Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру және экологиялық бастамаларды ілгерілету — М. Мырзағалиев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Сәрсенбі, 10 Маусым 2020, 21:42:10

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді.

Бір жыл бұрын ел Президентінің Жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Осы уақыт ішінде ведомство жемісті жұмыс атқарды. Атап айтқанда, жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Қоршаған ортаны қорғау.

  2. Геология.

  3. Су ресурстары.

  4. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі.

 

Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көлемі 10%-ға төмендеді

Министрлік ұлттық және өңірлік сипаттағы сегменттер, сондай-ақ оларды шешу дәрежесі бойынша экологиялық проблемаларға тексеру жүргізді.

Өңірлік экологиялық проблемаларды талдау атмосфералық ауаның ластануы және қалдықтарды басқару мәселелері неғұрлым өткір проблемалардың бірі екендігін көрсетті.

2019 жылғы экологиялық мониторингтің нәтижесінде Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен қалаларында атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі анықталды.

Зиянды заттар шығарындыларының жалпы деңгейі 2018 жылдың деңгейінде тұрақталды, бұл шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды. Төгінділер көлемі 2018 жылы 1,1 млн тоннадан 2019 жылы 0,98 млн тоннаға дейін немесе 10 пайызға төмендейді. Бұл көрсеткішкерге табиғатты қорғау шараларын іске асыру және кәсіпорындардың экологиялық таза технологияларды енгізуі арқылы қол жеткізілді. 

2019 жылы экологиялық жағдайды жақсартуға табиғат пайдаланушылармен 172 млрд теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылғы деңгейден 7 пайызға артық.

Мысалы, Павлодар облысының «Қазақстан алюминийі» кәсіпорнында неміс технологиясының электрофильтрі іске қосылды. Ол бір метрге 50 милигграмға дейін қалдық шаңды тазартудың жоғары деңгейін көрсетіп, жақсы нәтиже беруде. Сондай-ақ осы айдың соңында екінші фильтрді орнату жоспарлануда. Жентектеу цехында шығарындыларды қысқарту жылына 2,4 мың тоннаны құрайды.

Қарағанды облысында «Қазақмыс Смэлтинг» кәсіпорнына қарайтын Жезқазған мыс балқыту зауыты озық технологияны қолдана отырып, жаңа күкірт қышқылы цехын салуды және пайдалануға беруді жоспарлауда. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 3 есе, яғни 60 мыңнан 20 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Өскемен және Теміртау өнеркәсіптік қалаларында атмосфералық ауаның жоғары ластануы, сондай-ақ Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарын кәдеге жарату мәселелерін шешу үшін Министрлік бірқатар компаниялармен шығарындыларды азайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді. Атап айтқанда, АрселорМиттал Теміртау 2024 жылға қарай эмиссия көлемін 30%-ға қысқартуға, Қазмырыш өз өндірісінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында күкірт диоксидінің шығарындыларын 20%-ға қысқартуға міндеттенді. ҚазМұнайГаз бірнеше жыл ішінде көлемі 3,6 млн м3 болатын тарихи мұнай қалдықтарын жояды.

 

Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 6 есеге артты

Қазіргі уақытта еліміздің 3,2 мың полигонына 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Жыл сайын 5 млн тоннадан астам ҚТҚ қалыптасады. Коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсуі 5% құрайды. Халықтың 70%-дан астамы қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен қамтамасыз етілген.

«Бізде полигондардың қуаты іс жүзінде таусылған, олардың басым бөлігі (83%) экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ», — деді министр.

М. Мырзағалиев 2016 жылы енгізілген өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) тетігінің арқасында ҚТҚ өңдеу үлесін 6 есеге — 2,6-дан 15%-ға дейін арттыруға қол жеткізді. Алайда, бұл өте жеткіліксіз. Салыстырып қарасақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-дан асады.

Қайта өңдеудің жоғары үлесі Маңғыстау (33%), Алматы облыстарында (23,3%) және Шымкент қаласында (22,7%) байқалады, ал төмен үлесі Ақмола (3%), Шығыс Қазақстан (3,3%), Батыс Қазақстан (8,6%) облыстарында байқалады.

Рұқсат етілмеген үйінділер санының көбеюі мәселесі де назар аударуды қажет етеді. 2019 жылы ғарыш мониторингі аясында 9 мыңнан астам үйінділер анықталды. Министрлік қалдықтарды жою кестелерін жасады. 30%-ға жуығы (2,7 мың), шамамен 400 мың тонна көлемімен жойылды, ал бұл Ақтөбе облысында немесе Нұр-Сұлтан қаласында түзілетін қалдықтарының жылдық көлемі.

Бірқатар өңірлерде кәдеге жарату көрсеткіші өте төмен. Атап айтқанда, Ақтөбе және Ақмола облыстарында кәдеге жарату үлесі 3%-ды құрайды.

Сонымен қатар заңсыз қоқыс тастайтын жерлер мәселесін шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көлікте GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі қарастырылған.

 

Мұндай үлкен көлемді қалдықтарды қалай азайтуға болады?

Бүгінде еліміз бойынша орташа тариф 200 теңгені құрайды, инвестордың келуі үшін тарифті ондаған есеге ұлғайту қажет.

«Біз мұны жасай алмаймыз. Осыған байланысты, біз еуропалық тәжірибені зерделедік және климат жағдайларын ескере отырып, біз жалғыз шешім "Waste to energy" технологиясы екенін көріп отырмыз. Бұл жалпы электр желісінде сатылатын, қоқысты жағып, одан электр энергиясын өндіретін механизм», — деді М. Мырзағалиев.

Осылайша, саланың инвестициялық тартымдылығы пайда болады және жеке компаниялар елге келуі мүмкін.

Министрлік Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан тиісті заң жобасына бастама жасады. Заң қабылданғаннан кейін ЭГТРМ алғашқы аукциондарды өткізуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда әкімдіктермен жер учаскелерінің, инфрақұрылымдардың болуы және қалдықтарды кепілді тиеу бойынша мәселе белсенді түрде пысықталып жатыр.

Жойылуы қиын органикалық ластауыштар (ЖҚОЛ) мәселесі де шешімін тапты. Елімізде бүгінде Кеңес заманынан бері құрамында ЖҚОЛ бар қалдықтардың орасан зор көлемі жинақталған. Бұл құрамында ПХД бар майлы 40 мыңнан астам трансформаторлар мен конденсаторлар, 82,6 тонна және 4 100 литр ескірген тыйым салынған, пайдалануға жарамсыз пестицидтер және т. б.

2019 жылы Министрлік ЮНИДО-мен (БҰҰ) Қазақстанға қауіпті қалдықтарды жою жабдықтарын орнатуды беру туралы келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ М. Мырзағалиев «Дарьял-У» қауіпті қалдықтар мәселесі бойынша жұмысты атап өтті. Бұл проблеманы қайта орауға және қалдықтарды шығаруға қаржыландырудың жоқтығынан 15 жыл ішінде шешу мүмкін болмады.

«Біз бұл мәселені "РОП" ЖШС-мен пысықтадық және олардың арқасында бұл мәселе шешілді. Маусым айының соңына дейін Балқаш көлінің жағалауынан қауіпті қалдықтар шығарылып, ЮНИДО жобасы аясында жойылады», — деді министр.

 

Ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін ақы төлеуден босатылады

Қазіргі экологиялық проблемаларды тиімді шешу үшін әрбір өңір олардың ерекшелігін ескере отырып, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірледі және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдіктер Экологиялық жағдайды жақсартудың кешенді жоспарларын әзірледі.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар кешені жеткіліксіз, ұлттық деңгейдегі шаралар қажет.

Елбасы мен Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәсілдері негізінде Экологиялық кодекстің жаңа жобасы әзірленді. Жоба талқылаудың белсенді кезеңінен өтті. 2 мыңға жуық түзету келіп түсті, жоба 40-50%-ға өзгертілді.

Басты бағыттардың бірі — «ластаушы төлейді» халықаралық экологиялық қағидатын іске асыру. Яғни, ластаушыға айыппұл санкцияларын төлегеннен гөрі, ластануға жол бермеу экономикалық жағынан тиімді және ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізетін болады.

Бюджетке ақшалай өтемақы өндіріп алудың орнына экологиялық залалды заттай нысанда өтеу (яғни қоршаған ортаның бұзылған компоненттерін қалпына келтіру) көзделетін болады.

Елдегі экологиялық жағдайды жақсартудың нақты мүмкіндігі — өнеркәсіпте ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу. Оған көшу үшін тиісті Бюро құру, сондай-ақ олар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, ірі компаниялардың өндірістерін кейіннен жаңғыртумен технологиялық аудитін жүргізу жоспарлануда. Бұл мәселеде біз ластаушы заттардың шығарындылары 94%-ға қысқарған еуропалық елдердің тәжірибесіне сүйенеміз.

Бұл ретте ОҚТ енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін ақы төлеуден босатылады. Егер олар ОҚТ-ға өтпесе, олардың эмиссия үшін төлем мөлшерлемелері бірнеше есе өседі. Бұл өз кезегінде табиғат пайдаланушылар үшін ынталандырушы құрал болып табылады. Бұл жылдам шешілетін мәселе емес, компанияларға өтпелі кезең қажет. Бірақ нәтиже бойынша ластаушы заттарды төмендету нормативтері бойынша еуропалық стандарттарға қол жеткізе аламыз.

 

100% мөлшеріндегі экологиялық төлемдер өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталады

Сондай-ақ, жұртшылық пен халықаралық сарапшылар экологиялық төлемдерге және олардың жұмсалуына қатысты қазіргі жағдайді үнемі айтып келеді. Бүгінде экологиялық төлемдер қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету үшін емес, бюджетті толықтыру көзі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар түсетін қаражаттың тек 45%-ын қоршаған ортаны қорғауға бөледі. Ал кейбір өңірлер бюджетке түскен төлемдердің 10%-ынан азын жібереді.

Осыған байланысты, жаңа Экологиялық кодексте экологиялық төлемдердің жергілікті бюджеттеріне түскен қаражаттың 100%-ы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталатыны көзделген.

Өткен жылдың соңында жаңа Экокодекс жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді және қазір ҚР Парламенті алаңында талқыланып жатыр.

 

Тек бірлескен іс-әрекеттер ғана елдің табиғи байлығын сақтауға көмектеседі

Экологиялық мәдениет пен тәрбиені қалыптастыру мәселесі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басты назарында. Былтыр Министрлік «Бірге. Таза Қазақстан», «Бірге. Жасыл Қазақстан» экологиялық акциялары бойынша бастама көтеріп, аталған шараларға 560 мыңнан астам адам қатысты, 340 мың тонна қоқыс жиналып, 1 млн астам ағаш отырғызылды.

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу және қоқыстарды сұрыптауға үйрету бойынша іс-шаралары жүзеге асырылуда. 

Ақпан айында эко-белсенділердің алғашқы республикалық слеті өтті. Бүкіл ел бойынша экологиялық бастамаларды үйлестіру және ілгерілету үшін әрбір өңірде эко-амбассадорлар анықталды.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласынан 10-сынып оқушысы Аружан Сахариянова өз құрдастары мен ересектер арасында Zero waste ағымының идеяларын белсенді насихаттауда. Алматы қаласынан Салтанат Тәшімова ағаштарды заңсыз кесу тобы бойынша Жасыл комиссия құруға бастамашысы болды.

«Егер халықтың 5 пайызы күнделікті өмірде экологиялық мәселелерге саналы түрде қараса, онда бүкіл халыққа экологиялық мәдениет пен сананы сіңіруге болады деп сенемін. Құрметті азаматтар, мен еліміздің әрбір тұрғынын үй қоқыстарын сұрыптаудан бастап, электр энергиясы мен суды үнемдеуге, полиэтилен пакеттерін пайдалануды азайтуға және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырамын», — деді М. Мырзағалиев. 


Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашу перспективалары туралы

Геология саласының дамуы туралы айта келе, М. Мырзағалиев саланың алдында тұрған негізгі сын-тегеурін қордың толықтырылу деңгейінің төмендігі екенін атап өтті.

«Мұнай қорының орнын толтыру коэффициенті 1,5-ға тең. Өсім жаман емес секілді, бірақ бұл негізінен Қашаған есебінен қол жеткізілген. Қашаған болмаса, толтыру коэффициенті 0,9, алтын бойынша – 0,29, мыс бойынша – 0,08, полиметаллдар бойынша – 0,21 болар еді», — деді министр.

Соңғы онжылдықтарда полиметалл кендерінің көптеген ірі кен орындары өңделді: мысалы, Зырянск, Николаевск, Белоусовское кен орындары және т. б. 2025-2040 жж. кезеңде қала құраушы және өңірлер экономикасына әсер ететін бірнеше ірі кен орындары пысықталады.

Сонымен қатар Қазақстанда жаңа ашылымдар үшін айтарлықтай үлкен перспективалар бар. Мәселен, Ақмола және Қостанай облыстарында, сондай-ақ орталық, шығыс және оңтүстік аймақтардың аумақтарында алтын кен орындарын ашу әлеуеті бар.

Жаңа қорғасын-мырыш кен орындары Орталық және Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сондай-ақ Ресеймен және Қытаймен шекаралас аудандарда ашылуы мүмкін. Жаңа кен орындарын және басқа да кенді пайдалы қазбалар — вольфрам, молибден, алюминий, қалайы, сондай-ақ сирек кездесетін жерлерді ашу перспективалары бар.

Көмірсутектер тұрғысынан да әлеует бар. Геологтар шамамен 76 млрд тонна болатын шартты отынның болжамды ресурстарымен 15 шөгінді бассейнді бөлді. Шөгінді бассейндердің зерттелу дәрежесі әртүрлі, оның ішінде 5-еуі и — герілген, 5-еуі — аз зерттелген, 5-еуінің перспективасы аз.

Бүгінде мұнай мен газ өндірудің барлық көлемі 5 игерілген бассейнде өндіріледі. Олардың ішінде ең ірісі Каспий маңы, оларға елдің ресурстық базасының 80%-ға жуығы тиесілі.

Бүгінге дейін біздің басты мұнай-газ провинциясы отандық, шетелдік компаниялар, сондай-ақ ҚазМұнайГаз тарапынан жер қойнауын пайдалануға қаражат салу үшін әлі де тартымды болып отыр.

Осыған байланысты негізгі бассейннің КСҚ қорларын өсіру үшін барлық геологиялық барлау жұмыстары терең көкжиектерді зерттеуге бағытталуы тиіс. Жұмыстардың осындай бағыттары қалған игерілген бассейндер бойынша да орындалады.

5 аз зерттелген шөгінді бассейннің — Солтүстік-Торғай, Ертіс маңы, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу бассейндерінің геологиялық-геофизикалық зерделенуін арттыру мақсатында 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Олардың нәтижелері бойынша инвестициялар есебінен одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын қою үшін перспективалы учаскелер анықталатын болады.

Мұндай үрдіс бүгінгі күні геологиялық барлауды жандандыру қажеттілігінің дәлелі болып табылады, өйткені жаңа кен орнын ашу мен іске қосу арасында 10-15 жылдан кем емес уақыт өтеді.

«Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кірістік. Аз зерттелген шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін анықтау және тау-кен аудандары шегінде "терең көкжиектерді" зерттеу қарастырылған», — деді М. Мырзағалиев.

 

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2025 жылға қарай аумақтың зерделенуін зерттеу үшін қол жетімді 25%-дан 37%-ға дейін арттыруға, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға және пайдалы қазбалардың шамамен әлеуетті перспективалы 50 объектісін бөлуге, шөгінді бассейндердің зерттелу дәрежесін: игерілген бассейндерді – 60%-ға дейін; аз зерттелгендерін 10%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Аталған міндеттерден басқа, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру геологиялық барлау жұмыстары кезінде халықты жұмыспен қамтуды 60 мың адамға арттыруға, инвестициялар тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу және пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Мұндай нәтижелер өңірлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге оң әсер ететіні сөзсіз. Бағдарлама әзірленіп, Үкіметтің қарауына енгізілді.

Геологиялық саланың инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биылғы жылдың сәуір айының басында Қазгеология ALS компаниясымен бірлесіп Қарағандыда қуаты жылына 350 мың сынамаға дейінгі заманауи геохимиялық зертханасын іске қосты. Қазақстанда оған аналогтар әзірге жоқ. Оны іске қосу жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстанда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді, ал олар шетелдік орталықтарға жүгінуге мәжбүр болды, бұл уақыт пен қаржы ресурстарының жоғалуына алып келді.

2019 жылдың соңында минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкін әзірлеуге кірісті. 2021 жылы бұл жұмыс аяқталады. Бұл геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізу арқылы инвесторлар үшін «терезе» болады.

 

Экономиканың маңызды бағыты — су шаруашылығы

Мағзұм Мырзағалиев ел өзендерінің ағысы қалай қалыптасатыны туралы айтып берді.

«Қазақстанның су ресурстарының көлемі шамамен 101 км3 құрайды. Бұл көлемнің 54%-ы ел ішінде қалыптасады және 46%-ы шектес елдерден келеді. Жер асты суларының қоры жылына 15,5 км3 құрайды», — деді министр.

Қазақстан су «күйзелісі» жоғары елдер қатарында 68 мемлекеттің ішінде 60-орында тұр. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның су тұтыну көлемі 2040 жылға қарай 56%-ға өседі және су ресурстарының тапшылығы жылына 12 км3-ге дейін құрауы мүмкін.

М. Мырзағалиевтің мәліметінше, қазіргі уақытта елдегі сумен қамтамасыз ету жағдайы экономика салалары мен халықтың талаптарын әлі де қанағаттандыруда. Алайда су шаруашылығындағы келесідей негізгі түйткілдерді атап өтуге болады. Біріншіден, өзен ағынының құлауы мен суды тұтынудың өсуі салдарынан орта және ұзақ мерзімді кезеңде елді сумен қамтамасыз етудің болжамды төмендеуі. Екіншіден, арналардың және ирригациялық жүйелердің тозуы салдарынан тасымалдау кезіндегі судың жоғары шығыны. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында шығындар 50%-ға дейін жетеді. Оларды қысқарту үшін арналарды жөндеу мен су ресурстарын автоматты басқаруды енгізу талап етіледі. Үшіншіден, инфрақұрылымға тартылатын инвестициялардың және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

«Осыған байланысты біздің алдымызда 2030 жылға дейін қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту есебінен су балансын 100 км деңгейінде сақтау, суармалы жерлерді 1,4-тен 3,0 млн га-ға дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелерді салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және қайта жаңарту, су саласын цифрландыру, су үнемдеу және т. б. міндеттер тұр», — деді министр. 



3 жыл ішінде 6,7 мың км астам су арналарын қайта жөндеу жоспарланған

Жерді суландыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды. 2019 жылы 66 мың га алқапта су шаруашылығы инфрақұрылымы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ еліміздің 5 өңірінде (Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары) суармалы жерлердің шамамен 0,5 млн га сумен қамтамасыз етілуін арттыру және қалпына келтіру бойынша тиісті жобалар іске асырылуда. Қарыз және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырудың жалпы сомасы — 274 млрд теңге.

Жалпы алғанда, 3 жыл ішінде 6,7 мың километрден астам арна, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тік дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылығы құрылысын қайта жаңғырту жоспарланған..

88 мың жұмыс орны, оның ішінде құрылыс кезеңінде 11 мың жұмыс орны ашылады. Қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу ауылдық жерлерде 77 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Жыл сайын 165 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріледі. Бұл сауда, өнімді қайта өңдеу, мал шаруашылығы салаларының одан әрі дамуына мультипликативті әсер ететін болады.

Алдағы екі жылда жалпы ұзындығы 1,2 мың км болатын 6 жобаны аяқтау жоспарлануда. 250 мың адамды сумен жабдықтау жүйесі жақсартылады.

Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі мәселелері маңызды болып саналады.

Ормандар көлемінің артуы байқалады. 2018 жылы 52,7 мың гектарды құраса, өткен жылы 64 мың гектарға жетті.

4,6 мың гектар алаңда елорданың жасыл аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыс орталықтарының айналасында ұқсас аймақтар құру жоспарланған. Қазірдің өзінде жұмыс жобалары әзірленді. 2030 жылға қарай жасыл аймақтардың алаңын 68 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. 

Орман өрттерін алдын алу жұмыстары жалғасуда. Орман өрттері болған алқаптың төмендеуі байқалады. Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл басынан бері 16 мың гектардан астам аумақта 191 орман өрті тіркелді. Өрттен келген шығын 1,8 млрд теңгені құрады.

Орман алқаптарының жағдайына қоғамдық бақылау жүргізуге ел тұрғындарын барынша тарту үшін арнайы веб-сайт іске қосылды.

Сексеуіл екпелерін сақтау — маңызды сұрақтың бірі. 2019 жылы Корей орман қызметімен өзара іс-қимыл жасау нәтижесінде Арал теңізінің құрғаған түбінде 5 мың гектар егілді. Осы жылы 2,5 мың гектарға сексеуіл отырғызылады. 

Сондай-ақ 2019 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 165,6 мың сексеуіл екпелері және 23,5 мың гектар сексеуіл тұқымы отырғызылды.

Тұтастай алғанда, биыл «Өсімдік әлемі туралы» Заң жобасы және 2030 жылға дейінгі Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау тұжырымдамасы әзірленеді. 



Қазақстанда Ұлттық парктерді дамытудың америкалық үлгісі пайдаланылатын болады

Министрлік экологиялық туризмді дамытуға басымдық береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық саябақ бар. 2019 жылы оларға 1,5 млн адам барған. Ұлттық парктердегі экотуризмді дамытудың негізгі проблемалары — орналастыру орындарының, қоғамдық тамақтану сапасының төмендігі және тиісті инфрақұрылымның болмауы, атап айтсақ: жабдықталған соқпақтар, ақпараттық орталықтар, жалға беру пункттері, кәдесый дүкендері, қарау алаңдары, отыратын орындар және т. б. жоқ.

Осыған байланысты көптеген елдердің тәжірибесі зерделенді. Мысалы, Йосемит ұлттық паркінде (Калифорния штаты) 400 туристік-рекреациялық нысан бар, жыл сайын 5 млн адам келеді, 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономикаға тигізер пайдасы $625 млн құрайды. Ұлттық парктерді дамытудың америкалық моделін пайдалану туралы шешім қабылданды, ол бойынша күрделі құрылыс жүргізбей, глемплингтер, кэмпингтер, қарау алаңдарын, этно-ауылдар, шатырлы лагерьлерді орналастыра отырып, туристік соқпақтар мен маршруттарды дамытуға басымдық беріледі.

Осыған байланысты Алматы тау кластерінің 4 ұлттық паркін: Іле Алатауы, Шарын, «Алтын емел», «Көлсай көлдерін» дамыту бойынша тиісті шетерлік жоспарлары әзірленді.

Тек Алматы өңірінің ұлттық парктері бойынша 13 заманауи визит-орталық салу, 590 шақырымнан астам жаяу маршруттар салу көзделіп отыр.

Министрлік Қазақстанның 2030 жылға дейінгі экотуризмін дамытудың болжамды мүмкіндіктерінің есебін жүргізді. Осылайша, жеке инвестициялар көлемі 500 млрд теңгеге жетеді, туристер саны 12,5 млн-ға дейін ұлғаяды, 20 мыңға дейін қосымша жұмыс орны ашылады.

Біздің министрлік әрқашан ашық диалогқа дайын. Менің орынбасарым Алматы қаласында екі апта бойы барлық мәселелерді талқылау үшін эко-белсенділермен кездесулер өткізіп жүр», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі кеңес құрылады, оған осы саладағы сарапшылар, министрлік өкілдері, қоғам өкілдері, эко-белсенділер кіреді. Кеңес инвестор тарапынан міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыра алады, ұлттық паркті дамыту жоспарын талқылауға қатыса алады және қажет болған жағдайда оның аспектілерін іске асыруға ықпал ете алады.

 

Қазақстан заңнамасына браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер енгізілді


Жануарлар дүниесінде жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен ақбөкен санының артуы байқалуда. Ақбөкеннің популяциясы 334 мыңға жетіп, өсім 55%-ды құрады. 

Алайда браконьерлік фактілердің еңсерілмей келе жатқанын мойындау керек.

Мемлекет басшысы браконьерлікпен күрес мәселесіне ерекше мән береді. Министрлік Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратурамен бірлесіп 2019 жылы браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнамаға түзетулер енгізді.

Қылмыстық кодекске табиғатты қорғау инспекторлары мен қорықшылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін қатаң жаза қарастыратын жеке бап енгізілді.

Инспекторлардың ауыр еңбегін сезіне отырып, Президенттің тапсырмасына сәйкес Министрлік инспектор мәртебесін көтеруді жоспарлап отыр.

Осылайша браконьерлікпен күресу үшін инспекцияларды қазіргі заманғы құралдармен қамтамасыз ететін жаңа нормативтер (арнайы техника, төс камералары, бронежелеттер) әзірленді.

Жақында ғана Мемлекет басшысы браконьерлікке қарсы күрес ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар инспекторды алғыс хаттармен марапаттады.

 

Балық шаруашылығында 11 мың адам жұмыс істейді

Экономикада балық шаруашылығы маңызды рөл атқарады. Былтыр 45 мың тонна балық ауланды, бұл 2018 жылғы деңгейден 23%-ға жоғары (36,4 мың тонна). Салада 11 мың адам жұмыс істейді.

Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, онда 1 мыңнан астам (1126) адам жұмыс істейді. Тауарлық балық өсіру көлемінің өсуі байқалады. Былтыр 6,9 мың тонна балық өсірсе, бұл 2018 жылғы деңгейден 19%-ға жоғары. Биылға жоспар — 7,8 мың тонна.

Өткен жылы балықты қайта өңдеу нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн АҚШ доллары болатын 30 мың тонна өнім экспортталды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6%-ға артық.

Балық шаруашылығындағы өткір проблема балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы болып отыр. Ол балық өндірудің орташа жылдық көлемінен 5 есе артық. Балық айналымының барлық процесін цифрлау қажет. Балықтарды көлеңкеден шығару салық салу базасын 40 млрд теңгеге арттырады.

Каспий теңізінің ресурстарын игеру есебінен отандық нарық көлемін 66-дан 120 мың тоннаға, балық аулауды 45-тен 60 мың тоннаға, ал балық өсіруді 7-ден 60 мың тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта Министрлік балық шаруашылығын ұзақ мерзімді дамыту үшін, инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын құруға ықпал ететін саланы субсидиялау бойынша бірқатар заңнамалық шараны пысықтауда. 

«Министрлік алдында тұрған басты міндет — қолайлы қоршаған орта, сапалы ауыз су және біздің табиғи байлығымызды сақтау арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту», — деп қорытындылады министр М. Мырзағалиев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.