Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде

Сенбі, 08 Ақпан 2020, 11:04:13

Технологиялық прогресс экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғады. Үлкен аумағы бар, табиғи ресурстарға бай Қазақстан да шектеу емес. Дегенмен, ел басшылығы экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту мәселелеріне баса назар аударады. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы бағыттардағы жұмысты жандандыруды тапсырды. 2019 жылы көлемді жұмыстар атқарылды, олардың нәтижесі бүгінде байқалуда. PrimeMinister.kz редакциясы елімізде экологиялық саясаттың қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы шолу материалын дайындады.

2019 жылы экология саласындағы басты оқиға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуы болды. Орталық атқарушы органды құру еліміздің қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын жетілдіруге, қалдықтарды басқару жөніндегі саланы қарқынды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.

Жаңа Экологиялық кодекс — түбегейлі жаңа құжат 

Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Негізгі Заңның 31-бабының 1-тармағында: «Мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етiп қояды» делінген.

Бұл конституциялық ереже Қазақстанда 2007 жылдан бастап әрекет ететін экологиялық кодексте де жазылған.

2019 жылы жетекші сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделген ҚР жаңа Экологиялық кодексін әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Желтоқсан айында Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциядағы жобасы мақұлданды.

Кодекс 7 негізгі қағидадан тұрады, олардың бастысы — «ластаушы өзі төлейді және түзетеді».

Өзгерістер қоршаған ортаға әсерді бағалау тәртібін (ҚОӘБ) барлық табиғат пайдаланушыларға емес, «бірінші санаттағы» ірі кәсіпорындарға ғана қолдануды қарастырады. Сонымен бірге, жұртшылық экологиялық сараптама кезеңінде бір рет қана емес, ҚОӘБ-ның барлық сатысына қатысады.

2025 жылдан бастап «бірінші санаттағы» ірі нысандарға кешенді экологиялық рұқсаттар (КЭР) қолданылады және қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға бағытталған ең жақсы қолжетімді технологиялардың (ЕҚТ) тетігі енгізілетін болады. ЕҚТ-ға өткен компаниялар эмиссиялар үшін төлемнен босатылады, ал қалғандарына шығарындылар үшін төлем мөлшерлемелері 2028 жылдан бастап әр үш жыл сайын 2, 4, 8 есе біртіндеп өседі (2025 жылдан бастап топ-50 ірі кәсіпорын үшін). 

Жаңадан қосылған кәсіпорындар үшін КЭР алу міндетті болып саналады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау шараларын 100% көлемінде түсетін экологиялық төлемдер есебінен қаржыландыруға міндетті.

Кодекс жобасында ірі ластаушы кәсіпорындардың қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының көлеміне мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру қарастырылған.

Кодексте бұқаралық ақпарат құралдары арқылы экологиялық тәртіп бұзушылық және шағымдар фактісі бойынша кәсіпорынды тексеру туралы алдын ала хабарландыру ережесі алып тасталған, бұл уәкілетті мемлекеттік органдарға қоршаған ортаға залалды тоқтатуға және шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экологиялық құқық бұзушылық үшін салынатын әкімшілік айыппұлдар 10 есеге арттырылады.

Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының жобасында қалдықтардың 5 сатылы иерархиясы және оларды өңдеудегі міндетті «кезеңдік» енгізілген, яғни бұл: пайда болудың алдын алу/азайту – қайта пайдалану, өңдеу, кәдеге жарату – жерге көму. Қалдықтарды жіктеу қауіпті емес және қауіпті қалдықтарды қамти отырып, Еуропалық қалдықтар каталогына сәйкес жасалады.

Сонымен қатар, «Waste to Energy» тетігі енгізілуде, яғни жаңартылатын энергия көздеріне ұқсас электр энергиясын өндірумен қалдықтарды жағу. Бұл 2025 жылға қарай қалдықтардың көлемін 30%-ға дейін азайтуға және 180 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялар тартуға жол ашады.

 

Табиғи ресурстарды сақтау: сирек кездесетін тұяқты жануарлардың саны артты

Табиғи ресурстар шексіз емес, сарқылады. Оларды сақтап, үнемдеп, қалпына келтірумен айналысу қажет. Бұл бағытта Қазақстанда көлемді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі қызмет Министрліктің Стратегиялық және Оперативтік жоспары, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жұмыс жоспары шеңберінде жүзеге асырылды, көрсетілген жоспарларда айқындалған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

Орман шаруашылығы

2019 жылы еліміз бойынша ормандарды молықтыру көлемінің артуы байқалады. Орман отырғызу жоспары 59,8 мың гектар болса, нақты 63,9 мың га отырғызылды.

2019 жылы орман өрттері болған алаңдардың азаюы байқалады. Сонымен қатар ірі орман өрттері Жамбыл және Қостанай облыстарының орман шаруашылықтарында орын алған.  

Сексеуіл көшеттерін сақтау бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, өткен жылы ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий 2023 жылға дейін ұзартылды, оған қоса сексеуіл отырғызу көлемі ұлғаюда.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

2019 жылы «Бурабай» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумағын кеңейту іс-шаралары басталды. Осы жылы «Ұлытау» ұлттық паркін құру жоспарланып отыр, бұл Орталық Қазақстанның дала экожүйесін қорғауға мүмкіндік береді.

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 10 басым туристік аумақ анықталған, оның құрамына 6 ұлттық парк енгізілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бизнес өкілдерімен бірлесіп Іле Алатауы ұлттық паркінің экологиялық туризмін дамытудың шеберлік жоспарын әзірледі, оның негізінде ұлттық парктің бас жоспарына тиісті өзгерістер енгізілді. Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағында экологиялық туризмді дамытуға инвестициялардың көлемі шамамен 27 млрд теңгені құрайды.

Осыған ұқсас шеберлік жоспарлар Алтын-Емел, Шарын және Көлсай көлдері ұлттық табиғи парктері үшін әзірленген. Аталған шаралар экологиялық туризмді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және отандық бизнеске туризмнен пайда табу мүмкіндігін беру үшін жаңа серпін беруге шол ашады..

2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінің құқықтық қорғалуын арттыруға, орман көшеттері алқаптарын сақтау мен ұлғайтуға бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді.

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы 2020 жылға арналған міндеттер:

  1. «Өсімдік әлемі туралы» заң жобасын әзірлеу және оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу;
  2. Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту мәселесін пысықтау;
  3. Қадамдық жоспарда көзделген ормандарды молықтыру мен ағаш өсіру индикаторларына қол жеткізу;
  4. Ормандарды заңсыз ағаш кесуден және орман өрттерінен сақтау жөнінде қажетті шараларды қабылдау;
  5. Қазіргі бар ұлттық парктерді кеңейту және жаңа ұлттық парктерді ашу жөніндегі іс-шараларды аяқтау;
  6. Әлеуетті инвесторлардың қабылдаған міндеттемелерін орындауы жөнінде қажетті шараларды қабылдау.


Жануарлар әлемі

Сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен ақбөкендердің санының жыл сайын өсуі байқалып отыр, соңғысының популяциясы 334 мың дараққа жетті. 

Өкінішке орай, жануарлар әлемін қорғау кезінде 2019 жылы үш инспектор қаза тапты. Қайғылы оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев браконьерлікпен күресудің түбегейлі және шұғыл шараларын қабылдауды тапсырды. 

Осы тапсырманы орындау мақсатында министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп қылмыстық заңнамаға түзетулер енгізді. Сонымен қатар, инспекторлардың өмірі мен денсаулығын қорғау шараларын күшейту бойынша түзетулер қабылданды. 

2020  жылы шекара маңы аумақтарында киіктердің мүйізін контрабандалық тасымалдау орындарын, сондай-ақ боулы мүмкін ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

  1. Дипломатиялық арналар арқылы Қытай, Ресей және Қырғызстанды дериваттарды контрабандалық тасымалдау проблемалары туралы хабардар ету және одан кейін бірлескені іс-шаралар кешенін әзірлеу. 
  2. «Охотзоопром» жұмысының тиімділігін арттыру. Ол үшін Кәсіпорынды дамыту тұжырымдамасы әзірленді, онда инспекторлық құрам жұмысын жақсарту шаралары қарастырылды. 

Жабайы жануарлардың табиғи популяцияларына қысымды төмендету үшін аң-құс өсіруді дамыту қажет, бұл аңшылық шаруашылықты дамыту саласындағы перспективалы бағыттарды бірі. Осы мақсатта заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді. 

Сонымен қатар, сирек кездесетін жануарларды сақтау және санын арттыру үшін оларды тарихи мекен ететін жерлеріне қайта жерсіндіру бойынша жұмыстар атқарылуда. 

Бұдан өзге, Түркістан облысында сирек кездесетін құстарды қайта өсіру үшін дуадақтарды қорғаудың халықаралық ұйымының қолдауымен оны өсіру бойынша орталық құрылды, онда есепті жылда табиғатқа 6 мыңнан астам дарақ ұшырылды. 

Балық шаруашылығы

Тауарлық балық шаруашылығы көлемінің өсімі байқалуда, өткен жылы 4,8 мың тоннаға жуық балық өсірілді, 2021 жылға қарай 5 мың тоннаға жуық өсім болжанып отыр. Балықтарды өңдеу нәтижесінде өткен жылы  жалпы сомасы $58 млн болатын 25 мың тонна өнім экспортталды. 

Бүгінде 17 балық өңдеу кәсіпорнының Еуроодақ елдеріне балық өнімдерін экспорттауға құқығы бар және 64  кәсіпорын балық өнімдерін Қытай нарықтарына жеткізе алады. 

Балық ресурстарын қорғау мақсатында 2019 жылы көктемгі кезеңде еліміздің батыс өңірлерінде балықты қорғау бойынша «Бекіре-2019» ауқымды науқаны жүргізілді, оның мақсаты балықтардың, оның ішінде бекіре түрлерінің уылдырықтау орындарына бөгетсіз өтуін қамтамасыз ету болды. 

Сонымен қатар акваторияларды иесіз қалған және заңсыз салынған балық ауларынан тазарту және жағалау маңын тазалау үшін «Таза су қоймалары» табиғатты қорғау акциясы өткізілді. 

Каспий итбалығын қорғау шаралары қабылдануда. 2019 жылы шілде айында 2019-2023 жылдарға арналған Солтүстік Каспий акваториясында Каспий итбалығын зерттеу бағдарламасына қол қойылды.  Ал 2019 жылы тамызда Ақтау қаласында демешуліредің қаражаты есебінен Қазақстандағы тұңғыш Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы ашылды. 

Бұдан басқа, Ресей Федерациясының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен кездесу кезінде Каспий итбалығының популяциясын қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.  

Сонымен қоса, келесі проблемалық мәселелер бар: 

Біріншіден, балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы. 

Ол үшін балықтарды бақылаудың ветеринарлық және кедендік органдардың жүйелерімен кіріктірілген ақпараттық жүйесін әзірлеу мәселесі пысықталуда. 

Екіншіден, браконьерлік мәселесі. Браконьерлікпен күресу үшін заманауи құралдарды пайдалану қажет. ол үшін қолданыстағы нормативтерге өзгерістер әзірленді.  

Мұнымен қоса, тасымалдау, пайдалану және сатуға тыйым салынған, дараталшықтан жасалған ауларды пайдалану проблемасы бар. 

Дегенмен, 2019 жылы бірлескен іс-шаралар барысында сауда нүктелерінен мұндай аулар алынды. 

2019 жылы маңызды түзетулер енгізілгенін ерекше атап өткен жөн, олар балық ауланатын су қоймаларын аквакультура қарауына беруге, балық өнімдерінің айналымына мониторинг жүргізуге, балықты сулар мен су қоймаларын бекіту бойынша конкурстарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. 

Балық шаруашылығындағы 2020 жылға арналған міндеттер:

  1. Балық шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалық құжатты қабылдау;
  2. Балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру шараларын қабылдау;
  3. Балық өнімдері айналымын бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізу мәселесін пысықтау. 

 

2019 жылы ауыз сумен 21 ауыл қамтамасыз етілді

Әлемдік қауымдастық сумен қамтамасыз ету проблемасын тұрақты дамудың аса маңызды мақсаттарының бірі деп мойындап отыр. Соңғы 60 жылда ғаламшарда оны тұтыну 8 есе артты. 2050 жылға қарай әлем елдерінің 80%-ға жуығы БҰҰ классификациясы бойынша су тапшы елдердің қатарына енуі мүмкін деп болжануда. 

Қазақстан жоғары су стресін сезініп отырған елдердің қатарына енді, ол 68 мемлекеттің ішінде 60-шы орында және су ресурстары мен онымен байланысты экологиялық жүйелердің нашарлығымен ерекшеленеді. 

Ел аумағы бойынша тұщы судың бірдей таралмауы, өзен ағымының маусымдық және көпжылдық тұрақсыздығы, оның басым бөлігінің мемлекеттен тысқары түзілуі, су көздерінің ластануы бұдан арғы әлеуметтік-экономикалық дамуға қауіп төндіреді.  

Қазіргі кезде елімізде сумен қамтамасыз ету мәселесі әзірге экономика салалары мен тұрғындарды қанағаттандырып отыр, бірақ сумен қамтамасыз ету проблемасы тек ушыға беретіні түсінікті. 

Су шаруашылығы құрылымдарының басым бөлігі кеңестік дәуірде салынған және олар қазіргі кезде нақты да, моралдық та тұрғыдан тым тозып кеткен. 

2019 жылы 26 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сондай-ақ елдің су қауіпсіздігіне төнген осы қауіптер атап өтілді. 

2019 жылы су ресурстары мен су шаруашылығы инфрақұрылымын бағалау және есепке алу, суды пайдалану тиімділігін арттыру, білім және ғылыми-зерттеу базасын дамыту, трансшекаралық суды пайдалану саласында ұлттық мүдделерді қорғау, сондай-ақ су саласын нормативтік және институционалдық күшейту бойынша жұмыстар басталды. 

Республикалық гидротехникалық құрылымдарды сенімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджет есебінен 11 млрд теңге сомасына жұмыстар орындалды. 

7 гидротехникалық құрылымды қайта жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлініп, игерілді. 

5 апатты су қоймасын қайда жөндеуді бастау үшін есепті жылы 6,5 млрд теңге бөлінді. 

Оның ішінде 2019 жылы Таушаға су қоймасындағы жұмыстар аяқталды, қалған 4 су қоймасы бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Уйденин бас су бөгетінің және Көкпекті ауданында «Ақтоған» магистралды каналымен Үлкен Бөкен өзенінде гидроторап реконструкциясы аяқталды. 

Үкімет резервінің қаражаты есебінен жалпы сомасы 400,2 млн теңгеге Қызылорда облысында «Айтек»  гидроторабында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және Жамбыл облысында сіңіретін тракті бар Аспар гидроторабының реконструкциясы жүргізілді. Бұл Қызылорда облысында 6 елді мекенді су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді және Жамбыл облысы Меркі ауданында 10 мың га суармалы жерлерге су беру үшін жағдайлар жасалды.   

2020 жылға жоспарда 5 гидротехникалық құрылым мен 4 апатты су қоймасы бойынша жұмыстарды аяқтау көзделген. 

Тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша 2019 жылы топтық су құбырлары бойынша 11 жобаны іске асыруға 7 млрд теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде жыл соңына қарай 4 жоба аяқталып, тапсырылды, қалған жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Нәтижесінде 205,4 км желі салынды, 21 ауылдық елді мекен (АЕМ) ауызсумен қамтамасыз етілді (5 АЕМ-нен түпкі тұтынушыға дейін және 16-сына магистралдар жүргізілді) және 18 АЕМ сумен қамтамасыз ету жақсартылды. 

2020 жылы 12 жобаны іске асыруға 8,4 млрд  теңге қаражат қарастырылды, оның ішінде 4 жобаны биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 3 ауылдық елді мекен ауызсумен қамтылады және 37 АЕМ-де сумен қамту жақсарады. 

Сонымен қоса, осы мәселе бойынша ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бұру жобаларын іске асыруда кешенді тәсілдің жоқ екенін айта кеткен жөн. Мәселен, салынған топтық су құбыры кентішілік желілердің дайын болмауы  немесе керісінше себеппен елді мекенге суды жеткізе алмағанына қатысты жағдайлар туындаған. Оның нақты мысалы Май топтық су құбырына қатысты жағдай бола алады, 2019 жылы құбырда жұмыстар аяқталған, бірақ тарату желілері болмағадықтан, тұтынушыларға су жеткізілмеген. 

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар өз жоспарын Министрліктің жоспарымен үйлестіруі тиіс. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тартумен суармалы жерлердің аумағын көбейту тапсырмасын іске асыру бойынша ирригациялық инфрақұрылымды қалыпна келтіру жүргізілуде. 

2017-2018 жылдары 80 мың га аумақта инфрақұрылым қалпына келтірілді, 2019 жылы жоспар бойынша 124 мың га қалпына келтіру жоспарланған, ал іс жүзінде 66 мың га қалпына келтірілді. Бұл халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту үшін республикалық бюджеттен тең қаржыландыру алудағы қиындықтармен байланысты.  

Тағы бір проблема - халықаралық қаржы ұйымдарының займ қаражатын қайтару бойынша «Казводхоз РММ қаржылық қиындықтарының туындауы. Осыған байланысты тарифтік саясаттағы қазіргі тәсілдерді қайта қарастыру қажет. 

Сонымен қоса, 2018 жылы қалпына келтірілген 80 мың га жерден арналуы бойынша небәрі 49 мың га жер пайдаланылған. Бұл қалпына келтірілген көптеген суармалы жерлердің пайдаланылмайтынын көрсетеді. Осыған байланысты ирригациялық құрылымды реконструкциялау мен дамытуды одан әрі жоспарлауды әкімдіктер суармалы егін шаруашылығын дамыту жоспарын ұсынған соң және тек су үнемдеу технологияларын қолдануды ескерумен жүргізу ұсынылажды. Жұмыстардың басталуына министрлік мен жергілікті атқарушы органның арасындағы тиісті келісім негіз болуы керек. 

Көршілес елдермен су ынтымақтастығы

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласында белгілі бір елдермен ынтымақтастық орнату Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жұмысының басымдықты бағыттарының бірі. 

Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастарда негізгі мәселе су бөлу мәселесі болып отыр. 2019 жылы қазан айында Пекин қаласында Бірлескен комиссия отырысында су ресурстарына құқықты, тараптардың экожүйелерін дамыту және сақтау мүдделерін кешенді ескеру туралы келісімге қол жеткізілді. 

Ресей Федерациясымен су ынтымақтастығы бойынша негізгі проблема Жайық өзенінің сулылығының азаюы, соның салдарынан оның алқабы мен сағасының экологиялық ахуалының нашарлауы болып отыр. 

2019 жылы қараша айында Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңірларалық ынтымақтастығының XVI Форумында Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы арасында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сауықтыру бойынша Бағдарламаны әзірлеу және қабылдау туралы келісімдерге қол жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 

Орталық Азия елдерімен Сырдария өзені бассейні бойынша ынтымақтастықта негізгі мәселе Нарын-Сырдария су қоймасы құламасының жұмысы болып отыр. Мәселен, жыл сайын вегетациялық кезеңде Тоқтоғұл су қоймасынан келетін суаратын суды толық көлемде алу, оның ішінде қазақстандық тараптың электр энергиясын қабылдау есебінен алу проблемасы туындайды. Есепті жылы Қырғызстанмен электр энергиясымен тауар алмасу есебінен Түркістан облысы Мақтарал және Жетісай аудандарында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін суаратын судың қажетті көлемінің келуі қамтамасыз етілді.  

Қырғыз Республикасымен ынтымақтастықта Шу және Талас өзендері бойынша негізгі проблема қырғыз тарапының Шу өзені бассейнінде мемлекетаралық пайдланылатын су шаруашылығы каналдары бойымен суды берудің келісілген кестесін жиі сақтамауы болып отыр. Бірқатар келіссөздер қорытындысы бойынша жоспарлы кестедегі суаратын судың 64%-ның берілуіне қол жеткізу мүмкін болды. 

Талас өзені бассейні бойынша су беру келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылды. 

Қазақстан-қырғыз комиссиясының Шу және Талас өзендері бойынша соңғы отырысында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сумен жылда судың молдығына байланысты толық көлемде қамтамасыз ету бойынша келісімдерге қол жеткізілді. 

Сонымен қатар,  министрлік жұмысының ашықтығы, қолжетімділігі және айқындығы бойынша шаралар қабылдануда. Оған қоғамды тарту және жобалардың сметалық құнын талдау үшін су шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкерлерден, қоғам және ғылым қайраткерлерінен тұратын ғылыми-техникалық кеңес құрылды. Бұл шараның оң нәтижелерінің бірі 2019 жылы бюджетке «Май топтық су тартқышының реконструкциясы» нысаны бойынша 900 млн теңгенің қайтарылуы болды. 

 Жеткізушілердің нысандарды тапсыру мерзімін бұзудың алдын алу мақсатында жаңа конкурс бойынша келісімдер ерекше шарттармен жасалатын болады, бұл ретте  тек 6 айлық жоспарланған көлемді орындау қорытындысы бойынша жұмыс үшін төлемақы төлеу қарастырылған. Бұл конкурстарға жосықсыз мердігерлердің қатысуын болдырмайды, қабылданатын жұмыс көлемі бойынша тапсырыс беруші мен мердігердің арасында сөз байласуға жол бермейді және жобаларды іске асыру мерзімінің орындалмау қатерін азайтады. 

Кінәрат-қуыным жұмысы күшейтілді. Мәселен, 2019 жылдың IV тоқсанынан бастап Комитет анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 10,6 млрд теңгені құрайтын 23 талап-арызға бастамашылық жасап, сотқа берді, оның 585,4 млн теңгесі өндіріп алумен қамтамасыз етіліп, бюджет кірісіне 153,4 млн теңге өндіріп алынды.

 

Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын. 

Биылғы 28 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасының тұжырымдамасы қаралды.

Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту есебінен 2030 жылға қарай 100 текше км деңгейінде су теңгерімін сақтауға бағытталған: 5-7 текше км-ге жаңа су қоймаларын салу, 5 текше км дейін су үнемдеу, 15 текше км дейін жер асты суларын пайдалану.

Көрсетілген кезеңге қарай ЖІӨ бірлігіне суды тұтынуды $1 мың-ға 91,2-ден 73 текше метрге дейін азайту, 26 жаңа гидротехникалық құрылыстар салу, 182 республикалық, 300 коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жоспарлануда.

Құжат суармалы жерлерді 1,7-ден 3 млн га-ға дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелерді салуды, 3423-ден 19 мың км-ге дейін қапталған магистральды және тарату арналарының ұзындығын арттыруды көздейді.

Бассейндік инспекцияларды материалдық-техникалық жарақтандыру 100%-ға дейін қамтамасыз етіледі, ал су жинау алаңдарының ормандылығы 1-ден 200 мың га-ға дейін арттырылады.

Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы 10 негізгі бағытты қамтиды, олар: халықаралық ынтымақтастық, құқықтық базаны жаңарту, институционалдық реформалау, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және реконструкциялау, су нарығын құру жөніндегі халықаралық озық тәжірибені зерделеу, су шаруашылығын цифрландыру, «Smart Water» жобасын енгізу, су ресурстарын экологиялық оңтайлы пайдалану, су саласының мамандарын заманауи дағдылармен даярлау және маңызды ұлттық су жобаларын іске асыру.

 

«Жасыл» экономикаға көшу — тиімді саясаттын басты қағидасы 


ҚР Үкіметі Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесі еліміздегі ЖЭК дамуына елеулі серпін берді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы құрылды, ол жоғары технологиялық өндірістер саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілетумен айналысады.

Билік органдары жаңартылатын энергетиканы, таза технологиялар мен инфрақұрылымды көтермелеу мен дамытуға қатысты көптеген халықаралық қаржы мекемелерімен және стратегиялық серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнатты. Бұдан өзге, Қазақстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (GBPP) аясында Тұрақты даму мүддесінде халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы қабылданды. Қазақстан экономикасын жасылдандыру бойынша үлкен әлеуеті бар секторлар анықталды. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесін 2020 жылға қарай 3%-ға, 2030 жылға қарай 10%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту көзделген.

Сондай-ақ 2013 жылы Есеп айырысу-қаржы орталығының ЖЭК бірыңғай сатып алушысы және белгіленген тарифтер ұғымы енгізілді. Инвесторлар мен Есеп айырысу-қаржы орталығы арасында жасалған келісімшарттар 3 мың мегаватқа жақындайды. Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 930 мегаватт болатын 81 нысан жұмыс істеп тұр. Жақын арада еліміздің энергия теңгеріміне біртіндеп жаңа нысандар енгізілетін болады.

Қазақстан тұрақты экономикалық даму мен оның өсуіне ықпал ететін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың едәуір әлеуетіне ие.

Қазақстанда жел энергетикасының әлеуеті 2030 жылға қарай елдің электр энергиясына деген болжамды қажеттілігінен 10 есе асады. Қазақстан жаңартылатын энергетика саласындағы бастапқы заңнама нормаларын қабылдады және электр энергетикасы жүйесіне қолжетімділік және жеңілдікті тарифтер секілді қолдау көрсету шараларын белгіледі. 

Бұған қоса, Қазақстан — аймақтағы күн және жел энергиясын өндіру мүмкіндігі бар жалғыз мемлекет, бұл жаңартылатын энергетиканы дамытуға ұмтылуға ықпал етеді.


Жаңалықтар тізбегі
28 Ақпан 2020, 13:11
ҚР Президенті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады
28 Ақпан 2020, 12:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Samruk Business Forum» шарасына қатысты
27 Ақпан 2020, 19:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
27 Ақпан 2020, 15:21
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады
27 Ақпан 2020, 15:11
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
27 Ақпан 2020, 10:40
Инвестициялар, балық шаруашылығы және ШОБ — Атырау облысы қай салаға басымдық береді
26 Ақпан 2020, 20:21
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Ақпан 2020, 19:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады
26 Ақпан 2020, 17:27
Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ Аймақаралық ынтымақтастық  форумының қорытындысы бойынша $500 млн жуық болатын 52 келісімге қол қойылды
26 Ақпан 2020, 16:47
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
26 Ақпан 2020, 15:02
Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады
26 Ақпан 2020, 12:47
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
25 Ақпан 2020, 20:26
Су тасқынына дайындық және бизнес ахуалды жақсарту: Үкімет отырысы қалай өтті
25 Ақпан 2020, 18:57
Жамбыл облысы Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерін дамытуға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:49
Жамбыл облысы Қордай ауданында 12 елді мекенді газдандыру жобаларын қаржыландыруға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:40
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевпен келіссөз жүргізді
25 Ақпан 2020, 18:07
Ветеринария және мал шаруашылығында қолданылатын биопреператтарға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 13:59
ҚР ІІМ су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде
25 Ақпан 2020, 13:38
Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алдында гидротехникалық құрылыстарға талдау жүргізілді — ҚР ЭГТРМ
25 Ақпан 2020, 11:58
2025 жылға қарай ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн адамға дейін ұлғаяды — Р. Дәленов
25 Ақпан 2020, 11:06
Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды
25 Ақпан 2020, 10:08
9 мың адам мен 1 730 бірлік техника су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел әрекет етуге дайын — ҚР ІІМ
25 Ақпан 2020, 09:45
Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды тездету қажет — А. Мамин
25 Ақпан 2020, 09:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
24 Ақпан 2020, 20:58
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады
24 Ақпан 2020, 18:12
Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады
24 Ақпан 2020, 14:53
ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады
24 Ақпан 2020, 13:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
24 Ақпан 2020, 12:21
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктеріне қатысты депутаттық сауал
24 Ақпан 2020, 10:55
Дәулет Бекманов ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
24 Ақпан 2020, 10:04
25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49
22 Ақпан 2020, 14:18
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы, Ирак және Палестинадағы елшілерін тағайындады
22 Ақпан 2020, 13:17
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады
22 Ақпан 2020, 11:08
Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды
21 Ақпан 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан 2020, 17:12
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
21 Ақпан 2020, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі