Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Инвестициялар, балық шаруашылығы және ШОБ — Атырау облысы қай салаға басымдық береді

Бейсенбі, 27 Ақпан 2020, 10:40:58

Атырау облысы экономикалық көрсеткіштер бойынша еліміздегі көш бастаушы өңірлердің бірі. Негізінен — көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу есебінен. 2019 жылдың жазында Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев өңірдің жұртшылығымен кездесу кезінде Атырау облысының экономикасын әртараптандыру үшін шаралар қабылдауды тапсырды, мұнай-газ және мұнай-химия кешендерінен басқа, жергілікті экономиканың басқа да салаларын қолдау қажеттігін атап өтті. Өңірде жаңа өндірістер ашу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және Атырау облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толығырақ шолу материалынан оқыңыздар.

Атырау өңірі — Қазақстан Республикасының ірі индустриалды аудандарының бірі. Облыс экономикасын дамытудың басым бағыттары – мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, өңдеу, агроөнеркәсіп және балық салалары. Егер 1991 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 4,6 млрд теңгені құраған болса, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 5,8 трлн теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 9 млн теңгеге жетті.

Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, 2019 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша оң қарқын сақталды.

 

Атыраудың 28 мыңнан астам тұрғыны өнеркәсіп саласында жұмыс істейді

Соңғы бес жылда өңірдің өнеркәсіп көлемі қарқынды дамып келеді.

2020 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп кәсіпорындары 661,5 млрд теңгеге өнім өндірді, оның ішінде тау-кен және өңдеу салаларында 601,9 млрд теңге және тиісінше 51,5 млрд теңге.

Статистикалық мәліметтер бойынша өңірде 737 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінде 28 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Ең ірі мұнай компанияларының бірі — 97 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ. Кәсіпорын геологиялық барлауды, мұнай-газ кен орындарын игеруді, мұнай мен газды өндіру мен дайындауды жүзеге асырады. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласындағы және Атырау облысының 4 ауданындағы 6 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді: «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз», «Ембімұнайэнерго» басқармасы және «Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жинақтау басқармасы». Қызметкерлер саны — 5 мыңға жуық адам. Компания өндірілетін мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізеді. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Экспортқа мұнай екі негізгі бағыт бойынша жеткізіледі: Каспий Құбыр консорциумының және Өзен – Атырау – Самара құбыр желілері бойынша.

Құрылыс саласындағы жетекші кәсіпорын — «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС. Зауытта ғимараттар мен эстакадалар, көпірлер, фермалар, тіректер, модульдер, көлемі 20000 м3 дейінгі резервуарлар, ыдыстар, реакторлар, шырақты жүйелер, мұнаралар, көтергіш жабдықтар және кез келген күрделіліктегі құбырлы бекіткіш жобаланады және дайындалады.

2019 жылы өндіріс көлемі 8 млрд теңгені құрады. Өндірістік база 80 мың шаршы метр аумақта орналасқан. «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС бас директоры Нұркен Есқалиев кәсіпорынның жылына 24 мың тонна металл конструкцияларын шығара алатынын айтты.

«2016 жылы біз реконструкциялаудың бірінші кезеңін аяқтадық, соның арқасында зауыттың өнімділігі 10 есеге артты. Қазіргі уақытта кәсіпорында 450 адам жұмыс істейді. Біздің тапсырыс берушілеріміз – Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ кен орны секілді өңірде жұмыс істейтін ірі операторлар. Бұл жобалардың барлығы біздің өніміміздің тұтынушылары. Биыл біз ыстықтай мырыштау цехын іске қосуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ жеткізушілер нарығындағы металл құрылымдары мен технологиялық жабдықтардың кешенді жеткізушісі ретіндегі позициямызды күшейтуді көздейміз», — деді Н. Есқалиев. 

Бүгінде Атырау облысында табысты дамып келе жатқан тағы бір кәсіпорын — «Caspiy Plus» ЖШС — тау-кен және мұнай өнеркәсібіне арналған бұйымдардың негізгі өндірушісі. Компания 2008 жылы құрылған және қазіргі уақытта өндірістік қуаттардың үздіксіз ұлғаюымен және қызметкерлердің бекіту бұйымдарын өндіру технологиясындағы құзыреттілік деңгейімен дамып келеді. Компания бұған дейін Австралия мен Еуропадан әкелінген 500-ден астам өнім түрлерін импортпен алмастырумен айналысады.

 

Басты бағыт — экономиканы әртараптандыру

Мұнай секторына бағдарланған облыс әртараптандыруды белсенді жүргізуде. 

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау облысында екінші бесжылдықта (2015-2019 жж.) 2139 жұмыс орнын құрумен 667,8 млрд теңге сомасына 28 жоба жүзеге асырылды.

Олардың ішінде 767 жұмыс орнын құрумен 626,6 млрд теңге сомасына Индустрияландыру картасы бойынша бір жоба бар. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 41 млрд теңге сомасына 1372 жұмыс орнын құрумен 27 жоба іске асырылды.

2015-2018 жылдары 1259 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 37,6 млрд теңге болатын 23 жоба орындалды.

2019 жылы 113 жұмыс орнын құрумен 3,6 млрд теңгеге 4 жоба іске асты. 

Үшінші бесжылдық аясында 2020-2025 жылдарға 1705 жұмыс орнын құрумен 2,3 трлн теңге сомасына 7 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде 1290 жұмыс орнын құрумен Индустрияландыру картасы бойынша шамамен 2,3 трлн теңге сомасына 2 жоба бар.

2020 жылы 269 жұмыс орнын құрумен 10,7 млрд теңге сомасына 3 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2022 жылы 146 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 30 млрд теңге болатын 2 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Атырау облысында балық өнеркәсібі дамуда

2019 жылдың маусым айында Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаев өңірде мұнай-газ саласынан басқа балық аулауды дамыту қажеттігін атап өтті.

«Жергілікті экономиканың мұнай-газ және мұнай-химия кешендерінен басқа да салаларын дамыту қажет. Өңірдің балық өнеркәсібін қалпына келтіру және осы секторға инвесторлар тарту керек. Қабылданған шаралардың нәтиже бермей жатқанын көріп отырмыз. Біздің азаматтар нақты істер күтеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі және әкімдік бұл мәселеге баса назар аударуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде.

Бүгінде Атырау облысы тек мұнай астанасы ғана емес, сондай-ақ балық өнеркәсібінің дамуымен де танымал.

Қазіргі таңда облыста балық аулаумен және оны өңдеумен әр түрлі меншік нысанындағы 19 өндірістік кәсіпорын, 2 бекіре балық өсіру зауыты айналысады.

2019 жылы балық экспорты 8,9 мың тоннаны құрады.

Бекіре балықтарының табиғи өсімі көлемінің қысқаруына және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында көмірсутек шикізатын өндіруді қарқындатуға байланысты Орал өзенінің атырауында өтемдік нысан ретінде 1998 жылы Атырау бекіре балық өсіру зауыты салынып, пайдалануға берілді.

Кәсіпорын қызметінің мәні — Жайық өзеніне жасанды тәсілмен алынған және өсірілген бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын шығару жолымен Каспий теңізі бекіре балық түрлерінің қорларын толықтыру. Зауыт директоры Рашиден Қалидуллин айтып өткендей, жыл сайын зауытта 3,5 млн дана бекіре тұқымдас балықтардың шабағы шығарылады. Негізінен ақсерке, бекіре, шип және шоқыр.

1998 жылдан бастап 2019 жылға дейін Орал-Каспий бассейніне 89 млрд данадан астам бекіре тұқымдас балықтардың өміршең шабақтары өсіріліп, жіберілді. 

«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын 100% орындап жатырмыз. Бекіре тұқымдас балықтардың 3,5 млн шабағын өндіреміз, табиғат пайдаланушылар үшін бекіре тұқымдас балықтың 120 мыңнан астам шабағын өндіреміз. Зауыттың жұмысшылары туралы айтатын болсақ, бізде 78 адам жұмыс істейді. Олардың 60%-ы – балық шаруашылығының мамандары», — деді Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Рашиден Қалидуллин.

1934 жылдан бастап балық өнімдерін шығарумен «Амангелді атындағы» ЖШС айналысады. Осы жылдар бойы кәсіпорынның негізгі қағидасы — ең жақсы, экологиялық таза балық өнімдерін шығару. Тәулігіне мұнда 395 тонна балық өңделеді. 2019 жылы 1,1 мың тонна мұздатылған балық, 225 тонна сүйегінен ажыратылған балық еті және 50 тонна өңделген балық өндірілді. «Амангелді атындағы» ЖШС өнімдері Қазақстан, Ресей, Украина және Әзербайжан, Өзбекстан және Франция, Болгария, Германия нарықтарында үлкен сұранысқа ие.

«Біздің компания өндіретін өнімді біз ЕАЭО, Кеден одағы елдеріне және басқа да шет елдерге жібереміз. Біз ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеміз. Балық өнімдерінің 20-дан астам түрін біз Атырау қаласы мен Атырау облысының аудандарында сатамыз. Біз өз өнімдерімізді сауда орындарында төмен бағамен сатамыз», — деді «Амангелді атындағы» ЖШС директоры Сәбит Сағидуллин.

Балық аулау саласында жұмыс істейтін тағы бір кәсіпорын — «Сaspian Royal Fish» ЖШС бекіре балық өсіру зауыты. Кәсіпорын өз қызметін 2014 жылы «Caspian Royal Fish» атауымен бастады. 2019 жылы зауыт 12,5 тонна тауарлық балық және 620 кг тағамдық уылдырығын өндірді. Caspian Royal Fish бас балық өсірушісі Ахат Ниматов зауыттың жұмыс көрсеткіштері мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.

«Жыл сайын біздің көрсеткішіміз жақсарып келеді. Қазір ішкі нарыққа жыл сайын 700 кг уылдырық жеткіземіз. Біздің мақсатымыз – болашақта 1 тоннаға дейін тағамдық уылдырық дайындау. Жартысын экспортқа жіберу. Сонымен қатар біз Жайық өзенін шабақтармен толықтыру мәселесімен айналысуды көздеп жүрміз. Бұл үшін бізде мамандар жеткілікті. Біз 3-10 грамға дейін шабақтарды өсіріп, оларды өзенге шығаратын боламыз», — деді А. Ниматов.

Атырау облысы әлемнің 50 елімен жұмыс істейді

Атырау облысы — еліміз бойынша инвестиция көлемінің шамамен үштен бір бөлігін қамтамасыз ететін, ірі отандық әрі шетелдік инвесторлар үшін аса тартымды аймақ.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 348,4 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,8% құрады.

Бүгінгі таңда облыс әлемнің 50-ден астам елімен табысты ынтымақтастық орнатқан, 1000-нан астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылып, сәтті жұмыс істеуде.

Атырау облысының әкімдігі өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және облыс экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Облыста жыл сайын «Global Oil&Gas Atyrau» және «Atyrau Build» Солтүстік Каспий өңірлік көрмелері өткізіледі, облыс әкімдігі мен өңір кәсіпорындарының өкілдері таяу және алыс шет елдерде өткізілетін халықаралық инвестициялық іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

2019 жылы облысқа ресми сапарлармен алыс және жақын шет елдерден бірқатар делегация келді. Олардың ішінде Ұлыбритания, Италия, Жапония, Беларусь Республикасы, Канада, Германия, АҚШ және басқалары бар.

Отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету, ақпараттық-талдамалық және сервистік қолдау көрсету үшін өңірде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Атырау ӘКК» АҚ, «Атырау Innovations» ЖШС жұмыс істейді.

Бұдан өзге, Атырау облысы әкімінің қаулысымен «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға қызмет көрсету орталығы ретінде «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы анықталды. Өңірдің инвестициялық қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін Атырау облысының әкімдігі Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесті, сондай-ақ Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесті құрды. Кеңестердің отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.

«International Pipeline Structure Solutions Caspian» ЖШС — дистрибьютор және Ұлыбританияда орналасқан Swagemaster Engineering Services атынан лицензия бойынша өндіреді. 

Бұл кәсіпорын Ұлыбританиядан тыс жерде ашылған компанияның алғашқы нысаны, 2019 жылы IPSS Group Әзербайжан мен Бразилияда филиалдарын ашты.

IPSS компаниясы серіктестіктің арнайы бағдарламасына қатысты, оның мақсаты — жаңа британдық инвесторларды ұсыну және британдық және қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ету. Аталған бағдарламаны Ұлыбританияның Халықаралық сауда департаменті, PSA ЖШС, «KAZENERGY» қауымдастығы, ҚПО, ТШО және НКОК оператор-компанияларымен ынтымақтастықта қолдайды.

Кәсіпорында бұрылмалы бітеуіш, жапқыш, тұтқасы бар бітеуіштер сияқты уақытша құбырға арналған фитингтер құрастырылады.

 

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін қолдауға басымдық беріледі

Атырау облысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша едәуір нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, әкімдіктің мәліметі бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2019 жылға шаққанда 6,8%-ға артып, 49,9 бірлікті құрады. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнім шығару 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға артты. Бүгінде ШОБ-та 131,4 мың адам жұмыспен қамтылған.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 2019 жылы 2,5 млрд теңге бөлінді.

Атырау облысының әкімдігі жаппай кәсіпкерлікті дамыту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар өткізуде.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолдарының бірі «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бағдарлама қарқын алуда және кәсіпкерлік саласындағы ең пәрменді қолдау тетігіне айналуда. 

Бағдарлама іске асырыла бастаған сәттен бері (2010-2019 ж.) облыста 110,8 млрд теңге несие сомасына 1 590 жобаға қолдау жасалды, соның нәтижесінде 6 604 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Оның ішінде 2019 жылы осы бағдарлама бойынша 13 млрд несие сомасына 198 жоба субсидияланды, 669 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, 1,3 млрд теңге сомасына 98 жоба несиесін жартылай кепілдендіру мақұлданды, гранттық қаржыландыру бойынша 56 млн теңге сомасына 30 жоба мақұлданды. 

Сонымен қоса, облыста 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарлама бойынша 2019 жылы қалаларда шағын несиелендіруге 646,3 млн теңге бөлініп, 421,3 млн теңге сомасына 31 жоба қаржыландырылды, кепілдендіруге 54 млн теңге бөлініп, 54 млн теңге сомасына 31 жоба кепілдендірілді. 

Сонымен қатар ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін өңірлік бағдарламалар іске асырылуда.

«Ауыл кәсіпкерлерінің жергілікті бюджеттен арзан несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 7% мөлшерлемесімен жеңілдікпен несиелендіру үшін қаражат бөлінеді», — деп хабарлады Атырау облысының әкімдігінде.

 Соңғы 7 жылда ауыл кәсіпкерлігін қолдау үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның аясында 450 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобасы іске асырылып, 678 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Оның ішінде, 2019 жылы 700 млн теңге қаражат бөлініп, 112 жоба қаржыландырылды, 55 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Ең көп несиелендіру көлемі сауда, көлік және басқа да қызметтерге тиесілі, бұл шағын және орта бизнесті дамытуға едәуір ықпал етеді. 

Сонымен қатар, Атырау қаласында «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылған және жұмыс істейді, облыстағы барлық аудандарда Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылған, бұл орталықтарда кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті қызметтердің барлығы көрсетіледі. 

2013 жылдың мамыр айынан бері Кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығы жұмыс істейді, оның қызметкерлері ай сайын облыстағы аудан орталықтарына барып, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіреді. 

 

Атырау облысында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 97 жоба іске асырылуда

Бағдарламаны іске асыру аясында Атырау облысында өңірлік Кәсіпкерлер палатасы базасында Жобалық офис құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасы және қаржы институттарының өкілдері кірді. 

Әзірлену сатысындағы және қаржыландыруға ие болған жобалар монторингі тұрақты жүргізіледі. Анықталған мәселелер мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен бірлесіп шешіледі. 

Бизнес субъектілерінен бағдарламаны жақсарту бойынша ұсыныстар жиналады. Мысалы, Жобалық офис ұсынысы бойынша бағдарламаға асбестоцемент пен талшықты цементтен жасалған өнімдердің қосымша өндірісі, басқа да пластик бұйымдар өндірісі, денсаулық сақтау бойынша басқа да қызметтер, бетоннан жасалған құрылыс өнімдерінің өндірісі қосылды. 

2020 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша 9 сала бойынша жалпы сомасы 31,8 млрд теңгеге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының 97 жобасы жұмыс үстінде. Жалпы сомасы 7,8 млрд теңгеге 23 жобаны банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мақұлдады. ЕДБ мен АНК қарауында жалпы сомасы 6,4 млрд теңгеге 8 жоба жатыр. Сонымен қатар, құжаттарды дайындау сатысында жалпы сомасы 17,6 млрд болатын 66 жоба жатыр.

 

Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 23 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

Облыста жаңа жұмыс орындарын құруға тұрақты мониторинг жүргізіледі. 2019 жылы 15 420 жұмыс орнын құру жоспарланған. Есепті кезеңде облыста 22 619 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 14 897 — тұрақты. 

«Жұмыс орындарын құрудың кіріктірлген картасы» ақпараттық жүйесі енгізілді, оған іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіптер бойынша жұмыс орындарын құру турады мәліметтер енгізіледі. 

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген 23 446 адамнан 92,8%-ы жұмысқа орналастырылды. 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларының бірі. Жыл басынан бері облыста 5 610 адамның қатысуымен 52 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке нәтижелері бойынша тұрақты жұмыс орнына 2 634 жұмыссыз адам орналастырылды.

Облыста әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру және еңбек қатынастарын сақтау үшін бірқатар шаралар кешені жүргізілді. 

Мәселен, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерге тұрақты мониторинг жүргізіледі. Жұмыстан босайтын жұмыскерлердің тізімі еңбекке орналастыру бойынша шаралар қабылдау үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыстан босаған барлық жұымскерлерге Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну және тіркелу қажеттігі туралы хат жіберіледі. 

Жұмыс берушілердің арасында жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді компания іске асырып жатқан басқа инвестициялық жобаларға еңбекке орналастыру мәселесін қарау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Еңбек нарығының тиімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізумен байланысты ірі кәсіпорындардағы жұмысынан босап қалған мамандарды өнеркәсіптің басқа салаларына еңбекке орналастыру, оларды қайта оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қабылдау мақсатында 2017-2025 жылдарға арналған компания жұмыскерлерінің басқарылатын ағымы жөніндегі Жол картасы әзірленіп, оны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 

98 кәсіпорында Жол картасына қол қойылды. Бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны 104,4 мың адамнан асады. Облыс әкімдігінде атап өткендей, Жол картасында қарастырылған еңбекке орналастыру шаралары орындалды. 

2019 жылы 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен 28 344 адам қамтылды, 5 057,2 млн теңге игерілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік оқытумен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» аясында кәсіптік даярлауға және қысқа мерзімді курстарға 2 653 адам бағытталды. 

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 3 937 адам қамтылды: 2 600 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 438 адам несие алды, 851 грант және 48 адам кепілдендірілген несие алды. 

Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша 21 754 адам жұмыспен қамтылды. 



Атырау облысының цифрлық дамуының бес векторы 

Атырау облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес цифрландыру бойынша 5 бағытта жұмыстар жүргізілуде. 

 

Көлік және логистика саласындағы цифрландыру

Атырау қаласында қоғамдық көлікте электронды билет беру жүйесі енгізілген, автобустарға 150 GPS-трекер орнатылған. «Smart Qala» картасының иелері үшін «Avtobys» мобильді қосымшасы жасалды. «Ақылды автотұрақ» жобасы бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізілуде. 

 

Білім беру саласын цифрландыру

Білім беру саласында цифрландыруды жүзеге асыру үшін облыста әзірленген Жол картасына сәйкес кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атырау облысында 194 мектеп бар, оның ішінде 190-ы кең жолақты интернет желісіне қосылған. Бүгінде облыстағы 194 балабақшаның 178-і «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұруды және жолдама беру процесін және оның қызметін автоматтандыру» жүйесіне қосылған. Облыстағы 194 мектептің 184-і «1 сыныпқа қабылдау процесін автоматтандыру» жүйесіне қосылған. 

 

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

«КазМед ИНФОРМ» (электронды медицина картасы) ақапарттық жүйесі барлық медицина ұйымдарында енгізілген, «Дәрігерге» бағдарламасы бойынша медиицналық қызметтерге электронды кезек смс-хабарламасымен мобильді қосымшасы әзірленді. 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру

Атырау қаласында мобильді қосымшасы әзірленген «е-ПИК» (www.atyrau.opencity.kz) пилоттық жобасы енгізілді. Жергілікті тұрғын үй қорынан (тұрғын үй салымдары жүйесін қоса алғанда) пәтер алуға кезекті автоматтандыру (housing.atyrau.gov.kz) енгізілді. 

 

Қауіпсіздік саласындағы цифрландыру 

«Қауіпсіз аула» (Бұлтты бейнебақылау) бейнебақылау жүйесі енгізілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «құқық бұзушылықтарды фото және бейнетіркеу» жобасы бойынша Коркем Телеком компаниясымен келісімшарт жасалды. 

 

Геопортал ақпараттық жүйесі

Бұл жүйе арқылы ауыл шаруашылығына арналған жерлерге ғарыштан монторинг жүргізу, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарына ғарыштан мониторинг жүргізу нәтижелері, жер кадастрының атрибуттық және кеңістіктік деректері, жерді пайдалану шарттарын бұзған жер учаскелеріне мониторинг жүргізу деректері, аэрофото түсіру деректері, инженерлік желілер сұлбалары, қызыл жолақтар, қаланың бас жоспары, типтері мен жұмыс күйлері көрсетілген өрт сөндіру гидранттары, су қорғау аймақтары мен жолақтары, су басу аймақтары және т.б. жүйелер іске асырылды. 



112 ақпараттық жүйесі

101, 112, 103 шұғыл желі қызметтері арқылы «Көмек 112» жүйесінде шақыруларды қабылдау, өңдеу және беру жүргізіледі. Жедел медициналық көмек көшпелі бригадалары, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бөлімдері смартфондармен жарақталған, шақыраулар сол арқылы қабылданады. Шақыруларға қызмет көрсетуге қатысатын автокөлік қызметтерінің барлығы Көмек 112 бағдарламасының монторингтеу жүйесінде орналасқан жерін бақылау үшін GPS-треккерлермен жабдықталған. 101, 102 желілері бойынша ЕДДС-112 қоңыраулары қала аумағынан қабылданады. 103 бойынша қоңыраулар қала аумағынан және облыстағы барлық 7 ауданнан қабылданады. 112 нөмірі бойынша қоңыраулар бүкіл облыс аумағынан ұялы телефондардан қоңырау келгенде қабылданады, ал қалалық телефондардан шалынған қоңыраулар аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне келіп түседі. 

101 және 102 нөмірлері бойынша қоңыраулар аудандардан келіп түскен қоңыраулар полиция департаменті және өрт сөндіру бөлімдерінің аудандық бөлімшелеріне келіп түседі. Биыл жыл соңына дейін облыстағы барлық шұғыл қызметтерді ЕДДС-112 көшіру жоспарланған. 

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Тұрғындар арасыннда цифрлық сауаттылыққа оқыту, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау» Жоспарының 88 тармағына сәйкес Атырау облысында 2019 жылғы маусым-тамыз айларында 8693 тұрғын оқытылды, оның ішінде маусым айында 1893 азамат, шілде айында 3300 тұрғын, тамыз айында 3500 азамат оқытылды. 

2018 жылы облыс бойынша цифрлық сауаттылық деңгейі 81,2%, 2019 жылы 81,3% құрайды. 

 

Туризм: Атырау облысында жеті киелі жер орналасқан 

Атырау облысы — Қазақстанның ең дамыған индустриялық өңірлерінің бірі. Мұнда шетелдік және отандық капитал салымдары шоғырландырылған, бұл облыстың ғана емес, жалпы республиканың экономикасының қарқынды өсуін үздіксіз қамтамасыз етеді. 

Сонымен қоса, туризм саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Іскерлік туризм бойынша облыс Қазақстанда көшбасшы орындардың бірін алады.

2019 жылы ІІІ тоқсанда ішкі туризм бойынша 130 685 келушіге (2018 жылғы деңгейге 29 312 адамнан астам), келу туризмі бойынша — 57 251 келушіге (2018 жылғы деңгейге 7 837 адамнан астам) қызмет көрсетілді. 

Облыста мәдени-танымдық туризм (өлке тарихымен, оның салт-дәстүрімен танысу), спорттық-әуесқойлық (аң аулау және балық аулау), этнографиялық, экологиялық және сауықтыру туризмі дамытыла бастады. 

Қазіргі кезде Атырау қаласында шолу экскурсиясы бағдарламасы әзірленген және жұмыс істейді, онда көптеген қызықты тарихи, мәдени көрнекті жерлердің, ескерткіштер мен ойын-сауық нысандарының, сондай-ақ өңірде өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың ас мәзірлерін қамтыған мейрамханлар мен дәмханалар қамтылған. Сонымен қоса, туристер шығармашылық орталыққа бара алады, онда апта сайын қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетіледі. 

Сондай-ақ жаз мезгілінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін Атырау қаласының дәл орталығынан ағып өтетін және қаланы екі құрлыққа: Еуропа мен Азияға бөлетін Жайық өзені бойынша экскурсиялық теплоходпен серуендеу мүмкіндігі қарастырылған. 

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Каспий теңізінің жағалауында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін құстардың бірегей түрлері бар және мұнда әуесқойлық спорттық балық аулауға рұқсат етілген, бұл туристер үшін аса қызығушылық тудырады.

Жазғы кезеңде қала қонақтары «арқан парктері», «құзға шығу», «жылқы мен түйемен серуендеу» түрінде ойын-сауық қызметтері ұсынылатын, Жайық өзенінің жағалауындағы турбазаларға бара алады. 

Өңірде Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген 7 тарихи ескерткіш бар (Махамбет ауданы: «Сарайшық» мемориалдық кешені; Жылыой ауданы: Ақмешіт қорымы, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорғаны, Иманқара кешені, Ұшқан ата қорымы; Индер ауданы: Махамбет Өтемісұлы мазары).

Құрманғазы ауданы мұнда демалыс орындарында Қиғаш өзеніндегі балық аулау және аң аулау жұмыстарының жолға қойылғанымен ерекше. Қиғаш өзені жағалауының әдемі табиғи орны мен таза ауасы экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие.

Облыс қонақтары мен келушілері агроөнеркәсіптік сектор объектілеріне, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да фермаларға қызығушылық танытады.

Облыстың туристік компаниялары ішкі және сырттан келу туризмін дамыту мақсатында маршруттарды белсенді әзірлеуді жалғастыруда.

Өңірдің ең перспективалыі туристік нысандарының бірі — Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігіндегі ежелгі «Сарайшық» қалашығы. Туристер мен саяхаттаушылар әдетте осы нысанға аса қызығушылық танытады. 

Жыл сайын «Сарайшық» мемориалдық кешеніне келушілер саны 12-ден 15 мың адамға дейін құрайды. Нысанның тарихи маңыздылығын ескере отырып, «Ортағасырлық Сарайшық» кешенінің құрылысы жобасының жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда ежелгі қала жобасының макеті мен ғылыми негіздемесі әзірленді. «Ортағасырлық Сарайшық» туристік нысаны құрылысының бірінші кезеңі — Визит-орталығының салынуы.

2017 жылы Визит-орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 43,6 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Индер ауданында тұзды көлдің болуы осы жерде сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Өткен жылы облыс ғалымдары Индер тұзды көлінің балшығы мен тұзын емдеу мақсатында пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және әртүрлі аурулар кезінде олардың бағалығына байланысты оң нәтиже алды. Тұзды көлді тиімді пайдалану мақсатында «НефтеСтройСервис» ЖШС мүдделі инвесторға Индер тұзды көлінің жағасынан 50 га жер ұсынылды. Қазіргі уақытта аталған мекеме топографиялық түсірілім мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. «НефтеСтройСервис» ЖШС деректері бойынша жоба бірнеше кезең бойынша жүргізіледі.

Сондай-ақ жеке инвестор есебінен Атырау қаласында Этноауыл салу жоспарлануда. Қазіргі таңда инвесторларға «Атырау» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп «Нұрлы тау» ЖШС құрылды және жарғылық капиталы анықталды, сондай-ақ сараптамадан өтіп жатқан жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Этноауыл құрылысының басталуы 2020 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.