Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда

Дүйсенбі, 06 Шілде 2020, 20:15:25

Биыл Қазақстанның елордасына 22 жыл толады. Осы уақыт ішінде барлық бағыттар бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Бүгінде Нұр-Сұлтан еліміздің әкімшілік және іскерлік орталығы, мұнда ауқымды экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік міндеттер шешіледі, ірі жобалар жүзеге асырылуда, ондаған мың жұмыс орындары құрылуда. 1998 жылдан бастап 2019 жылға дейін астанаға тартылған инвестиция көлемі 47 есе өсті.

 

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасуындағы рөлі

Астана және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аты тәуелсіз Қазақстан тарихымен тығыз байланысты. Елбасы елорданы еліміздің орталығына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Жас мемлекеттің астанасы ретінде қаланың қалыптасуы мен дамуына Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор. Рекордтық мерзімде, екі онжылдықта, Есіл өзенінің жағасында есімі бүкіл әлемге танылған қала салынды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасын көшіру туралы мәселені алғаш рет 1994 жылғы шілдеде республиканың Жоғарғы Кеңесінің отырысында жариялады. Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» қаулысы шығарылды, онда Министрлер кабинетіне 1994 жылдың соңына дейін астананы көшірудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы нұсқау берілді.

Мұндай шешімді қабылдау оңай болмады — бұны ҚР Тұңғыш Президенті өзінің естеліктерінде бірнеше рет атап өтті. Төрт жыл бойы, жаңа астананы таныстырғанға дейін, оған өз ұстанымын қорғауға тура келді. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың өршуі, бюджет қаражатының жоқтығы осындай сын-тегеурінді қадамның салдары туралы ойлануға мәжбүр етті. Бұл жобаны көптеген адамдар республикадағы күрделі жағдайды одан әрі қиындататын шара деп қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің саяси элитасының белгілі бір бөлігінің ойлау консерватизмін еңсеруге тура келді. Президент өзінің оппоненттеріне «астананы ауыстыруда қайтарымсыз шығындар тек көшу шығындары болғанын, қалғандары — бұл күрделі қаржы жұмсалымы, болашаққа салынған инвестиция» екенін дәлелдеді.

1997 жылдан бастап бұрынғы облыс орталығы қарқынды дами бастады: қала халқы тез қарқынмен өсіп, қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың атауы да бірден қойылмады. «Еуразия жүрегінде» кітабында Нұрсұлтан Назарбаев бұл жөнінде былай деп жазды: «Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, ат іздеу­мен болдым. Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз астана! Қазақша әдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуез­ді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі».

1998 жылғы 6 мамырда елорданы Ақмоладан Астана деп қайта атау туралы Президент Жарлығына қол қойылды. Ал 1998 жылғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 

Бұдан кейін 10 маусымда, халықаралық таныстыру күні, Астана әлемдік қауымдастық алдында өзінің сұлулығымен көзге түсті. 

1999 жылғы тамызда жаңа астананың бас жоспары жобасының таныстырылымы өтті, оған сәйкес қала Есіл өзенінің сол жағалауында дами бастайды. Осы жылы Астана ЮНЕСКО шешімі бойынша «әлем қаласы» атағын алды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы — Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

2000 жыл жаңа әкімшілік орталықтың құрылысы басталған сол жағалауды игерумен есте қалды. Сондай-ақ республиканың жас астанасы посткеңестік кеңістіктегі интеграцияның маңызды буыны ретінде өзін танытты. Қазан айында Кеден одағына қатысушы мемлекеттер басшыларының Мемлекетаралық Кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жаңа халықаралық ұйым — Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.

Жаңа астананың экономикасына салынған инвестициялар 2001 жылға қарай бір миллиард долларға жетті. Отандық капитал салымдарының ағыны үш еседен астам, ал шетел инвестициялары — жеті есе өсті. 2001 жылдың көктемінде Президент «Астананың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Оның маңызды құрамдас бөлігі елдің басты қаласын дамыту ғана емес, мультипликативтік әсер және өңіраралық интеграциялық байланыстарды кеңейту есебінен бүкіл республиканың өнеркәсіптік және құрылыс секторларындағы өндіріс көлемін ұлғайту болды. 

Рим Папасы II Иоанн Павелдің Астанаға келуі әлемдік ауқымдағы оқиға болды. Онымен кездесуге әлемнің көптеген елдерінен 300 мыңға жуық католик келді.

Конституция күнін мерекелеу қарсаңында 2002 жылғы 30 тамызда «Бәйтерек» монументі ашылды. Бұл бірегей ғимаратты құру Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Кейін монумент Қазақстан астанасының басты көрікті жеріне айналды.

Жас астананың беделі жылдан жылға өсе бастады. Елбасының басты жобасы болған жас Қазақстан елордасы қысқа мерзім ішінде әлемдік саяси аренада өзін жылдам әрі сенімді түрде жария етті және ірі халықаралық саяси форумдар өтетін орынға айналды. 2003 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі өтті. Оның жұмысына әлемнің түрлі діни конфессияларының 17 делегациясы қатысты.

Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ бақылаушы елдер делегацияларының басшылары жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылаған Шанхай ынтымақтастық ұйымының оныншы саммиті де ерекше маңызды шара болды.

2006 жылы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші съезі өтті. Осы оқиғаға арнайы белгілі сәулетші Норман Фостер Бейбітшілік және келісім сарайын салды.

2008 жылы Астана өзінің геральдикасын өзгертті. Ескі елтаңбада бейнеленген масақтардың орнына қала символы — Бәйтерек бейнеленді. Жаңа елтаңба тұжырымдамасының авторы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Жаңа мемлекеттің тағы бір символы «Қазақ елі» монументі болды. Қазақ халқының тарихында алғаш рет оның құрметіне ескерткіш пайда болды.

Астана құрылысы қазақстандық қала құрылысын дамытудың қуатты локомотивіне айналды. Елорда ғылым, медицина, білім беру орталығына айналды. Қазақстанда жоғары білім берудің флагмандық мекемесі — «Назарбаев университеті» ашылды. Медициналық кластер құрылды, онда бірегей операциялар жүргізіледі, оның ішінде мүшелерді ауыстырып салу бойынша да күрделі операциялар жүргізіледі. 

Қала күн сайын көркейіп келеді. Оның келбеті өзгеруде, әдемі ғимараттар, скверлер, саябақтар салынуда. Астананың жасыл белдеуі — далада отырғызылған бірегей қолдан жасалған орман кеңейтілуде.

Астанадағы ең танымал ғимараттарды салу идеясын Елбасының өзі көтерген. Көптеген ғимараттардың үлгісін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі сызып көрсетті. Елорданың бойтұмарындай болған «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Астана опера» «Әзірет Сұлтан» мешіті сияқты әлемдік сәулет өнерінің туындылары – Елбасымыздың идеялары.

Елорда халықаралық алқалы жиындар өтетін, тарихи шешімдер қабылданатын Еуразияның орталығына айналды. Мұнда 56 мемлекеттің басын қосқан ЕҚЫҰ-нің тарихи саммиті, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиттері өтті. Сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы тұрақты түрде өтіп келеді. Осының бәрі — Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделі мен ерен еңбегінің нәтижесі.

Айта кету керек, қазақстандықтардың барлығы астана құрылысына атсалысты. Елорда біздің көпұлтты халқымыздың ауызбіршілігін нығайтты. Жарқын болашаққа деген сенімін күшейтті.

Бүгінде еліміздің жалпы ішкі өнімінің 11%-ы осы Нұр-Сұлтан қаласында өндіріледі. Ел экономикасына салынған бүкіл инвестицияның 10 пайызын елорда қамтамасыз етіп отыр. Яғни, астана – еліміздің ірі кәсіпорындары шоғырланған бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік орталыққа айналды. Елорда құрылысының арқасында еліміздің көптеген өңірлерінде жаңа өндірістер пайда болды. Сол арқылы жаңа жұмыс орындары құрылды, қызмет көрсету саласы дамыды. Сонымен қатар елорданың инвестициялық тартымдылығы да бүкіл Қазақстан экономикасының өсуіне айтарлықтай үлесін қосып отыр.

Бұған қоса Қазақстанның астанасы Сирия бойынша бітімгершілік келіссөздер өткізуге арналған алаңға айналды. Астана кездесулер мен маңызды келіссөздер өтетін орын ретінде Сирия үдерісінің барлық қатысушыларының басын қосты. Бұл ел басшысына деген жоғары бедел мен сенімнің айқын көрінісі.

2017 жылы Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілді, ол қала экономикасы үшін де, Қазақстан өңірлерінің экономикасы үшін де оң әсерін тигізді.

Бүгінде Экспо-2017 аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз қызметін белсенді түрде жүргізуде, ол болашақта Азияның жетекші қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс.

2019 жылғы 23 наурызда Астана Нұр-Сұлтан деп қайта аталды.

 

Жыл сайын елордада 20 мыңғы жуық жұмыс орны құрылады

Соңғы 22 жылда қаланың жалпы өңірлік өнімі 272 еседен астам, 25,7 млн теңгеден 7 трлн теңгеге дейін өсті. 1997 жылдан бастап өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіші 50 есеге, 15,2-ден 755 млрд теңгеге дейін өсті.

Нақты секторда жаңа өндірістерді және әлеуметтік нысандарды іске қосу жыл сайын 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын, оның ішінде шағын және орта бизнесте шамамен 70%-ын құруға ықпал етеді.

Мәселен, 2019 жылдың өзінде экономиканың түрлі салаларында құрылған 26 699 жаңа жұмыс орны туралы деректер өзектендірілген (2003 жылы – 12 552, 2013 жылы – 17 787, 2018 жылы – 22237).

Бұл тұрғындардың әл-ауқатына оң әсерін тигізді. Осылайша, 22 жылда орташа айлық атаулы жалақы 27 еседен астам өсіп, 267 мың теңгеге жетті. Жұмыссыздық деңгейі 2,8 есе қысқарып, 1998 жылғы 13%-ға қарағанда бүгінде 4,4%-ды құрайды.

Шағын және орта бизнес экономикалық дамудың мықты драйверіне айналды. Мұнда ЖӨӨ-нің 57%-дан астамы қалыптасады. Қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ел бойынша осы сектордың барлық жұмыстары мен қызметтерінің 20%-ын жүргізеді. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2005 жылғы 177,8 млрд теңгеден 2019 жылдың қорытындысы бойынша 5,9 трлн теңгеге дейін 33 есеге өсті.

Ел астанасы – Қазақстандағы ірі бизнес орталығы. Қазіргі таңда мұнда 134 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді. Әрбір үшінші астаналық осы шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан бұрын мемлекеттік қызметшілердің қаласы болса, енді кәсіпкерлердің қаласына айналды.

Елорда халқының саны 1997 жылғы 300,5 мың адамнан 2020 жылы 1 149,9 мың адамға дейін 3,8 есе өсті, оның ішінде табиғи өсім — 263,1 мың адамға, көші-қон өсімі — 586,3 мың адамға өсті. Қала халқы 2030 жылы 2 млн, 2050 жылы 3 млн адамға жетеді деп болжанып отыр.

Бүгінде қалада 1,1 млн-нан астам адам немесе республика халқының 6%-ы өмір сүреді, бұл ретте халық саны 1997 жылмен салыстырғанда 3,8 еседен астамға (1997 жылы — 300 мың адам) ұлғайды.

 

22 жыл ішінде Нұр-Сұлтанға тартылған инвестиция көлемі 47 есе өсті

Елбасы мен Мемлекет басшысының астананы дамытуға ұдайы назар аударуы Нұр-Сұлтанды қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналдырды. 1997 жылдан бастап қала экономикасына 10 трлн теңгеге жуық инвестиция бағытталды. Тартылған инвестициялардың жыл сайынғы көлемі 1997 жылғы 19,3 млрд теңгеден 2019 жылдың қорытындысы бойынша 913 млрд теңгеге дейін тұрақты өсті. Бюджеттен тыс инвестициялардың өсуі 85%-ды құрады.

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 94 есе, 1998 жылғы 13,6 млрд теңгеден 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1 280,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Қалаға салынған мемлекеттік инвестиция 3 есе артығымен қазынаға қайтарылды. Елорда республикалық бюджеттің донорына айналды. Қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласы ел қазынасына 7 трлн теңгеден астам қаржы құйды.

2020 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялардың оң серпіні байқалады. Жалпы алғанда, инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінде 2,8 трлн теңгеге 200-ге жуық жоба жүзеге асырылуда.

Бұдан өзге қалада елімізде теңдесі жоқ, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен жаңа жоғары технологиялық өндірістер құрылды («Тұлпар» жолаушылар вагондарын, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС электровоз шығару, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытын, «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС электронды-оптикалық аспаптарын, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС әскери және азаматтық техникаларын, «Digital System Servis» ЖШС модемдер мен коммутаторлар шығаратын зауыттарды, «GLB» ЖШС үй құрылысы комбинатын іске қосу және т. б.).



1997 жылдан бастап 2018 жылға дейін елордада 24 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан құрылыс секторында бұрынғысынша көшбасшы болып табылады, осы сектордың кәсіпорындары 1997-2018 жылдар аралығында 24 млн шаршы метрден астамын пайдалануға берді.

1998 жылдан 2020 жылғы мамыр айына дейінгі кезеңде жеке және мемлекеттік қаржыландыру көздері есебінен жалпы ауданы 24930 мың шаршы метр 1290 тұрғын үй объектісі, жалпы ауданы 10802, 931 мың шаршы метр 1589 әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объекті пайдалануға берілді.

Тұрғын үй қоры 5 есеге дейін өсті. Қала алаңы 500 шаршы километрге ұлғайды.

Елорданы көшірген сәттен бастап 21 жаяу жүргінші және автожол көпірі салынды.

1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес елорда шекарасы үш рет өзгерді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 79733 га құрайды.

 

Елорданың көлік жүйесі 1,1 мыңнан астам көшеден тұрады

Астананы көшірген сәттен бастап жолдардың жалпы ұзындығы 494 км-ден 852,8 км-ге дейін артты. 21 жаяу жүргіншілер мен автожол көпірі, 9 жол өтпесі, 9 жер асты және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өтпесі салынды. Бүгінгі таңда қаланың көлік жүйесі жалпы ұзындығы 852,8 км 1110 көшеден тұрады, оның ішінде 83,5%-ында асфальтбетонды жабыны бар және 16,5%-ы қатты жабыны жоқ автожолдар.

Көлік кернеулігін жою мақсатында қалада жалпы ұзындығы 46 км болатын Шағын айналма жолдың құрылысы жүргізілуде, бұл қаланың әкімшілік орталығынан айналып өтуге тәулігіне 90 мыңнан астам автомобильге мүмкіндік береді, бұл қаланың басты даңғылдары бойынша қозғалыс қарқындылығын айтарлықтай қысқартады.

Сонымен қатар өткен жылы елордада ұзындығы 1 мың км магистральдық газ құбыры жүргізілді. Қазіргі уақытта қала ішінде, әсіресе жеке секторда газ тарату желілерін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Биыл 8 мың жеке тұрғын үйге газ тарату желілерін салу жоспарлануда.

Астана күні қарсаңында алғашқы әлеуметтік нысандар мен үйлер газға қосылды. Қала тұрғындары үшін әкімдік тегін есептеуіштер беруді қарастырған. Қала тұрғындары газ тарату желілеріне қосылу үшін пештерді дайындап қоюы қажет. Өнеркәсіптік сектор мен тұрғын үй алаптарын газдандыру 3 кезеңде жүзеге асырылады. Іске асыру жылдары — 2020-2023 жылдар. Астананы газдандыру қалаға зиянды қалдықтарды 6 есеге, қатты заттарды 40 мың т азайтуға мүмкіндік береді.

 

Елорданың жоғары оқу орындары

Қазақстан астанасы еліміздің талапкерлерін тарту орталығына айналды. Мұнда отандық білім беру флагмандары орналасқан: Назарбаев университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы, Астана медициналық университеті және т. б.

Елордада 16 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның 3-і – ұлттық, 11-і – жеке, шетелдік ЖОО филиалы және дербес білім беру ұйымы. Әрбір жоғары оқу орны білім берудің маңызды көрсеткіштері бойынша жетістіктерге жеткен.

QS World University Rankings бүкіл әлем университеттерінің халықаралық беделді рейтингісінің жыл сайынғы нәтижелеріне сәйкес Еуразия ұлттық университеті 61 орынға көтеріліп, 1002 үздік шетел университеттерінің арасында 357-орынға ие болды. Бұл ретте ЕҰУ алғаш рет әлемнің ТОП-30 ЖОО қатарына қосылды.

Халықаралық имиджінің нығаюы мен танымалдылығының артуына байланысты Еуразия ұлттық университеті академиялық беделді дамыту саласында ең жоғары нәтиже көрсетті.

2020 жылғы 15 мамырда Аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттік жариялаған «ҚР ЖОО-ларына деген сұраныстың ұлттық рейтингі-2020» нәтижесі бойынша Еуразия ұлттық университеті 152 943 балмен үздік көрсеткіш көрсетіп, көшбасшы деп танылды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті агроөнеркәсіп кешені және онымен байланысты салалар саласындағы халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті болуға ұмтылуда. «ҚР ЖОО-ларының бас рейтингі-2020» сәйкес 2 орын алды. 2019 жылы «ҚР жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингінде – 2019» Қазақстанның ТОП-20 жоғары оқу орнына қосылып, 3-орынды иеленді.

М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ астаналық университеті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің ТОП-3 ЖОО-ларының қатарына кірді. Рейтинг 17 критерий бойынша өткізілді, олардың ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, оқуды аяқтағаннан кейінгі жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ бағдарламалардың өзектілігін бағалау.

КАЗГЮУ университеті жыл сайын өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына, инновациялық білім беру технологиялары мен инфрақұрылымына инвестиция салады. Білім беру процесі әлемнің жетекші университеттері пайдаланатын LMS Canvas, Turnitin (антиплагиат), Bloomberg, Thomson Reuters және Proctorio көмегімен жүргізіледі.

Назарбаев Университеті — өзінің 5000-ға жуық түлегі үшін альма матер болған жоғары оқу орны, оның ішінде 95%-дан астамы мемлекеттік гранттар бойынша оқыған. Осы жылдар ішінде университет кеңейіп, жаңа бағдарламалар мен жобаларды ашты, білім, ғылым және инновациялар бірге дами алатынын және дамуы тиіс екенін көрсетті. Назарбаев университеті халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады, оның негізгі принципі — білім, ғылым және инновациялар интеграциясы.

Өз мерейтойына орай NU көптеген жетістіктерге қол жеткізді: түлектер өздерін қазақстандық және халықаралық компанияларда жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті немесе оқуын әлемдік жоғары оқу орындарында грантпен жалғастырды; біздің студенттеріміздің инновациялық әзірлемелері өмірге еніп, инвесторлардың қолдауына ие болды; университет ғалымдарының ғылыми еңбектері беделді журналдардың 2500-ден астам мақалаларында жарияланды. Сондай-ақ Мемлекеттік саясаттың Жоғары мектебі, университеттің дайындық бағдарламасы халықаралық аккредитация алды және Бизнестің жоғары мектебі үшін аккредитация алу жұмыстары жүргізілуде.

NU қазақстандық жоғары білім беру флагманы болудағы өз миссиясын жақсы орындауда. Назарбаев университетінде жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуде жасанды зерде белсенді түрде енгізілуде.

Назарбаев университеті 10 жыл ішінде студенттердің 6 легін шығарды, олардың соңғысы жақында үйреншікті емес виртуалды форматта өз дипломдарын алды. Түлектердің арасында олардың қызметінің негізгі бағыттарын мақтанышпен атап өтуге болады: ReLive, Mama Pro, AquaPoint және т. б. секілді студенттердің табысты жобаларының мысалында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту; Кремний алқабында, әлемдік АT алыптарында, халықаралық және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу; сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламаларында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру.

 Айта кету керек, қалада «NS-16» жобасы жүзеге асырылуда, онда «NS-16» (NS — Nur-Sultan, 16 — ЖОО-лар саны) алаңының арнайы логотиптері әзірленді. Аталған жоба қоғамдық-саяси жұмысқа тарту мақсатында қаланың 16 жоғары оқу орнының көшбасшыларының басын қосады. Бұл алаңның көмегімен көшбасшылар, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, жастар саясаты орталықтары арқылы көлденең қарым-қатынас жасау арқылы студенттерге маңызды әрі дұрыс ақпарат тиімді жеткізіледі. Осы алаң аясында жастар саясаты саласында әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда.

 

Қазақстан елордасындағы шетелдік туристердің саны 13%-ға өсті 

2019 жылы туристер саны 871 851 мың адамды құрады, оның ішінде резидент еместер саны 236 280 адам, резиденттер — 635 571 адам. 2019 жылы шетелдік туристер саны 2018 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 15 мың орындық 229 қонақ үй жұмыс істейді. 1908 орынға арналған 49 хостел қызметін жүзеге асыруды.

2019 жылы орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 32,5 млрд теңгені құрады (2018 жылы 25,7 млрд).

Елорда әкімдігі ақпаратына сәйкес әлемдік пандемия ішкі туризмге көбірек көңіл бөлу керектігін көрсетті.

«Жасыл белдеу» аймағында жол-соқпақ желісін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Уақытты белсенді өткізуге арналған аумақта скейтбординг пен роликпен сырғанауға арналған алаңдар салынады (қыста конькимен), теннис, футбол алаңдары, балалардың ойын аймақтары орнатылады.

Туристерді тарту үшін «Летающий театр» жобасы жүзеге асырылуда. Ұшатын театр — келушілер интеграцияланған аудиовизуалды жүйемен жарықтандырылған күмбездегі күрделі механизмнің көмегімен қозғалатын аттракцион. Аттракциондардың негізгі элементтері: орындықтардың ықтимал конфигурацияларының алуан түрі бар қозғалу жүйесі, жел мен су, жартылай дөңгелек күмбезі бар иілген экран, күрделі проекциялық жүйе, сондай-ақ дыбыс сияқты бірнеше интеграцияланған арнайы әсерлер.

Бүгінгі таңда елордада 66 мәдениет мекемесі, оның ішінде 7 сарай (концерт залдары), 5 мұражай, 8 театр, 20 кітапхана, 8 кинотеатр, 4 жеке көркем галерея, 3 концерттік ұйым, 1 цирк және т. б. жұмыс істейді.

2015-2019 жылдары елордада заманауи мәдениет және спорт нысандары – «Барыс-Арена» мұз айдыны, «Астана-Балет» театры, Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр, Нұр-Әлем саласы, Конгресс-орталық, Энергия холлы, TSE Art Destination галереясы, «Jekpe-Jek» жекпе-жек сарайы пайда болды.

Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Бәйтерек» монументі, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ғимараты. «Қазақстан Картасы «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта барлық нысан туристік маусымға дайын. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты нысандар жұмыс істемейді, дегенмен санитарлық нормаларды сақтай отырып ашылуға дайын.

Пандемия аяқталғаннан кейін түрлі форматтағы және ауқымдағы іс-шараларды өткізу жұмыстары жалғасады.

Хоккей, грек-рим және еркін күрес бойынша Әлем чемпионаттары, киокушинкай каратэ, триатлон бойынша Әлем Кубогы және «Ironman 70.3», KAZENERGY Еуразиялық форумы, Digital Bridge форумы, Smart City EXPO World Congress, InvestPro, бизнес-конференциясы, MachExpo Kazakhstan 2020, AgriTek Nur-Sultan 2020, TravelExpo Nur-Sultan және т. б.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Тамыз 2020, 15:39
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:58
Қазақстан Президенті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:41
Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдау: Қазақстанда түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары
13 Тамыз 2020, 18:48
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті
13 Тамыз 2020, 18:07
Мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті
13 Тамыз 2020, 11:39
Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.