Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған

Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2020, 17:06:11

Бүгін онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020-2021 жылдардың оқу процесін ұйымдастыру туралы, сондай-ақ карантин жағдайындағы оқытудың бірінші аптасының қорытындылары туралы айтып берді.

 

Қашықтан оқыту балалардың денсаулығын барынша сақтауға бағытталған

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов балалардың білімі өте маңызды, дегенмен денсаулық — басты мақсат екенін атап өтті. Бұл бағыт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауына алынған.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тәуліктік өсім 0,1%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда COVID-19 вирусын жақында жұқтырған 86 адам тіркелген. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап науқастарды төсек-орындарымен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есе, КВИ мәселелері бойынша шұғыл медициналық көмекті шақыру саны 5,5 есе төмендеді. Науқастардың 99%-ы емделіп шықты, бұл дұрыс емдеу тактикасын көрсетеді, бірақ қауіп әлі де бар.

Әлемдегі COVID-19 жағдайына келер болсақ, қауіп әлі де сақталған. Күн сайын 250 мыңнан астам науқас және 5 мың өлім-жітім тіркелуде. Италияда, Францияда, Германияда, Австрияда, Испанияда, Ұлыбританияда, Түркияда соңғы айда аурудың өсуі байқалады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде де қауіп сақталуда (РФ – 0,5%, Өзбекстан – 0,9%, Тәжікстан – 0,4%, Қырғызстан – 0,1%).

Сондықтан мектептердің жұмысын, оқу процесін қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешім балалардың денсаулығын барынша сақтау мақсатында қабылданды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 2 400-ден астам бала коронавируспен ауырды. Бүгінде 34 бала емделіп жатыр.

Мұндай жағдайда Үкіметтің міндеті — қазақстандықтарды, бірінші кезекте, балаларды қауіпті вирустан барынша қорғау.

«Балалар коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса да, ересектер қауіп тобында. Олар кейіннен вирусты басқаларға таратып, инфекцияның жаңадан өршуін болдыруы мүмкін. Бұл тәжірибе бізге белгілі», — деді вице-премьер.

Осыған байланысты оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылардың негізгі бөлігін қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылданды.

Бұл нұсқа бойынша әлемнің 100-ден астам елі әрекет етуде.

Қазақстанда 3 млн 400 мың оқушы бар. Оның ішінде балалардың 77%-ы оқытуды қашықтан бастады (2,6 млн).

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезеңде жалпы контингенті 800 мың оқушы (оқушылардың 23%) болатын кезекші сыныптар мен шағын жинақты мектептер ашылды.

Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі мектептердің жұмысын штаттық режимде қалпына келтірудің екінші кезеңі бойынша ұсыныстар әзірледі.

Бұл ұсыныстарды Үкімет жан-жақты қарайды, олар бойынша ең алдымен қазақстандықтардың мүдделері мен балалардың қауіпсіздігіне жауап беретін салмақты шешімдер қабылданады.

«Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, балаларды қашықтан оқыту қажеттілігі туралы тағы да ескертемін. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында карантиннен кейін балабақшалардың кезекші топтарын аштық. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан облысында және басқа да өңірлерде балалар арасында коронавирус тіркеле бастады. Себебі вирустың бір баладан қоғамға таралу тізбегі өте қарапайым. Өзіңіз қараңыз: бала – сынып – мектеп – ата-ана – ұжым – қоғам», — деп түсіндірді Е. Тоғжанов.

Сондықтан бұл бағыт Мемлекет басшысының қатаң бақылауында, оқу процесін жалғастырудың әрбір кезеңі қаралып, мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізіледі.

Әрбір келіп түсетін мәселе қаралады және ол бойынша шұғыл түрде жауап беріледі. Бүгінгі таңда қашықтан оқыту жүйесімен байланысты көптеген сұрақтар мен проблемалар бар. Сонымен қатар атқарылатын жұмыс көлемі өте ауқымды. 

«Әрине, штаттық режимде оқыту өте тиімді, нәтижелі әрі сапалы. Дегенмен, балаларымыздың денсаулығын сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Бұл балалардың арасында болашақ Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұландар бар. Ең бастысы – әл-ауқат. Мемлекет өз тарапынан бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», — деді Е. Тоғжанов.

Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Премьер-Министрдің орынбасары қашықтан оқыту ата-аналарға қиындық тудырмауы керек екенін айтты.

«Балалармен жұмыс істейтін ата-аналарға қатысты айтар болсақ, бүгінгі күні мұндай үлкен проблема көріп тұрған жоқпын. Себебі жұмыс істегісі келетін ата-аналар еш уайымсыз жұмысқа бара алады. Балалар кезекші топтарға бара алады», — деді Ералы Тоғжанов.

Брифингте қашықтан оқитын балаларға көмектесу үшін жұмыстан босатылған немесе ақысыз демалыста жүрген ата-аналарға мемлекет табыстың бір бөлігін өтей ме деген сұрақ қойылды.

«Бүгінде қашықтан оқыту форматы үшін үйде отыруға мәжбүр болған ата-аналарға қатысты барлық қажетті қолдау көрсетілді. Бүгінгі күні Үкімет барлық шараларды іс жүзінде қабылдады. Сіздер бұл туралы бүгінде жақсы білесіздер деп ойлаймын. Карантин кезеңінде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған компанияларға қатысты бірқатар нақты қолдау шаралары қабылданды. Тіпті осы компанияларға қатысты да барлық қажетті шараларды қабылдадық. Сондықтан, сіздер көтеріп отырған мәселеге қатысты мемлекет бүгінгі таңда көптеген шара қолданып жатыр», — деді Е. Тоғжанов.

 

Қашықтан оқыту үшін 435 мың компьютер уақытша пайдалануға берілді

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пандемияға байланысты оқушылардың басым бөлігі – 2,6 млн бала қашықтан білім алып жатқанын атап өтті. 800 мың бала дәстүрлі форматта оқиды. 250 мың бала оқушылар саны 180 балаға дейінгі мектептерде дәстүрлі форматта оқиды. Бұл барлық контингенттің 7,3%-ы. Жалпы, оқушылардың 24% дәстүрлі форматта оқиды. Сондай-ақ еліміздің 7 мың мектебінің 3 мыңы, оның ішінде шалғайдағы шағын жинақты мектептерде дәстүрлі форматта оқуды жалғастыруда.

«Біз ата-аналардың келісімімен мектептердегі 1-4 сынып оқушыларының 100%-ын қабылдауға дайынбыз деп айттық. Алайда, қазіргі уақытта офлайн форматта оқитын оқушылар саны 50%-ға да жетпейді», — деді министр А. Аймағамбетов.

Мысалы, бірінші сыныптарда — 55%, екінші сыныптарда — 35%, үшінші сыныптарда — 27%, төртінші сыныптарда — 24%. Жалпы алғанда, еліміз бойынша бастауыш сыныптарда 1,3 млн бала бар, 547 мың баланың ата-анасы ғана мектепте оқуға келісім берді. Бұл оқушылардың жалпы санының 16%-ы ғана.

Қашықтан оқыту үшін 435 мың компьютер уақытша пайдалануға берілді. Бұл мәселелермен әкімдіктер айналысуда. Жақын арада 300 мыңнан астам компьютер мұқтаж отбасылардың оқушыларына беріледі.

«Қарызға қатысты, 2014 жылы ол бойынша шешім қабылданды және 2018 жылы қарыз депутаттар тарапынан қолдау тапты. Бірақ сіз кез-келген жоба іске асырылған кезде осы жобаның жоспары мен бағдарламасы бар екенін, белгілі бір регламенттер мен ережелері, оның ішінде Дүниежүзілік банк бар екенін түсінуіңіз керек, сондықтан осы жоспар бойынша компьютерлер сатып алу 2021 жылға жоспарланған болатын. Тиісінше, 2020 жылдың бюджетінде бұл қаражат болған жоқ. Алайда, наурыз айында бізге көп техника қажет екендігі белгілі болған кезде, біз ДБ-ға жүгіндік, бірақ ережелер бойынша бұл 9 айға дейін созылатын конкурстық рәсімдер. Әкімдіктер жалпы бюджеттен компьютерлерге қаражат бөлгенін ескере отырып, осы компьютерлерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Себебі сатып алынған компьютерлерді қосымша қайта сатып алу қажеттілігі болған жоқ», — деді министр.

Күніне орта есеппен 2 млн сабақ өткізіледі. Онлайн платформалардағы сабақтар күніне 70-80 млн рет қаралды. Аптасына 12 млн пайдаланушы білім беру платформаларын пайдаланады, күн сайын — 2 млн-нан астам.

Тек «Күнделіктің» өзіне күн сайын 700 мыңға жуық баға қойылады, ал тапсырмалар саны 1 млн-ға жетеді.

«Бұл біздің әріптестеріміз өте үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар тек бір платформада 1 млн 730 мың тапсырма мен мультимедиялық жаттығулар, 110 мың интерактивті сабақтар дайындалды. Басқа платформада – 7 мың бейне сабақ, 75 мың тапсырма. Көлемді жұмыс атқарылды. Бүгінде балалар дайындалған тапсырмалар бойынша тиісті білім алып жатыр», — деп атап өтті білім және ғылым министрі.

Телесабақтар да өткізіледі. 6 мыңнан астам телесабақ жазылды. 1 қыркүйектен бастап «Хабар» агенттігі ТВ-сабақтарын түсіріп жатыр.

Қазақстандық педагогтар жазғы уақытта бірнеше курстар аясында дайындықтан өтті.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға $70 млн бөлу туралы қауесетке түсініктеме берді.

«Қашықтан оқытуға қаржы бөлу туралы айтып өтейік. Біреулер $70 млн бөлінді дейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені қашықтан оқыту тек осы жылы, сәуір айынан бастап қана қолға алынды, жалпы, төртінші тоқсанда іске асыру туралы айтар болсақ, қашықтан оқытуға бюджеттен қаражат бөлінбеді. Барлық ресурстар тегін қолжетімді болды, ТЖ режимі енгізілді, біз хабарластық және біздің барлық әріптестеріміз бұл үндеуге жауап берді. Сонымен қатар теледидар сабақтары да тегін түсірілді және тегін көрсетілді», — деді ол.

А. Аймағамбетовтың айтуынша, ауыл мектептеріндегі интернет жылдамдығы 4 Мбит/сек құрайды. Жалпы мектептердің 96%-ы интернетке 4 Мбит/сек жылдамдықпен қосылу мүмкіндігіне ие.

«2-3 жыл бұрын 4 Мбит/сек. өте жақсы жылдамдық болды. Бірақ қазір біз 8 және 16 Мбит/сек қосылу мүмкіндігі бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан қазір біз тарифтік жоспарды ұлғайту, оны өзгерту, деректерді беру жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз деректерді беру жылдамдығын әртүрлі көрсеткіштер бойынша өлшейміз. Өкінішке орай, жылдамдық әлі де төмен мектептер бар. Олар бойынша әкімдіктер, басқармалар, білім бөлімдері қосымша жұмыстар атқарып жатыр», — деді министр.

Сонымен қатар А. Аймағамбетов ата-аналар да, педагогтер де, балалар да үйренген дәстүрлі штаттық оқытуды қашықтан оқыту форматымен салыстыруға болмайтындығын атап өтті.

«Халықаралық зерттеулер бар, қазір көптеген елдерде диагностика жүргізілуде. Иә, сұрақтар бар, салыстыруға болмайды. Біздің міндетіміз – оқыту сапасының төмендеуіне жол бермеу. Тіпті пайда болуы мүмкін сәттер мен олқылықтар бойынша біз диагностика жүргіземіз», — деді ол.

Журналистер ҚР білім және ғылым министріне қашықтан білім беру кезінде үй тапсырмасы қажет емес деген сөздерін еске салды. Дегенмен мұғалімдер тапсырмалар беруді жалғастыруда.

«Шынында да, көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Баланың дәстүрлі форматта оқыған кезде оның сыныпта, мектепте оқитыны түсінікті, мұнда оған сабақ кезінде белгілі бір тапсырмалар беріледі. Ол оларды орындайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жұмыс осылай жүргізіледі. Әрі қарай, үйге қайталау үшін қосымша тапсырмалар беріледі. Бұл – осындай формат», — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бала қашықтан оқыған кезде ол үйде отырып оқиды. Ол үйде іс жүзінде жасайтын оқу тапсырмаларын бөлек беру, оларға үй тапсырмасын беру орынсыз.

«Сондықтан балаларды шамадан тыс жүктемеу үшін, біз оны басқа елдердің мысалында көрдік, арнайы зерттеулер бар, соның негізінде біз әдістемелік ұсыныстар жасадық. Біз оқудағы және үй тапсырмаларына бөлу жоқ деп айтамыз. Тек оқу тапсырмалары бар. Олар онсыз да үйде отырған балаларға беріледі. Сондықтан тапсырмалар көлемі біз ұсынған тапсырмалардан аспауы тиіс», — деп атап өтті министр.

Жалпы, ҚР БҒМ-де әр пән мен сынып бойынша ұсыныстар бар. Көлемі балалардың жас ерекшеліктеріне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты көрсетілген. Мұнда осы екі ұғымды саралау қажет.

А. Аймағамбетов қашықтан оқыту форматында баға қою қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

«2016 жылдан бастап жаңартылған бағдарламалар енгізіле бастаған кезде мүлдем басқа үндеулер айтылды. Формативті бағалау бес балдық шкала бойынша жүргізілуі тоқталып, бағалар жойылған кезде, әр сабақтың орнына нормативтік бағалау енгізіліп, ол баланың қай деңгейде екенін және қандай тақырыптарды игермей жатқанын немесе керісінше сабақтың мақсатына жеткенін бағалайтын ереже енгіліді. Содан кейін бізге күнделікті бағалауды қайтарыңыз деп айтылды, бұл бағалауларсыз мүмкін емес деді. Енді 4 жылдан кейін бізде қашықтан оқыту төртінші тоқсанда басталғанда 70-80% өтініш осы бағаларға байланысты болды», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министр қашықтан оқыту кезінде ата-аналарға баласының қандай тақырыптарды игеріп жатқанын және қайсысын игермей жатқанын көрмеу ыңғайсыз екенін мойындады.

«Яғни, оған тапсырма беріледі, ол нәтижені тек БЖБ мен ТЖБ жиынтық бағалау түрінде ғана көреді, ал ата-аналар күн сайын баланың белгілі бір бағалануын көргісі келеді, сондықтан әдіскерлер жаңа оқу жылына дайындық кезінде сарапшылармен бірге ата-аналар мен балаларға ыңғайлы болу үшін қашықтан оқыту форматы үшін уақытша шешім қабылдады, бұл көптеген басқа елдерде де қолға алынған, біз ерекше жағдай жасадық және мұғалімдер күн сайын балаларды бұрынғысынша бағалай алады», — деді министр.

«Бірақ бұл күн сайын мұғалім бағалау керек дегенді білдірмейді. Бұрынғыдай, бес балдық дәстүрлі бағалау жүйесінде, егер сыныпта 25 бала болса, мұғалім барлық 25 балаға баға қоймайтын. Бізде де осындай жағдай. Егер біз 2 млн-ға жуық сабақ өткізіліп жатқанын айтсақ, онда 700 мыңға жуық баға қойылып жатқанын көреміз. Сондықтан, менің ойымша, бағалау қазіргі уақытта диагностиканың белгілі бір бөлігі ретінде және кері байланыс мүмкіндігі ретінде қашықтан оқыту кезінде қажет», — деді А. Аймағамбетов.

 

Бүгінгі таңда мектептердегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай туралы айтуға әлі ерте

Өз кезегінде ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынының алдын алу үшін шектеу шараларының бір бөлігі сақталғанын хабарлады. Оның ішінде 1 қыркүйектен бастап барлық меншік нысанындағы мектептерде қашықтан оқыту форматы сақталды. Бұл мәжбүрлі шара.

«Қазір біз шараларды бәсеңдетудің ықтимал мәселелерін пысықтап жатырмыз, бірақ бұл кезең-кезеңмен жасалатын болады. Білім беру ұйымдары үшін онлайн-оқыту режимінің сақталуы мынадай себептерге байланысты. Біріншіден, ұйымдастырылған ұжымдардың бөлінуіне және карантин режиміне қарамастан, наурыз айынан бастап Қазақстанда балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 418 бала тіркелді. Олардың 98%-ы сауығып, 34-і емделіп жатыр. Ұйымдастырылған жабық ұжымдардың қалыптасуы инфекцияның таралу қаупін тудырады», — деді А. Цой.

Екіншіден, министр атап өткендей, ДДСҰ ақпаратына сәйкес, 12 жасқа дейінгі балалар аз қарқынды, бірақ сонда да коронавирус инфекциясын таратады. Ал 12 жастан асқан балалар коронавирус инфекциясының таралуында белсенді рөл атқарады және үйдегі адамдарға, қауіп тобындағы адамдарға инфекцияны тарату көзі бола алады және бұл созылмалы аурулары бар және 60 жастан асқан адамдар болуы мүмкін.

«Үшіншіден, байланыссыз термометрия, сыныптың толтырылуы, әлеуметтік қашықтық, маска тағу режимі, ағындарды реттеу, мектеп ішіндегі балалардың қозғалысын шектеу секілді күндізгі оқу мектептеріне қойылатын талаптарға қарамастан, егер олар сақталмаса, КВИ ауруын бақылау мақсатына қол жеткізілмейтінін түсінеміз. Біз олардың мектеп қабырғасында толық сақталуын қамтамасыз ету өте қиын екенін жақсы түсінеміз. Әсіресе кіші мектеп балаларының психологиялық дамуына байланысты. Мысалы, оларды ұзақ уақыт бойы бір жерде ұстау өте қиын», — деді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар карантин режимінің белгіленген талаптары сақталмаған жағдайда жабық үй-жайларда көп баланың шоғырлануы аурудың таралу қаупін тудыратын қауіпті деңгейге ие. Инфекцияның берілу қаупі басқа ересек топқа қарағанда бірнеше есе артады.

Төртіншіден. Білім беру ұйымдарында ауру жағдайларын тіркеу кезінде жақын байланыста болғандар саны да еселенеді. Мысалы, егер сыныпта бір оқушы ауырып қалса, онда бүкіл сынып пен мұғалімдер 14 күндік карантинге кетеді, сонымен қатар отбасыдағы байланыстар да бар. Егер науқастың басқа біреумен сыныптан тыс жерде байланысқаны анықталса, онда, тиісінше, бұл адамдар да карантинге жіберіледі. Осылайша, тіпті бір жағдайды тіркеген кезде де сыныптардың, тіпті мектептердің карантинге кету қаупі жоғары.

«Бесіншіден, бүгінде халықаралық тәжірибе бізге күндізгі оқудың теріс әсерін көрсетіп отыр. Германия тамыз айында күндізгі оқуға көшті. Қазірдің өзінде көптеген қалаларда КВИ жағдайлары тіркеліп, мектептер карантинге жабылды. АҚШ-тың бірнеше штатында балалар мен қызметкерлерде COVID-19-ға оң нәтиже алғаннан кейін мектептер жабылды. Англия, Франция, Польша – ондаған мектептер COVID-19 вирусының өршуі туралы хабарлады, кейбір мектептер жабылуға мәжбүр болды, ал басқалары қызметкерлер мен оқушыларды оқшаулану үшін үйге жіберді. Кореядағы мектептер қашықтан оқытуға қайтаоралды. Үндістан мектептері, колледждері мен оқу орындары әлі де ашылмады», — деді А. Цой.

Алтыншы. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мектептердегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай туралы айтуға әлі ерте, себебі 1 қыркүйектен бастап 180 оқушыға дейінгі мектептердегі және кезекші сыныптардағы онлайн-оқытуды ескере отырып, жағдайды бағалау үшін бір инкубациялық кезең — 14 күн өткен де жоқ.

«Жетінші. ЖРВИ мен тұмаудың жыл сайынғы өсуі туралы да ұмытпау керек. ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты ЖРВИ мен тұмаумен ауырып шыққан балалар КВИ жұқтыру және ауыру қаупіне барынша бейім», — деп атап өтті А. Цой. 

Денсаулық сақтау министрі журналистердің коронавирустық пневмонияның күрт ауытқу себептері туралы сұрағына жауап бере отырып, статистикалық мәліметтердің ауытқуы аптадан аптаға дейін жүйелі түрде байқалады деп жауап берді. Негізінен бұл деректер демалыс күндеріне байланысты.

«Емхана, аурухана деңгейінде жағдайлар тіркеледі, демалыс күндері емханалар жабылып, азаматтар демалыс күндері жүгінбей, медициналық мекемелерге жүгіну үшін жаңа аптаның басталуын күтеді. Негізінен, аптаның басында көп тіркеледі. Аптаның соңында бұл көрсеткіш төмендейді. Ең бастысы, көрсеткішті күннен-күнге емес, апта сайынғы көрсеткіштерді салыстыру қажет. Қазір біз жалпы сырқаттанушылықтың апталық көрсеткішін салыстырсақ, тұрақты төмендеуді көріп отырмыз», — деді А. Цой.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі елдегі карантинді қатаңдатуға ықпал ететін өлшемдерді атады.

«Негізгі критерийлердің бірі – төсек қорының 70%-дан астамының толтырылу. Қазір қолданыстағы төсектердің тек 15%-ы ғана қолданылып жатыр, егер біз төсек-орын қорының толып кететін жағдайын байқасақ, денсаулық сақтаудың ресурстық жүйесінің мүмкіндігі шектеулі болатынын көргенде, онда біз осындай шешімдер шығарып, мемлекеттік комиссияға шешімдерді ұсынамыз. Қазір біз эпиджағдайды қадағалап отырмыз, қазіргі уақытта ол тұрақты», — деді А. Цой.

Журналистердің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сатып алу туралы сұрағына денсаулық сақтау министрі клиникалық сынақтан өтетін кез-келген вакцина немесе кез-келген дәрі белгілі бір процедуралардан өтетінін атап өтті.

«Оксфорд вакцинасы бойынша жанама әсерлердің болуы мүмкін деген сұрақ туындап отыр. Ресейлік вакцинаға келер болсақ, осы вакцинаны қолдану топтары бойынша кез-келген шектеу клиникалық зерттеулердің кезеңділігіне байланысты. Қазақстанға вакцина ресми тіркеуді алған жағдайда ғана кіргізілетінін түсіну керек. Яғни, осы вакцинаның тиімділігін, қауіпсіздігін тексергеннен кейін ғана енгізіледі. Жанама әсері бар немесе дәлелденбеген кез келген вакцина, әрине, Қазақстан аумағына жіберілмейді», — деп түсіндірді А. Цой.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазақстандық вакцинаға келер болсақ, ол қазір 1-2 сынақ кезеңіне өтіп жатыр.

«Біз оған үлкен үміт артамыз. Клиникалық зерттеулер кезеңдерінен өткеннен кейін, егер біз клиникаға дейінгі зерттеулерде көрінген тұрақты әсерді көретін болсақ, онда бұл вакцина да барлық сынақтардан өткеннен кейін Қазақстанда тіркеліп, одан әрі нарыққа жіберіледі. Сондықтан біз бұл жұмысты мұқият жүргіземіз. Әр вакцинаға қатысты өте тиянақты жұмыс жүргізіледі. Біздің барлық сарапшылар бұл мәселемен айналысады», — деді А. Цой.

 

4 мыңнан астам елді мекен интернетке қосылған

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздің педагогтары мен оқушылары интернетпен қаншалықты қамтамасыз етілгенін және байланыс операторлары кеңжолақты интернетті Қазақстанның барлық ауылдарына қалай жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Цифрлық даму министрі атап өткендей, жалпы еліміз бойынша қазіргі уақытта 6 459 елді мекен бар, оның 4 646-сы түрлі технологиялар бойынша интернетке қосылған.

«Ең сапалысы оптикалық байланыс екені түсінікті, бірақ бізде интернет мыс кабельдері, радио-релейкалар және басқа да технологиялар бойынша қосылған елді мекендер бар. Біз оптика ең сенімдісі екенін түсінеміз, сондықтан үш жыл бұрын оптикалық кабельді 1 257 ауылға жеткізу жобасы бастау алды. Бүгінгі таңда 1 071 ауылдық елді мекенге оптика жүргізілді. Жыл соңына дейін жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді Б. Мусин.

Жоба елді мекенге, мектепке, мемлекеттік мекемеге оптика жеткізуді көздейді. Оператор базалық станцияны және 3G, 4G антенналарын орнатады.

«Бұл жағдайда біз ауылға кеңжолақты интернет жүргізілді деп айтамыз. Басқа жағдайларда бұл радиорелейлік және басқа да байланыс түрлері», — деп атап өтті Б. Мусин. 

Министр түсіндіріп өткендей, бұл антенналардан микротолқынды пештегі секілді толқындар беріледі. Қазір әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпараттағыдай, олар денсаулыққа қауіпті емес. 

«Адамдар менің үйімнен мұндай зиянды станцияны алып тастаңыз деп айтып жатады, бұл шындыққа жанаспайды», — деп сендірді Б. Мусин.

Министрдің пікірінше, интернеттің сапасына қатысты проблемалар бар, бірақ кез-келген жағдайда бұл инфрақұрылымдық жобалар және қысқа мерзімде оларды жасау мүмкін емес.

Сондай-ақ Б. Мусин әлеуметтік желілердегі интернеттің жоқтығынан елді мекендерде балалар үйдің төбесіне шығып, байланыс ұстауға мәжбүр екендігі туралы ақпаратқа түсінік берді.

«Бұл тұрғындардың саны өте аз Ескен ауылында тіркелген нақты бір оқиға. Мектеп оқушысы мектеп-интернатта оқуы керек еді, бірақ ауылдың бірнеше оқушысы күндізгі оқудан бас тартып, қашықтан оқуға тырысқан. 20 адам үшін біз интернетті жүргізе алмаймыз. Онда жақын жерде темір жол станциясы бар, біз қазір сонда интернет жүргізіп жатырмыз», — деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ Б. Мусиннің айтуынша, министрлік интернет сапасын жақсартудың тағы бір жолын ұсынады. bailanys.bar арнайы веб-сайты құрылды. Бұл сайт әлсіз интернет сигналын тіркей алады. Егер адам сайтқа кірсе және интернеттің әлсіз сигналы Министрліктің мәліметтер базасында тіркелген болса, онда ол сақталады және мұндай гео-локацияларды бақылауға болады.

Б. Мусин лицензия берілген барлық операторлар, соның ішінде ұялы операторлар, тіркелген байланыс операторлары — барлығы сапалы байланыс ұсынуы тиіс екенін атап өтті. Министрлік сапаны бақылайды.

«Сондықтан интернеттің сапасы туралы көбірек ақпарат жинау үшін біз осындай сайт жасадық. Ақпаратты жинау арқылы біз қалай әрекет ету керектігін білеміз. Еліміз үлкен және біз барлық жоспарларды операторлардың нақты мүмкіндіктерімен байланыстыруымыз керек», — деп атап өтті Б. Мусин.

Журналистердің интернет өткізу жобаларына бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлу туралы сұрағына министр бұл мемлекеттік қаржыландыру емес екенін түсіндірді.

«Нақты мектептерге интернет жүргізілді, 8 МГБ қамтамасыз етілді. Бірақ 1 200-ге жуық елді мекенде сапаны арттыру үшін, бұл мектептер ғана емес, шын мәнінде 60 млрд-қа жуық теңге жұмсалады. Бірақ бұл бюджет қаражаты емес, байланыс операторларының инвестициялық жобаларының ақшасы», — деп түсіндірді Б. Мусин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.