Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласына шолу: импорт алмастыру, экспорт және мемлекеттік қолдау қалай жүзеге асуда

Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2019, 20:22:20

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласының дамуы бүгінгі таңда басымдықты бағыттардың бірі, себебі саланың әлеуметтік маңызы мынада: тұрғындарды жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бүгінде Қазақстан Үкіметі отандық жеңіл өнеркәсіп саласын қолдаудың бірқатар шараларын іске асыруда: еркін экономикалық аймақтар, салық салудағы жеңілдіктер, несиелендіру, оқытуға квоталар мен гранттар, мемлекеттік инвестициялар. Мұның барлығының саланың дамуына қалай ықпалын тигізіп отырғаны туралы PrimeMinister.kz шолуынан оқыңыздар. 

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласында 1044 кәсіпорын бар, оларда 12,7 мың адам жұмыспен қамтылған. 

2019 жылғы қаңтар-қазан айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9%-ға артып, 87,5 млрд теңгені құрады. Тоқыма бұйымдар өндірісінде 23,7% және киім өндірісінде 7,5% өсім байқалып отыр. 

2019 жылғы қаңтар-қазан айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінде негізгі үлесі тоқыма өндірісіне тиесілі — 53% (46,1 млрд тенге), одан соң киім өндірісінің үлесі 37% (32,8 млрд теңге) құрайды, былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің үлесі - 10% (8,6 млрд теңге).

Биыл 9 айда Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптегі тауар айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға артып, $1,3 млрд құрады. 

 

Импорт алмастыру шаралары: жобалық офис және жұмыс тобы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлағандай, биылғы 11 айда барлық шағын салаларда импорт ағымдарының артуы байқалады: киім өндірісінде – 34%-ға, тоқыма өнімдерінде – 13%-ға, былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар сегментінде – 35%-ға. Бұл ретте импорттың негізгі үлесін әдеттегідей, аяқ киім, ерлер және әйелдер киімі, майкалар, күпәйкелер, саквояждар, шамадандар, әйелдердің шамадан сөмкелері мен шұлық-ұйық бұйымдары құрап отыр. Егер ерлер мен әйелдер киімдері көбіне Қытай, Түркия, Ресей, Италия елдерінен жеткізілетін болса, аяқ киім мен сырт киім Қытайдан, Ресейден, ал саквояждар, шамадандар мен әйелдердің шағын шамадан сөмкелері Қытай, Ресей, Италия, Франциядан әкелінеді. 

Әрине, импорттық өнімдерге деген сұраныстың жоғары болуының себебі – бағасының төмен болуы. Бұл тұрғыда отандық өндірушілер шетелдік өнімдермен бәсекеге түсе алмайды. Өйткені, отандық кәсіпорындарда белгілі бір сападағы шикізаттар мен Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарға деген сұраныс бар. Осылайша, түпкі өнім қымбатқа түседі. 

Аталған мәселені шешу үшін «Атамекен» ҰКП базасында Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдің және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметовтің, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұловтың төрағалығымен «қарапайым заттар экономикасы», импорт алмастыру және экспорт жобалық офисі құрылды. 

Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сатып алулары аясында сатып алынатын тауарлық позициялардың өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар салалар, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп бойынша ұқсас өнімнің отандық өндірісін ұйымдастыру арқылы импорт алмастыру мүмкіндіктерін талдау үшін Жұмыс тобы құрылды. 

 

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты: 30 кәсіпорын сыртқы нарықтарға шығады 

2019 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі өсім көрсетіп отыр. Экспорттық жеткізулер көлемінің өсуі тоқыма бұйымдарда 21,5%, киім өндірісінде 12% көлемінде байқалды. 

2019 жылы негізгі экспорт бағыттары мақта талшығы, тоқыма материалдар, төсек жаймалары болды. Мақта талшықтары экспортының негізгі көлемі Қытайға, Молдоваға, Латвияға, текстиль материалдарының экспорты Қытайға, Ресейге, төсек жаймаларының экспорты Ресейге болды. 

Қазақстанда барлығы 30 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны сыртқы нарықтарға шығады. Жалпы, жеңіл өнеркәсіп көлемінің 10%-ға жуығы экспортқа шығарылады. 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша бүгінде негізгі экспорттық нарықтар Қытай (39,4%), Ресей (37,4%), Қырғызстан (5,2%), Италия (4,8%), Литва (4,4%), Өзбекстан (1,5%) елдері болып отыр.

Тоқыма материалдарынан жасалған қапшықтар мен пакеттер – 98%-ға, төсек жаймалары, ас үй, дәретхана және ас бөлмесі жаймалары – 21,8%-ға, тоқылмаған материалдар өсімі – 4,5 есе, табаны бар, үсті резинадан немесе пластмассадан жасалған басқа да аяқ киімдер өсімі – 4,9 есе, шұлық-ұйық бұйымдары – 44,5% тәрізді тауарлар экспортының өсімі байқалуда. 

Үкімет жыл сайын сервистік қолдау көрсетуге бюджет қаражатын қарастырады. Мәселен, биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұндай шаралар жеңіл өнеркәсіп бойынша 16 компанияға көрсетілген (бұл сауда миссияларына, көрмелер мен форумдарға қатысумен байланысты шығындарды өтеу). Сонымен қатар, кәсіпорындардың жарнамаға, үй-жайлар мен қоймаларды жалдауға, сертификаттауға жұмсаған шығындары өтеледі. Сонымен қоса, Сауда және интеграция министрлігі экспортқа өңделген тауарлар шығаратын қазақстандық компаниялардың көлік шығындарының 50%-ына дейін өтеу қарастырылған. Бұл тетік қазақстандық экспортшыларға өнімнің өзіндік құнын 10%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ экспорт географиясы мен тауарлар номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік береді. 

2020 жылдан бастап ҚР СИМ QazTrade-пен бірлесіп кәсіпорындарға өндіріс сатысынан бастап шетелдердің сөрелеріне жеткізгенге дейін қолдау көрсететін экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаның салалық тобы тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары болмақ. 

 

Бүгінде жеңіл өнеркәсіпті қолдаудың қандай шаралары қарастырылған?

Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жүйелі шаралар аясында көрсетіледі, олардың қатарында өнім экспортын ілгерілету, еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру, ішкі нарықта тауарларды ілгерілету, «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бизесті қолдау және дамыту бағдарламасын іске асыру және т.б. бар. 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ экономиканың басымдықты салаларына, шағын және орта кәсіпкерлікке, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметіне қаржылай қолдау көрсету арқылы қолдау жасайды. 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды несиелендіру, ағымдағы қызметті несиелендіру, аралық қаржыландыру, лизингтік келісімдерді қаржыландыру, сондай-ақ кепілдіктер ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді. 

«Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ несиелендіру, субсидиялау және несиелерді кепілдендіру түріндегі қолдау шараларын көрсетеді. 

«Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ инновациялық гранттар, жобалық қаржыландыру, венчурлық қорлар арқылы қаржыландыру, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсыну, конструкторлық бюро қызметтерін ұсыну, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарының қызметін ұсыну тәрізді қолдау құралдарын ұсынады. 

«Kazakh Export» экспорттық-несие сақтандыру корпорациясы» АҚ қазақстандық өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің сыртқы нарықтарға шығуын қолдау бойынша қаржы тетіктерін құрайтын экспорттық-несие агенттігінің функциясын атқарады. Ұйымның негізгі қызметі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына сыртқы сауда операциялары кезінде төлемсіздік қатерінен сақтандыру қорғанысын ұсыну болып табылады және экспорттық келісімдердің қауіпсіздігіне кепілдік береді. 

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету Ережесі мен «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді. Бағдарламаның негізгі құралдары: «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу», «Кәсіпорынның құзыреттерін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу», «Технологиялық үрдістерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу», «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу». 

«Қазақстаннның сыртқы сауда палатасы» ЖШС «Экспортер-2020» экспортты дамыту және ілгерілету бағдарламасы аясында қазақстандық өнімді экспортқа шығару кезінде қолдау көрсетеді. 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында қолжетімді несиелендіру міндетін шешу үшін 2018 жылғы 5 қазандағы Үкімет Қаулысы қабылданды. Несиенің нысаналы мақсаты - бизнес үшін 6 пайыздық мөлшерлемемен айналма қаражатын толықтыру және инвестициялау. 

Сонымен қатар 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді, оны Үкімет мақұлдады. Жол картасында кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымымен күресу, қазақстандық қамту үлесін арттыру, экономикалық ынталандыру шаралары, сондай-ақ жүйелі қолдау шаралары бойынша 52 іс-шара қарастырылған. 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығымен құрылған, оның мақсаты - тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісіне көшу үшін алғышарттар құру. Инвесторлар корпоративті табыс салығын, мүлік және жер салығын, кеден салығын төлеуден 2030 жылға дейінгі мерзімге босатылады. 

 

Жеңіл өнеркәсіптегі қазақстандық қамту үлесін арттыру шаралары

2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Жол картасында мемлекеттік сатып алулар және қазақстандық қамту үлесін арттыру саласындағы шаралар бойынша бөлім қарастырылған. 

Мәселен, жергілікті атқарушы органдар үшін жеңіл, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдары тауарларын мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша нысаналы индикаторлар белгіленген. 

Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен олармен үлестес заңды тұлғалар үшін 2021 жылға қарай отандық тауар өндірушілерде жеңіл өнеркәсіптегі сатып алулар үлесіне 90%-дан кем емес деңгейде қол жеткізу индикаторы қойылған. 

Жеңіл және жиһаз өнеркәсіп тауарлары тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізілген, ол бойынша 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сатып алулар алдын ала біліктілік іріктеуі бойынша конкурс тәсілімен жүргізіледі. 

Мемлекеттік сатып алуларда алдын ала біліктілік іріктеуінен өтуде, мемлекеттік сатып алуларды 2 жыл мерзіммен жүргізген жағдайда ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу бойынша Индустриялық сертификат ұсыну талабы қарастырылған. 

 

Жеңіл өнеркәсіп саласы үшін кадрлар даярлау

Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп саласы үшін жоғары және жоғарыдан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды келесі мамандықтар бойынша 8 жоғары оқу орны жүзеге асырады: «жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрылымдастыру», «тоқыма материалдары технологиясы және оны жобалау»: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Рудный индустриялық институты, Алматы технология университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, «Алматы» университеті, «Болашақ» университеті.

2018-2019 оқу жылында 501 адам қабылданды. Бұл салада кадрлар даярлауға бөлінген грант көлемі — 467.

Сонымен қатар, «жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрылымдастыру» мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылындағы түлектер саны бакалавриатта – 386, магистратурада – 14 (оның ішінде 10 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша), PhD докторантурасында – 1 адам.

«Тоқыма материалдары технологиясы және оны жобалау» мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылындағы түлектер саны бакалавриатта – 82 (оның ішінде 79 - мемлекеттік тапсырыс бойынша), магистратурада – 10 (оның ішінде 10 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша), PhD докторантуасында – 2 адам. 

Жоғарыда аталған оқу орындары тиісті мамандықтар бойынша білім алушылардың кәсіптік тәжірибе мен тағылымдамадан өтуі үшін базаларды нақтылады: «Алтекс» АҚ трикотаж фабрикасы, «AZALA Textile» ЖШС, «Кашемир» ЖШС, «Mimioriki» ЖШС, «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС, «Мұрагер» ЖШС (Семей қ.), «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» тігін фабрикасы (Қостанай қ.), «Өндірістік-инновациялық компания» ASTANAANA ltd» ЖШС (Нұр-Сұлтан), «Таразбылғарыетік» ЖШС, «Шыны пластик құбырлар зауыты» ЖШС, «Бота» шұлық фабрикасы.

Жеңіл өнеркәсіп саласында кадрлар даярлау 6 мамандық және 11 біліктілік бойынша 89 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүргізіледі. 

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы білім алушылар контингенті ТжКБ оқу мекемелерінде — 9614 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша — 9189 адам. Мамандықтар бойынша:

  • талшықты материалдарды өңдеу технологиясы — 90 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша — 90 адам;
  • былғары және саулық өнімдерін өндіру технологиясы — 16 адам;
  • тігін өнеркәсібі және киім үлгілеу — 9222 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша — 8928 адам;
  • тоқыма өндірісі — 171 адам, мемлекеттік тапсырыс бойынша — 171 адам;
  • тоқыма, текстиль, галантерея бұйымдары технологиясы — 25 адам.

Жеңіл өнеркәсіп бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық кеңес құрылды. 

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын ескерумен жеңіл өнеркәсіптің басымдықты мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттар әзірленді. Жеңіл өнеркәсіп бойынша техникалық және кәсіптік білім беру түлектерінің біліктіліктерін беру және бағалау бойынша тәуелсіз арнайы орталық құрылды. 

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында тәжірибеден өтуді арттыру қарастырылған, бұл оқу орындарына білім беру бағдарламаларының мазмұнының 50%-ын өз бетінше өзгертуге мүмкіндік береді. 

Кәсіптік іс-тәжірибені және өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, Қазақстан Республикасының колледждер қауымдастығымен өзара қарым-қатынас дамытылуда. 

 

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары: әлеует бар

Қазақстан Үкіметі жеңіл өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Премьер-Министр Асқар Мамин жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын жеке бақылауына алған. Мәселен, өңірлерге жұмыс сапарлары аясында Үкімет басшысы фабрикалар мен зауыттардың жұмысын тексереді. Аталған кәсіпорындардың қазіргі жағдайы мен олардың жетістіктері саланың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. 

Мәселен, биылғы наурыз айында Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына барды, онда отандық тоқыма бұйымдарын шығаратын фабрикаға барды. Киім элементтерін тігу, былғары бұйымдар, аяқ киім тігудің өндірістік процесін қарау кезінде Асқар Мамин шығарылатын өнім сапасын бағалады, сондай-ақ, қазақстандық өндіріс өнімін сатып алды. Жаңа аяқ киімді Премьер-Министр 12 мың теңгеге сатып алды. 

Биылғы тамыз айында Асқар Мамин жеңіл өнеркәсіптің тігін саласының ірі өндірістік кәсіпорны «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС барып, ол жақтан күртке сатып алды. 

Тігін фабрикасы 19 жыл ішінде өнеркәсіптік салаларға арналған арнайы жұмыс киімдерін әзірлеп, шығарады. Оның қуаттылығы — жылына 250 мың бұйым. Өндірісте 157-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандар, көп балалы аналар, халықтың әлсіз топтарынан шыққан әйелдер, жас мамандар, зейнеткерлер және Жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері бар.

Қазан айында Премьер-Министр жұмыс сапары аясында «Большевичка» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Фабриканың негізгі қызметі әртүрлі ассортименттегі тігін бұйымдарын шығару, соның ішінде: мектеп формасы, республиканың күш құрылымдарына арналған нысанды киім-кешек, мұнайшыларға, газшыларға, теміржолшыларға, медицина қызметкерлеріне және т.б. арнайы киімдер шығарады. Экспортқа шығару тәжірибесі бар. Барлық өнімдер сертификатталған және импортталатын өнімдердің аналогтарынан кем емес. Фабрикада 420 жұмысшы жұмыс істейді, олардың 90%-дан астамы — әйелдер. Жылдық шығарылатын өнім көлемі — 1 млрд теңгеден асады. Кәсіпорын жоғары технологиялық жабдықтармен және жоғары білікті мамандармен жабдықталған.

2019 жылдың 5 желтоқсанында Шымкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен «Alliance» сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-нің жіп иіру фабрикасын іске қосу рәсімі өтті. «Alliance Textile» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өзбек қауымдастығы мақта талшығын өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайтын өндіріске $12 млн инвестиция салады.

«Alliance» ЖШС фабрикасында жыл сайын 6 мың тонна мақта талшығы өңделіп, одан 2 400 тонна кард әдісі бойынша иірілген жіп және 2400 тонна таралған иірімжіп шығарылатын болады. Кәсіпорын келесі жылдың сәуір айына дейін толық қуатына шығуға ниетті.

Фабрика «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның инвесторды тауып, инвестициялардың Өзбекстаннан келгенінің арқасында іске қосылды. «Alliance Textile» өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы бірлескен кәсіпорын құрды. Қазақстандық тараптың талаптарына сәйкес және бизнес-жоспарға сәйкес инвестициялардың қажетті көлемі $12 млн деңгейінде анықталған, олардың бір бөлігі бүгінде салынған.

Жіп иіру фабрикасының ашылуы Шымкенттегі тоқыма кластерінің бірінші кезеңінің басталуы деп жарияланды. Ресми рәсімге қатысқан Үкімет басшысы Асқар Мамин Шымкентте тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралы келісімге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның XVIII отырысы аясында осы жылдың 22 маусымында қол қойылғанын еске салды.

Екінші, өте маңызды кезең «Меланж» АҚ тоқтап тұрған тоқыма фабрикасының іске қосылуы болады. Ол бойынша инвестицияны шамамен бес есеге — $60 млн дейін ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі уақытта қайта құру жоспары дайындалған. Кейбір қосалқы бөлшектері сатып алынды. Болжам бойынша, барлық тоқыма кластері іске қосылғаннан кейін қазақстандық мақта өңдеу саласы екі есеге артады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл оңтүстік аймақта мақта шикізатын өңдеудің 20%, кейінгі жылдары 50% жеткізу жоспарлануда, болашақта бұл көрсеткішті 100%-ға дейін арттыру көзделген.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.