Жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: Қарағанды облысы қалай дамып жатыр

Жұма, 14 Маусым 2019, 10:48:07

Қазақстан өңірлерінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, Үкімет халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы РrimeМinister.kz шолуынан оқыңыз.

Қарағанды облысы — аумағы және өнеркәсіптік әлеуеті жағынан ең ірі, минералдар мен шикізаттарға бай аймақ. Облыстың жер көлемі 428 мың шаршы км құрайды. Облыс қазақ ұсақ шоқыларының дөңді жерлерін — Сарыарқаны алып жатыр. Халқы — 1 378,9 мың адам, олардың ішінде қала халқы — 79,6%. Облыс құрамына облыстық маңызға ие 9 қала, аудандық маңызға ие 2 қала, (Абай, Қарқаралы) және 9 аудан кіреді.

2018 жылға облыс бюджеті 309,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылы мемлекеттік бюджетке 416 млрд салық пен төлемдер түскен, оның ішінде республикалық бюджетке — 261,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке — 154,9 млрд аударылды.

 

Өнеркәсіп: Индустрияландыру картасы аясында 700-ге жуық жұмыс орны құрылды

Жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіптің үлесі басым — 45,44%. Экономиканың базалық салалары қатарында электр энергиясы, отын, қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі бар. Облыстың ЖӨӨ жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі — 31,09%, тау-кен өнеркәсібінде — 10,17%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауаны баптауда — 3,34%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда — 0,84% құрайды.

Облыстың өнеркәсіптік  саясаты мен индустриялық базасын тау-кен, өңдеу өнеркәсібіндегі, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтауда 200-ден астам кәсіпорын мен өндірістер құрайды.

2018 жылы облыс бойынша өндіріс көлемі 2 566,5 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2018 жылға қарай 202 млрд теңгеге өсумен 2 трлн теңгені құрады (2017 жылы – 1,8 трлн теңге). Өнеркәсіп құрылымында сала үлесі 78,1% (2017 ж. – 77,7%) құрады.

Сонымен қоса, өнеркәсіпте өндірістің оң динамикасы сақталды:

  • фармацевтикалық өнімдерде — өсім 43,1%,
  • машина жасауда — 34,9%,
  • басқа бейметалл минерал өнімдерде — 2,6%,
  • азық-түлік өнімдерінде — 2,9%.

Сонымен қатар, 2018 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 41,5 млрд теңгеге 689 жұмыс орны құрылып, 4 жоба іске қосылды. Еске салайық, алғашқы бесжылдық қорытындысы бойынша (2010-2014 жж.) 4596 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 123 млрд теңгеге 58 жоба іске қосылды. Екінші бесжылдық қорытындысы бойынша (2015–2019 жж.) 2307 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 168,9 млрд теңгеге 29 жоба іске қосылды.

2018 жылы іске қосылғандардың ішінде — 489 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 39,9 млрд теңгеге 3 жоба:

  • жобалық қуаттылығы 11,9 мың тонна өнім болатын (машина жасау саласы) «Maker» ЖШС  «Машина жасау өндірісін жаңғырту» жобасы. 99 жұмыс орны құрылды;
  • жобалық қуаттылығы 6 мың тонна болатын «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС «Катодты мыс шығаратын зауыт құрылысы» жобасы (металлургия саласы). 350 жұмыс орны құрылды;
  • жобалық қуаттылығы жылына 2,3 млн тонна кен, 2900 алтын болатын «АК Алтыналмас» АҚ Пустынное алтын өндіру фабрикасының өнімділігін арттыру (негізгі бағалы және түсті металдар өндірісі саласы).

Жалпы, Индустрияландыру карталарының жобаларын іске асыру облыста машинажасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК салаларында жаңа өнім түрлері өндірісін құруға мүмкіндік берді.

 

Ауыл шаруашылығы: өндіріс 6,2%-ға артты

Облыстың табиғи-климаттық жағдайлары және географиялық орналасуы дәнді дақылдарды, картоп мен көкөністерді өндіріп-өсіру, мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы, Қарағанды облысы үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жетекші өңірлердің бірі ретіндегі рөлін айқындады. Облыстың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылда қаржы қызметтері нарығының дамуымен сипатталады. Сонымен қатар, аталған саланы дамыту нәтижесінде аулы тұрғындарының өмір сүру сапасының артуы байқалып отыр.

Өңірдің ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 6,2% артып, 272,6 млрд теңгені құрады. Өткен жыл бұл сала үшін қолайлы болды. Саланың барлық негізгі көрсеткіштері орындалды. Жыл қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өсімі 6,2% болды, 272 млрд теңге сомасына жалпы өнім шығарылды.

Өндіріс өсімі өсімдік шаруашылығы саласында шығарылатын өнім көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етілді, онда 116 млрд теңгеге өнім өндірілді, өсім 0,8% құрады, мал шаруашылығында 155,4 млрд теңгені құрады, өсім 2,9%.

Сонымен қоса, 2018 жылы дәнді дақылдардың өнім жиналған алқабы 814,7 мың гектарды құрады (оның ішінде бидай 621,2 мың га, арпа 167 мың га, сұлы 16,4 мың га), картоп 14,5 мың гектар, көкөніс — 2,9 мың гектар. Тұқым 91,7 мың тонна көлемінде немесе жоспардағыдай 100% себілді.

Орташа түсімділігі 253 ц/га болған картоп өндірісі 340,8 тоннаны құрады. 105 мың тонна көкөніс жиналды. 2006 тонна шөп өндірілді.

Биыл мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жеңілдету, АӨК цифрландыру және дәлме-дәл егіншілік жүйесін енгізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің веб-порталында егіс алқаптарының электронды карталары жасалып жатыр. Электронды карталар (шабындық) 1683 шаруашылық бойынша 1264,4 мың гектарға немесе 103,4% жасалды.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында облыста тамақ өнімдерінің көлемі 2,9%-ға артты, өндірілетін өнім көлемі 112 млрд теңгені құрады.

2018 жылы АӨК салаларын мемлекеттік қолдау 14054,3 млн теңгені құрады (6026 шаруашылық), оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласы бойынша — 1978,2 млн тг (559 шаруашылық), мал шаруашылығы саласы бойынша — 4901,4 млн тг (2742 шаруашылық),  (инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеу) — 7174,7 млн тг (2725 шаруашылық).

 

Өңірде ШОБ-та қамтылғандар саны 6,4%-ға артты

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 84 мың бірлікті құрады, яғни, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артқан.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2,4 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы кәсіпкерлікті дамытуға 226 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге берілді, бұл ауыл шаруашылығы нысандары бойынша 39 бірлікке артық.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қарағанды облысында тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 104 126 құрады, 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім — 2,8%. ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 236 188 құрап, 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 6,4%-ға артты. ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны бойынша Қарағанды облысы елімізде 4-ші орынға ие. Ұйымдастырушылық-құқықтық формалар бойынша ШОБ кәсіпорындарында (заңды тұлғалар) облыс бойынша ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 50,9% қамтылған, ЖК кәсіпорындарында — 44,1%, КШ — 4,9%.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін адамдардың үлесі облыстың экономикалық белсенді тұрғындарына қатысты алғанда жыл сайын өсіп келеді және бүгінде 34,3%-ды құрайды.

Жұмыспен қамтылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салалық құрылымында көтерме және бөлшек сауда — 36,1%, өнеркәсіпте — 14,8%, құрылыста — 9,2%, ауыл шаруашылығында — 7,4%, көлік және қоймалау — 5,1%, жылжымайтын мүлікпен операциялар — 4,6%, кәсіби және ғылыми қызмет — 3,6%, білім беру, денсаулық сақтау, өнер, ойын-сауық және демалыс — 3,9%, тұру және тамақтану — 3,1%, байланыс және ақпарат — 1,7%, басқа қызмет түрлері — 10,5%.

Соңғы 3 жылда ШОБ саласында қызметкерлердің саны 5,4 мың адамға артты. Кәсіпкерлікті қолдау картасына 791,9 млрд теңгеге 106 жоба қосылып, 11960 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың ішінде республикалық картаға — «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қарағанды ​​кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС кірді.

Облыстың барлық 18 өңірі Кәсіпкерлікке қолдау көрсету картасында ұсынылған. Карта аясында бүгінгі күнге дейін 87 жоба жүзеге асырылды, инвестициялардың жалпы көлемі 292 млрд теңгені құрады. Кәсіпорындарда 6903 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Қолжетімді тұрғын үй: 2018 жылы 424 пәтер пайдалануға берілді

2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға 7,2 млрд теңге бөлінді (РБ – 5,9 млрд теңге, ОБ – 1,3 млрд теңге).

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 2,2 млрд теңге бөлінді, 424 пәтер пайдалануға берілді.

Облигацияларды шығару арқылы («Бәйтерек Девелопмент» АҚ есебінен) 10 жобаны салуды жалғастыру үшін 2,9 млрд теңге бөлінді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 549 ​​пәтер пайдалануға берілді.

Өткен жылы облыста 417 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 4135 пәтер, ол 2017 жылға қарағанда 11,2%-ға көп.

Бұл 4 135 пәтер 2017 жылға қарағанда 21,9% артық (2017 ж. — 3393 пәтер), оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен салынғаны — 1797 пәтер (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар мен салымшылар үшін РБ, ЖБ қаражаттары есебінен) немесе өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе артық.

Қалпына келтіруге, күрделі және орташа жөндеуге, жергілікті жолдарды қамтуға 18,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Бұдан өзге, 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2017 жылға қарағанда 20,6% артып, 470 млрд теңгені құрады. Оның ішінде негізгі үлес жеке инвестицияларға тиесілі — ​​80%. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 119,8%-ды — 214,9 млрд теңгені құрады. 416,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2017 жылғы тиісті кезеңнің 111,4% пайдалануға берілді.

Өнеркәсіпте, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде, өңдеу өнеркәсібінде, металлургия өнеркәсібінде, электрмен жабдықтауда — қызмет көрсету, көлік және қоймалау, жылжымайтын мүлікпен операцияларда, білім беру және денсаулық сақтау салаларында ең жоғарғы белсенділік байқалды.

 

Жаңа жабдықтармен жарақтандыру және сапаны жақсарту: облыста білім беру саласы қалай дамып жатыр

Әлеуметтік салаға 154,7 млрд теңге, соның ішінде білім беруге — 107,6 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына — 8,9 млрд теңге бөлінді.

2018 жылы білім беру саласында мақсатты трансферттер есебінен (жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру арқылы) үш ауысымдық және апаттық мектептер проблемасын шешу мақсатында Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылында 464 орынға арналған мектеп ашылды, Қарағанды ​​қаласында әрқайсысы 1200 орындық 2 жалпы білім беретін мектептің құрылысы; Теміртауда 600 орындық мектеп құрылысы жалғастырылуда.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Жезқазған қаласындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы, аудандық бюджет есебінен Ұлытау ауданында 80 орындық мектеп салу жұмыстары жалғасуда.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру және қамтуды ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр. Облыста 537 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 230-ы — балабақша мен 307-і — шағын орталық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 88,3-ден 89,8%-ға дейін, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,5-ден 100%-ға дейін өсті.

Жаңа міндеттерді шешу жұмыстары жүргізілуде. Біріншісі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектепке дейінгі білім беру. Мәселені шешу үшін бизнес құрылымдарды тарту жоспарланып отыр. Осы мақсатта Қарағанды қаласында осы санаттағы балаларға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемі екі есеге жуық өсті. Екінші міндет – балаларды 1 жастан 3 жасқа дейін қамтуды арттыру. Балалары әлі мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған ата-аналар үшін облыста ата-аналарға практикалық көмек көрсетуге арналған үшінші жыл қатарынан «Сырттай балабақша» жобасы іске қосылған. Балабақшалар базасында консультациялық пунктер және ойын орталықтары ашылған, штатқа қосымша әдіскерлердің ставкалары енгізілді. Қарағанды ​​облысының тәжірибесі оң баға алды және 2018 жылдан бастап республика бойынша таратылды.

Облыстың мектепке дейінгі мекемелерінде «Зерек» жобасын жүзеге асыру басталды, сондай-ақ роботты техникалық құрастыру және бағдарламалау дағдылары дами бастады. Орта білім беру жүйесінде жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда.

Осы оқу жылында 3, 6 және 8 сыныптар жаңа бағдарламаларға көшті.

Облыстың екі пилоттық мектебінде 4, 9 және 10 сыныптарға арналған жаңартылған бағдарламалар мен жаңа оқулықтарды сынау жұмыстары жалғасуда.

Білім берудің жаңа сапасына көшудің маңызды қадамы — «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін облыстың барлық мектептеріне тарату. Мектеп мұғалімдерінің 77%-дан астамы жаңа бағдарламалар бойынша курстық оқытуды аяқтады.

242 мектепте (48%) үш тілді оқытуды енгізу шеңберінде жаратылыстану-математика циклінің пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Барлық пилоттық мектептерде екі тілді оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жаратылыстану-математика бағытының оқытушыларының 60% тілдік курстардан өтті.

Мектептерді заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бүгінде негізгі және орта мектептердің 69% жаңа модификация кабинеттерімен қамтамасыз етілген, ал 40% — роботты техника зертханаларымен жабдықталған. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіштер тиісінше 75% және 50% дейін жеткізіледі. Өткен жылы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып, АT-сыныптарын құру жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 71 сынып құрылды, жылдың аяғына дейін олардың саны екі есеге дерлік өсіп, 130 бірлікті құрайды. Облыстағы барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылған.

Барлық мектептер электронды журналға ауысты. Құжаттарды автоматтандырылған түрде қабылдау және 1-сыныпқа балаларды қабылдау, педагогтар құрамын электронды аттестаттау жұмыстары басталды.

Білім беруді цифрландыру шеңберінде «Edu-Mark», «GradeApp» мобильді қосымшаларын енгізу, колледждерде электронды сессияны және электронды қабылдау науқанын, 7-11 сынып оқушыларының арасында электронды-кәсіби бағдарлау науқанын, «ПедАтт» енгізу жалғасуда.

«Bilimland» жобасының аясында облыстың барлық мектептері цифрлық білім беру ресурстарына қосылған.

Облыстағы ауыл мектептерінің білім сапасын жақсарту үшін 186 шағын жинақты мектепті қамтитын 38 тірек мектебі жұмыс істейді.

115 білім беру мекемесінде «Инклюзивті балабақша – мектеп – колледж» жобасын жүзеге асыру жалғасуда.

Облыста ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру қызметін ұсыну үшін 10 арнайы түзету мектебі, 8 түзету кабинеті, 1 оңалту орталығы жұмыс істейді.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтау жағдайын жақсарту үшін 2019 жылы Қарағандыда «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен 3 инклюзия қолдау кабинетін,  психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациялар, екі оңалту орталығын, 2 түзету кабинетін ашу көзделген.

Облыста техникалық және кәсіптік білім берудің 70 ұйымы жұмыс істейді, олардың 46-ы мемлекеттік, 24-і — жекеменшік. Облыстың барлық колледждерінде модульдік білім беру бағдарламалары енгізілген. Бұл бағдарламалар бойынша оқыту студенттерге біреудің орнына 2-3 біліктілік алуға мүмкіндік береді.

 

Дәрігерлердің ауыртпалығын төмендету және денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Барлық медициналық ұйымдар өңірлік Кешенді медициналық ақпараттық жүйе негізінде бірыңғай ақпараттық алаңда жұмыс істейді. «ДамуМед» мобильді қосымшасы әзірленді, оны 367 мыңнан астам тұрғын белсенді пайдаланады, бұл интернет-белсенді халықтың 73,4%-ын құрайды.

Бүгінде 1,3 миллионнан астам электронды денсаулық паспорттары құрылған, бұл халықтың 95%-ын құрайды.

Облыстың емханаларында бір аумақтық учаскедегі жүктеме 1741 адамды құрайды, ал 1 жалпы тәжірибе дәрігеріне жүктеме — 2200 адам. Учаскелерді бөлшектеу және дәрігерге жүктемені азайту жұмыстары жалғасуда.

2018 жылы жалпы 4 медициналық ұйым ашылды.

2018 жылы емханаларды бөліп, жақын маңдарда медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қарағандыда екі емхана ашылды (МЖӘ). 2019 жылы Қарағандыда тағы 4 емхана ашылады. Көктемде «АрселорМиттал Теміртау» қаражаты есебінен Теміртауда емхананың құрылысы басталады.

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының Төгіскен ауылда ауылдық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Медицина университетінің клиникасы ашылды.

МЖӘ аясында 2018 жылы 320 млн теңгеге 6 келісімшарт жасалды.

Денсаулық сақтау жүйесінде жалпы 2,8 млрд теңге жеке инвестицияларды тарту арқылы 23 жоба жүзеге асырылды. 2019 жылы 2 млрд тг-ден астам жеке инвестицияларды тарту арқылы МЖӘ жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

300 орындық медициналық колледждің жатақханасы қалпына келтірілді (ол көптеген жылдар бойы тоқтап тұрды). 2019 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін РБ-тен қосымша 2413 млн теңге бөлінді.

Айта кету керек, облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 11,6%-ға төмендеді, оның ішінде орташа ауырлықтағы – 10,6%-ға, аса ауыр жағдайлар – 32,2%-ға, ал ауыр жағдайлардағысы – 16,9%-ға төмендеді.


Жаңалықтар тізбегі
15 Қараша 2019, 21:52
Павлодар облысы: өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру және кәсіпкерлікке басымдық беру
15 Қараша 2019, 20:11
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
15 Қараша 2019, 18:30
Б. Сапарбаев: жастарды қолдау – мемлекеттің міндеті
15 Қараша 2019, 17:46
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады
15 Қараша 2019, 14:59
Алматыда «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясы өтіп жатыр
15 Қараша 2019, 13:17
МӘМС пакетінде құны қымбат медициналық қызметтер де қамтылған
15 Қараша 2019, 13:12
МӘМС жүйесінің енгізілуімен ауыл тұрғындары үшін барлық деңгейдегі медициналық қызметтер қолжетімді болады
15 Қараша 2019, 13:09
Аса қажетті медициналық қызметтерді қаржыландыруды ұлғайту арқылы олардың қолжетімділігін арттыруды көздейміз — А. Жұмағұлов МӘМС туралы
15 Қараша 2019, 12:55
А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 18:16
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі Кеңестің отырысы өтті
14 Қараша 2019, 17:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы бірқатар нысандарды аралады
14 Қараша 2019, 16:02
Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді
14 Қараша 2019, 15:23
А. Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Х. Әл-Каваримен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 10:55
ҚР Ұлттық музейі Афинадағы көрмеде «Алтын адамды» таныстырды
13 Қараша 2019, 21:04
Мемлекет басшысы «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады
13 Қараша 2019, 16:46
Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады
13 Қараша 2019, 11:08
Бердібек Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты
13 Қараша 2019, 10:06
Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қараша 2019, 19:54
Автожолдарды салу және реконструкциялау жұмыстарында 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді
12 Қараша 2019, 18:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Қараша 2019, 18:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы М. Хортонмен кездесті
12 Қараша 2019, 17:55
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады
12 Қараша 2019, 17:52
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
12 Қараша 2019, 17:29
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жергілікті маңызы бар 70 мың шақырымнан аса жолға бақылау жүргізеді 
12 Қараша 2019, 16:05
Жылдың соңына дейін шетелдік компаниялармен бірлесіп 200 шақырымнан астам автожолды ашу жоспарланған —  ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 15:05
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді
12 Қараша 2019, 13:06
А. Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумын ашты
12 Қараша 2019, 12:39
Автобензиндер өндірісінің көлемі еліміздің ішкі тұтынуын толықтай жабады — ҚР ЭМ 
12 Қараша 2019, 12:39
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев «Астана клубының» Бесінші отырысына қатысты
12 Қараша 2019, 12:28
Биыл 10 айда жалпы ет өндіру көлемі 5,5%-ға артты — ҚР АШМ
12 Қараша 2019, 12:15
2019 жылдың 10 айының қорытындылары бойынша өңдеу өнеркәсібінің барлық секторында өсім байқалды — ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 11:44
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк
12 Қараша 2019, 10:50
10 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,4% құрады
12 Қараша 2019, 10:43
Биылғы қаңтар-қазан айларында республикалық бюджет кірістері 17%-ға ұлғайды — ҚР Қаржы министрлігі
12 Қараша 2019, 10:38
Биылғы 10 айда ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28,5%-ға дейін артты — ҚР ҰЭМ 
11 Қараша 2019, 20:16
Мемлекет басшысы Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті
11 Қараша 2019, 20:05
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Қараша 2019, 19:29
А. Маминнің Түркияға жұмыс сапары: Р. Ердоғанмен келіссөздер, үкіметаралық комиссия отырысы және бизнес-форум
11 Қараша 2019, 18:40
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
11 Қараша 2019, 18:32
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволар басшыларының есебін тыңдады
11 Қараша 2019, 16:10
Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді
11 Қараша 2019, 13:21
Автожолдар салу және қайта жөндеу туралы баспасөз конференциясы өтеді
11 Қараша 2019, 13:10
12 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
10 Қараша 2019, 16:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №37
09 Қараша 2019, 13:10
Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады
09 Қараша 2019, 12:32
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты
09 Қараша 2019, 11:06
«Родина» агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – А. Мамин
08 Қараша 2019, 10:01
Б. Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды
08 Қараша 2019, 09:53
ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы: 15 жылда тауар айналымы 3,5 есе өсті
08 Қараша 2019, 09:07
Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды
08 Қараша 2019, 09:04
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
07 Қараша 2019, 22:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
07 Қараша 2019, 17:31
Айдын Кәрімов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды 
07 Қараша 2019, 12:22
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті
07 Қараша 2019, 09:24
Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады: «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери баспана»
06 Қараша 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.11.2019
06 Қараша 2019, 18:44
СИМ басшысы ДСҰ бойынша әріптестерімен Дүниежүзілік сауда ұйымының реформаларын талқылады
06 Қараша 2019, 18:07
Үкімет отырысы: ШОБ-ты қолдау және ауылдарды дамыту тәсілдері әзірленіп, жаңа заңдар тізімі нақтыланды
06 Қараша 2019, 18:04
Нұрбек Дайырбеков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
06 Қараша 2019, 16:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
06 Қараша 2019, 16:40
ҚР Үкіметінің 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулысы
06 Қараша 2019, 12:32
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
06 Қараша 2019, 11:33
БЖК – 2020 іске асыру жылдарында 16 мыңнан астам ШОБ субъектісі қаржыландырылды
06 Қараша 2019, 10:22
2020 жылы Үкімет Парламенттің қарауына 16 заң жобасын ұсынады 
06 Қараша 2019, 10:19
ҚР Әділет министрлігі 2020 жылға жоспарланған заң жобаларының тізімін ұсынды
06 Қараша 2019, 10:08
2020 жылы ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға 80 млрд теңге бағытталады — Р. Скляр
06 Қараша 2019, 10:00
А. Мамин: «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын арттырады
06 Қараша 2019, 09:51
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 421 млрд теңге бағытталады 
05 Қараша 2019, 19:04
Қазақстан Президенті Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады
05 Қараша 2019, 18:58
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Қараша 2019, 17:46
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысында бірқатар нысанды аралады
05 Қараша 2019, 13:26
Әлихан Смайылов Шанхайда ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты
05 Қараша 2019, 12:30
6 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қараша 2019, 18:25
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №36
04 Қараша 2019, 18:20
Қазақстан мен Қытай екіжақты ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейін арттырады
04 Қараша 2019, 18:18
Бердібек Сапарбаев ана мен бала өлімі мәселелері жөнінде кеңес өткізді
04 Қараша 2019, 18:14
Президент Қ. Тоқаев АӨК реттеуге өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңына қол қойды
04 Қараша 2019, 15:20
ҚР Ұлттық музейі Грекияда Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнер көрмесін өткізеді
04 Қараша 2019, 14:27
Ақтөбеде «Ел үміті» жастар марафоны өтті
02 Қараша 2019, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Маминннің Ташкент қ. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ҮБК XVIII отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
02 Қараша 2019, 12:44
Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен келіссөздер өткізді
02 Қараша 2019, 12:38
А. Мамин ШЫҰ аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бастамалар топтамасын ұсынды
01 Қараша 2019, 18:16
Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы, Латвия және Болгариядағы елшілерін тағайындады
01 Қараша 2019, 17:30
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Ауғанстан Премьер-Министрі А. Абдулламен келіссөздер өткізді
01 Қараша 2019, 17:22
Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер өткізді
01 Қараша 2019, 16:17
Салық әмияны және 0,5% көлеміндегі бонустар — ҚР Қаржы министрлігінің цифрлық жаңашылдықтар жоспары туралы 
01 Қараша 2019, 15:18
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар нысандарды аралады
01 Қараша 2019, 15:01
Бақылау-касса машиналарының құны бизнес субъектілерінің салық салынатын базасынан алынып тасталады — Р. Еңсебаев
01 Қараша 2019, 13:41
Қолданыстағы кассалардың 94%-ы онлайн режимінде жұмыс істейді - Р. Еңсебаев кәсіпкерлік субъектілерінің табысын есепке алу туралы
01 Қараша 2019, 11:41
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У. Мозермен және БҰҰ-ның Қазақстандағы тобымен кездесті
01 Қараша 2019, 09:17
2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады
31 Қазан 2019, 18:52
Жылыту маусымында көмір тиеу үшін ашық вагондар жеткілікті — ҚР ИИДМ
31 Қазан 2019, 18:08
Монополияға қарсы комитет көмір нарығындағы бағалардың келісілуін болдырмау үшін шаралар қолдануда
31 Қазан 2019, 17:25
Өңірлерде көмір бағасы бір тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында ‒ ҚР ИИДМ
31 Қазан 2019, 17:09
Серғазы Омаш ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
31 Қазан 2019, 17:06
Қазақстанның ішкі нарығына 61 млн тонна көмір жеткізілді
31 Қазан 2019, 15:41
Премьер-Министр А. Маминнің Нидерланды Корольдігіне ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қазан 2019, 14:28
Бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы баспасөз конференциясы өтеді
31 Қазан 2019, 13:01
Б. Сапарбаев Токиода өтетін Олимпиада‒2020-ға дайындық мәселелерін талқылады
31 Қазан 2019, 09:31
Роман Скляр ҚР-дағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозермен кездесті
31 Қазан 2019, 07:40
Премьер-Министр А. Мамин Нидерланды Премьер-Министрі М. Рюттемен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумына қатысты
30 Қазан 2019, 19:05
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде – қатысушылардың пікірлері
30 Қазан 2019, 15:17
Мекенжай анықтамасын алып тастау: мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілетін болады
30 Қазан 2019, 14:45
Үшінші тұлғалар мекенжай анықтамасын тек әр азаматтың рұқсатымен ғана ала алады — А. Оспанов
30 Қазан 2019, 13:50
Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы өтеді
30 Қазан 2019, 13:15
Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәліметтерді шекара маңы елді мекендерінің тұрғындары ғана ұсынады - ҚР ІІМ
30 Қазан 2019, 13:13
1 қарашадан бастап мемлекеттік органдар азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды — А. Оспанов
29 Қазан 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 29.10.2019
29 Қазан 2019, 19:51
2019 жылы 9 айда ауылдарда бизнес жобаларын іске асыру үшін 10 мыңнан астам шағын несие берілді
29 Қазан 2019, 19:48
«Еңбек» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 1,3 млн адам жұмысқа орналасты 
29 Қазан 2019, 19:25
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Минск қаласына ірі сауда миссиясын әзірлеуде
29 Қазан 2019, 18:41
ЖЭК үлесінің артуы парниктік газдар шығарындыларын 15 млн тоннаға азайтады — М. Мырзағалиев
29 Қазан 2019, 18:38
2025 жылға дейін Қазақстанда 2,6 млн жаңа жұмыс орны құрылады — Р. Дәленов
29 Қазан 2019, 18:33
Нұр-Сұлтанда ДСҰ-ның XII Министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойылды
29 Қазан 2019, 17:54
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 87 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейтін болады — ҚР Энергетика министрлігі
29 Қазан 2019, 17:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жетілдіріп, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту шараларын әзірлеуді тапсырды 
29 Қазан 2019, 17:30
2019 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы екі есе артты
29 Қазан 2019, 16:59
Мекенжай анықтамасын алып тастау туралы баспасөз конференциясы өтеді
29 Қазан 2019, 12:58
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысын қарастырды
28 Қазан 2019, 18:36
Бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету: Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсартуы ШОБ-тың дамуына қалай ықпалын тигізеді 
28 Қазан 2019, 17:58
«Doing Business» рейтингіне жергілікті және шетелдік инвесторлар сүйенеді — Ж. Мәдиев ҚР-ның ТОП-25-ке кіруі туралы 
28 Қазан 2019, 17:00
Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Австриядан, Жапониядан, Испаниядан, Франциядан, Швейцариядан және ТМД елдерінен алға шықты
28 Қазан 2019, 15:49
30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады
28 Қазан 2019, 14:37
29 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қазан 2019, 13:18
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №35
26 Қазан 2019, 22:52
А. Маминнің ТМД Үкімет Басшыларының Кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Қазан 2019, 14:33
Б. Сапарбаев Түркістан облысында Әл-Фарабидің мерейтойын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді
26 Қазан 2019, 07:50
Асқар Мамин ТМД және ЕАЭО отырыстарына қатысып, Д. А. Медведевпен келіссөздер өткізді
25 Қазан 2019, 21:45
Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті
25 Қазан 2019, 17:28
Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен әлеуметтік саланың өзекті мәселелерін талқылады
25 Қазан 2019, 15:12
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнес ахуалды жақсарту туралы баспасөз конференциясы өтеді
25 Қазан 2019, 13:20
Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижелері: көмір транзитінің көлемі ұлғайтылды
25 Қазан 2019, 12:48
Қазақстан мен Ресей арасында қазақстандық тауарлар транзитіне шектеулерді алып тастау бойынша келіссөздер қалай жүргізілуде
25 Қазан 2019, 09:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды
24 Қазан 2019, 17:43
Үкіметтік жұмыс тобы Шымкент педагогтарымен білім беру сапасы мәселелерін талқылады
24 Қазан 2019, 17:30
Роман Скляр Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан ‒ Беларусь бизнес-форумын ашты
24 Қазан 2019, 15:07
Асқар Мамин: Үкімет Қазақстанда бизнес жүргізу шарттарын жетілдіру үшін барлық шараларды қабылдайды
24 Қазан 2019, 15:00
Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды
24 Қазан 2019, 14:49
Президенттік кадрлық резервке үміткерлерді тестілеу заң бұзушылықтарсыз өтті — А. Жайылғанова
24 Қазан 2019, 13:06
Президенттік кадрлық резервке іріктеу кезінде субъективті бағалау болдырылмайды және адам факторы барынша азайтылған
24 Қазан 2019, 12:16
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің үш кезеңі аяқталды
24 Қазан 2019, 10:12
Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынды иеленді
24 Қазан 2019, 10:08
Шолу: Қостанай облысының 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі даму қорытындылары
23 Қазан 2019, 17:41
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда алғаш рет шығарылған «Кировец» тракторын сынап көрді
23 Қазан 2019, 16:25
Елбасы Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті
23 Қазан 2019, 16:24
Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді
23 Қазан 2019, 16:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Үкіметінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында техникалық көмек және ноу-хауды беру жөніндегі жобасымен танысты
23 Қазан 2019, 13:08
Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтеді
23 Қазан 2019, 11:20
Елбасы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті
22 Қазан 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.10.2019
22 Қазан 2019, 19:41
Жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, МЖӘ және шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу: Үкімет отырысында және кулуарында не талқыланды
22 Қазан 2019, 19:22
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2019, 17:04
Жолаушылар тасымалы екі есе ұлғайды — Б. Камалиев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында азаматтық авиацияның дамуы туралы айтып берді
22 Қазан 2019, 16:52
ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес киберқауіпсіздік мәселелерін қарады
22 Қазан 2019, 16:10
Автобус парктерінің тозуы 23%-ға төмендетілді — ҚР ИИДМ
22 Қазан 2019, 15:14
5 жыл ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
22 Қазан 2019, 15:07
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты
22 Қазан 2019, 15:02
Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті
22 Қазан 2019, 12:13
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 550 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді
22 Қазан 2019, 11:43
Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша инвесторлармен жұмыс жасау үшін «бір терезе» қағидаты енгізілді
22 Қазан 2019, 11:26
«Щучинск – Петропавл», «Омбы – Павлодар»: 2020 жылы қандай жолдар ақылы болады
22 Қазан 2019, 11:21
Жол жабынын салу және жөндеу жобалары аясында 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды — ҚР ИИДМ
22 Қазан 2019, 11:12
Автомобиль жолдары комитетінде сапасыз құрылыс үшін мердігер ұйымдардың жауапкершілігі туралы айтылды
22 Қазан 2019, 11:03
Жыл соңына дейін қанша жол жөнделеді, қай жолдар ақылы болады және олардың сапасын кім тексереді — С. Бармақовпен сұхбат
22 Қазан 2019, 10:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин МЖӘ дамытуды жандандыруды тапсырды
22 Қазан 2019, 09:54
Үкімет «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес жылының қорытындысын шығарып, 2020-2025 жылдарға мақсат қойды
21 Қазан 2019, 18:43
Асқар Мамин инвестициялар тарту үшін өңірлерге АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуды тапсырды
21 Қазан 2019, 18:39
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды
21 Қазан 2019, 16:55
Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстан Республикасына барды
21 Қазан 2019, 11:21
22 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Құжаттар
Депутаттық сауал
© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі