Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Инвестициялар - экономиканың тұрақты әрі сапалы өсуінің кепілі

Сәрсенбі, 15 Шілде 2020, 10:00:12

Мемлекет басшысы Төтенше жағдай жөніндегі комиссияның қорытынды отырысында әрбір инвестор үшін жалпы экономикаға басымдық пен әлеуетті тиімділік негізінде жеке қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды. Осы маңызды жұмыс шеңберінде Үкімет басым салалардағы стратегиялық инвесторлар үшін барлық инвестициялық заңнаманың тұрақтылық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы толығырақ PrimeMinister.kz шолуында.

Коронавирустың пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі жағдайға қарамастан, Қазақстан инвестициялар өсуінің оң қарқынын сақтап қалды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $24,1 млрд құрады. 2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың өсімі 0,1% құрады. 15 аймақ өсім көрсетті.  Түркістан облысында инвестициялар 2 есеге жуық, Ақмола облысында үштен бірінен астамға өсті.

ЖІӨ-ге шаққандағы инвестициялар деңгейін 2025 жылға қарай 30%-ға дейін арттыру міндеті қойылған. Қойылған мақсаттарды орындау үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.

Қазақстанда экономикалық өсуді қалпына келтіру бойынша Кешенді жоспар қабылданды. Оған сәйкес, инвестициялар негізгі драйверлердің бірі ретінде қарастырылады. Инвестициялар тартудың қағидатты жаңа тәсілдері айқындалған — қосылған құнның тұтас тізбегін қалыптастыру үшін инвесторлармен тікелей жұмыс істеу қарастырылады.

Экономиканың басым салаларында стратегиялық инвестициялар үшін жағдайлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша заңнамаға түзетулер жасалды. Инвестиция тарту үшін АХҚО әлеуетін белсенді пайдалану жоспарлануда.

5 жылға арналған инвестициялық жобалардың пулы құрылды. Пул сомасы 44 трлн теңге болатын 2 мыңнан астам инвестициялық жобадан тұрады.

Ағымдағы жылы $4,8 млрд шетелдік қатысуымен 40 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Ұлттық экономика министрлігі негізгі капиталға инвестициялар бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге ай сайын мониторинг жүргізеді.

Проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен белсенді жұмыс жалғасуда.

Инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі жұмыс мониторингінің тиімділігін арттыру үшін өңірлер бойынша көшпелі іс-шаралар жүргізілетін болады.

Инвесторлардың проблемалық мәселелерін жедел шешу мақсатында Премьер-Министрдің төрағалығымен инвестициялық омбудсмен институты — Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Инвестициялық омбудсменнің функциялары Премьер-Министрдің күн тәртібіне кіріктірілген.

Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры жұмыс істейді, ол ірі бірлескен жобаларды тарту мен іске асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

 

Шетелдік инвесторлар кеңесі ҚР экономикасының дамуына елеулі үлес қосты

Бүгінгі таңда инвестициялық саясатты талқылаудың басты алаңы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі болып отыр. Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында олардың елдегі инвестициялық қызметіне және Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін тікелей диалог алаңын құру мақсатында Тұңғыш Президент –  Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен құрылды.

Кеңес қызметі кезеңінде оның мүшелері қазақстандық экономиканың дамуына елеулі үлес қосты.

Кеңестің құрылған сәтінен бастап және қазіргі уақытқа дейін негізгі міндеттері инвестициялық саясатты жақсарту және елдің экономикалық дамуының негізгі аспектілері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Пікір алмасудың және кеңес мүшелерінің ұсыныстарын берудің басты алаңы ҚР Президентінің төрағалығымен өтетін жыл сайынғы кеңестің пленарлық отырысы болып табылады. Өткен пленарлық отырыстарда шетелдік инвестициялар үшін құқықтық режимді жақсарту, Қазақстанның сот жүйесін жетілдіру, салық жүйесінің тиімділігін арттыру және оңтайландыру, шетелдік жұмыс күшін әкелу ережелері, Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін жақсарту және т. б. мәселелер талқыланды.

2004 жылдың соңынан, 12-ші пленарлық отырыстан бастап, инвестициялық қызметке байланысты жалпы мәселелерді талқылаудан басқа, отырыстың негізгі тақырыбы бекітілетін болды. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде пленарлық отырыста жеке саладағы немесе экономика бағытындағы инвестициялық жағдайды дамыту мен жақсарту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік беріледі.

Адам капиталы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде 

2019 жылғы пленарлық отырыстың негізгі тақырыбы адам капиталының сапасын арттыру болды. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша 6 тапсырма берілді. Барлық тапсырмалар орындалды.

 

Шетелдік серіктестердің қатысуымен ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын жаңарту

Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру бойынша шетелдік компаниялармен әріптестіктің Жол картасы шеңберінде халықаралық талаптарды, кәсіби стандарттарды ескере отырып, 119 икемді білім беру бағдарламаларын әзірледі және кадрларды дайындауда модульдік-құзыреттілік тәсілді көздейтін 246 үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендірді.

Ағымдағы жылы бекітілген 480 кәсіби стандарттар негізінде ТжКБ мамандықтары бойынша 142 үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларын өзектендіру және оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде қолданбалы бакалавриат бойынша 25 үлгілік оқу бағдарламасы мен жоспарларын әзірлеу көзделген.

Осы бағыттағы жұмыс білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалғасатын болады.

 

Әлемдік жетекші оқу орындарымен стратегиялық әріптестікті дамыту

Ұсынылған академиялық еркіндік шеңберінде қазақстандық жоғары оқу орындары Гарвард университеті (АҚШ), Массачусетс технологиялық институты (АҚШ), Сорбонна университеті (Франция), Оксфорд университеті (Ұлыбритания) және т. б. сияқты жетекші әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан.

Ынтымақтастық қарастырады:

1) профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын;

2) бірлескен қос дипломды бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды;

3) бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын өткізуді;

4) халықаралық сапа стандарттарын енгізу және т. б.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Жұмыс істеп тұрған колледждер базасында құзырет орталықтарын құру

Осы бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде 47 колледж базасында оқу орталықтары құрылды, оның ішінде шетелдік компаниялармен бірге 7 құзыреттілік орталығы бар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Жас маман» жобасы іске қосылды, ол өңірлердің салалық дамуын ескере отырып және әлемдік жетекші оқу орындарымен әріптестікте аса қажет 100 мамандық бойынша 180 колледжді заманауи жабдықтармен жабдықтауды көздейді.

 

2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын кеңінен талқылау

2019 жылғы 27 желтоқсанда мемлекеттік бағдарлама бекітілді, оның жобасы дөңгелек үстелдер, мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар ретінде қатысқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен жұмыс топтары шеңберінде талқыланды.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, сондай-ақ ғылымның ел экономикасына үлесін арттыру болып табылады.

 

Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен мамандарды одан әрі даярлау

Бүгінгі таңда білім және ғылым министрлігі «Атамекен» ҰКП мен Кеңестің шетелдік компанияларымен бірлесіп кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары арқылы 3824 қызметкерді өз қаражаты есебінен оқытты.

Сондай-ақ кәсіпорындардың қаражаты есебінен 93 студент техникалық және кәсіптік білім алуда, 71 адам біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтті.

Жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Негізгі салаларда құзыреттерді дамыту және трансферттеу бойынша жүйелі ұсыныстар енгізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шетелдік компаниялармен бірлесіп, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласын әзірледі.

Мысал ретінде 2019 жылдың қазан айында «ERG» компаниясымен бірге атласты іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. 

Сонымен қатар, ү.ж. 18 наурызында тау-кен металлургия саласы бойынша тестілік режимде «Еңбек биржасы» интернет-ресурсында атластың интерактивті кіші модулі іске қосылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.

Шетелдік тараппен бірлесіп, Кеңестің жұмыс топтарының ұсынымдарын қарау бойынша жұмыс шеңберінде экологиялық заңнаманың ЭЫДҰ стандарттарына және халықаралық практикаларға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Экологиялық кодексті жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде кодексті әзірлеу бойынша жұмыс тобының 50-ден астам отырысы және шетелдік компаниялардың өкілдерімен қосымша отырыстары өткізілді. Аталған отырыстарда газды алау етіп жағудан болатын эмиссияларды реттеу бойынша өзекті мәселелер және газды жағу фактісі бойынша жүргізілетін инспекторлық тексерулер талқыланды.

Жаңа Экологиялық кодекстің жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.

Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Энергетика министрлігі ЖЭК секторының тартымдылығын арттыруды, инвесторлардың инвестициялық тәуекелін төмендетуді, Үкімет тарапынан «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС қаржылай қолдау көрсетуді, электр энергиясын сатып алу келісімшартының қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұзартуды, ЖЭК объектілерінде жергілікті қамту үлесін арттыруды көздейтін заң жобасын әзірледі. Бұл заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі ағымдағы жылдың 24 ақпанында инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізді, ол ЖЭК саласындағы жобалардың кедендік баждардан босатылудан және мемлекеттік заттай грантты ұсынылудан басқа, салықтар бойынша қосымша артықшылықтар ие болуын қарастырады.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді көпшілік алдында қарау және талқылау мерзімін ұлғайту бойынша тағы бір тапсырма орындалды. Сонымен, Әділет министрлігі жобаларды ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау мерзімін 10 күннен 15 жұмыс күніне дейін ұлғайтуға бағытталған заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.

Заң жобасы норма шығаруды жетілдіруге, атап айтқанда қоғамды заң шығару процесіне тартуға және ғылыми құқықтық сараптама жүргізу рәсімдерін реформалауға бағытталған және Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлегенге дейін заң шығару жұмысының жаңа кезеңін заңнамалық түрде регламенттеуді көздейді.

Салықтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды криминалсыздандыру жөніндегі тапсырмаға келетін болсақ, Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және шетелдік компаниялармен инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс тобының шеңберінде тексерілетін кезең үшін салық төлеуші есептеген салық сомасының пайыздық арақатынасында залал сомасын анықтау бойынша ұсыныстар әзірледі, олар қазіргі уақытта Бас прокуратурамен пысықталуда.

Адам капиталының сапасын жақсарту жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағыт бойынша халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Бұдан басқа, Еңбек министрлігі сапалы біліктілік жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде, ол одан әрі жұмыс берушілер мен жаңа экономиканың талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру мақсатында Еңбек министрлігі Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі қауымдастығының, еуропалық бизнес-қауымдастық және Америка сауда палатасының өкілдерімен бірлесіп тиісті заң жобасын әзірленді, ол қазіргі уақытта Парламент Сенатының қарауында жатыр.

Заң жобасында қарастырылған:

  • рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің еселік санына салық алымын төлеген жағдайда шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметіне екі және одан да көп өңірлердің аумағында қолданылатын рұқсат беру;
  • шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу жөніндегі өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Үкіметінен Еңбек министрлігіне беру;
  • жергілікті атқарушы органдарға бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан аумағында уақытша тұруға рұқсат алу үшін өтініш беру жөніндегі функцияны беру.

Жалпы, өткен кезеңде барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар, Кеңестің шетелдік компаниялары Кеңестің 32-ші пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Олардың барлығы ерекше бақылауға алынған. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.