Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі

Жұма, 31 Қаңтар 2020, 18:28:12

31 қаңтарда Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Алматыдағы Еуразиялық одақтың Үкіметаралық кеңесінің негізгі тақырыптарының бірі қатысушы елдерде сауданы және цифрлық интеграцияны дамыту болады. Шара қарсаңында PriemeMinister.kz редакциясы ЕАЭО-ға Қазақстанның қатысуына қатысты жетекші қазақстандық сарапшылардың ой-пікірлерін жинақтады. 

ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларын жан-жақты жаңғырту, кооперациясы және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) директоры Зарема Шаукенова осындай пікірімен бөлісті. 

«Қазақстанның бірегей географиялық орналасуы және экономикалық әлеуеті интеграциялық бірлестік аясында оның тұрақты дамуына ықпал етеді және негізгі мақсат – капиталдың еркін қозғалысын сенімді іске асыруға мүмкіндік береді», — деді ол.

Оның айтуынша, ЕАЭО қатысушы елдердің сыртқы экономикалық қызметтен де, ішкі экономикалық процестерден де синергетикалық әсерге қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мәселен, алғашқы бес жылдың қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің едәуір өсімі байқалады. ЕАЭО жалпы ішкі өнімі сатып алушылық қабілетінің паритеті бойынша (СҚП бойынша ЖІӨ) 13%-ға, тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12%-ға артты, жұмыссыздық деңгейі 12%-ға қысқарды, негізгі капиталға инвестициялар 19%-ға көтерілді. 

Қазіргі жағдайларда Қазақстан үшін сыртқы серіктестермен тұрақты экономикалық байланыстарды дамыту — экономикалық дамудың маңызды векторы. ЕАЭО бұл контексте экспорттық әлеуетті өсіру үшін кең мүмкіндіктер мен перспективалы бағыттары ашады, бұл түптің түбінде қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейінен көрініс табады. 

Әрбір елдің интеграция негізінде өз басымдықтары бар. Қазақстан үшін бұл — бірыңғай кеден нормалары базасында экспортты жеңілдету, салықсыз сауда, әлемнің басқа макроэкономикалық аймақтарына шығумен жаһандық көлік тораптарына интеграция.  

ЕАЭО аясында қол қойылған келісімдер Қазақстанның басқа аймақтардағы елдермен экономикалық байланыстарының жақсаруына ықпал етеді. Мысалы, 2016 жылы ЕАЭО елдері Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы алғашқы келісім жасады. Мәселен, Қазақстанның Вьетнаммен тауар айналымының жыл сайынғы өсу қарқыны 2016 және 2018 жылдар аралығында 13%-ға жуықты құрады. 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Вьетнаммен тауар айналымы $246 млн асады, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен 2%-ға артық. 

Оңтүстік Шығыс Азиядағы аса ірі сауда хабы Сингапурмен еркін сауда аймағы туралы келісім өңдеу өнеркәсібіндегі отандық өнімнің болуына мүмкіндік береді. 2018 жылы Сингапурмен тауар айналымы $522 млн асқанын және 2016 жылмен салыстырғанда 6 есеге жуық артқанын атап өткен жөн. Қазақстанның Сингапурмен тауар айналымының үлес салмағы 2018 жылы АСЕАН мүше мемлекеттердің тауар айналымының жалпы көлемінен 37,4% құрады.  

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) директорының орынбасары Санат Кушкумбаев өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одаққа жаңа мүшелердің қосылу мүмкіндігі туралы айтып берді. 

«Жақын болашақта бұл әбден болуы мүмкін. ЕАЭО дамуы тұрғысынан Өзбекстан мен Тәжікстан кандидатурасы қисынды. Өзбекстанның бірлестікке қосылу мүмкіндігіне қатысты пікірталас бәрімізге белгілі. Қазіргі кезде Ташкент ЕАЭО-да бақылаушы болуға әзір және оған мүшеліктен барлық мүмкін болатын артықшылықтар мен шығындарды сараптауға ниетті. Тәжікстанның алдында да осындай мәселе тұр. Душанбе де барлық тиімділіктері мен тиімсіздіктерін жан-жақты сараптауда», — деді С. Кушкумбаев.

