Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру

Жұма, 14 Ақпан 2020, 16:43:23

Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті. Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында денсаулық сақтау саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және еліміздің медицина саласында МӘМС-тің енгізілуі нені өзгерте алатыны туралы PrimeMinister.kz-тің шолу материалынан оқыңыздар. 

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2018 жылы күтілген өмір сүру ұзақтығы 73,15 жасқа жетті (2019 жылғы жоспар – 73,13 жас). 2018 жылы денсаулық индексі 0,818 (2019 жылғы жоспар – 0,815). Тұрғындардың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 2018 жылы 47,84% құрады (2019 жылғы жоспар – 48%).

Дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу, медицина бұйымдарының этикалық ілгерлеуін енгізу, денсаулық сақтау технологиясын бағалау, тегін амбулаторлық дәрі-дәрмектер тізімін кеңейту, формулярлық жүйені жетілдіру бойынша шаралар іске асырылды. 

Сонымен қатар АМСК дәрігерінің жүктемесін азайту, кадрлар тапшылығын жою, медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру, АМСК ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша шаралар қабылданып жатыр. 

 

Медицина инфрақұрылымын оңтайландыру

Медициналық ұйымдарды біріктіру және интеграциялау арқылы денсаулық сақтаудың мемлекеттік инфрақұрылымын оңтайландыруды жүргізу қарастырылған. Ұлттық деңгейде 2025 жылға дейін Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес денсаулық сақтаудың жұмыс істеп тұрған ғылыми-зерттеу ұйымдарын университет клиникаларына интеграциялау жүргізілетін болады. 

Жалпы, мемлекеттік инфрақұрылымды оңтайландыру аясында негізгі көңіл аурухана секторындағы тиімді пайдаланылмайтын ресурстарды босатуға және қайта бөлуге аударылатын болады, яғни, тұрғындарға қажетті медициналық көмектерді (АМСК, оңалту, паллиативтік көмек т.б.), көрсету үшін емдеу-диагностика процестерін оңтайландыру, кейбір медициналық қызметтерді орталықтандыру және орталықсыздандыру жүргізіледі. 

Бұл шараларды іске асыру емдеу қарқынына сәйкес төсек-орын қорын саралауды және басқаруға, тиісінше, амбулаторлық, стационарды алмастыру, стационарлық және оңалту медициналық көмектерінің жүйелі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жаңа Мемлекеттік нормативте келесі өзгерістер қарастырылған: 

Аудандық деңгейде амбулаторлық ұйымдар бойынша дәрігерлік амбулаториялар әрбір 1500 қызмет көрсетілетін тұрғын үшін ашылады (2000 адамның орнына). Қалған нысандар бойынша параметрлер сақталады. Аурухана секторы бойынша медициналық көмекті екі деңгейде: аудандық және ауданаралық ауруханаларда шоғырландыру қарастырылады. 

Мәселен, бірқатар аудандық ауруханалар базасында ауданаралық ауруханалар ұйымдастырылады, соның арқасында шағын бейінді арнайы медициналық көмек (урология, неврология) ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болады. 

Қалалық және облыстық деңгейлерде 1500 қызмет көрсетілетін тұрғыннан бастап жалпы тәжірибелік дәрігер (бұдан әрі – ЖТД) учаскелерін ашу қарастырылған. БМСК орталықтарын ашу арқылы бірінші реттік торапты шағындауға ерекше көңіл бөлінеді. Аурухана ұйымдары деңгейінде кеңес беру-диагностика көмегі шоғырланады, арнайы орталықтар көпсалалы аурухана ұйымдарының базасында дамитын болады. 

Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда, 2025 жылға қарай ауылдық деңгейде АМСК орталықтары мен емханалар санын 207-ден 253-ке дейін, дәрігерлік амбулаторияларды 1323-тен 1393-ке дейін арттыру көзделген. Қалалық деңгейде диагностикалық орталықтар мен емханалар саны 187-ден 206-ға дейін, дәрігерлік амбулаториялар саны 61-ден 99-ға дейін артатын болады. 

 

Денсаулықты басқару бағдарламасын енгізу және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету

2018 жылы дәрі-дәрмектерді орталықтандыру жүргізілді, дәрі-дәрмектерді сатып алудың ашықтығын оларды онлайн трансляция режимінде жүргізу арқылы қамтамасыз ету шаралары қабылданды, тегін дәрілерді берудің электронды есебі енгізілді. Электронды рецептілерге көшумен дәрі-дәрмектерді қамтамасыз ету жүйесін толық автоматтандыруды 2020 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған. 

2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізімі 2018 жылмен салыстырғанда 108 атауға ұлғайды. Бірыңғай дистрибьютердің тізімінде шекті бағаның 40%-ға төмендеуін ескере отырып, 2019 жылы сатып алуларда 22,1 млрд теңге үнемдеу мүмкін болды. 

Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарлама аясында үш ауру бойынша ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілді. АББ адамдардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастырып, асқынулардың және негізсіз ауруханаға жатулардың алдын алу мсақсатында ауруларды басқаруына мүмкіндік береді. Бір жарым миллионнан астам адам тұрақты бақылаумен қамтылды, оның ішінде АББ-ға 462,5 мың адам (28,4%) тартылды.

АББ-ға тарту процесі оң динамика көрсетіп отыр, мәселен, 11 айдың қорытындысы бойынша АББ-ға 553 869 адам (30,4%) тартылды, 2018 ж. осындай кезеңде – 218 471, оның ішінде белсенді қатысушылар саны жартысынан астам - 356 475 (64,3%). 

Бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетіп отыр – АББ-ға қатысушы пациенттердің арасында ауруханаға жатқызудың төмендеуі байқалады (1,6%), басқа пациенттердің арасында – 5,1%.

 

Жас мамандарды қолдау

Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу үшін жыл сайын еліміздегі медициналық ЖОО-ларда оқу гранттарының саны арта түсуде, облыстарда жас мамандарды әлеуметтік қолдау енгізілуде, бюджет қаражаты есебінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүргізілуде. 

Биыл жас мамандарды бөлу enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасын пайдалану арқылы жүргізілуде. 

Айта кеткен жөн, биыл интернатура мен резидентураның клиникалық мамандықтарының түлектерін жұмысқа бөлу өңірлерден келіп түскен өтінімдерді ескерумен жүзеге асырылды. 

2018 жылы ауылдық елді мекендерге барған 706 (15%) жас маманның тек 355 (50%) үшін көтерме ақы берілді, 102 (14%) – тұрғын үй алды, 134 (19%) – бюджетті несие берілді. 

2019 жылы ауылдық елді мекенге барған 720 жас маманнан 658-іне көтерме ақы берілді, оның ішінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша – 205, жергілікті атқарушы органдар есебінен – 157, медицина ұйымдарының есебінен – 296, тұрғын үй, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үй бөлінді – 618, бюджетті несие 66 маманға берілді.

Медицина ұйымдары Еnbek.kz порталында жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік қолдау шараларын көрсетумен өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастырды. 

Биыл Жастар жылы аясында көтерме ақы көлемі 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көтерілді және кемінде 252 500 құрауы тиіс. 

Қазіргі кезде дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етулі көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда құрайды: қалаларда – 56,8, ауылдарда – 16,1, дәрігер кадрлардың ең көп тапшылығы Ақмола (447), Солтүстік Қазақстан (416), Батыс Қазақстан (378), Қарағанды (361), Қостанай (324) облыстарында және Алматы қаласында (321) байқалып отыр.

Еліміз бойынша мынадай мамандар жеткіліксіз: ЖТД (834), педиатр (266), терапевт (259), анестезиолог-реаниматолог (347), акушер-гинеколог (201), неонатолог (137), офтальмолог (154), невропатолог (154), психиатр (176), сәулемен диагностик мамандары (141).

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру және бірегей медициналық технологиялар

Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсету көлемі 2016 жылы – 71 637, 2017 жылы – 81 623, 2018 жылы – 105 841, 2019 жылы – 8688 құрады.

Оның ішінде бірегей технологиялар бойынша көрсетілген қызметтер саны 2016 ж. – 1039, 2017 ж. – 1136, 2018 ж. – 1363, 2019 ж. – 1 476. 

Бірегей медициналық технологияларға ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктеріне негізделген жаңа медициналық технологиялар жатады. 

Сонымен қатар, тұрғындарды медициналық қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі әзірленіп, бекітілді. 

ТМККК жаңа моделі мемлекеттің міндеттемелерін нақты айқындайды және тұрғындарды негізгі медициналық қызметтермен жаппай қамту бойынша жалпы мойындалған халықаралық сатандарттарды жүзеге асырады. 

Медицина қызметкерлерінің жұмыс процестерін оңтайландыру үшін медицина ұйымдары медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша жұмыстар атқаруда. Бірінші ретті медициналық құжаттаманың 62 формасы алынып тасталды, 234 формасы электронды форматта жүргізілуде.

Тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында мобильді қосымшалар енгізілді. Бұл медициналық персоналдың жұмыс сапасын көтеруге, емханаларды кезектерді оңтайландыруға және пациенттер үшін қолайлылықты арттыруға мүмкіндік береді. 

Электронды сервистер арқылы алдын-ала жазылу есебінен «жанды» кезекті 30%-ға қысқарды. 

Денсаулық сақтау ұйымдарының компьютерлермен жабдықталуы , аудан орталығы деңгейіндегі қамту 98% құрайды және 92% — аудан орталығы деңгейінен төмен. 

Медициналық ақпараттық жүйелерде 17,7 млн адамның жергілікті электронды денсаулық паспорттары жасалып, толтырылды, бұл тұрғындардың жалпы санынан 94,69% құрайды. 

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды іске асыру аясында электронды денсаулық паспортын енгізу және денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен кіріктіру жүзеге асырылуда. 

Жалпы, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру МАЖ және мобильді қосымшаларды әзірлеп, енгізу арқылы жүзеге асырылады. 

Бұл келесі құрауыштардан тұрады:

  • Жасанды зерде;
  • Пациент пен дәрігердің электрондық денсаулық паспортына қолжетімділігі;
  • Деректердің бірыңғай сақтау орны;
  • Интеграциялық платформа;

Электрондық паспорт — пациент туралы деректердің жиынтығынан, емдеуші дәрігер қойған диагноздардан, медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесінен, төлем жүйелері, талдау жүйесі, медициналық статистика, сондай-ақ үлкен деректерден тұрады.

Үлкен деректер 4 жыл ішінде 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін жинақталады, олар мобильді қосымшалардан, медициналық ақпараттық жүйелерден, электрондық үкімет арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы түсетін болады.

Пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректерді жинау және сақтау туған сәттен бастап, өмір бойы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы деректерді жинауға және олардың шынайылығын тексеруге қатысады, сондай-ақ пациенттерге электрондық түрде 24/7 деректерге үнемі қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.

Медицина қызметкерлерінің цифрлық дағдыларын және ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында Министрлік әкімдіктермен және медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен бірлесіп, тұрақты негізде дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін, жас мамандарды жұмысқа жаңадан енгізілген дағдыларға оқытуда.

Сондай-ақ халық арасында веб/мобильдік қосымшаларды және цифрлық денсаулық сақтаудың басқа да шешімдерін қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінде 22 АЖ жұмыс істейді.

Жоғарыда көрсетілген жүйелерден МӘМС толыққанды іске қосу үшін 10 АЖ медициналық ақпараттық жүйелермен біріктіру қажет. 

Қазіргі уақытта деректерді біріктіруді қамтамасыз ететін және оларды сәйкестендірілген түрде пайдаланушыларға ұсынатын барлық 10 АЖ бойынша интеграция жүргізілді. 

«Жан басына шаққандағы нормативтің қосымша компоненті» порталымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына қабылдау және жаңа туған нәрестелерді үйде медициналық бақылау тұрғысынан интеграция іске асырылды.

Көрсетілген қызметтерді есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру көзін анықтау және мамандандырылған қызметтер (қан орталықтары, жедел жәрдем, патологоанатомиялық бюро) бойынша деректер алу тұрғысынан бірыңғай төлем жүйесімен интеграциялау іске асырылды.

Емдеуге жатқызу кезінде қаржыландыру көзін анықтау үшін «Емдеуге жатқызу бюросы» порталымен интеграция іске асырылды.

Бұл ретте ТМККК және МӘМС шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторды сатып алу шарттары бойынша дәрілік заттар туралы мәліметтерді алу тұрғысынан «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» АЖ-мен интеграция іске асырылды.

Бұдан өзге жүкті әйелдерді есепке алу және есептен шығару туралы ақпаратты алу тұрғысынан Жүкті және фертильді жастағы әйелдер тіркелімімен интеграция іске асырылды.

Сондай-ақ диспансерлік науқастар туралы мәліметтерді алу тұрғысынан Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімімен интеграциялау іске асырылды.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша МӘМС жүйесін толықтай енгізу басталды.

Қазіргі уақытта МӘМС жүйесін және ТМККК жаңа моделін енгізу үшін қажетті барлық деңгейлерде медициналық көмек көрсету (бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек және медициналық оңалту) жөніндегі заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің басым бөлігі қабылданып, өзектілендірілді.

МӘМС енгізу халықты медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін көздейді.

Бірінші деңгей мемлекеттік бюджет есебінен ҚР барлық азаматтарына, оралмандар мен елде тұрақты тұратын шетелдіктерге ТМККК ұсынуды қамтамасыз етеді. 

Бұл пакетке тегін медициналық көмектің мынадай түрлері кіреді: жедел көмек және санитариялық авиация, тіркелген орны бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек; шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.

Екінші деңгей – ТМККК-тен тыс қызметтерді қамтамасыз ететін, сақтандырылған халыққа арналған МӘМС пакеті, ол мыналарды қамтиды: консультациялық, диагностикалық көмек және аурулардың кең спектрі бойынша тегін рецептуралық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; стационарды алмастыратын көмек, жоспарлы стационарлық көмек, оңалту және қалпына келтіру емі.

Үшінші деңгей – бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен беріледі. 

ТМККК жаңа моделі мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін айқындайды және халықты базалық медициналық қызметтермен жаппай қамту бойынша жалпыға бірдей танылған халықаралық стандартты жүзеге асырады.

Қарағанды облысында МӘМС енгізудің пилоттық жобасын іске қосу шеңберінде азаматтардың сақтандырылу мәртебесін анықтау бойынша интеграциялық сервис іске асырылды.

Сақтандыру мәртебесін анықтау және МӘМС туралы өзекті және уақытылы ақпаратты алу үшін ҚР азаматтарына ақпараттық плагиндер әзірленді, олар мүдделі ұйымдардың сайттарында орналастырылады, сондай-ақ Telergam (@SaqtandyryBot) және WhatsApp (+7 700 103 1406) боттары әзірленді.

«Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және МӘМС жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін автоматтандыру бойынша Жол картасы бекітілді, «Электрондық үкімет» порталымен (бұдан әрі – ЭҮП) «Saqtandyrý» АЖ интеграциясын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялауға келер болсақ, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін «Saqtandyrý» қорының АЖ іске қосылды. Оны азаматтардың 15 жеңілдікті санаттары бойынша деректермен алмасу және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жеңілдікті санаттар бойынша ақпарат 6 орталық мемлекеттік органның АЖ-нен алынған деректер негізінде ЕХӘҚМ АЖ-да қалыптастырылады.

Бүгінгі таңда 12 санат бойынша 5 мемлекеттік органдардың (ДСМ, ІІМ, ӘМ, Қаржы министрлігі, ЕХӘҚМ) АЖ-мен интеграция жүргізілді және деректер берілуде.

Сонымен қатар қалған 3 санат бойынша деректерді беру мәселесі шешілуде (балалар, студенттер, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған адамдар).

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан берілді: 

  • балалар – 6 304 830 адам;
  • 3 жасқа толғанға дейін бала тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар – 156 631 адам;
  • күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар – 680 317 адам.

 

Қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған шаралар жоспары

Жоспарда ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша, оның ішінде салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану, инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығын төмендетуге және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған мінез-құлық тәуекелдер факторларының алдын алу мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру көзделген.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ынтымақтастықты арттыру және қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту үшін 2018-2021 жылдарға арналған шаралар жоспары іске асырылуда. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысын бағалау жүйесі әзірленіп, енгізілді. Есірткі құралдарының, тартатын және тартпайтын темекі өнімдерінің заңсыз айналымына белсенді қарсы іс-қимыл жұмыстары жүргізілуде.

Азық-түлік өнімдеріндегі тұздың мөлшерін төмендету мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және қазақстандық өндірушілермен меморандум жасалды. Салауатты өмір салтын насихаттау аясында бұқаралық іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. 21 инфекцияға қарсы ұлттық егу күнтізбесін іске асыру жалғасуда. Халықты иммундау 97%-ға жетті.

Денсаулықты насихаттау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін жүйелі негізде жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары, сондай-ақ үкіметтік емес сектор тартылуда. Халықаралық және ұлттық үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдармен өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумдар жасалды, олардың арасында «Нұр Отан» ҚБ, «Темекісіз» ҚҚ, «Uyatemes.kz» жыныстық ағарту жобасы, сондай-ақ бірқатар медициналық ЖОО-лар бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіруді әдістемелік және техникалық қолдау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, БҰҰ Балалар қорымен және БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорымен ынтымақтастықта жұмыс жүргізілуде.

«Дені сау қалалар мен өңірлер денсаулықты таңдайды» атты жаңа жобаны іске асыру басталды, оның шеңберінде инфрақұрылымды жақсарту және денсаулықты сақтау мен нығайту үшін қауіпсіз және қолайлы қоршаған ортаны құру үшін халықпен, жергілікті атқарушы органдармен, бизнеспен және үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты кеңейту көзделген.

Аурулардың пайда болу қаупінің мінез-құлық факторларының алдын алу мақсатында ведомствоаралық сипаттағы шаралар қабылданды, оның ішінде экономикалық (темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен арттыру, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша темекі бұйымдарын сату ережелерін жетілдіру; темекі индустриясы тарапынан жанама жарнамаға тыйым салу), темекі шекпейтіндердің таза ауаға құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету (қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу аймағын кеңейту), насихаттау жұмысы, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық жарықтандыруды жандандыру іске асырылуда.

Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін заңнамалық түрде бекіту мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің жобасында азаматтардың ғана емес, жұмыс берушілердің де денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілікті арттыруға, атап айтқанда – міндетті медициналық тексеруден, профилактикалық тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге, жұмыс берушілердің профилактикалық медициналық тексеруден өту үшін жағдайлар жасауына және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған.


Жаңалықтар тізбегі
28 Ақпан 2020, 13:11
ҚР Президенті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады
28 Ақпан 2020, 12:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Samruk Business Forum» шарасына қатысты
27 Ақпан 2020, 19:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
27 Ақпан 2020, 15:21
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады
27 Ақпан 2020, 15:11
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
27 Ақпан 2020, 10:40
Инвестициялар, балық шаруашылығы және ШОБ — Атырау облысы қай салаға басымдық береді
26 Ақпан 2020, 20:21
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Ақпан 2020, 19:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады
26 Ақпан 2020, 17:27
Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ Аймақаралық ынтымақтастық  форумының қорытындысы бойынша $500 млн жуық болатын 52 келісімге қол қойылды
26 Ақпан 2020, 16:47
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
26 Ақпан 2020, 15:02
Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады
26 Ақпан 2020, 12:47
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
25 Ақпан 2020, 20:26
Су тасқынына дайындық және бизнес ахуалды жақсарту: Үкімет отырысы қалай өтті
25 Ақпан 2020, 18:57
Жамбыл облысы Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерін дамытуға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:49
Жамбыл облысы Қордай ауданында 12 елді мекенді газдандыру жобаларын қаржыландыруға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:40
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевпен келіссөз жүргізді
25 Ақпан 2020, 18:07
Ветеринария және мал шаруашылығында қолданылатын биопреператтарға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 13:59
ҚР ІІМ су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде
25 Ақпан 2020, 13:38
Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алдында гидротехникалық құрылыстарға талдау жүргізілді — ҚР ЭГТРМ
25 Ақпан 2020, 11:58
2025 жылға қарай ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн адамға дейін ұлғаяды — Р. Дәленов
25 Ақпан 2020, 11:06
Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды
25 Ақпан 2020, 10:08
9 мың адам мен 1 730 бірлік техника су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел әрекет етуге дайын — ҚР ІІМ
25 Ақпан 2020, 09:45
Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды тездету қажет — А. Мамин
25 Ақпан 2020, 09:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
24 Ақпан 2020, 20:58
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады
24 Ақпан 2020, 18:12
Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады
24 Ақпан 2020, 14:53
ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады
24 Ақпан 2020, 13:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
24 Ақпан 2020, 12:21
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктеріне қатысты депутаттық сауал
24 Ақпан 2020, 10:55
Дәулет Бекманов ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
24 Ақпан 2020, 10:04
25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49
22 Ақпан 2020, 14:18
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы, Ирак және Палестинадағы елшілерін тағайындады
22 Ақпан 2020, 13:17
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады
22 Ақпан 2020, 11:08
Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды
21 Ақпан 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан 2020, 17:12
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
21 Ақпан 2020, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі