Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы

Жұма, 23 Қазан 2020, 18:49:22

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.  

Мемлекет басшысы биылғы жылдың 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауда көрсетілген 11 бағыттың барлығы да бүгінгі қоғам өміріндегі ең өзекті салаларды қамтып отыр. Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оларды нақты іске асыруды бастады. 

Бұл орайда, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды одан ары дамыту аясында ведомствоға 5 негізгі міндет жүктеліп отыр.

Атап айтқанда:

1) қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейту;

2) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдардың ақпаратын халыққа қолжетімді ету;

3) қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу;

4) онлайн-өтініштердің бірыңғай заңды институтын құру;

5) медиация саласын дамыту.

Енді, осы міндеттерді орындаудың негізгі тәсілдеріне қысқаша тоқталып өтсек.

Бірінші. Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру. 

«Мемлекеттік органдар жанынан құрылған Қоғамдық кеңестер институты «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданған 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл жұмыс Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында іске асырылған болатын. Нәтижесінде, бүкіл ел бойынша орталық және жергілікті органдар жанынан 234 қоғамдық кеңес құрылды, олардың құрамына қоғамның түрлі саласының мүддесін қорғайтын 3,5 мыңнан астам белсенді азамат тартылды. Олар негізінен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым, ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығы өкілдері және басқа да белсенді азаматтар», — деді А. Балаева. 

Кеңес отырыстарында осы уақытқа дейін 19 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер жобасы қаралды. 

Бүгінгі күні барлық нормативті-құқықтық актілердің жобаларын  қоғамдық кеңестермен келісу міндеттелген. Бұл өз кезегінде, халықты мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатыстыруға мүмкіндік беріп, әзірленетін актілердің сапалық деңгейін көтереді.

Одан бөлек, Қоғамдық кеңестер барлық әлеуметтік-маңызды тақырыптар бойынша тәуелсіз мониторингтер мен тыңдаулар өткізе алады.

«Яғни, мұның барлығы қоғамдық кеңес жұмысының қажеттілігі мен мүмкіндігін ғана емес, бұл жобаның келешегінің зор екенін де көрсетіп отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта бұл институт жаңғырудың жаңа кезеңін бастап өткеріп жатыр. Осыған орай, Ақпарат министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестердің қызметі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеген болатын. Заң жобасы тиісті қоғамдық талқылаулардан өтіп, бүгінде Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр», — деді министр

Өзгерістер негізінен кеңестерді құру тетіктерін жетілдіру, оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтату, кеңестің құзыреті мен құқықтық әлеуетін кеңейту сияқты мәселелерді қамтиды.

Ведомство басшысының айтуынша, ең маңыздысы Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, Заң жобасында Қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейтуді тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттің қарауына жататын басқа да меншік түрлері ұйымдарына қатысты қарастырған.  Одан бөлек, Кеңестердің құзыреті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссиясына қатысу арқылы да кеңейетілетін болады.  

Бүгінгі күні бұл түзетулерді тиісті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдері жүріп жатыр. Одан кейін жоба Мәжіліс депутаттарының қарауына жіберіледі.

«Әрине, аталған түзетулер мемлекеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге көп мүмкіндік береді. Ең басты және негізгі мақсат ол – халықтың сенімін арттыру», — деді А. Балаева.   

Екінші. Мемлекеттік органдардағы ақпараттың халыққа қолжетімділігін арттыру.   «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Осының негізінде азаматтар «ашық үкімет» порталы базасында ақпаратқа еркін қол жеткізу мен оны тарату бойынша өз конституциялық құқықтарын жүзеге асырып келеді.

Аталған портал шеңберінде бүгінде 4 платформа жұмыс істейді – ашық мәліметтер, ашық бюджет, ашық нормативтік-құқықтық актілер және ашық диалог. Бүгінгі күні бұл жерде 3,5 мыңнан астам ашық мәлімет жинақталған, 74 мың бюджеттік бағдарлама жобалары жарияланған, 64 мың нормативтік-құқықтық актілер жобалары бар. 65 мыңнан астам пікір жазылып, бірінші басшылардың блогына 367 мыңнан астам өтініш қалдырған.

«Дегенмен де, қоғам тарапынан порталға жүктелген мәліметтерге қатысты орынды сын-пікірлер де айтылып жүр. Атап айтқанда, кейбір ақпараттар оқуға ыңғайсыз, ұғынықсыз формада ұсынылады, сұрақтарға дер кезінде жауап берілмейді», — деді министр.  

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы өз Жолдауында ақпаратқа қол жеткізу мәселесі жөніндегі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы нақты тапсырма берген болатын.  

Бұл түзетулер екі негізгі міндеттің шешімін қарастырады:

Бірінші – жауапкершілік пен бақылауды күшейту. Ол үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мәліметтерге қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның функциялары берілетін  болады.

Әрбір мемлекеттік органда қолданыстағы штаттық бірлік есебінен уәкілетті құрылым немесе лауазымды тұлға тағайындалады. 

Заңнамалардың орындалуынең жоғары деңгейде бақылаудаұстау үшін,ақпаратқа қол жеткізу саласының ахуалы туралы Мемлекет Басшысына жыл сайын есеп беріледі.

Екінші тапсырма – ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның кейбір нормаларының қолдану аясын кеңейту. Атап айтқанда, ақпарат иелері қатарына мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыратынкәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерін, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдарды қосу ұсынылады. Мысалы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Сонымен қатар, Заң жобасы аясында ақпарат иелері ретінде квазимемлекеттік сектор да ашық деректерді орналастыруға, сондай-ақ, «Ашық диалог» порталында бірінші басшылардың блогын ашуға міндеттеледі.

«Әзірленген түзетулер бүгінде Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Ақпараттық мәселелер туралы» Заң жобасына енгізілген. Аталған Заң жобасы жыл соңына дейін Президентке қол қоюға жіберіледі», — деді А. Балаева.

Үшінші. «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеу.

Бұл халықты мемлекеттік шешімдер қабылдау процестеріне тартуға бағытталған тағы бір мақсатты қадам.

«Әрине, оны жүзеге асырудың тетіктері заңмен бекітілуі керек. Сондықтан да Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын арттыру мен есеп беруін міндеттеуге арналған «Қоғамдық бақылау туралы» Заң әзірлеуді тапсырды. Бүгінде қоғамдық бақылаудың формалары – қоғамдық кеңестер, мемлекеттік қызметтер, экология, жер қойнауын пайдалану сияқты әртүрлі заңнамалық актілер арқылы реттеліп жүр», — деді министр.  

Оның айтуынша, бүгінге дейін қоғамдық бақылау қағидаларын бір жүйеге келтіріп, оның қолданыс аясын арттыратын бірыңғай бекітілген құрылым түзуші заң – Конституцияда да, конституциялық заңдарда да, нақты заңдар мен ережелерде де жоқ.

Сондықтан құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, адвокаттар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері бар арнайы Жұмыс тобы бүгінде бұл мәселенің концептуалдық механизмдерін талқылап жатыр.

«Заң жобасы қоғамдық бақылаудың ең маңызды деген принциптерін бекітетін болады. Атап айтқанда, адам және азаматтарқұқығының басымдығы, қоғамдық бақылау субьектілерінің ашықтығы мен объективтілігі,қоғамдық бақылауға кедергі келтіруге жол бермеу, олардың қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі және т.б. Әрине, құжат жобасы дайын болған соң, ол міндетті түрде кең ауқымды қоғамдық талқылауға ұсынылады.  қабылдау 2021 жылдың маусымына жоспарланып отыр», — деді А. Балаева.  

Төртінші. Онлайн-өтініштердің заңды тетіктерін құру.

Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы ең прогрессивті шешімдердің бірі. 

Бүгінде мемлекет қызметіне қатысуға деген қоғамның қызығушылығы артып келеді. Күн сайын түрлі деңгейдегі көкейкесті сұрақтар көтеріледі. Сондықтан, Президент өзінің Жолдауында халыққа онлайн-петициялар арқылы өз ерік-тілектерін білдіруге мүмкіндік беру қажеттігін ерекше атап өткен болатын.

Осыған байланысты Ақпарат министрлігі петиция тәжірибесін нақты іс жүзінде қолданатын әлемнің 30-ға жуық елінің тәжірибесін зерттеді. Көптеген елдерде петиция ұжымдық өтініш білдірудің электрондық формасы болып саналады және заңнамалық деңгейде реттеледі. 

«Осының негізінде, қазіргі таңда, «петиция» ұғымын нақты бекітетін және оны ұсыну мен қарау тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленуде. Әрине, өтінішті міндетті түрде қарау үшін оған қажетті дауыс берушілердің шекті санын анықтау қажет. Әлемде бұл көрсеткіш 10 мыңнан 100 мың адамға дейін қарастырылады», — деді министр. 

Өз кезегінде, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі петиция жіберуге арналған онлайн-платформа құрудың техникалық мүмкіндіктерін әзірлейді. Түзетулердің әзірленген блогы «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасына ілеспе заң жобасы арқылы енгізілетін болады.

Бесінші. Медиация тетіктерін жетілдіру арқылы дауларды шешудің баламалы тәсілдерін әзірлеу.

Талдау көрсеткендей, қоғамда түрлі деңгейдегі дау-жанжалдарды негізінен тек сот арқылы шешу кең тараған. Бұл азаматтар үшін де, соттар үшін де ыңғайсыздық туғызып келе жатқан мәселе, тараптардың көп уақытын алады, қаржылық шығындарын қажет етеді, сот жүйесін шамадан тыс жүктемелейді. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай «соттан тыс» және «сотқа дейінгі» дауларды реттеу институттарын дамыту қажет.

«Бұл өз кезегінде азаматтар арасындағы жанжалды ушықтырмай, жүйкесін тоздырмай,  уақыт пен қаржысын шығындамай жылдам шешуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта біз АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария сияқты медиация саласында мол тәжірибесі бар елдердің озық үлгілерін үйренуіміз керек. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүрігізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша ҚР Президентінің Әкімшілігіне нақты ұсыныстар жолданатын болады», — деді А. Балаева.  

Жалпы, Президент жүктеген барлық тапсырмаларды іске асыру аясында бүгінде ведомствоның алдында маңызды міндеттер тұр. Қоғамдық дамудың алдағы жылдардағы алғышарты – олардың бүгінгі сапалы орындалуына тікелей байланысты.

«Ең бастысы, біздің бағдарымыз – айқын, бағытымыз – түзу, әзірленген жалпыұлттық жоспарымыз бар. Оны уақытылы әрі сапалы орындау үшін біз бар күш-жігерімізді саламыз», — деп нақтылады министр.

 

Мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру мәселесіне қатысты  

Журналистердің мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіруге қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, А. Балаева барлық мемлекеттік органдар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор да бюджетті оңтайландыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жалпы, біріктіру экономикалық, әкімшілік қызмет саласын оңтайландыруды көздейді және жұмыстың шығармашылық бөлігіне еш қатысы болмайды.

«Бұл бүгінгі уақыт талабы. Біз алдыңғы барлық кемшіліктерді ескеріп, нақты іс-әрекет алгоритмін жасадық. Бірінші кезеңде екі газет: Egemen Qazaqstan және Казахстанская правда біріктіріледі. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болып қайта құрылады. Осыдан кейін «Қазақ газеттері» АҚ бірігіп, «Қазақ газеттері» бірыңғай холдингін құратын болады. Нақты алгоритм жазылған және бұл ұжымның шығармашылық бөлігіне қатысты болмайтынын тағы бір рет атап өткім келеді. Egemen Qazaqstan және Казахстанская правда сияқты брендтер сақталады», — деді министр.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жетілдіру жұмысы туралы

«Біз бас редакторлармен бірнеше рет кездесу, бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткіздік. Онда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша барлық проблемалық мәселелер айтылды. Біз барлық проблемалық мәселелерді ескере отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру мен бөлудің жаңа Ережелерін әзірлеп жатырмыз. Бұған қатысты жұмыс тобы жұмыс істейді және оған барлық БАҚ қатысады, олармен күн сайын консультация жүргізіледі», — деді министрлік басшысы.

Аида Балаева ведомствоның БАҚ өнімдерінің баға саясатын өзектендіретін маркетингтік зерттеулер жүргізетінін айтты.

«Біз сондай-ақ сараптамалық материалдардың көбірек болуы және оларға көбірек қаражат жұмсау үшін жұмыс істейтін боламыз. Бүгінгі таңдағы шынайы жағдайды ескере отырып, мультимедия өнімдері көбірек пайда болатындай міндет қойғым келеді. Жұмыс қорытындысы бойынша біз мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды қалыптастыру және бөлу бойынша бірлескен нәтижелерді нақты жариялаймыз», — деді министр.

 Дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу институттарын дамыту туралы

«Сараптау көрсеткендей, қазақстандық қоғамда негізінен дауларды соттық реттеу кеңінен таралған. Бұл азаматтар мен соттар үшін проблема, тараптардан көп уақыт пен қаражат шығындауды талап етеді, сот жүйесін ауырлатады. Осыған байланысты дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту қажет, бұл туралы Президент өз Жолдауында айтқан болатын. Бұл қадам азаматтар арасында кикілжің туғызбай, жүйкесін, уақыты мен ақшасын үнемдей отырып, дауларды тез реттеуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Министрдің мәліметінше, 2019 жылы қаралған 2 млн істің тек 42 мыңға жуығы медиация тәртібімен реттелген. Медиация саласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Аида Балаева атап өткендей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария сияқты озық елдердің үздік дәстүрлеріне сүйенуге ниетті.

 

Ақпараттың қолжетімділігі туралы

«Біз ақпаратқа қол жеткізу бөлігінде заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазір Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті органды айқындауды көздейтін түзетулер бар. Егер бұл түзету қабылданса және күшіне енсе, АҚДМ бұл жұмысты үйлестіріп, бақылайтын болады. Әрбір мемлекеттік органда қолданыстағы штат бірліктері шеңберінде осы салаға жауапты уәкілетті бөлім немесе уәкілетті өкіл болады. Ең бастысы, Президенттің атына жолданатын ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша жыл сайынғы баяндама барлық проблемалық мәселелерді, кемшіліктерді, мемлекеттік органдардың артықшылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігі мен ашықтығына ықпал ететін болады», — деді А. Балаева.

Оның айтуынша, АҚДМ уәкілетті орган ретінде барлық мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланыстың жүйелі және үздіксіз болуына ықпал ететін болады.

«Мәслихаттардың отырыстарына қатысуға келетін болсақ, мен бұл мәселені өте жақсы білемін және өзім жауап беруге және Алматы қаласы әкімінің аппаратына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл аспектіде, әрине, бұған жол беруге болмайды, оның үстіне қазір уақыт ашықтық пен сындарлы диалогты талап етеді. БАҚ туралы Заңға сәйкес, баспасөз хатшылары тек мемлекеттік органдарда ғана тағайындалады, сондықтан мәслихаттарда олар қарастырылмаған. Заңнамалық шаралар мен нақты бақылау мұндай мәселелердің болмауын қамтамасыз етеді», — деді министр.

Журналистердің пандемия кезіндегі жұмысы туралы

«Мен кәсібилік танытып, өз өмірін қатерге тіге отырып, Төтенше жағдай режимі жарияланған ең қиын кезеңдерден хабар таратқан біздің журналистерге алғыс айтуды қайталаудан шаршамаймын. Олар мемлекет қабылдап жатқан  барлық іс-шараларды жариялай отырып, қоғамда дүрбелеңнің туындауына жол бермеді. Бірінші кезеңде тіпті адамдар вирустың бар екеніне сенбеді. Сондықтан журналистердің кәсіби жұмысы халықтың бірінші кезекте ТЖ кезінде үйде отыруына мүмкіндік берді. Мен барлық журналистерге өте ризамын және мықты денсаулық тілеймін. Вирус ешқайда кетпегендіктен, бүгінде журналистер өз өмірлерін қатерге тігіп, жұмыс істеп, халыққа жедел әрі сенімді ақпаратты жеткізуде», — деді Аида Балаева ОКҚ-інде өткен онлайн-брифинг кезінде.

Аида Балаева сондай-ақ журналистердің кәсіби біліктілігінің арқасында Қазақстан жалған жаңалықтардың саны аз елдердің рейтингіне енгізілгенін атап өтті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2020, 10:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №802 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №800 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №789 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 21:33
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
02 Желтоқсан 2020, 19:04
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
02 Желтоқсан 2020, 16:53
ҚР БҒМ: Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 139 887 адам тұрады
02 Желтоқсан 2020, 14:24
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.11.2020
02 Желтоқсан 2020, 13:42
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді — Б. Атамқұлов
02 Желтоқсан 2020, 13:02
Қазақстанда жыл соңына дейін 26 млн га астам алқапқа топырақтық және геоботаникалық карта әзірленеді — ҚР АШМ
02 Желтоқсан 2020, 12:38
Қазақстанда мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда — Б. Нұрымбетов
02 Желтоқсан 2020, 12:08
Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда — А. Цой
02 Желтоқсан 2020, 11:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №796 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №794 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №790 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:29
А. Мамин: біздің міндетіміз — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру
02 Желтоқсан 2020, 09:59
Толық цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады — А. Мамин
01 Желтоқсан 2020, 12:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады  
30 Қараша 2020, 18:49
«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын ұлғайту» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруға қатысты депутаттық сауал
30 Қараша 2020, 18:10
Заңнамалық актілерге ревизия жүргізу және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету — М. Бекетаев Президент Жолдауының іске асырылуы туралы айтып берді
30 Қараша 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды
30 Қараша 2020, 16:05
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.