Жалпы, ол ЕАЭО қатысушылары үшін бұл елдердің қосылуы егер жаңа мүшелері барлық қол жеткізілген келісімдерге шынымен қосылатын болса, тиімді болады деп санайды. Тиісінше, қазір мәселе әлеуетті үміткерлердің өзі одаққа мүшелікті қаншалықты тиімді санайтындығында.  

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов ЕАЭО қатысушы елдердің сауда-экономикалық дамуының перспективалы дамуының қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, ЕАЭО аясында сауда қатынастарын дамыту әрине, болашақта, әсіресе, бұл елдердің көптеген кәсіпорындарының бұрын өндірістік кооперация байланыстарын бірыңғай шаруашылық кешені аясында байланыстырған. Бірқатар салалар мен аймақтарда әлі күнге дейін өндірістің өзара толықтырушы құрылымы сақталған. Алайда тіпті бұл байланыстарды ескерусіз көршілес мемлекеттер арасындағы сауданың логистика және көлік қатынасына ыңғайлылығы факторлары есебінен оң нәтижелері бар, бұл оны тиімді етеді.

«Сауда-экономикалық ынтымақтастық жалпы экономиканың даму қарқынына тікелей әсер етіп, көптеген салалардың даму драйвері ретінде танылады. Тиісінше, сыртқы сауданың экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы да арта түседі, өйткені мұндай бәсекеге қабілеттілік сыртқы нарықтарда, ұлттық шаруашылық жүйесінің әлемдік нарықтарға талап етілген өнімді ұсына алу қабілеті формасында көрініс береді. Сондықтан, мұндай ықпал сөзсіз болады», — деді В. Додонов.

Сонымен қатар сарапшы өзара сауданың тиімділігі туралы оның қалай өсетініне және қаншалықты динамикалылығына қарап айтуға болатынын атады. ЕАЭО құрылған төрт жылдан бері (2019 жылғы статистика әлі шықпады) Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 23,4%-ға, экспорт – 18,1%-ға, импорт – 25,8%-ға өсті. Бұл ретте импорттың өсу қарқыны жалпы қазақстандық импорт үшін орташадан жоғары болды, экспорт – төмен, ал жалпы тауар айналымы – Қазақстанның барлық сыртқы сауда көлемімен бір деңгейде болды. 

ЕАЭО жалпы қаржы нарығы туралы айта отырып, В. Додонов ЕАЭО қаржы қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру процесі жоспарланған іс-шаралар арнасында жүріп жатқаннын атады. Өткен жылы еревандық саммитте Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру туралы тұжырымдама қабылданды, бұл 2025 жылға қарай осы нарықтың да, мемлекетаралық қаржы органының да құрылу мүмкіндігі артатынына негіз бола алады. Мұндай органды құру ЕАЭО құру туралы келісімге қарастырылған, 103 баптың 2 тармағында «Қаржы нарықтары саласындағы заңнаманы үйлестіруді аяқтаған соң мүше мемлекеттер қаржы нарығын реттеу бойынша ұлтүстілік органның өкілеттіліктері мен функциялары туралы шешім қабылдап, оны 2025 жылы Алматы қаласында орналастырумен құрады». Бұл орган туралы шешім 2014 жылы Келісімге қол қою сәтінде қабылданғандықтан, ортақ қаржы нарығын құру бойынша жүріп жатқан процестер ЕАЭО базалық құжатында салынған жоспарлы процесс деп танылады.

Сонымен қатар осы органға қатысты мынаны нақтылау керек, оны құрған соң оның функциялары ұлттық қаржы нарықтарының қатысушыларына тікелей қадағалау жүргізуді қамтымайтын болады. Бұл орган құрылған алғашқы кезеңінде ЕАЭО елдерінің қаржы заңнамасының халықаралық стандарттарға сай екеніне талдау жасап, олардың енгізу бойынша ұсыныстар береді, халықаралық ұйымдармен, реттеушілермен ынтымақтастық құрады және халықаралық алаңдарда одақтың мүдделерін ұсынатын болады. Одан соң, қаржы интеграциясының тереңдеуіне орай, Одақ мүшелері оның өкілеттіліктерін кеңейту мәселесін қарастыралы, бірақ бұл кеңейту сонымен қатар ұзаққа созылады деуге де болады. 

Азаматтардың мүдделеріне қатысты, В. Додоновтың айтуынша, олар ЕАЭО басқа елдерінің қаржылық компаниялары ұсынатын қызметтердің қолжетімді болуын жеңілдетуді, одақ елдерінің қаржы нарықтарының қолжетімді болу мүмкіндігін, сондай-ақ одақтың басқа мемлекеттерінен компаниялардың келуі есебінен бәсекелестіктің артуының арқасында өз елдерінің нарықтарында қаржылық қызметтердің сапасын жақсартуды қамтиды.

Қазақстанның экспорттаудан гөрі, импорттаушы ел екені белгілі. Экспорт саласында интеграция елімізге қандай тиімділік әкеледі? Тауарлар экспорты қалай өзгерді? В. Додонов осы сұрақтарға нақты жауап берді. Ол қазақстандық экспортқа тән екі беталысты атады. 

Біріншіден, жалпы, қазақстандық экспортта шикізаттың үлесі едәуір, жалпы көлемнен 85%-дан асады. ЕАЭО серіктес елдеріне қазақстандық экспорттың шамамен 10% бағытталады. Бұл ретте, біз экспорттайтын тауарлар құрылымында басым бөлігі өкінішке орай шикізаттық болып қалып отыр. Мәселен, минерал өнімдер, металдар мен олардан жасалған бұйымдар көлемі көп (40,5% және 26,4%). Бұл ретте, экспорттың негізгі ағымы Ресейге бағытталған. Бірақ, сонымен қоса, өңделген материалдар үлесі де біртіндеп артып келеді. Мәселен, 2019 жылдың 9 айында мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, дайын азық-түлік тауарларының ЕАЭО елдеріне экспорт құрылымындағы үлесі 10% құрады; машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар – 7,6%. 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, өсім тиісінше 0,2 және 1,2% болды.

Екіншіден, ЕАЭО нарығы Қазақстан үшін шикізаттық емес экспорт үлесін арттыру тұрғысынан өте маңызды. Біздің жоғары қосылған құны бар тауарларды, өңдеу өнеркәсібі тауарларын жеткізуге әлеуетіміз бар. 2019 жылдың 11 айында ЕАЭО-ның машиналар мен жабдықтар экспортындағы үлесі – 42,2%, химия өнеркәсібі өнімдеріндегі үлесі – 30,5%, құрылыс материалдарындағы үлесі – 44,3%, аяқ киім, бас киім, галантерея тауарларындағы үлесі – 70,5%, тоқыма және тоқыма бұйымдардағы үлесі – 26,9%, металл және олардан жасалған бұйымдардағы үлесі – 20,5%, өнімдер мен азық-түлік өнімдеріндегі үлесі – 18,9% құрады. Бірақ, барлық әлеуетті іске асыруға түрлі кедергілер тосқауыл болып отыр, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. 

Сарапшының пікірінше, өнеркәсіптік кооперация және кеңірек — инвестициялық ынтымақтастық Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктестерімен ынтымақтастығының саудаға қарағанда, мүмкін, аса маңызды бағыты болып табылады, өйткені осы бағыт еліміз үшін аса өзекті экономиканы жаңғырту, оны әртараптандыру, шикізаттық секторға тәуелділіктен арылу проблемаларына қомақты үлесін қосады. 

«Өнеркәсіптік кооперация базасы одақ елдерінен инвестициялар ағымы болып табылады, олардың Қазақстанға түсуі ЕАЭО кезеңінде аса динамикалы болды. 2018 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымының жылдық көлемі 2015 жыл деңгейіне қатысты 2,6 есе артып, $1,6 млрд жетті, ал Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымындағы ЕАЭО елдерінің үлес салмағы 2015 жылғы 3,9%-бен салыстырғанда, 6,4% құрады. Тікелей шетелдік инвестициялардың ЕАЭО елдерінен таза ағымының динамикасы аса айқын. Одақ елдеріне тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық көлемі 2015 жылдан 2018 жыл аралығында 2,4 есе артты, ал үлес салмағы 2,6 есе өсіп, 13%-ға жетті. 2019 жылы ЕАЭО елдерінің үлес салмағы өсуді жалғастырып, 14,2%-ға дейін артты. Осылайша, ЕАЭО-тан инвестициялар қазіргі кезге дейін шетелдік тікелей инвестициялардың таза ағымын қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналды. ЕАЭО құрылғаннан бері бірлестік елдерінен Қазақстанда жұмыс істейтін инвестициялар көлемі $4,6 млрд (66%) артты», — деді В. Додонов.

Оның айтуынша, қазақстандық бизнестің ЕАЭО компанияларымен өнеркәсіптік кооперациясының нақты мысалдары ең алдымен ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты қамтиды, ол көпсалалы сипатта - Қазақстанға инвесторлар ретінде көшбасшы позициядағы және негізінен шикізаттық сектордағы басқа елдермен салыстырғанда, ресейлік инвестициялар көптеген қызмет түрлері бойынша, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде де тепе-тең бөлінген. 

«Ынтымақтастықтың әдеттегі бағыты – мұнай-газ секторы, онда 1995 жылдан бері “Лукойл” жұмыс істейді, химия өнеркәсібінің ірі инвесторы “Еврохим” бар, ресейлік компаниялар металлургия, фармацевтика, машинажасауға қатысады», — деді сарапшы.

Өз кезегінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) бас ғылыми қызметкері Ирина Черных сауда саласында интеграция және ортақ тауарлар нарығын құру елдердің алғашқы бастамаларының бірі екенін, және оның басы Кедендік одақты құруда жатқанын айтты. Сондықтан Қазақстанның әзірлігі немесе әзір болмауы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. 

Сонымен қоса, интеграцияның нақ осы бағыты сыни бағалаудың аса көп көлемін тудыратынын мойындаған жөн. Проблемалық мәселелердің бірі жалпы сыртқы сауданың тауарлық құрылымы бойынша ЕАЭО бойынша серіктестермен Қазақстанның өзара сауда тауарлық құрылымының толық қайталануы болып еді. 

«Дегенмен, 2018 жылдан бастап ЕАЭО елдеріне экспортта тауарлық позициялардың айтарлықтай әртараптандырылуы байқалып отыр. ЕАЭО-тағы Қазақстанның экспортының маңызды жетістігі 2019 ж. өңделу дәрежесі жоғары өнім үлесінің өсуі болып табылады. Осылайша, Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспортында шикізаттық тауарлардың көп болуына қарамастан, шикізаттық емес экспорттың өскенін айтуға болады. Бұл жағдай ұлттық экономиканың нақты секторының бәсекелі әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасайды», — деді И. Черных.

Қазақстанның цифрлық интеграцияға әзірлігіне келсек, мұнда жауап тек оң сипатта. Сарапшының пікірінше, цифрлық экономиканың даму сапасы мен қарқыны жағынан Қазақстан Ресеймен бірге барлық ТМД елдерінің кеңістігінде көшбасшылық позиция алады.  

«Біз ЕАЭО-ның цифрлық интеграция процестеріне қосылуға әзір болып қана қоймай, өзіміз де идеялар генераторы және бастамаларды әзірлеушілер болып отырмыз. Мәселен, қазақстандық бастамалара қатарына агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың цифрлық технологияларын енгізу және электронды еңбек биржасын құру жатады. Қазақстан электронды лицензиялау тетігін таныстырды, ол лицензиялау процесін, рұқсат беру құжаттарын беруді автоматтандырып қана қоймай, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тетігінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазақстанның тағы бір бастамасы “шағын және орта бизнес үшін ашық цифрлық платформаны” іске қосуы болды», — деді И. Черных.

Жалпы, Келісімде ЕАЭО қатысушы елдердің одақ кеңістігінде төрт негізгі еркіндікті қамтамасыз етуге әзірлігі нақтыланған. Сөз тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі туралы болып отыр. Сонымен қатар, Келісімде интеграцияның салалық бағыттары бойынша қатысушылардың міндеттемелері көрсетілген. Ондай салалардың арасында: бірыңғай сауда саясаты және техникалық реттеу саласындағы саясат, келісілген макроэкономикалық және валюталық саясат, көлік және энергетика саласындағы үйлестірілген саясат, агроөнеркәсіптік саладағы үйлестірілген саясат, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясат бар. 

«Алдымен айтып өтейін, ортақ нарықтар мен саясатты құру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мәселен, дәрі-дәрмектердің ортақ нарығы 2016 жылы іске қосылды және фармацевтикалық өнімнің өзара саудасында көрсеткіштердің өсуін тұрақты көрсетіп отыр. 2016 жылдан бастап ЕАЭО кеңістігінде бірыңғай көлік кеңістігін құруға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыстар жол карталары арқылы реттеледі, онда әуе көлігі, жер беті көлігі және су көлігі саласындағы интеграция процестерін реттеу, сондай-ақ ортақ көлік саясаты қарастырылған. 2025 жылға қарай ЕАЭО кеңістігінің ішінде тасымалдарға кез келген шектеулерді алып тастау күтіліп отыр», — деді сарапшы.

ЕАЭО туралы келісім агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын да бекітеді. Айта кеткен жөн, келісілген аграрлық саясатты жүргізу қажеттігі туралы мәселе біршама уақыт бұрын қойылды және оның жекелеген сәттері КО мен ЕЭП туралы келісімдерден көрініс тапты. Алайда, ол кезде болған келісмшарттық-құқықтық база ортақ аграрлық нарық пен азық-түлік қауіпсіздігін реттеу мәселелерінде тұтас саясатты іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бар кемшіліктерді жою мақсатында Тұжырымдама әзірленді, ол одақ тарихындағы алғашқы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кешенді салалық құжатқа айналды. Тұжырымдаманың негізгі ережелері Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге енгізілді. Бүгінде шектес салалардағы интеграциялық процестер, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық шараларды қамтамасыз ету келісілген агроөнеркәсіптік саясаттың мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын ескерумен жүзеге асырылады. 

Саясаттанушы атап өткендей, өткен жылы ортақ электроэнергетикалық нарықты қалыптастырудың бірінші кезеңі іске қосылды. Алда тараптардың позицияларын келісу, нарықтың жұмыс істеу ережелерін анықтау т.б. бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ортақ электр энергетикалық нарық 2025 жылдан кеш емес жұмыс істей бастайды деп күтілуде. 

«ЕАЭО туралы Келісімде назар аударылған маңызды нәрсе – бірыңғай қызмет көрсету нарығын құру, сондай-ақ қатысушы елдердің азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру бойынша келісілген саясатты қамтамасыз ету. Атап айтқанда, Келісімге қатысатын барлық азаматтар, елдер үшін әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық режимін қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ елде көрсетілетьін барлық медициналық қызметтерге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету, зейнетақы экспорты, қатысушы елдерде жинақталған еңбек өтілін өзара есептеу т.б. туралы сөз болып отыр», — деді И. Черных.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Каримова өткен бес жылдың қатысушы елдер үшін ЕАЭО тиімділігі мен өміршеңдігіне қатысты қауіптердің негізсіз екенін дәлелдегенін айтты. 

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) бағалаулары бойынша, ЕАЭО әлемде даму деңгейі жағынан Еуропалық одақтан кейінгі екіші интеграциялық бірлестік ретінде жұмыс істейді. 

«Бүгінде ЕАЭО қатысушы елдер үшін оң синергетикалық тиімділік береді деп сенімді түрде айтуға болады. Ұлтүстілік заңнама жасау, кеден бекеттерін алып тастау және тарифтік емес кедергілерді азайту өзара сауданың артуы үшін маңызды факторға айналды», — деді саясаттанушы. 

Мәселен, 2019 жылғы қарашада ЕАЭО өзара сауда көлемі $5 628,8 млн құрады. 2018 жылғы қарашаға қарай оның шамасы 11,3% немесе $572,3 млн, алдыңғы айға – 5,9% немесе $315,6 млн болды. Қазақстан үшін 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіш өсімі 123,7% ($598,2 млн) құрады. 

Интеграциялық бірлестікке қатысу сонымен қатар инвестициялық тартымдылық пен іскерлік ортаның даму перспективаларын ашты. Мәселен, «Бизнес жүргізу – 2019» рейтингінде ЕАЭО 21-ші орында болды. 2019 жылы Doing Business рейтингінде Қазақстан өзінің позицияларын жақсартып, 28-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді. 

Сарапшы атап өткендей, алдағы перспективада ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестер күшейе түседі. Қатысушы елдердің басым назары ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға, ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялауға, кедендік реттеу және ортақ нарықтарды құру саласындағы өзара іс-қимылға бағытталады.  

Атап айтқанда, электр энергиясы, қаржылық қызметтер, мұнай, мұнай өнімдері мен газ ортақ нарығын құруды аяқтау туралы болып отыр. Интеграциялық институттар, мемлекеттік органдар мен бизнес тарапынан ЕАЭО ішіндегі тарифтік емес кедергілерді реттеу мәселесі ерекше назар аударуды талап етіп отыр. Ортақ нарықтарды құру тиімді макроэкономикалық ортаны қолдауды талап етеді, оның ішінде валюталық-қаржылық мәселелерді шешу бар. 

Интеграцияның оң тиімділіктерін кеңейту мақсатында еркін сауда аймағы мен ЕАЭО-тың үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі келісімдер саны арта түседі. 

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Әбен 2015-2016 жылдары Қазақстан экономикасында дағдарыс түбі көрініп, оның біртіндеп қалпына келуге бағыт алғанын атап өтті. Өсу мұнай бағасының өсуі, түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ішкі инвестицияларлың өсуі және геосаяси ахуалдың жақсаруымен себептелді. Өңдеу өнеркәсібінің салалары оң өсу динамикасын көрсетті. 

Өз кезегінде ЕАЭО нарығы Қазақстан экономикасына оң ықпалын көрсетіп отыр. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 2010 жылы $91 397,5 млн болса, 2018 жылы $93 489,7 млн (2010 жылы базистікке өсу қарқыны 102,6%) көрсеткенін атап өткен жөн. Осы кезеңде Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығындағы өсім 1,1% құрады. Біз үшін ЕАЭО елдерімен ол құрылғанна бергі сауданың тауар айналымы бойынша да, экспорт бойынша да, импорт бойынша да өсімді көрсетіп отырғаны оң факт. Қазақстандық экспорттың ЕАЭО-тағы ерекше жетістігі 2019 жылы өңделу деңгейі жоғары өнімдер үлесінің артуы болды (дайын өнімдердің – машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының), бұл бәсекеге қабілеттілік әлеуетін едәуір арттырады

Сонымен қатар, ЕАЭО аясында тауарлардың еркін айналымы мәселесін шеше отырып, тараптар ішкі нарықтағы кедергілерді жою бойынша белсенді бірлескен жұмыстар жүргізуде. Қазақстан бұл мәселелерді шешуге белсене қатысады және қажетті ықпал көрсетуге тырысады. 

Айта кеткен жөн, Еуразиялық экономикалық комиссия одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді бағалау үшін терминдерді анықтау толық аяқталды. 

  • Кедергілер — одақ құқығына сай келмейтін одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі аясында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына кедергі келтіретін тосқауылдар. Кедергілер ЕАЭО құқығын бұзу болып табылатындықтан, оларға қатысты бірден оларды жою шаралары қабылданады. 

  • Алып тастау — одақтың құқығында қарастырылған мүше мемлекеттердің одақтың ішкі нарығында жұмыс істеудің жалпы ережелерінің қолданылмауы туралы ерекшеліктер.

  • Шектеулер — одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі аясында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін бөгеттер, олар дамуы одақтың құқығында қарастырылған экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеудің болмауы салдарынан туындайды. 

Алып тастаулар мен шектеулер ЕАЭО құқығын бұзушылық болып табылмайды және іс-шаралар жоспарына сәйкес жойылады. Кедергілердің жою мақсатында 2018-2019 жылдарға арналған ЕАЭО ішкі нарығында алып тастаулар мен шектеулерді жою жөніндегі жол картасы бекітілген. 2019 жылғы қазандағы жағдай бойынша кедергілер тізілімінде 18 кедергі, 38 шектеу, 14 алып тастау болды. Іс-шараларды жол картасына сәйкес іске асыру — біздің басты міндеттеріміздің бірі. 

Сарапшы атап өткендей, кедергілермен байланысты проблемалы салалар техникалық реттеу, кедендік реттеу, көлік саясаты болып табылады. 

«Одақтың барлық мүшелерінің тарапынан үйлестірілген және мақсатты жұмыстар бірыңғай талаптары бар тауарлардың ортақ нарығын құруға мүмкіндік береді, тауарлардың бөгетсіз тасымалдануы үшін жағдайлар жасайды», — деді саясаттанушы.

ЕАЭО Кедендік кодексі 2018 жылы 1 қаңтардан күшіне енгенін айта кету керек, ол күшіне енген сәттен бері нәтижелерін бағалау үшін соншалықты көп уақыт өткен жоқ. Жалпы, ол өзара сауда немесе басқа да салаларда түбегейлі өзгерістер әкелмейді, себебі Кедендік одақтың Кедендік кодексінің сабақтастығы болып табылады. 

Жаңа құжатта атап айтқанда, кеденде бизнес-процестерді автоматтандыруға (электронды декларациялау басымдығы) бағытталған және декларациялау, кедендік рәсімдеу мен салық төлеуді жеңілдетуге арналған бірқатар жақсартулар бар. Кодексті жетілдіру өзара сауда үшін кедергілерді төмендетуге ғана емес, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін жағдайларды жақсартуға бағытталады. 

Ұлттық мүдделер мен атап айтқанда, ұлттық заңнама ЕАЭО нормаларымен келісіледі. Мәселен, Қазақстанда ЕАЭО жаңа кедендік кодексінің қабылдануы «ҚР-да кедендік реттеу туралы» жаңартылған Кодекстің қабылдануына алып келді, онда ЕАЭО Кедендік кодексі имплементацияланған. 

Одақтағы құқықтық алаң қатысушы елдердің ұлттық заңнамасына ықпал етеді. Сөйте тұра, қазіргі уақытқа дейін ұлттық нормалар мен тәжірибелердің одақ заңнамасымен қайшылықтары сақталып отыр. Атап айтқанда, өзара сауда саласындағы мұндай қайшылықтарды Еуразиялық экономикалық комиссяи белгілейді, себебі ол Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілер тізілімін жүргізеді. Бұл тізілімде барлығы (кедергілер, алып тастаулар, шектеулер) белгіленді, комиссия оларды жою үшін жұмыс істейді. 

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы 67 тосқауылды тіркеді, оның ішінде 16 кедергі, 14 алып тастау мен 37 шектеу бар. ЕАЭО жекелеген елдері бойынша кедергілер саны бірдей дерлік - олардың ең көп бөлігі Ресейге (50), ең аз бөлігі Қырғызстанға (44) тиесілі. Қазақстан кедергілер саны жағынан Ресейден соң екінші орында (48). Бұл ретте, кедергілердің басым бөлігін (68-дің 44-ін) ЕАЭО барлық бес мемлекеті қолданатынын айта кеткен жөн. Осылайша, ЕАЭО нормативтік базасын бұзғаны үшін және одақтың ішкі нарығында кедергілер тудырғаны үшін барлық бес ел бірдей деңгейде жауапты. 

«Біздің негізгі міндетіміз – таңдалған бағыттан таймау және бұрын қабылданған бағдарламаларлы өмірде тиімді іске асыру. Бұл ретте олардың іске асырылуына қатаң бақылау жүргізу қажет. Біз шешуге ұмтылып отырған ең басты міндет – бұл экономиканы әртараптандыру. Бізде белгілі бір тәжірибе мен кейбір нәтижелер бар; индустрияландырудың екі фазасын өткіздік, үшінші фазасына көшіп жатырмыз. Алайда, жоғары өнімділік пен инновацияларға негізделген өсім – күрделі міндет. Ол үшін жоғары сапалы білім беру жүйесін құру қажет, ол ғылымдағы шығармашылық әлеуетті қолдап, ынталандырып, инновациялық қызмет үшін жағдайлар тудырады», — деді Ә. Әбен.  

Сөзін қорытындылаған сарапшы көптеген елдермен көпвекторлы әріптестік орнатуы Қазақстанға экономикалық дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Тек, халықаралық тәжірибені қазақстандық ерекшелікті ескерумен тиімді енгізу қажет. 

«Инвестициялық ахуалды жақсарту және елге инвестициялар тарту, бизнестің дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің “Doing Business”-тегі рейтингіміз жақсы (25 орын). Алайда бюрократиялық сипаттағы проблемалар, сыбайлас жемқорлықпен және ашықтықпен байланысты проблемалар бар. Бұл бағытта белгілі бір жұмыстар атқарылуда. Әлем елдері рейтингінің соңғы мәліметтері бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдау жағынан Қазақстан өз позицияларын жақсартып, 114 орынды иеленді», — деп түйіндеді саясаттанушы.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.