Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды

Жексенбі, 27 Қыркүйек 2020, 19:34:48

Қостанай облысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қорғау шараларының қабылдануына қарамастан, биылғы қаңтар-тамызда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталуда. Өңір тұрғындарына және кәсіпкерлік қоғамдастыққа қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2020 жылдың 8 айында облыс өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша негізгі жобаларды іске асыруда. 2020 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы өңірдің негізгі көрсеткіштері туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 905,1 млрд теңгені құрады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 169,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 51 086 бірлікті немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 93,4% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 197,8 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңінің 116%-ын құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 75,4 млрд теңгені құрады. 251,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 8,6%-ға артық.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде екінші деңгейлі банктер 168,1 млрд теңге сомасына кредит берді. Шағын бизнесті кредиттеу 27,9 млрд теңгені құрап, 6,6%-ға төмендеді. Депозиттер көлемі 12,3%-ға өсіп, 466,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 19,5%-ға, халықтың депозиттері 9,7%-ға ұлғайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,6%-ға төмендеп, 223,4 млрд теңгені құрады. Көтерме тауар айналымы 418,9 млрд теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 93,2% құрады.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2020 жылғы қаңтар-шілдеде $1 510,4 млн құрады, оның ішінде тауарлар экспорты — $616,1 млн (90,4%), импорт — $894,3 млн (110,8%).

Мемлекеттік бюджетке өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсіммен 124,2 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 56,2 млрд теңге (85,4%), жергілікті бюджетке – 68 млрд теңге(124,5%) түсті.

Қостанай облысының нақты бюджеті 406,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет шығыстары – 159,3 млрд теңге, республикалық бюджеттен трансферттер – 247,3 млрд теңге. Әлеуметтік салаға шығыстар 183,2 млрд теңгені немесе нақты бюджеттің 45,1%-ын құрады, оның ішінде мына салаларға:

  • білім беру – 126,4 млрд тг немесе 31,1%;
  • денсаулық сақтау – 21 млрд теңге немесе 5,2%;
  • әлеуметтік қорғау – 17 млрд тг немесе 4,2%;
  • мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 18,9 млрд теңге немесе 4,6%.

21 776 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 18 141 адам жұмысқа орналастырылды, 415 адам әлеуметтік жұмыс орындарында, жастар тәжірибесінде 533 адам жұмыс істеді, қоғамдық жұмыстарға 3 422 адам қатысты.

2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 20,9 млрд теңге бөлінді. Жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге 17 объектіге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 126,4 млрд теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қыркүйекте 75,3 млрд теңге немесе 59,6% игерілді.

 

Пандемия өңір экономикасына қалай әсер етті?

Пандемия кезінде өңірдің ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындары мәлімделген жоспарларға сәйкес бұрынғы режимде жұмыс істеді. Қызметкерлерді қысқарту және жұмыстан босату болған жоқ, мүмкіндігінше әкімшілік персоналдың бір бөлігі жалақысы сақтала отырып, қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Бұдан өзге облыс әкімдігі ірі отандық өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлесіп, өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, шикізат жеткізу, жұмыспен қамтуды сақтау және т. б. бойынша іс-шараларды қамтитын дағдарысқа қарсы жеке жоспарлар әзірледі.

Сондай-ақ өңірде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары дәке және бөз маталарынан маскалар тікті. Өндіріс 2 ірі («Большевичка» ПрК, «Азурит» ЖШС) және 215 шағын кәсіпорын мен ательеде бар қажеттілікті ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 2,4 млн-нан астам қорғаныш маскасы тігілді.

Бұдан өзге бір реттік үш қабатты медициналық маскалар өндірісін ұйымдастыру бойынша «Вадиса-М» ЖШС жобасы іске асырылу сатысында. Медициналық маскалардың өндірістік қуаты тәулігіне 180 мың дана, айына 5 млн данаға дейін жетеді.

Сондай-ақ пандемия кезеңінде дезинфекциялау құралдарын өндіретін кәсіпорындар («МЕДИДЕЗ» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС, «Эко-Флора» ЖШС, «ALPHA-2050» ЖШС, «ТК Аромика» ЖШС, «Фармаком» Импэкс» ЖШС, «Азимут» ЖШС) өндіріс көлемін ұлғайтты.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 1,4 млн литр дезинфекциялық құрал өндірілді. 

Коронавирус инфекциясының пандемиясы бизнестің барлық бағыттарына теріс әсер етті, ал сауда саласына ерекше әсер етті. Осыған байланысты, көтерме және бөлшек сауданың НКИ төмендеуі байқалады. Бұл жағдай, бірінші кезекте, ҚР аумағында төтенше жағдай режимін енгізуге және көтерме әрі бөлшек сауда субъектілерінің қызметін шектеуге байланысты.

Айта кету керек, қызметті онлайн сату арқылы жүзеге асыратын бизнес субъектілері пандемияның теріс әсеріне аз ұшырады.

 

Пандемия жағдайында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қандай қолдау көрсетілуде?

ШОБ секторын қолдау үшін бірқатар тұрақтандыру шаралары қабылданды:

  • төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайын нашарлатқан ШОБ субъектілері үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер 15,9 млрд теңге сомасына 74 несие берді;
  • салық жеңілдіктері аясында зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер 8 млрд теңгеден астам сомаға салық аударымдарын төлеуден босатылды.

Пандемия кезеңінде барлық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді, олар шығарылатын өнім көлемін сақтап қалды және қызметкерлердің босатылуына және қысқаруына жол бермеді. Бүгінгі күні ҚР Үкіметі айқындаған тәсілдерге сәйкес ШОБ субъектілері қызметінің көптеген түрлері қайта жаңартылды.

Бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру тетіктері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және өңірдегі ағымдағы жағдайды қатаң сақтай отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсынымдары негізінде іске асырылады.

Бұдан өзге шағын және микробизнесті тексеруге мораторий енгізу шеңберінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қостанай облысының ШОБ-қа қатысты тексерулер мен профилактикалық бақылау актілерінің саны 34%-ға қысқарды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының ақпараты бойынша биылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының қатысушылары болып табылатын 158 кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, осы жылдың 19 наурызынан бастап мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша жалдау ақысын есептеу үш ай мерзімге тоқтатылды.

Сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда базарларында жалдау ақысын алуға қатысты облыста 38 сауда базары жұмыс істеп тұр, оның ішінде 23 базар ашық ауада орналасқан және қызметін тоқтатпаған.

Карантиндік жеңілдіктер енгізілгенге дейін 15 жабық базардың қызметі тоқтатылды, жалға алушылардан жалдау ақысы алынбады немесе жеңілдік ұсынылды.

Сонымен қатар облыс аумағында 14 сауда және сауда-ойын-сауық орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 14-і жалдау ақысын алмайды.

 

Шағын және орта бизнес қалай дамуда?

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 51 086 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға аз. Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 1,4 пайыздық тармаққа артып, 84,5%-ды құрады.

2020 жылдың І тоқсанында ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 149,6 мың адамды құрады,бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,1%-ға төмен, ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 25,4%-ға ұлғайды және 212,1 млрд теңгені құрады, өнім шығарудың НКИ 118,6%-ды құрады. Өнім шығарудың жалпы қосылған құны 135 810,7 млн теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОК үлесі 25,5%-ды құрады.

 

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

2020 жылы Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға 8,9 млрд теңге көзделген. 2020 жылғы 1 қыркүйекте 5,3 млрд теңге игерілді.

Бүгінгі таңда жұмыспен қамту іс-шараларына 24 мыңнан астам адам тартылды, оның ішінде: тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 20 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, кәсіптік оқытуға 1 451 адам, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1 465 адам жіберілді, 464 шағын несие берілді, 458 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алды.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 51 086 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға аз. Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 1,4 пайыздық тармаққа артып, 84,5%-ды құрады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 2020 жылы 55,8 млрд теңге сомасына 282 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген.

ЖҚЖК аясында әлеуметтік-мәдени сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын жөндеу, қайта құру, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаларды іске асыру 14 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оларға жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 7 мың жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылады.

Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, оларға жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 5,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

ЖҚЖК жобаларында жалақы мөлшері орта есеппен 86 238 тг белгіленген. Басқа өңірлерден жобаларда жұмыс істеу үшін келген тұлғаларға жалпы 765 мың теңге сомасында 2 ЕТЖ (85 000 теңге) мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді.

 

Карантин кезінде халыққа қандай қолдау көрсетілді?

ҚР-дағы Төтенше жағдай кезеңінде биылғы наурыздан мамырға дейін, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының таралуына және осы жылғы шілде-тамыз аралығында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты азаматтардың белгілі бір санаты үшін азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар сатып алуға республикалық бюджеттен 876,3 млн теңге мөлшерінде ақша қаражаты бөлінді.

ТЖ (наурыз, сәуір, мамыр) және шектеу шараларының (наурыздан тамызға дейін) қолданылу кезеңінде барлығы 39 719 адам азық-түлік тұрмыстық жиынтықтарға шығындарды өтеу түрінде көмек алды.

Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты азаматтардың келесі санаттарына біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді:

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  • жеке практикамен айналысатын адамдарға;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға.

2020 жылғы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем 73 960 азаматқа тағайындалды.

 

2020 жылдың 8 айында қанша адам тұрақты жұмысқа орналастырылды?

Биылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс қалаларында жалпы сомасы 263,6 млн теңгеге 28 микрокредит берілді.

Микрокредиттердің салалық құрылымында басым бөлігін көтерме және бөлшек сауда — 55%, екінші орында арнайы техника қызметтері — 14%, үшінші орында жүк тасымалы, қоғамдық тамақтандыру және өзге де қызмет түрлері — 9%, сондай-ақ 5%-ы жолаушылар тасымалына тиесілі.

Гендерлік құрылым бойынша 41%-ы әйелдер жүзеге асыратын жобаларға, 5%-ы 29 жасқа дейінгі жастарға тиесілі.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігіне келер болсақ, аталған бағдарлама облыста осы жылдан бастап жүзеге асырылуда. Осыған байланысты осы Бағдарламаға қатысушылардың жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруы туралы мәліметтер кәсіпкерлер барлық қажетті декларацияларды тапсырғаннан кейін 2021 жылдың төртінші тоқсанында қалыптастырылады.

Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ақпараты бойынша, 2010-2018 жылдары «Бизнестің жол картасы – 2020» қатысушылары 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құрды, 25,7 мың жұмыс орны сақталды, өнім өндіру көлемі 1,2 трлн теңгені құрады, салық аударымдары ретінде бағдарламаға қатысушылар бюджет кірісіне 58,6 млрд теңге аударды. Жалпы, 14,3 млрд теңге субсидия төленді, төленген субсидиялардың әрбір 1 теңгесіне бюджетке 6 теңге салық түсті.

 

Өңірдің негізгі индустриялық жобалары іске асырудың қандай кезеңінде тұр?

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 905,1 млрд теңге сомасына өнім өндірді.

Оның ішінде тау-кен өндірісі саласында 340,2 млрд теңгеге; өңдеу саласында 524,2 млрд теңгеге өндірілді.

Өңдеу саласының негізгі салалары бойынша: машина жасауда 222,2 млрд теңгеге; азық-түлік өнімдері өндірісінде 152,9 млрд теңгеге; химия өнеркәсібінде 3,6 млрд теңгеге; жеңіл өнеркәсіпте 1,9 млрд теңгеге; ағаш өңдеуде 1,9 млрд теңгеге өсім байқалады.

Жеңіл автомобильдер өндірісі 59%-ға; жүк автомобильдері 5,5 есе; он және одан да көп адамды тасымалдауға арналған автомобильдер 72,2%-ға («СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС); тракторлар өндірісі 65,8%-ға («Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Композит групп» ЖШС); өңделмеген және жартылай өңделген алтын немесе ұнтақ түрінде 1,9%-ға («Варваринское» АҚ); ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер өндірісі 22,2%-ға («ЕвразКаспиан Сталь»); алкогольсіз сусындар 21,5%-ға; ұн 18%-ға; сары май және спредтер 13,6%-ға; шұжық өнімдері 12%-ға; шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер 10,9%-ға («Баян Сұлу» АҚ); нан 2,7%-ға; сыра 2,4%-ға; сүт 0,6%-ға артты.

Екі бесжылдық аясында (2010-2019 жж.) 157,1 млрд теңгеге 92 жоба іске асырылды, 6 147 жұмыс орны құрылды. Биыл жалпы инвестициялар көлемі 51 млрд теңгеден асатын және шамамен 1,9 мың жұмыс орнын құратын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

1. Қостанай қаласында жылына 20 мың тонна ет өңдеу қуаттылығымен 184 жұмыс орнын құрумен ет өңдеу зауытын («BEEFEXPORTGROUP» ЖШС) салу.

2. Рудный қаласында қуаты жылына 2 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдейтін, 12 жұмыс орнын құра отырып, пеш отынын алумен шиналарды қайта өңдеу зауытын салу («Еділ және компания» ЖШС).

3. «Ыбырай» — 15 жұмыс орнын құрумен Қостанай облысында қуаты 50 МВт-тық жел электр станциясы («Жел Электрик» ЖШС).

4. 5000 бас ІҚМ бордақылау алаңын және 2500 бас асыл тұқымды репродуктор салу (1 кезең) – («Торғай ЕТ» ЖШС), 45 жұмыс орнын құру.

5. Арқалық қаласында элеватор, құрама жем зауыты және диірмен кешенін салу — «GrainMark» ЖШС.

6. «Агромашхолдинг» АҚ – «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында машина жасау саласында 1 500 жұмыс орнын құрумен бизнес-инкубатор ұйымдастыру.

7. «Kostanay-PLAZA» СОСО екінші кезегінің құрылысы — «БК-Строй» ЖШС;

8. Юбилейный шағын ауданында 40 жұмыс орнын құрумен мұз сарайының құрылысы.

9. Қуаттылығы тәулігіне 60 тонна шикізат өңдейтін сұлы үлпектерін өндіру цехын салу — «Мибеко» ЖШС, 16 жұмыс орнын құру.

Қостанай қаласының индустриялық аймағының аумағында 1 100 жұмыс орнын құрумен келесі жобалар пысықтау сатысында тұр:

  • «KamLitKZ» ЖШС («КАМАЗ» ЖАҚ қатысуымен) — 300 жұмыс орнын құрумен, қуаттылығы жылына 40 мың тонна болатын құю зауытын салу. Жобаның құны шамамен 80 млрд теңге.
  • «Tobolkz» ЖШС («КАМАЗ» ЖАҚ қатысуымен) — «КАМАЗ» арнайы техникасының жетекші белдіктерінің бас берілістерінің редукторларын өндіру. Жобаның құны 70 млрд теңгеден астам, 400 жұмыс орнын құрумен. Қазіргі уақытта жобалау жүргізілуде.
  • «РОП» операторы» ЖШС — ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу зауытының құрылысы. Жобаның құны шамамен 3 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін жер телімін бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.
  • «Композит Групп Қазақстан» ЖШС — «Беларус» тракторларына арналған кабиналар өндірісі. Жобаның құны 2,8 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған.

Қазіргі уақытта Қостанай қаласының индустриялық аймағының аумағында «Олжа Агро» холдингінің қатысуымен жобаны орналастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде (лимон қышқылын, бидай глютенін, нативті және модификацияланған крахмалдарды, глюкоза шәрбаттарын, мал шаруашылығына арналған жемшөптерді ала отырып, бидайды терең қайта өңдеудің өндірістік кешенін салу). «Олжа Агро» жобасының құны 360 жұмыс орнын құрумен 130 млрд теңгеден асады.

 

Отандық өндірушілерге мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары көрсетіледі?

Отандық өндірушілерді қолдау кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осы жылы жалпы кредит сомасы 23,2 млрд теңгеге 213 жобаға сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру арқылы қолдау көрсетілді, оның ішінде өнімнің әртүрлі түрлерін өндіру саласында — 14,7 млрд теңге кредиттер сомасына 69 жоба.

Бұдан өзге шағын және орта бизнес субъектілеріне жетіспейтін өндірістік инфрақұрылым жүргізілуде. Биыл 7 жоба қолдау тапты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында облыс әкімдігі «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Өңірде бағдарлама шеңберінде әлеуетті қатысушыларды тарту және мәлімделген жобаларды сүйемелдеу бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жобалық кеңсенің жұмысындағы жобалардың динамикасын ескере отырып, жалпы сомасы 45,8 млрд теңгеге 242 жоба мәлімделген, оның ішінде:

  • 26,5 млрд теңге сомаcына 181 жоба мақұлданды, оның ішінде: ЕДБ арқылы 20,4 млрд теңгеге 46 жоба және АКК арқылы 6,1 млрд теңгеге 135 жоба;
  • 429,9 млн теңге сомасына 6 жоба қарастырылуда, оның ішінде: ЕДБ-де 335 млн теңгеге 3 жоба және АКК-де 94,9 млн теңгеге 4 жоба.

Іске асырылып жатқан жобалардың санына дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бағдарлама тетігіне өзгерістер мен толықтырулардың бесінші пакетін қабылдау, атап айтқанда бағдарлама шеңберінде көктемгі егіс жұмыстарын (КЕЖ) енгізу оң әсерін тигізді. Мәселен, осы жылы жалпы санынан (181 жоба) 3,8 млрд теңге сомасына 109 жоба ДҚБЖ АКК желісі бойынша мақұлданды.

Салалар бойынша мақұлданған жобалар бөлінісінде жағдай мынадай: АӨК-те – 167 жоба (қайта өңдеу – 23 жоба; өндіріс – 144 жоба); жеңіл өнеркәсіпте – 2 жоба; құрылыс материалдарын өндіруде – 5 жоба; жиһаз саласында – 2 жоба; өзгелері – 5 жоба.

Қазіргі уақытта отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша реттелетін сатып алуға көп көңіл бөлінуде.

Үкімет мемлекеттік сектор үшін «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды белгіледі. Осы бөлікте өңірдегі жұмыс жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның қызметі шеңберінде жүргізіледі.

Осылайша, жыл басынан бері отандық тауар өндірушілерден Мемлекеттік сатып алу аясында жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды.

Сондай-ақ автомобильдерді, кабель өнімдерін, трансформаторларды ұлттық режимнен алып тастауды белгілеуге байланысты бұл тауарлар отандық тауар өндірушілерден сатып алынады.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардың «Самұрық-Қазына» холдингінің сатып алуларына қатысу мүмкіндігі мақсатында облыс әкімдігі өңдеу өнеркәсібі саласында саны 139 кәсіпорыннан тұратын өңірдің жергілікті тауар өндірушілерінің тізімін жасап, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға жіберді.

 

Облыста экспорт қалай дамуда?

Экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылатын негізгі елдер: Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай, Тәжікстан.

Қостанай облысы бойынша 2020 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы $1 510,5 млн құрады, тауар айналымы құрылымында экспорттық жеткізілімдер 40,8% құрайды.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, облыста экспорт 8,3%-ға төмендеді және $616,1 млн құрады, қарастырылып отырған кезеңде ұнды экспорттық жеткізу 42,1%-ға және асбестті жеткізу 3,9%-ға ұлғайды, астық экспортының көлемі 35,9%-ға және темір кені өнімдерінің экспорты 16%-ға азайды.

Сонымен қатар, қарақұмық, ұн, қант, картоп, сәбіз, тұрып, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс тұқымдары мен сұйық майды ҚР аумағынан үшінші елдерге шығаруға тыйым салынды. Одан соң қарақұмық және қарақұмық жармасын, қантты, картопты, күнбағыс тұқымдарын, күнбағыс шикі майын (тазартылған) экспорттауға тыйым салынып, сондай-ақ ұн, жұмсақ бидай және зәйтүн, картоп және тазартылмаған шикі сұйық май экспортына квота енгізілді. 

