Транзиттік көлік әлеуеті, инвестиция өсімі және жаңа жұмыс орындары — Маңғыстау облысы қалай дамуда

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қорғаныш шараларының қабылдануына қарамастан, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталуда. Өңір тұрғындарына және кәсіпкерлер қауымына қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осы жылдың 9 айында облыс өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша негізгі жобаларды іске асыруды жалғастыруда. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы өңірдің негізгі көрсеткіштері туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батысында теңіз бойынша Ресей Федерациясымен, Әзербайжанмен және Иранмен, оңтүстігінде Түрікменстанмен және шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Маңғыстау облысының аумағы 165,6 мың шаршы км құрайды. Облыста 2 қала (Ақтау, Жаңаөзен), аудандық маңызы бар бір шағын қала, 5 аудан және 58 ауылдық елді мекен бар. Бұл өнеркәсіптік өңір, мұнда Қазақстан мұнайының 25% өндіріледі.

Облыстың ауданы 165,6 мың шаршы км құрайды. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 693,5 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы 272,6 мың адам (39,5%).

 

Пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қандай қолдау көрсетіледі?

«БЖК 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде несиелер бойынша түпкілікті мөлшерлеме біріздендірілген және 6% құрайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие беру көлемі 400 млрд теңгеге ұлғайтылып, 1 трлн теңгені құрайды.

«БЖК 2025» шеңберінде салалық шектеулер алынып тасталды және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша басым тауарлар тізбесі кеңейтілді.

Несиенің жоғарғы шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Ішінара кепілдік беру құралы бойынша несие сомасы 1 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ол бойынша кепілдік мөлшері 50%-дан аспайды. Бұл ретте 360 млн теңгеге дейінгі несиелер қарыз сомасының 85%-ына дейінгі кепілдікпен жабылатын болады.

Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне инвестиция салуға 20 млн теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі. Бұл ретте портфельдік ішінара кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ын құрайды, несие сомасының 15%-ын кәсіпкер екінші деңгейдегі банктердің қалауы бойынша жабады.

Кәсіпкерлерге «Даму» Қорының мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларына қатысатын қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге шегертуді ұсынуда қолдау көрсету мақсатында ТЖ және карантин шаралары кезеңінде жалпы несие сомасы 14,8 млрд теңгеге 404 жоба бойынша қайта құрылымдау қаралып, мақұлданды.

 

Карантин кезінде халыққа қандай қолдау көрсетілді?

Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін (42 500 теңге) 75 354 өтініш тіркелді, 66 332 өтініш бойынша (4,2 млрд теңге) әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде 19 мың өтініш проактивті форматта және 22 мың өтініш жергілікті штабтарға келіп түсті, штабқа келіп түскен 13,4 мың өтініш қанағаттандырылды.

Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша біржолғы төлемді тағайындауға өтініш 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданды. Бас тартқан және келіспеген жағдайда 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін дәлелді құжаттармен қайта шағымдануға болады.

 

Карантин кезінде медициналық ұйымдар қалай жұмыс істеп жатыр?

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 170 инфекциялық төсек-орын және 43 реанимациялық төсек-орын бар. Алдағы уақытта өңірдің төсек-орын қорын 1835 инфекциялық және 130 реанимациялық төсек-орынға дейін ұлғайту жоспарлануда. Облыс бойынша медициналық мекемелердің пайдалануында 124 ӨЖЖ аппараты бар, оның 57-і МОБ-да және 527 оттегі концентраторы бар.

Ақтауда заманауи модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Өңірлік ауқымдағы инфекциялық стационар ауданы 4 гектар учаскеде, 1 А шағын ауданда орналасқан. Госпиталь 180 орынға есептелген, 20 реанимациялық төсек-орын бар. Ауданы 6763 м2 болатын кешен модульдерге бөлінген, олардың әрқайсысы түрлі мақсаттарға арналған.

Айта кетейік, мекеме ең қажетті жабдықтармен: ӨЖЖ аппараттарымен, сондай-ақ дәлдігі жоғары компьютерлік томографпен және цифрлық рентгенмен жабдықталған. Сонымен қатар дәрігерлердің арсеналында қажетті оттегі станциясы, сондай-ақ желдету камерасы бар. Бүгінгі таңда ауруханаға 300-ге жуық медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды. Медициналық мекемеде кадрлық резерв құрылды.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының автопаркі жаңа санитарлық көлікпен – «Hyundai 350» маркалы 20 мамандандырылған машинамен толықты. Олардың 13-і Ақтау қаласының, 5-і Мұнайлы ауданының балансында және екеуі санавиация қызметіне жіберілді.

Өңірде кадр мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді, ол ең өткір мәселелердің бірі болып қалып отыр. Қазіргі уақытта 252 адам көлеміндегі медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалады, оның ішінде 127-сі – қалада, 125-сі – ауылда.

Медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге келетін болсақ, өңірде медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныш құраддарының түгесілмейтін қоры бар, оның ішінде 43 894 костюм, 2 028 394 маска, 29 650 жұп перчатка, 24 380 зарарсыздандыру құралдары мен 129 байланыссыз термометр бар.

Дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры 300 млн теңгені құрайды. Облыстағы дәріханаларда шамамен 400 мың маска бар, олардың орташа бағасы 60 теңгеден 85 теңгеге дейін. Сонымен қатар түрлі үлгідегі 37 419 қорғаныш медициналық костюмі, 762 мыңға жуық маска, 298 319 жұп перчатка, 4 434 литр дезинфекциялық құрал қосымша сатып алынады деп күтілуде.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Маңғыстау облысының фармацевтикалық қызмет объектілеріне тұрақты мониторинг жүргізуде. КВИ және оның салдарын емдеу үшін 22 атау бойынша дәрілік заттардың болуына тексеру жүргізіледі.

Қазіргі уақытта өңірде 325 дәріхана жұмыс істейді, олардың 3-уінің бірқатар медициналық препараттарды дайындауға лицензиясы бар. Аталған дәріханаларды дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өңір кәсіпкерлері дәрілік заттарды бір реттік әкелуді ресімдеді. Бұл шара бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмектердің екі айлық қорын қамтамасыз етеді.

Облыс бойынша медициналық ұйымдарға жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Нысандарды жаңғырту және жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр.

Ақтау қаласында облыстық ауруханада және облыстық балалар ауруханасында қазіргі жөндеу жұмыстары аяқталды, қалалық емханада жөндеу жүргізілуде.

Жаңаөзен қаласында 5 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде: перинаталдық орталық, көпсалалы аурухана, кір жуу, туберкулез ауруханасы және мәйітхана. Барлық жұмыстар 30 қазанға дейін аяқталады. Бұрынғы Жаңаөзен туберкулез ауруханасының ғимараты жедел медициналық көмек қызметінің ғимаратына қайта бейімделетін болады. Жұмыс 2 ай мерзімде аяқталады.

Мұнайлы ауданында 3 нысанда: аудандық емханада және Басқұдық және Атамекен ауылдарының амбулаториясында қазіргі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оларды тапсыру қазан айының соңына жоспарланған. Қарақия ауданында 3 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде: бұл аудандық орталық аурухана, онда жұмыстардың 90%-ы аяқталды, Жетібай ауылының ауруханасы және Бостан ауылының амбулаториясы.

Бейнеу ауданында екі медициналық ұйымның жөндеу жұмыстары 95% аяқталды. Қазіргі уақытта қалалар мен Мұнайлы ауданынан басқа аудандардағы 8 нысанға оттегі жеткізу жүзеге асырылуда.

 

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі қандай?

Маңғыстау облысының Статистика департаментінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 1 535 млрд теңгеге өнім өндірді, 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 93,2% құрады.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін химия өнеркәсібі, машина жасау, машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі, мұнай өңдеу өнімдері өндірісі, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (құрылыс индустриясы), металлургия өнеркәсібі құрайды.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірдің өңдеу өнеркәсібінің дамуында оң серпін байқалады. 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 0,6%-ға өсіп, 127,4 млрд теңгені құрады.

Өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі 8,3% құрады. Есепті кезеңде өндіріс көлемінің ұлғаюы өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары бойынша байқалады:

  • химия өнеркәсібінде өсім 22,4%-ға;
  • машина жасауда өсім 7,6%-ға;
  • басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісінде 4,9%-ға;
  • резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 25,3%-ға;
  • тамақ өнімдері өндірісінде 4,7%-ға;
  • жеңіл өнеркәсіпте 0,3%-ға;
  • негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінде 37,9%-ға;

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 20 680 млн теңгені құрады. Есепті кезеңде өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі 16,2%-ға өсті. Машина жасауда 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндіріс көлемі 29063,5 млн теңгені құрады.

2021 жылы «Ақтау теңіз порты АЭА» АҚ аумағында «Трансформаторлар мен электр кабельдерін шығару зауыты» жобасын іске қосу жоспарлануда.

Жоспарлы даму мақсатында жұмыс істеп тұрған «Каскор-Машзавод» АҚ өндірістің жаңа бағыттарын әзірлеп, біртіндеп енгізе бастады, атап айтқанда: жіксіз құбырларды (сорғы-компрессорлық және Шеген құбырлар) шығару. Компания шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейте отырып, жыл сайын осы бағыттағы өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі аз, есепті кезеңде 1,6% құрады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте жеңіл өнеркәсіпте 2 057 млн теңгеге өнім өндірілді. Оның ішінде тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі – 98,4 млн теңге, киім өндіру көлемі – 1311,6 млн теңге, былғары және оған жататын өнімдер өндіру көлемі – 647 млн теңге.

Облыста жеңіл өнеркәсібі «Жанарыс» ЖШС және «Zhamal-ai LTD» ЖШС кәсіпорындарымен ұсынылған, олар мұнай-газ саласының кәсіпорындары, күш құрылымдары және халық үшін арнайы қорғаныш киімдерін, аяқ киімдер және өзге де керек-жарақтарды, тоқыма бұйымдарын шығарады.

Өңірдегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен мұнай-газ саласының тапсырыстарын орындауға бағытталған. Саланың өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тұтынушылардың тапсырыстарына байланысты.

«Zhamal-ai LTD» ЖШС білім беру мекемелерінің тапсырыстары бойынша мектеп формасын да тігеді. Арнайы киім тігу бойынша ірі кәсіпорын «Жанарыс» ЖШС (Жаңаөзен қаласы) өндірісті кеңейту мақсатында Мұнайлы ауданында тігін фабрикасын салу жобасын іске асыруда. Құрылыс аяқталды, сынақ жұмыстары жүргізілуде.

 

Өңірде тау-кен өнеркәсібі қалай дамуда?

Маңғыстау облысы — пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ өндіріп отырған өнеркәсіптік өңір. 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс өнеркәсіп өндірісінің үлесі бойынша елімізде 2-ші орын алады, ол негізінен тау-кен өнеркәсібі (ұлттық көлемдегі үлесі – 16,2%).

Облыс аумағында 67 мұнай және газ кен орны барланған. Облыстың үлесіне Қазақстанның жылдық мұнай өндірісінің шамамен 20%-ы тиесілі. Негізгі мұнай және газ кен орындары (Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай, Өзен, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Доңға, Арыстановское, Тасболат және т.б.) Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарының аумағында орналасқан.

Өңірде шикі мұнайдың негізгі үлесін (91,2%) өндіретін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы және басқалары сияқты ірі мұнай өндіруші компаниялар жұмыс істейді. Бұл салада мұнай сервистік қызмет көрсететін ірі және орта кәсіпорындардың саны да көп.

2019 жылы тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2600,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында саланың өндіріс көлемі 1308,8 млрд теңгені құрады.

Биыл әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі, әлемдегі пандемия және карантин шаралары тау-кен өнеркәсібінің, оның ішінде 2020 жылға жоспарланған өңірдің мұнай өндіру көрсеткіштеріне теріс әсер етті.

Облыстың жер қойнауын пайдаланушыларының деректеріне сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-қазанда өңірде мұнай өндіру көлемі 13973 мың тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 93,3% құрады.

Табиғи газды өндіру көлемі 2424 млн текше метрді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 94,8% құрады.

 

«Құрық» және «Ақтау» порттарындағы паромдық кешеннің қазіргі қызметі мен даму перспективасы қандай?

Бүгінгі таңда «Ақтау» порты – «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық Қауымдастығы» ЗТБ тұрақты мүшесі болып табылатын ірі қазақстандық хаб, сондай-ақ «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің құрамдас бөлігі болып табылады. DP World компаниясымен серіктестікте жұмыс істейді. Теңіз порттары мен айлақтарының халықаралық қауымдастығының мүшесі.

ТМТМ немесе MiddleCorridor - Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзербайжан, Грузия арқылы және одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне өтетін халықаралық көлік дәлізі. Осы жерден көрші мемлекеттердің порттары арқылы әлемнің кез келген нүктесіне жүк жөнелтуге болады.

Порт басты, құрғақ жүктерді, мұнай мен астықты толық ауыстырып тиеуді қамтамасыз ететін көпфункционалды заманауи кешен болып табылады. Мұнда теміржолдар мен автомобиль жолдары түйіседі. Жалпы, өзінің техникалық параметрлері бойынша «Ақтау» порты халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Порт акваториясы қауіпсіз тұру, кемелерге жан-жақты қызмет көрсету және жүк операцияларын жүргізу үшін арнайы жабдықталған.

2019 жылдың 16 сәуірінде тарихтағы алғашқы Ақтау портынан Баку портына фидерлік кемемен контейнерлерді экспорттық тасымалдау басталды. Бұл тасымалдау ТХКБ шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл жүктер Қытайдан ЕО және Түркия бағытында Қазақстан (Ақтау порты) арқылы транзитпен жөнелтілген транзиттік жүктер болып табылады. Одан әрі ЕО елдеріне Қытайдан транзиттік жүктер екі бағытта жөнелтіледі: 1) Баку – Тбилиси – Карс темір жолы арқылы 2) Поти порты арқылы Қара теңізге.

Фидерлік кемелер апта сайын тұрақты түрде қатынайтын болады, бұл Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк ағынын ұлғайтуға және Каспий өңірінде жүктерді контейнерлеуді одан әрі дамытуға ықпал етеді.

2020 жылы 9 айда фидерлік жүктерді ауыстырып тиеу 9982 ЖФЭ құрады. Оның ішінде экспорт – 6781 ЖФЭ, импорт – 3201 ЖФЭ. Контейнерлер саны – 6669 бірл.

«Құрық» порты Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне теңіз, темір, автомобиль жолдары арқылы жүктерді ауыстырып тиеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Құрық» портының акваториясына теміржол және автомобиль магистральдары жүргізілген, Орталық Азия, Қытай, Кавказ, Түркия және Еуропа елдері арасында халықаралық тасымалдар қамтамасыз етіледі.

«Құрық» паром кешені тәулігіне 8 паромға дейін, бір мезгілде 4 паромды өңдеуді қамтамасыз ететін 4 айлақпен жабдықталған темір жол және автомобиль құрауышы бар заманауи инфрақұрылымдық объектілермен жабдықталған. Порттың географиялық ыңғайлы орналасуы Әзербайжаннан паромдардың жүру уақытын 4 сағатқа қысқартады. Жүктерді жедел өңдеу үшін порт аумағында заманауи техникамен жабдықталған және барлық жаңа технологиялармен жарақталған әмбебап кедендік ресімдеу ғимараты жұмыс істейді. Олар «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Бір жерде барлық мемлекеттік қызметтер – кеден, шекара қызметі, фитосанитария, ветеринария, порт қызметтері шоғырланған.

 

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында қанша жоба жүзеге асырылды?

Маңғыстау облысы бойынша 2010-2014 жж. Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы аясында жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астамға 3 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құрумен 30 жоба іске қосылды.

 Аса маңызды республикалық жобалар:

1) Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру, «СП «Каспий Битум» ЖШС.

2) аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту, «ҚазАзот» ЖШС.

Аса маңызды аймақтық жобалар:

1) Шетпе ауылында цемент зауытын салу, «Каспий Цемент» ЖШС;

2) Ақтау қаласының әуежайында халықаралық жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, «АТМ Групп» ЖШС.

3) Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту, «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС.

Облыстың инвестициялық жобалар портфеліне 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін 6525 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 484 млрд теңгеге 43 жоба енгізілді.

2020 жылы 2 жоба – Риксос қонақ үй кешені және Тоталь теңіз/қабат суын дайындау және айдау жүйесі іске қосылды.

2020 жылдың соңына дейін 421 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 28,7 млрд теңгеден асатын 12 жобаны іске қосу жоспарлануда.

2021 жылы 2265 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 94 млрд теңгеге 22 жоба жоспарланған.

2023 жылы 550 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 90 млрд теңгеге 3 жоба жоспарланған.

2025 жылы 2550 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 174 млрд теңгеге 2 жоба жоспарланған.

Сондай-ақ, болашақта «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жалпы инвестиция көлемі 253 млрд теңге болатын екі ірі жобаны іске асыру жоспарланған:

1) инвестиция көлемі 151 млрд теңге болатын, 400 жаңа жұмыс орнын құрумен Дата-орталықтың құрылысы, АЭА әлеуетті қатысушысы – «DIGITAL SILK ROUTE» ЖШС»;

2) инвестиция көлемі 102 млрд теңге болатын, 300 жаңа жұмыс орнын құрумен Дата-орталықтың құрылысы бойынша жобаның қажеттіліктерін өтеу үшін кезең-кезеңмен 250 МВт-қа дейін ұлғайта отырып қуаттылығы 80 МВт бу-газ қондырғысын салу. АЭА әлеуетті қатысушысы – «AktauCleanEnergy» ЖШС.

 

Отандық өндірушілерге қандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде?

2019 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды жеңілдікпен несиелендірде Жобалық кеңсенің деректері бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 52016,7 млн теңге сомасына 7 жоба мақұлданды.

Биыл 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 6402,8 млн теңгеге 9 жоба мақұлданды.

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерлету бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің операторы, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып отыр және шығындарды өтейді.

 

Облыста экспорт қалай дамуда?

Өңір әлемнің 75 елімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде әлемнің 32 елімен экспорттық операцияларды, әлемнің 75 елімен импорттық операцияларды жүзеге асырады.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Маңғыстау облысында экспорт көлемі $1 933 711,79 құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі экспорт көлемінен 32%-ға төмен.

Экспортталатын тауарлардың негізгі түрі $1 901 435,13 сомасына отын-энергетика тауарларын (мұнай және мұнай өнімдері, сұйытылған мұнай газдары) жеткізу болды.

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі отын-энергетика тауарларының үлесі 97% құрайды.

Нарықтың негізгі үлесі ЕО елдеріне: Болгария, Біріккен Корольдік, Германия, Греция, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, Литва, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Түркия, Финляндия, Швейцария, Швеция, Әзербайжанға тиесілі.

Өңірдегі өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттаушылар – «ҚазАзот» АҚ (азотты минералды тыңайтқыштар), «Каспий Цемент» ЖШС (портландцемент), «Куду Индастриз Қазақстан» ЖШС (бұрандалы сорғылар және канадалық технология бойынша жиынтықтаушылар), «Арселор Миттал Тубулар Продактс Ақтау» АҚ (үлкен диаметрлі жігі шиыршық болат құбырлар), «Satex Chemie» ЖШС (битум негізіндегі қатты және сұйық гидрооқшаулағыш материалдар өндірісі), «Maga-Bread» ЖШС (тамақ өнімдері өндірісі), «Ағарған» ЖШС (тамақ өнімдері өндірісі).

 

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі: облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы үлесі қандай?

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 5644,5 млн теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі – 4,4%.

Барлық негізгі азық-түлік өнімдерінің 80%-ы өңірге басқа облыстардан немесе шетелден жеткізілетіні белгілі. Тек 20%-ы ғана облыс аумағында өндіріледі, олар –  ұн, нан, макарон өнімдері, қышқыл сүт өнімдері, жұмыртқа, маусымына орай көкөніс және бақша өнімдері.

Осыған байланысты облыста азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар экспортпен айналыспайды.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірушілері жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары болып отыр.

Өңірде бұл салада ірі кәсіпорындар жоқ, сүт өнімдерін, нан-тоқаш және ұн өнімдерін, ұн өндіру, сусындар өндіру бойынша шағын және орта кәсіпорындар бар.

Өңір экономикасын әртараптандырудың тағы бір маңызды бағыты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14,9 млрд теңгеге өндірілді.

Мал басының өсуі байқалады: ІҚМ – 10,5%-ға (22,9 мың бас), қой мен ешкі – 5,9%- ға (435,4 мың бас), жылқы – 16,8%-ға (89,6 мың бас), түйе – 1,7%- ға (70,8 мың бас).

 

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қандай қолдау көрсетіледі?

Жылыжай шаруашылықтарының ауданын 27,4 га-дан 34,4 га-ға дейін жеткізу жоспарлануда (57 бірліктен 79-ға дейін ұлғайту).

Бүгінгі күні өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 32 кәсіпорын жұмыс істейді (сүт өнімдері бойынша – 12, ет өнімдері бойынша – 15, ұн өндіру бойынша – 5).

Биыл жалпы құны 5,2 млрд теңге болатын 2 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. 

Жобаларды іске қосу өңір халқын жергілікті мал шаруашылығы және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді (халықты ішкі ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз ету үлесін 30%-ға дейін ұлғайту).

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылдың бюджетінде ауыл шаруашылығы салаларын субсидиялауға 1,5 млрд теңге және бюджеттік несиелерге 1,9 млрд теңге көзделген.

Есепті кезеңде агроөнеркәсіптік кешеннің 128 субъектісі субсидия алды, 233 жоба бойынша несие берілді, соның нәтижесінде 295 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдарды сумен қамтамасыз ету үшін барлауға және 44 құдық салуға субсидия берілді.

Жобалық кеңсе өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешен өндірушілеріне сауалнама жүргізді. Нәтижесінде бизнесті дамыту үшін жеңілдікпен несиелендіруді қажет ететін 78 кәсіпкер анықталды.

Қазіргі уақытта әкімдік жобаларды жеңілдетілген несие берілгенге дейін сүйемелдеуді жүргізуде.

Бұл жобалар 60 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 3 жобаны іске асыру үшін «AGARGAN» ЖШС үздіксіз электр энергиясы мен суды жеткізумен қамтамасыз етілді, сондай-ақ 2,2 млрд теңге сомасында жеңілдікті несие беруге жәрдем көрсету қажет.

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» өңірде қалай іске асырылуда?

Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 26,4 мың адам қатысты.

Осы бағдарлама аясында 278 адам шағын несие алды, 727 адам 404 млн теңгеге мемлекеттік грант алды.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1 247 адам қамтылды және қыркүйектен бастап 1,2 мың адам кәсіптік және техникалық оқытумен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды.

Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына 7,2 мың адам жіберілді. Оның ішінде 771 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 621 адам жастар іс-тәжірибесіне және 4 831 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Жыл басынан бері қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы 14,7 мың адам немесе бағдарламаға қатысушылардың 56%-ы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 7 520 адам орналастырылды.

Маңғыстау облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 169 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 32 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен – 8 млрд теңге, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы – 24 млрд теңге.

Барлығы 9 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, оның ішінде жобаларды іске асыру кезінде 8,6 мың жұмыс орны және объектілер пайдалануға берілгеннен кейін 400-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Бүгінгі күні құрылған жұмыс орындарына 7 633 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл көрсеткіш жоспардың 89%-ын құрайды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 4 695 адам жұмысқа орналастырылды.

Жалпы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі 61%-ды құрайды. Сонымен қатар бүгінгі таңда 68 жоба жүзеге асырылды.

 

Өңірде халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асырылуда?

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 19,6%-ға өсіп, 140,1 млрд теңгені құрады. «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында 901,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ақтауда 70-тен астам көпқабатты тұрғын үй салынып, жылына 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асыру мақсатында 10,9 млрд теңге бөлінді.

Нәтижесінде биыл жалпы ауданы 24 мың шаршы метр болатын 352 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, 67 пәтер сатып алынады. Осы үйлердің 215-і көпбалалы отбасыларға беріледі.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, қала тұрғындарына Ақтау қаласында 150 пәтер сатып алуға «Өзенмұнайгаз» компаниясы 1,5 млрд теңге бөлді. Барлық сатып алынатын пәтерлер жалға берілетін болады. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Бұл үйлердің басым бөлігі «7-20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер 8,2 млрд теңге бөлді, 809 өтінім мақұлданды.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 163 өтініш мақұлданды (Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі), 153 отбасы пәтер алды, оның ішінде 126 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары облыста қалай дамытылуда?

Облыстың автомобиль жолдарының ұзындығы – 2948 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1020 км, облыстық маңызы бар жолдар – 1928 км.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылы өңірде облыстық маңызы бар автожолдарды дамыту бойынша жалпы сомасы 28,7 млрд теңгеге 7 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

Жалпы ұзындығы 159 км облыстық маңызы бар автожолдарды салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар жалғасуда, оның ішінде:

  • «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала мекені» (ұзындығы 29 км, жоба 2017 жылдан бастап іске асырылуда, 2021 жылы аяқталады).

Қазіргі уақытта 19 км асфальт төселді, 10,5 км жолда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

  • МАЭК су тарту каналынан «Құрық» паром кешеніне дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту, I кезегі (ұзындығы 27 км, жоба 2019 жылдан бастап іске асырылуда, 2021 жылы аяқталады).

Қазіргі уақытта жобаның 1 учаскесінде келесі жұмыстар орындалды: 100% екі қабатты асфальтбетон төсеу; 97% веложол, тротуар салу; 98% жолды жарықтандыру. 2 учаскеде автомобиль жолын кесу және өсімдік жамылғысын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  • МАЭК су тарту каналынан «Құрық» паром кешеніне дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту, III кезегі (Шор көпірі), (ұзындығы 0,07 км, жоба 2020 жылдан бастап іске асырылуда, 2021 жылы аяқталады);

Қазіргі уақытта 18 ұңғыма бұрғыланды және құйылды. 18 дана «ВТК 42» арқалық Алматы қаласынан жеткізілді және құрастырылды.

  • ХГМЗ қиылысынан №23, 24, 28 «а» шағын аудандарының қиылысына дейінгі №55 автожол» (ұзындығы 7,0 км, жоба 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда, 2020 жылы аяқталады);

Бүгінгі таңда 6 км жол негізі және 4,5 км асфальт төсемінің бірінші қабаты төселді. Жұмыс жалғасуда.

  • Өмірзақ елді мекенінен Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автомобиль жолын салу (ұзындығы 4,6 км);

Қазіргі уақытта 100% асфальт жабынының екі қабаты; 100% веложол, тротуар; 100% «МАЭК» су тарту каналы арқылы өтетін көпір салынды. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты 2021 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

  • «Форт-Шевченко-Таушық» орташа жөндеу (ұзындығы 91 км, жоба 2019 жылдан бастап іске асырылуда, 2021 жылы аяқталады);

Жоба 7 учаскеге бөлінген, оның ішінде 4 учаске (0-52 км) бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

  • «Ата жолы» 1 және 2 кезеңдері (жалпы ұзындығы 97 км) аяқталды. Нысан осы жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

  

ШОБ-ты қолдау бойынша бағдарламалар қаншалықты тиімді іске асырылуда?

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 700 млн теңге бөлінді (қалаларда шағын несие беру). Қазіргі күнгі мәлімет бойынша 117,8 млн теңге сомасына 19 шағын несие берілді.

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында биыл 85 жаңа жұмыс орнын құрумен 414 млн теңге сомасына 21 жоба қаржыландырылды.

Жұмыссыздық деңгейі — 5,1%, 2020 жылдың басынан бастап 28 320 адам жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмыс орындарымен 21 754 адам, маусымдық жұмыспен 6 566 адам қамтамасыз етілді.

 

Өңірде білім беру және денсаулық сақтау жүйесі қалай дамуда?

2020 жылға әлеуметтік салаға 136,6 млрд теңге бағытталды, оның ішінде білім беруге – 104,4 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 8,4 млрд теңге бөлінді.

Облыс бойынша 312 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 34,4 мың бала қамтылған. Бүгінгі күні 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 66,9% құрайды.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 1064 орындық 5 жекеменшік мектеп ашылды.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы мектептері «Mektep.edu.kz»  ақпараттық платформасын 100% пайдаланады,  сонымен қатар мектептердің 28,74%-ы «OnlineMektep» білім беру платформасын пайдаланады, ал стриминг режимі үшін мектептер «Microsoftteams», «ZOOM» және басқа платформаларды пайдаланады. Бұл платформалар барлық оқушылар мен мұғалімдерге қолжетімді.

Компьютерлер қажеттілігіне мониторинг жүргізілді, осы мақсатта 35 829 бірлік компьютерлік техниканы сатып алуға келісімшарт жасалды.

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің теңгеріміне 20 209 бірлік компьютерлік техника берілді, қалған 15620 бірлік компьютер 2020 жылғы 7 қарашаға дейін жеткізілетін болады.

Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер үшін интернеттің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 14244 роутер сатып алынды, демеушілер 250 роутерді сатып алды, нәтижесінде барлығы интернетпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта облыста апатты жағдайдағы мектептер жоқ.

Облыс бойынша үш ауысымда оқытатын 15 мектеп бар. Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін 3 мектеп пайдалануға берілді. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу