығын қамтамасыз етуді;     
  • ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін мамандандырылған салалық бағдарлама құруды;
  • ұлттық университеттер жанынан ЖОО бөлімшелерін де, кәсіпорындарды да, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды да қамтитын кластерлік құрылымдар құруды;
  • ЖОО түлектерінің кәсіптік сәйкестігін бағалайтын салалық сертификаттау орталықтарын құруды; 
  • тиісті преференцияларды ұсына отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде АӨК үшін мамандарды бірлесіп даярлау үшін бизнес-ортаны тартуды;   
  • ауылда бітірушілерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру үшін ЖАО тарапынан жас мамандарды ынталандыру жөніндегі заңнамалық базаны жетілдіруді.  

 

Ауыл шаруашылығында білім таратудың ұлттық жүйесін құру бағдарламасы

Орталық агроөнеркәсіптік кешен саласында «экстеншн» білім таратудың ұлттық жүйесін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Адами капиталды қамтамасыз ету және технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер  білім тарату жөніндегі бағдарламаны жетілдіруді, атап айтқанда, білім тарату орталықтарының санын және консультациялық әрі білім беру қызметтерінің көлемін ұлғайтуды, инновациялар мен технологиялардың таралуына жәрдемдесуді және ғылыми-зерттеу, білім беру қызметін АӨК субъектілерімен байланыстыруды, сондай-ақ бизнес-құрылымдарды қатысуға тартуды көздейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 245 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдары айналысады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің көпшілігінде арнайы білім жоқ немесе олардың кәсіби дағдылары ауыл шаруашылығының жекелеген арнайы мамандандырылған салаларында ғана жетілдірілген.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді білімді тарату жүйесінің қызметтерімен ауқымды түрде қамту үшін жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтардың және жеке бизнестің базасында «экстеншн» білім таратудың ұлттық жүйесін құру көзделген.

«Экстеншн» ұлттық білім тарату жүйесінің құрылымы:

  • Бірыңғай оператор — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ.
  • Республикалық деңгей — үш аграрлық жоғары оқу орны базасында: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.
  • Облыстық деңгей — ғылыми-зерттеу институттары, ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары мен тәжірибе шаруашылықтары базасындағы білім тарату орталықтары.
  • Аудандық деңгей — аграрлық колледждер мен базалық шаруашылықтар негізіндегі ауылдық кеңес беру орталықтары.

 

АӨК ғылыми және технологиялық дамуы

Орталық «2021-2023 жылдарға арналған АӨК саласындағы серпінді басым бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер» жаңа ғылыми-техникалық бағдарламасын конкурстан тыс рәсімдерді іске асыру жолымен жүзеге асыруды қарастырады, 2021 жылға қаржыландырудың болжамды көлемі — 7,7 млрд теңге, 2022 жылға — 8,3 млрд теңге және 2023 жылға — 8,9 млрд теңге.

Аталған бағдарлама аясында «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциялық процесін қамтамасыз ету және генетикалық ресурстарын (тектік қорын) сақтау» және «Биотехнология мен молекулалық генетика жетістіктерінің негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық ресурстарын сақтау және жетілдіру» бағыттары қарастырылған.

«2021-2023 жылдарға арналған АӨК саласындағы серпінді басым бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер» жаңа ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында мыналар көзделген:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ-ақпараттық жүйесін құру;
  • электрондық топырақ карталарын жасау;
  • ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары жерлерінің агроөндірістік топтастыру және тозу картасын жасау;
  • морфологиялық және физика-химиялық қасиеттері бойынша топырақ деректерінің кеңістіктік бекітілген базасы.

Дәлме-дәл егіншілік элементтерін енгізу жөніндегі жоспарларға сәйкес 2020 жылға арналған жұмыс жалғасуда. 2020 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар дайындалды және таратылды. Жалпы алғанда, дәлме-дәл егіншілік элементтерін енгізу 1,075 млн га алаңда болуы тиіс, 610 ауыл шаруашылығы маманы, 1 160 студент оқытылды, 22 шаруашылық ғылыми сүйемелдеумен қамтылды.

2020 жылы Орталықтың 16 еншілес ұйымы 50 шетелдік ғалымды тартуды жоспарлап отыр, оның ішінде талқылау сатысында — 2 ғалым, 12 ғалым — өтеусіз негізде тартылады және 36 ғалым 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының іс-шараларын және ғылыми зерттеулерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» 101 кіші бағдарламасы бойынша ПЦФ аясындағы тақырыптарға тартылатын болады. Қазіргі уақытта 11 ҒЗИ-ға шетелдік мамандар тартылуда, оларды тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты сақтау

2018-2020 жылдарға арналған «Өсімдік шикізатын сақтау мен өңдеудің инновациялық технологиялары негізінде АӨК крахмал-сірне, май, құрама жем, қант салаларының кәсіпорындарын технологиялық дамытуды қамтамасыз ету» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында мынадай жобалар орындалып жатыр:

  • Қант қызылшасын қауіпсіз түрде ұзақ уақыт сақтау технологиясы үшін тұқым материалы мен топырақтың жай-күйін зерттеу. Отандық және шетелдік селекциядағы қант қызылшасының тұқымдық материалын сақтау ұзақтығын арттыру үшін қант қызылшасының тұқымдық материалын өңдеуге арналған биопрепарат әзірленді;
  • Сақтау кезінде қант қызылшасын биологиялық зарарсыздандыру. Сақталған қызылша ауруларының қоздырғыштарына қарсы биопрепарат әзірленді;
  • Реттелетін газ ортасында қант қызылшасын қауіпсіз ұзақ уақыт сақтау техникасы мен технологиясын жасау. Қант қызылшасын сақтау технологиясы әзірленді, қант қызылшасын өңдеуге және сақтауға арналған ион-азот технологиялық желісінің бір жартылай өнеркәсіптік үлгісі жасалды.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде «Азықтық шөптердің тұқымдарын карантиндік және күрделі бөлінетін қоспалардан тазарту үшін оптикалық-электрондық сепараторды әзірлеу» жобасы атқарылып жатыр, азықтық дақылдардың тұқымдарын қоспалардан тазартуға арналған фотосепаратордың эксперименттік үлгісі әзірленуде.

Бұдан өзге АӨК саласындағы 2015-2017 жылдарға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау аясында бюджеттік бағдарлама бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өткізу өндірісін дамытуға жағдайлар жасалды, ауа ағынының тұйық жүйесі бар ағысты пневмосепаратордың тәжірибелік үлгісі әзірленді.

2011 жылы сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, полиэтиленді қалтада астықты сақтау үшін жинаудан кейінгі өңдеу технологиясын жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан жағдайында астықты қалтада сақтау технологиясы бейімделді.

Зерттеулер Ақмола облысы Невский ауылындағы «Қазгер» ЖШС шаруашылық нысанының өндірістік жағдайында жүргізілді, онда герметикалық полиэтиленді қалталар орналастырылды. 2010 жылы 12-14% ылғалдылық жағдайы бойынша қалтаға салу үшін бидай астығының партиясы әзірленді.

6 айдан кейін полиэтилен қалталарда сақталған астықты зерттеу нәтижесі көрсеткендей, астық массасының жай-күйі еш дерлік өзгеріссіз қалуда, сондықтан 6 ай сақталғаннан кейін астық сапасының нашарлау қаупі төмен.

«Беггер» қаптау машинасының полиэтилен қалталарына астықты тиеу технологиясын талдау кезінде оның артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Астықтың біркелкі емес тығыздығы байқалады — қалтаның толқын тәрізді бетінің пайда болуы. Тежеу күшін төмендеткен кезде ауа кеңістіктері пайда болатыны, ал астықты тым асыра нығыздау пленканың жарылуына әкелетіні белгілі болды. Құрылғының құрылымын жетілдіруге ҚР инновациялық патентін алуға өтінім берілді.

Қысқы сақтау кезіндегі астық массасының температурасын зерттеу қалтаның ішінде бетінен бастап есептегенде 20-30 см тереңдікте және сыртқы ауаның температурасы бірдей болатындығын көрсетті. Бұл қабат астықтың жылуды төмен өткізгіштігіне байланысты термоизолятор болып табылады. Алынған корреляция коэффициенті 0,99 алынған теңдеудің (жүргізілген зерттеулердің) жеткілікті дәрежесін көрсетеді.

 

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, атап айтқанда, жеміс, көкөніс, дәнді, жемдік, бұршақ дақылдарын қорғаудың интеграцияланған жүйелерін жетілдіру бойынша жеміс дақылдарының бактериялық күйігіне қарсы күрес шаралары бойынша кешенді ұсынымдар әзірленді, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын, қылқан жапырақты тұқым көшеттерін, тораңғы көшеттерін және терек будандарын қорғау-ынталандыру құрамдарымен фитоэкспертиза және сауықтыру технологиясы әзірленді.

Биыл ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетіне бактериялық күйікке қарсы қорғау схемасы мен ұсынымдар және бактериялық күйікке қарсы уақытша тіркеуге арналған препараттар ұсынылады. Бақшаны қорғаудың химиялық емес әдістері кешенінің ішінде шығыс және алма жеміс көбелектеріне қарсы тиімді әдістердің бірі ретінде Алматы облысының өнеркәсіптік бақтарында 250 гектардан астам аумақта аталықтарды дезориентациялау технологиясы қолданылады.

Сондай-ақ энтомоакарифагтардың 12 түрін, оның ішінде басқа елдерден трансферт бойынша алынған, республикадағы жылыжай зиянкестеріне қарсы сәтті қолданылатын жаппай өсіру технологиялары әзірленді. Оңтүстік америкалық қызанақ көбелегі (Tuta absoluta) —  ашық және жабық жерде қызанақ пен басқа да алқа тұқымдас дақылдардың карантиндік зиянкестері. Қазіргі уақытта зиянкестер Қазақстан аумағында көп таралған. Ж. Жиембаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институты қызанақты қызанақ көбелегіне қарсы қорғаудың біріктірілген әдісін ұсынады.

Феромондар мен өсімдіктердің өсу стимуляторларын қолдана отырып, қауын шыбынына қарсы бақша дақылдарын қорғаудың интеграцияланған жүйесі әзірленді. Көкөніс дақылдарын (қырыққабат, қияр, қызанақ) қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін енгізу үшін ұсыныстар әзірленді және ұсынылды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларын анықтауды жедел талдау үшін ПТР қолданылады. Жылжымалы автозертханалардың көмегімен ауыл шаруашылығы және орман дақылдарының зиянкестері мен ауруларын анықтау бойынша экспресс-диагностика жүргізіледі. 

Сонымен қатар Ж. Жиембаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институты қабыршаққанатты зиянкес жәндіктерге қарсы бір отандық биопрепарат және энтомопатогендік саңырауқұлақтарға негізделген зиянды шегірткелерге қарсы екі биопрепарат жасап шығарды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы биопрепараттарын әзірлеуді жалғастыру үшін 300-ден астам аборигендік (жергілікті) штаммдар-продуценттер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелерін мониторингтеу, егіс алқаптарын цифрландыру және өңдеу үшін пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) кеңінен қолданылуда.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.