Осы өнім түрлері Қостанай облысының экспорттық қоржынының жалпы көлемінің едәуір бөлігін алып отырғандығын негізге ала отырып, жоғарыда көрсетілген тауарлардың экспортына шектеу квоталарын енгізу бірінші кезекте экспорт көлемінің төмендеуіне әсер етті.

Бүгінгі таңда «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 8 брендтің (JAC, Hyundai, CHEVROLET, Ravon, MAN, Ankai, Yutong, УАЗ) 40-тан астам автомобиль модельдерін өндіруді игерді, оларды шығару шағын және ірі торапты құрастыру әдісімен жүзеге асырылады.

2020 жылғы наурызда «Шевроле» (Damas, Labo, Cobalt, Malibu, Nexia, Spark, Tracker) өндірісі іске қосылды, осы жылдың 8 айында 5367 автомобиль шығарылды. 2020 жылға арналған жоспарда «Шевроле» бойынша 26 мың автомобиль шығару көзделген, оның 13 мыңы Ресей Федерациясына экспортқа жіберілетін болады (экспорт «Шевроле» 18 дилерлік желісін ашу есебінен жүзеге асырылады).

2020 жылы «Баян Сұлу» АҚ Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Германия, Қытай, Грузия елдеріне экспортталатын жаңа өнім түрлерін шығаруды бастады.

2019 жылы өңдеу өнеркәсібінің экспортын арттыру мақсатында экспорттаушы кәсіпорындарға келесі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілгенін атап өткен жөн:

  • «KazakhExport» АҚ желісі бойынша 8 кәсіпорынға жалпы сомасы 13,1 млрд теңгеге экспорттық несие сақтандырылған.
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Баян Сұлу» АҚ-ға жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге экспорттық операцияларға мемлекеттік қолдау көрсетті.
  • «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ желісі бойынша индустриялық-инновациялық қызметтің 21 субъектісінің көлік шығындарын өтеуге және тауарларын ілгерілетуге жалпы сомасы 757 млн теңгеге өтінімдер мақұлданды, бұл республика бойынша 20%-ын құрайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 29 бизнес субъектісінен жалпы сомасы 1136,22 млн теңгеге 60 өтінім келіп түсті, оның ішінде 21 субъектіден 760,862 млн теңгеге 36 өтінім мақұлданды.

  • Облыстың «Атамекен» ҰКП 12 кәсіпорынға халықаралық көрмелерде сүйемелдеу бойынша қолдау көрсетті, жалпы сомасы $7,5 млн-ға келісімшарт жасалды.
  • 2020 жылы тамақ өнеркәсібінің экспорттық акселерациясы бойынша бағдарлама іске қосылды, оған Қостанай облысының 9 кәсіпорны қатысады.

Осы жылы тамақ өнеркәсібін экспорттық акселерациялау бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпорындарға өз өнімдерін Қытай Халық Республикасының (ҚХР) нарығында ілгерілету бойынша қолдау көрсетіледі. Жақында ҚХР-ға экспорттық жеткізілімдер жолға қойылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 9 кәсіпорын экспорттық акселерацияға қатысып жатқанын атап өту қажет, бұл ҚХР нарығына шығуға мүмкіндік береді.
 

Өңірде инвестиция тарту бойынша қандай жұмыс атқарылуда?

Бүгінгі күні облыста 2009 жылмен салыстырғанда, өңдеу көлемінің 5,4 есе, ал еңбек өнімділігінің 3,1 есе өскені байқалды.

Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде жеңіл автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын шығару, құрылыс арматурасы мен болат прокатын өндіру сияқты жаңа өндірістер игерілді, асфальт араластырғыш қондырғылар шығаратын зауыт, үй құрылысы комбинаты, цемент зауыты және қарақұмық өңдейтін зауыт салынды.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі 6 мың жұмыс орнын құра отырып, 1,6 трлн теңге сомасына 62 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырды (оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған).

2020 жылдың 1 тоқсанында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі 127%-ды құрады, құндық мәнінде $11,9 мың/адамды құрайды. Өсім машина жасауда 211% және металлургияда 124,4% еңбек өнімділігінің НКИ ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсуіне инвестициялық жобаларды, оның ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде қазіргі заманғы және автоматтандырылған жабдықтарды қолданатын жобаларды іске асыру ықпал ететін болады.

Осылайша, 2018 жылы Genertec (ChinaGeneralTechnologyGroup) құрамына кіретін қытай трансұлттық СМС компаниясының «AllurGroup» АҚ отандық автомобиль жасау компанияларының капиталына кіруі туралы келісімге қол қойылды.

Қытай компаниясы отандық автомобиль жасауды дамытуға кезең-кезеңімен (10 жыл ішінде) $1,1 млрд инвестициялауды жоспарлап отыр, соның нәтижесінде жаңа технологиялық автоматтандырылған жабдықты қолдану есебінен өндіріс көлемінің ғана емес, еңбек өнімділігінің де өсуі күтілуде.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста 2017 – 2025 жылдарға арналған жаңа технологияны енгізу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландырудың Жол картасы әзірленді. 

Технологияларды енгізу еңбек өнімділігі мен өндіріс көлемін ұлғайтуға ықпал етеді (өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің жыл сайын орташа 5-7%-ға өсуі күтіледі).

2017-2018 жылдар кезеңінде өңірде алты өнеркәсіптік кәсіпорын жалпы сомасы 6,9 млрд теңгеге өндірісті жаңғырту бойынша 15 жобаны іске асырды. 2020-2025 жылдар кезеңінде тау-кен өндірісі саласында 4 кәсіпорын жалпы сомасы 66,6 млрд теңгеге 9 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

2020 жылы қаңтар-тамыз айларында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 29,2% құрайды

Өңірде ет, ұн, өсімдік майы, сүт өнімдері, нан және кондитерлік өнімдер өндіріледі.

Сүт өнімдерінің аса ірі өндірушілері «ДЕП» ЖШС, «МИЛХ» ЖШС, «Садчиковское» ЖШС, «Лидер-2010» ЖШС, кондитерлік өнімдерді «Баян-Сұлу» АҚ, майды «Промбаза-7» ЖШС, «K-Oil» ЖШС, ұн мен макаронды «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ, «Асалия» ЖШС, «Romana-Нан» ЖШС, «Вадиса М» ЖШС, ет және шұжық өнімдерін «Қарасу-Ет» ЖШС және т. б. өндіреді.

Шығарылатын өнімді кәсіпорындар республика аумағында, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде (Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан, Германия, Қытай, Грузия, Ауғанстан) сатады.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде экспорт:

  • кондитерлік өнімдер - $14,4 млн;
  • ұн - $93,9 млн;
  • макарон - $1,9 млн;
  • сүт өнімдері - $3 млн;
  • өсімдік майы - $5,4 млн;
  • ет - $176,2 мың;
  • шұжық өнімдері - $23,5 мың.

Осы жылдың басынан бері облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 152,9 млрд теңге сомасына тауарлық өнім өндірді, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен 25,4%-ға артық. Сары май өндірісі 14%-ға, ірімшік пен сүзбе 38%-ға, ашыған сүт өнімдері 9%-ға, қоюландырылған сүт пен кілегей 32%-ға, шұжық өнімдері 12%-ға, ет консервілері 59%-ға, ұн 18%-ға, жарма 51%-ға, өсімдік майының өндірісі 24%-ға өсті.

Республикалық ауқымда облыс 2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ұн өндіруден бірінші орын, сүт және қоюландырылған кілегей өндіруден екінші орын, сары май және йогурт, макарон өнімдері мен жарма өндіруден үшінші орын алады.

Ұн өндіру бойынша республикалық ауқымдағы облыстық көрсеткіштің үлесі 29%-ды, сүт және қоюландырылған кілегей бойынша 20%-ды, макарон өнімдері бойынша 15%-ды, сары май, өңделген сүт және йогурт бойынша 13%-ды, жарма бойынша 12%-ды, шұжық және ет және сорпалық өнімдер бойынша 6%-ды құрайды.

 

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына қанша инвестиция салынды?

Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі (қызметі) облыс бойынша қаңтар-тамыз айларында 169,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығында – 119,2 млрд теңгені, өсімдік шаруашылығында – 50,4 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі 35,1 млрд теңгені құрады.

2019 жылы Қостанай облысының аумағынан 1416,6 мың тонна астық экспортталды. Астық экспортының негізгі бөлігі жіберілген елдер: Өзбекстан – 468,8 мың тонна, Тәжікстан – 172,2 мың тонна, Иран – 155,3 мың тонна, Әзербайжан – 102,1 мың тонна, Ресей Федерациясы – 93,8 мың тонна және Ауғанстан – 86,0 мың тонна.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі кезеңде 635,3 мың тонна астық экспортталды. Осы кезеңде астық экспортының негізгі бөлігі жүзеге асырылған елдер: Өзбекстан – 338,9 мың тонна, Иран – 64,4 мың тонна, Тәжікстан – 59,4 мың тонна, Ресей Федерациясы – 41,3 мың тонна, Ауғанстан – 34,9 мың тонна және Қытай – 34,6 мың тонна.

2019 жылы 585,3 мың тонна ұн экспортталды. Астық экспортының негізгі бөлігі жүзеге асырылған елдер: Ауғанстан – 396,3 мың тонна, Өзбекстан – 100,8 мың тонна, Тәжікстан – 36,6 мың тонна, Қырғызстан – 18,1 мың тонна және Қытай – 34,6 мың тонна.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі кезеңде 411,8 мың тонна ұн экспортталды. Осы кезеңде астық экспортының негізгі бөлігі жүзеге асырылған елдер: Ауғанстан – 288,2 мың тонна, Өзбекстан – 54,7 мың тонна, Тәжікстан – 25,7 мың тонна, Қырғызстан – 23,3 мың тонна және Түрікменстан – 18 мың тонна.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін субсидияларды уақтылы төлеу жүргізілуде, ол ай сайынғы қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, осы жылдың 8 айында 24,4 млрд теңгеге субсидия немесе 64%-ы төленді.

 

Өңірде тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы қалай іске асырылуда?

2020 жылы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе шамамен 4,2 мың пәтерді салу және пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік қаражат есебінен құрылыс салу жоспарланған:

  • 36,9 мың ш. м. - жалға берілетін тұрғын үй немесе 546 пәтер;
  • 10,6 мың ш. м. - көппәтерлі тұрғын үйді 152 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйге реконструкциялау;
  • 13,4 мың ш.м. - ЖАО облигациялары арқылы 192 пәтерлік несиеге берілетін тұрғын үй.

2020 жылдың 8 айында 251,3 мың шаршы метр немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 108,6% тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы тұрғын үйдің қайталама нарығынан 108 пәтер сатып алынатын болады. «7-20-25» және «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламалары іске асырыла бастағаннан бері 1607 отбасы, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 1270 отбасы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 337 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. 

 

Облыста Нұрлы жол бағдарламасының автожол жобалары қалай дамуда?

2019 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 69% құрады.

2020 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 37 жоба іске асырылуда, осы мақсаттарға көзделген қаражат көлемі 18,8 млрд теңгені құрайды.

2020 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 нысан аяқталды.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 2020 жылы кемінде 75%-ды құрайды.

Бұл көпір облыс орталығын 30 мыңнан астам халқы бар Тобыл серіктес қаласымен байланыстырады. Тобыл қаласында соңғы жылдары «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы белсенді іске асырылуда, халық саны ұлғаюда және соның нәтижесінде автомобиль жолының осы учаскесінде машиналар ағыны айтарлықтай өсті. Құрылыстың жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту және жөндеу жұмыстарын жүргізу

2019 жылы Қостанай қаласында 900 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді: «Әуежай» шағын ауданындағы орта мектеп және мемлекеттік тілде оқытатын №28 мектеп-гимназия, бұл өңірдегі үш ауысымдық оқыту проблемасын толық шешуге мүмкіндік берді.

Биыл қыркүйек айында Әулиекөл ауданында мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық 1 жалпы білім беретін мектеп ашылды.

2020 жылдың екінші тоқсанында «Юбилейный» шағын ауданында аралас тілде оқытатын 1200 орындық мектеп ашылады. 

Қарасу ауданында 2021 жылы өз жұмысын бастайтын мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық мектептің құрылысы (апатты мектептің орнына) жалғасуда.

Апатты мектептердің санының арутына жол бермеу мақсатында биыл 77 мектепке 8,7 млрд теңге сомасына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

Облыста барлығы 133 білім беру нысанын күрделі және ағымдағы жөндеуге 11,1 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 3 есе артық.

Бүгінгі күні облыста жалпы контингенті 110 206 оқушыны (мемлекеттік мектептерде – 109 677, жеке мектептерде - 529) құрайтын 493 мектеп (488 мемлекеттік және 5 жекеменшік) бар, 12 919 педагог жұмыс істейді.

Жалпы контингенті 21 836 оқушы болатын 335 мектеп (68%) немесе оқушылардың жалпы санының 19%-ы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейтумен штаттық режимде оқиды. Жалпы контингенті 88 370 оқушыны құрайтын қалған 158 (32%) мектепте оқу процесі қашықтан ұйымдастырылды.

Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сыныптарда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, толықтырылуы 15 адамға дейінгі топтарға бөлінген кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бұл форматта жалпы контингенті 24 813 оқушыны немесе бастауыш сынып оқушыларының жалпы санының 50%-ын құрайтын 2 016 сынып жұмыс істейді.


Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 

Қашықтан оқытуда сапалы жағдай жасау үшін жазғы кезеңде жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге сомасына 6 мың компьютер сатып алынды. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыс оқушыларына оқу жылы басталғанға дейін қайтарымды негізде 11 188 бірлік компьютерлік техника берілді.

Үкімет резервінен жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге (2357,5 млн теңге) 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника (компьютерлер – 1584, ноутбуктер – 11586, планшеттер – 2052) сатып алуға қосымша қаражат бөлінді. 

2020 жылдың қыркүйек айында облысқа Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен сатып алынған 1584 компьютер жеткізілді. Білім басқармасы жанындағы Ақпараттандыру орталығының мамандары осы техниканың техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексерді және облыс өңірлерінің оқушыларына қашықтан білім алу үшін берілді. Осы сатып алу есебінен оқушылардың компьютерлік техникаға қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін қосымша 1 270 компьютер берілді. Педагогтердің компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

2020 жылдың қазан айында тағы 13 638 ноутбук пен планшет жеткізіледі деп күтілуде.

Соңғы үш жылда облыс мектептерінде жалпы сомасы 340 млн теңгеге 66 IT-сынып және 32 робототехника кабинеті ашылды.

Оқушылардың Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 1 705 бірлік модем мен Wi-Fi роутер сатып алынды. Қазіргі уақытта қалған қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 18,5 млн теңгеге қосымша 1 187-сі сатып алынатын болады.

Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде (488 мектеп немесе 100%) жылдамдығы 4 Мбит/с болатын және одан асатын кең жолақты интернет қолжетімді.

Қашықтан оқыту форматында жұмыс істейтін барлық 158 мектеп цифрлық білім беру ресурстарын (BilimLand, Edupage) пайдалануға келісімшарт жасасты. Бейнесабақтарды тарату «Балапан», «Еларна», ОТАУ ТВ «Балапан» телеарналары арқылы жүзеге асырылады.

 

Биыл медициналық жабдықтар мен санитарлық автокөліктер сатып алуға 7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

15 цифрлық рентген жүйесі, 3 компьютерлік томограф, 18 УДЗ аппараты, 1 МРТ, сумен тазалайтын 7 гемодиализ аппараты, 360 перфузор мен инфузомат және басқа да медициналық жабдықтар түседі.

856 орынға арналған 4 ірі стационарда оттегі желілерін монтаждау басталды. Медициналық ұйымдардың балансында 600 оттегі концентраторы бар.

660 млн теңгеге 110 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды, 2,2 млрд теңгеге лизинг есебінен жедел жәрдем қызметі үшін отандық өндірістің 50 реанимобилін жеткізу күтілуде.

Yutong автобустары базасында 10 жылжымалы медициналық кешен жеткізіледі деп күтілуде.

Облыста бір реттік медициналық маска өндірісі ашылды, оның қуаты айына 5 млн масканы құрайды. 

Халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «тұрақтандыру қоры» құрылып, фармацевтикалық ұйымдарға 300 млн теңгеге қайтарымды қаржылық көмек көрсетілді.

Өңірге дәрігерлерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы облысқа 180 дәрігер келді. Облысқа алғаш рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша білім алып жатқан резиденттер келді.

Облыста келген дәрігерлерге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмыс жалғасуда. Ауылда көтерме ақы ретінде 1,5 млн теңгеден, қалада 1 млн теңгеден төленеді.

Қазақстандық ипотекалық компания арқылы дәрігерлерге тұрғын үй ұсынылады. 54 пәтердің кілті тапсырылды, жыл соңына дейін тағы 120 маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс жалғасуда. Тек 2020 жылдың өзінде 90 ауыл дәрігеріне тұрғын үй берілді.

Білім алып жатқан жастарға жағдай жасалуда. Қостанай медициналық колледжі үшін 250 орындық жатақхананың құрылысы жүргізілуде, Рудный қаласында 125 орта медицина қызметкерлерін оқыту үшін осы медициналық колледждің филиалы ашылды.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы және «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 16 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жұмысын жүргізуге 4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде ЖҚЖК аясында 3,3 млрд теңгеге 13 нысан, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 760 млн теңгеге 3 нысан жөнделді. 

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Дәрі-дәрмектердің тиімді қолданылуын бақылау жасау және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 1 қаңтардан бастап әрбір медициналық ұйымның жанынан тегін дәрі-дәрмектерді беретін дәріханалық пункттер ұйымдастырылған. Жалпы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақты.

 

Туристік нысандарды салу жоспарланған ба? 

2020 жылы Қостанай қаласында заманауи шаңғы базасының құрылысы басталды, оның аумағында шаңғы жабдықтарын жалға беру, дәмхана, демалыс бөлмесі, ұзындығы 2,5 км болатын трасса қызметін ұсынатын 4 қабатты кешен орналасады. Кешенді биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. 

Сондай-ақ, Қостанай қаласында Орталық жағажай мен Тобыл маңындағы саябақтың солтүстік бөлігін реконструкциялау бойынша жобаны іске асыру басталды. Аталған аумақта триатлон паркі, балалардың спорт алаңы және кедергілер жолағы, арқан лагері салынады, теннис үстелдері орнатылады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың тамыз айында Амангелді ауданының аумағында жол бойындағы туристік хабтың құрылысы басталды, құрылыстың бастамашысы «Тілеп» жеке қайырымдылық қоры болды. Туристік хаб аумағында қонақ үй, тамақтану нысандары, сақ саунасы, бассейн, Тәж-Махал, Египет пирамидасы, амфитеатр, Торғай геоглифтері сәулет ескерткіштерінің көшірмелері орналасатын саябақ болады.

2020 жылдың 14 қыркүйегінде «Kostanayplaza» СОО аумағында орналасқан Thermapark өз есігін ашты. Оның аумағында 24 су-монша кешені (орыс, фин, тұзды, тас және т.б. монша түрлері), су аттракциондары, 5 бассейн, оның ішінде термальді бассейндер бар, 2 джакузи, 4 офура, фуд-корт орналасқан. Thermapark сыйымдылығы - 1600 адам.

Облыс аумағында орналасқан демалыс аймақтары карантинге жабылған жоқ, дегенмен, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты олардың жұмысы биыл 8 маусымға дейін шектелді. Облыста барлығы 12 демалыс базасы жұмыс істейді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.