ҚР МСМ-де мемлекеттік туды пайдалану ережелері туралы айтылды

Бүгін баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану туралы айтып берді.

А. Райымқұлова атап өткендей, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 27 қазанда Мемлекеттік Туды пайдалануға қатысты қолданыстағы мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау туралы тапсырмасы берілді.

Бүгінгі таңда аталған тапсырманы орындау аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Ендігі кезекте енгізілген өзгерістердің нәтижесінде азаматтарымыз үшін Мемлекеттік Туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтіліп отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату, орналастыруға) алады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс екенін ескеру қажет. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында белгіленген нысан, өлшем мен техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкессіздіктер болып табылады. Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс.

ҚР қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл салынады.

Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар қорлау заты ретінде пайдалануына тыйым салынады.

«Сонымен қатар жеке тұлғаларға осы Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі берілді», — деді А. Райымқұлова.


Бұдан былай жеке тұлғалар ғимараттарда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбай пайдалана алады.

Жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілген өзгертулер еліміздің Мемлекеттік Туының қолданылу аясын едәуір кеңейтеді, оның қоғамдағы патриотизм рухын нығайтуға бағытталған символдық капиталын жаңаша ұғынуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясының 2019 жылғы 23 қазандағы хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстар әкімдіктері жыл сайын қазақстандықтар арасында мемлекеттік рәміздерді дәріптеу және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында еліміз бойынша «Менің Туым, менің Отаным!» акциясын өткізуде.

 

Мемлекеттік Тудың көлеміне қойылатын талаптар 

А. Райымқұлованың айтуынша, ҚР «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2 (стандартты өлшем).

 

Балконға туды ілуге болады ма?

Ия, болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату, орналастыруға) алады.


Қарапайым азаматтар мемлекеттік туды қайдан сатып алады?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік Тудың ұлттық стандарттарын әзірлеу, бекіту және эталондарын әзірлеу, Мемлекеттік туды лицензиялау және дайындау, сондай-ақ ұлттық стандарттар талаптарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің құзыретіне жатады.

2020 жылғы наурызда жүргізілген мониторингке сәйкес республикада мемлекеттік туды дайындауға лицензиясы бар 57 ұйым тіркелді. Осы тексерудің нәтижесінде 26 ұйым расталды — олардың лицензиялары, барлық нормативтік-құқықтық актілері, мемлекеттік жалаулар шығаруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар. Қалған 24 ұйым растау рәсімінен өтпеді. Тағы 7 ұйым өздерінің заңды мекен-жайларын өзгерткеніне және орналасқан жері бойынша анықталмағанына байланысты тізімнен шығарылды.

 

Тудың суреттері мемлекеттік номерлерде, кәмпит орамаларында және т. б. қолдану заңды ма?

ҚР Конституциялық заңына сәйкес ҚР Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Бірақ өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды. 

Мемлекеттік Ту — 988-2007 ҚР ұлттық стандартын сақтай отырып әзірленеді. Мемлекеттік Туды дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар ғана дайындауға құқылы.

 

Қандай жағдайларда мемлекеттік туды қолдануға рұқсат етілмейді?

  • мемлекеттік жалаулар болса да, адамға немесе затқа Құрмет белгісі ретінде жалауды төмендетуге,
  • апат сигналын беруді қоспағанда, оны кантонмен төмен қоюға;
  • туды орналастырған оның аумағында орналасқан заттарға (жерді, еденді, суды) туды оларға тигізетіндей етіп орнатуға;
  • тудың бағанын көлденеңінен көтеру (ту әрдайым бұрышта болуы керек);
  • туды орналастырған кезде оны зақымдануына немесе кірлеуіне;
  • туға бірдене жазу және (немесе) сурет салуға;
  • тумен бір нәрсені орауға;
  • төсек-орын және драпировка ретінде пайдалануға;
  • оның бейнесін бір рет пайдаланылатын майлықтарға, қораптарға және басқа заттарға басып шығаруға рұқсат етілмейді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу