Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үш негізгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін жауапты ретінде белгіленген. Олар: индустриялық даму бағдарламасы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы. Бұл бағдарламалардың әрқайсысы тұрғындардың әл-ауқаты мен Қазақстан экономикасының дербестігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесуде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді. 

Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің табыс деңгейі орта есеппен 50% өсті 

2019 жыл өнеркәсіп саласы үшін табысты болды. Оның экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 27,5% құрады, оның ішінде 11,4% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша өнеркәсіп салаларында 22 мыңнан аса кәсіпорын бар, оларда 1 млн аса адам жұмыс істейді. 2010 жылдан бері Елбасының бастамасы бойынша елімізде Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.  

«Қоғам тарапынан сынға алынғанына қарамастан, нақты осы бағдарламаның еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз салғанын айта кету керек. 5 жыл ішінде өңдеу саласының жалпы қосылған құны 30,6 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 7,8 трлн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 87%-ға артық», — деді Б. Атамқұлов.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 45 трлн теңгеге өнім өндірген

2019 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 4,4% өсті. Оң динамика биыл да сақталды. 4 айдың қорытындысы бойынша НКИ 107% құрады. 

Анықтама:

2019 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр: машинажасау (20,9%), жеңіл өнеркәсіп өндірісі (13,5%), фармацевтикалық өнімдер өндірісі (12,2%), сусындар өндірісі (10,2%), кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (5,9%), металлургия өнеркәсібі (4,1%).

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша келесі салалар өсім көрсетіп отыр: жеңіл өнеркәсіп (13,9%), фармацевтика (24,2%), құрылыс материалдарының өндірісі (15,6%), машинажасау (25,4%), мұнай өңдеу (1,5%).

 

5 жылда өңдеу өнеркәсібіне $18,7 млрд аса тікелей шетелдік инвестиция тартылды  

Индустрия және инфрақұрылымдыөқ даму министрі хабарлағандай, салада еңбек өнімділігі 11,7% артты. Бағдарлама жүзеге асырылған жылдары өңделген өнім экспорты $73,2 млрд құрады.

«Жыл сайын Индустрияландыру картасы аясында жобалар жүзеге асырылуда. 2015-2019 жылдары 5,2 трлн теңгеге жуық сомаға 556 жоба пайдалануға берілді, 85 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды», — деді Б. Атамқұлов.

Анықтама:

Екінші бесжылдықтағы маңызды жобалар:

1) «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС, Бозшакөл ТБК салу, Павлодар облысы (430,5 млрд теңге);

2) «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, Ақтоғай ТБК салу, ШҚО (728 млрд теңге);

3) «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, тау-кен байыту кешенін салу, ШҚО (133,8 млрд теңге);

4) «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, рельс арқалық зауытын салу, Ақтөбе облысы (76,6 млрд теңге);

5) «YDD Corporation» ЖШС, ферросилиций өндіру зауыты, Қарағанды облысы (32 млрд теңге).

Сонымен қоса, 2020 жылы әкімдіктердің мәліметі бойынша 17 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын құрумен 1,1 трлн теңге сомасына 160 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. 

«Макроэкономикалық жағдайдың даму динамикасын ескере отырып, бұл шамаларға одан әрі түзетулер енгізілетін болады. Индустрияландыру жылдары өңдеу өнеркәсібінің әрбір саласының дамуында айтарлықтай өрлеу болды. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте шағын және орта бизнесті нақты ынталандыра отырып, осы саланы қайта жаңғырту мүмкіндігіне қол жеткіздік», — деді ведомство басшысы.

Қазіргі кезде елімізде мата, кілем, балалар мен ересектер киімі, шұлық-ұйық бұйымдары, аяқ киім, бас киім және басқа да бұйымдар шығарылады, бұл ретте олардың сапасы импорттық өнімдердің сапасынан кем түсіпейді, кейде тіпті сапасы жоғары. 1 мыңнан аса компания жұмыс істейді, онда жұмыспен қамтылғандар 17,9 мың адам. Осы салада қосылған құн тізбегінің , яғни өңдеуден дайын өнімге дейінгі аса дамыған сегменті қалыптасты. Химия саласының да іргетасы беки түсті. 

Мәселен, химия кәсіпорындарын қалпына келтіру және жаңғырту есебінен, сондай-ақ Индустрияландыру картасы аясында жаңа инвестциялық жобаларды енгізудің арқасында шығарылатын өнім ассортименті артты.   

«Қазір біз бұрын өндірілмеген өнімдерді – каустикалық соданы, натрий гипохлоридін, жуғыш заттарды, лак-бояу материалдарының жаңа түрлерін, жарылғыш заттарды, агрохимия құралдарын т. б. шығарамыз», — деді Б. Атамқұлов.

«Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» АҚ жаңғырту фосфор тыңайтқыштарын өндіруді 4 есе, ал азот тыңайтқыштар өндірісін 2 есе арттыруға мүмкіндік берді. Соның арқасында, қазір фосфор тыңайтқыштарына деген қажеттілік ішкі нарықты толық жабады, ал азот тыңайтқыштары бойынша — 50%.

«Бүгін бізде калий тыңайтқыштарын өндіру бойынша зор перспектива бар. Осы бағытта біз инвесторларды табу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп нақтылады министр.

Биыл 4 айда Қазақстанда 23 мыңнан астам автомобиль шығарылды 

Машинажасауда автомобиль жасау саласы ең динамикалы дамып келе жатқан сала. 2019 жылы 50 мыңнан аса автомобиль шығарылған. 

«Биыл біз жеңіл автомобиль шығару бойынша Алматы қаласында орналасқан «Hyundai Trans Kazakhstan» кәсіпорнында тағы бір өндірісті іске қосудамыз, оның қуаты жылына 30 автомобильді құрайды», — деді Б. Атамқұлов.

2020 жылы Қазақстанда бағдарламаның үшінші бесжылдығыны іске асыру басталды. 

Алдыңғы екі бесжылдықтың тәжірибесін ескере отырып, бағдарламада негізгі жаңа тәсілдер қамтылды. 

Бірінші. Ішкі нарықты сапалы өніммен молықтыруға және экспортқа шығаруға бағдарланған өңдеу секторының тиімді кәсіпорындарына басымдық беріледі. 

Екінші. Салалық қағидаттан технологиялық күрделілігі орташа және жоғары нақты басымдыққа ие тауарларды шығаруға көшу қарастырылған. 

Үшінші. Бизнестің қарсы міндеттемелері мен жауапкершілігі айқындалған. 

Төртінші. Құнды құраудың жаһандық тізбегіне проактивті қосылу жоспарланған. 

«Сонымен қоса, әлемде індеттің таралуын және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз биыл индустрияландыру бағдарламасын өзектендіру бойынша жұмыстарды жүргіземіз. Сонымен қатар индустриялық дамуды заңнамалық қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін “Өнеркәсіп саясаты туралы” заң жобасының Тұжырымдамасының жобасы әзірленеді», — деді министр.

 

2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларының қызметі қайта бағдарланды 

«Коронавирус індеті біздің әрқайсымыздың өмірімізге өзгеріс енгізді. Төтенше жағдай кезеңінде бізге көптеген компаниялардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын қайта қарастыруға тура келді. Қорғаншы құралдарына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларының жұмысы қайта бағдарланды», — деді Б. Атамқұлов.

Мысалы, этил спиртін өндірушілер зарарсыздандыру заттарын өндіруге қайта бағдарланды, соның арқасында өндірістің тәуліктік көлемі 170 мың литрге жетті. Тігін өнеркәсібіндегі өндірушілер маскалар өндірісін жолға қойып, өнім көлемін 5 есе, тәулігіне 200 мың дана маскадан 1 млн данаға дейін жеткізді.  

«Сонымен қатар біз тұрмыстық химия заттарын шығара бастадық, оның ішінде үйге арналған тазарту және жуғыш заттар бар. Экономикалық өсімді қалпына келтіру мақсатында Үкімет 2020 жылдың соңына дейінгі Кешенді жоспарды қабылдады, онда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау үшін бірқатар шаралар қарастырылған», — деді ведомство басшысы.

«Қарапайым заттар экономикасы» салаларды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының аясында 219 млрд теңге сомасына 268 жоба мақұлданды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында басымдықты жобаларды қаржыландыру үшін бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 400 млрд теңгеге дейін артып, 1 трлн теңгеге дейін жеткізілді. 

Бүгінде жер қойнауын пайдалануға 550-ден аса келісімшарт жасалған 

Жер қойнауын пайдалану саласында батысавстралиялық модель негізінде 2017 жылдың соңына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа ҚР Кодексі қабылданды. Бүгінгі таңда қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалануға құқық беру үшін аумағы 650 мың ш. м. болатын 300 мыңнан аса блок қойылды, барлауға 630-дан аса лицензия берілді. 

 

2019 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалануға 68 келісімшарт жасалды

Жалпы, бүгінде 554 келісімшарт жасалған. 

«Саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін кесіпкерлік субъектілерінің, “Атамекен” ҰКП, қауымдастықтар мен Қазақстан азаматтарының ұсыныстары бойынша 2019 жылы желтоқсан айында жер қойнауы туралы Кодекске 17 түзетуден тұратын алғашқы пул енгізілді, олар шұғыл рәсімдеу мәселелерін шешуге бағытталған», — деді Б. Атамқұулов. 

Заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Тұжырымдама жобасы әзірленді, ол жақында барлық мүдделі тараптарға қарастыру және келісу үшін жіберілетін болады. 

Сонымен қатар, 2020 жылы «Национальный банк данных» ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жалғасады, бұл жүйе жер қойнауын пайдалануға құқықты алуға, геологиялы ақпаратты онлайн алуға, ҒЗТКЖ бойынша бірыңғай ақпарат алаңын құруға мүмкіндік береді. 

Кен өндіретін салалардың ашықтығы бастамасы стандарттарын енгзу, оның ішінде келісімшарттардың бенефициарлы қожайындарын ашу бойынша жұмыстар да жалғасады. 

 

Барлық көлік түрлерінің транзиттік тасымалының жалпы көлемі 27,6% өсті 

Көлік саласының негізгі міндеті еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін ұлттық көлік жүйесін әлемдік көлік жүйесіне кіріктіру болып отыр. 

«Жалпы, саланың динамикалы дамып жатқанын атап өткен жөн. Біздің еліміз бес жыл бұрын 2015-2019 жылдарға арналған “Нұрлы жол” инфрақұрылымдық дамудың алғашқы кешенді мемлекеттік бағдарламасын іске қосты. Өткен жыл қорытынды жыл болды, нәтижелері жаман емес», — деді министр.

2019 жылдың қорытындысы бойынша көлік секторы оң өсу динамикасын көрсетті. Көлік қызметтерінің көлемі 5,1% артты. 

Көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша жаңа міндеттерді іске асыру үшін 2019 жылдың желтоқсан айында Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. 

«Алдағы 6 жылда біз 10 мың шақырым автожолды салуды және қайта жөндеуді (оның ішінде 3,8 мың өтпелі жоба бар), сондай-ақ республикалық желідегі 11 мың шақырым жолды күрделі және орташа жөндеуді жоспарлап отырмыз», — деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, ведомство алдында өршіл міндеттер тұр: жақсы және қанағаттанарлық күйдегі республикалық маңызы бар атвожолдардың үлесін 100% дейін жеткізу, І және ІІ техникалық санаттағы жолдардың ұзындығын 60% дейін жеткізу, ақылы жолдар үлесін 45% дейін жеткізіп, жол бойы сервисі нысандарымен 100% қамтамасыз ету.

«Теміржол транзитін 49%, 18 млн тоннадан 26,9 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Контейнерлік тасымалды 2 есе арттырып, 2025 жылға қарай 1,6 млн контейнерге дейін жеткіземіз. Жолаушылар тасымалы 35%, жылына 8,1 млн адамнан 11 млн адамға дейін артады. Көзделген барлық жобаларды іске асыру 550 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, көлік саласындағы еңбек өнімділігі 20% өседі, ал инвестициялар көлемі 3 есе артады», — деп түсіндірді Б. Атамқұлов.

 

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 2,6 мың шақырым автожолда жол қозғалысы ашылады

Сапалы, жедел жәнее қаупісіз жолдармен қамтамасыз ету инфрақұрылымдық дамудың негізгі міндеті. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 641 шақырым болатын учаскелерде жол қозғалысы ашылды. 

● Теміртау-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (1056 км) — 61 км (Қарағнды-Теміртау және Қарағанды қ. айналма жолы);

● Орталық – Шығыс дәлізі (914 км) — 249 км (180 км — Нұр-Сұлтан-Павлодар, 69 км — Павлодар-Семей);

● Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы (260 км) — 16 км (7 км — Көкшетау қаласыне кіреберіс, 9 км — Петропавлов-РФ шекарасы);

● Бейнеу - Ақжігіт (85 км) – 85 км;

● Таскескен - Бақты (187 км) – 18 км;

● Щучинск - Зеренді (80 км) – 80 км;

● Қандыағаш - Мақат (359 км) - 26 км;

● Жетібай - Жаңаөзен (73 км) – 73 км.

Кемшіліктерді жою мақсатында 1,1 мың км республикалық және 3,5 мың км облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 

«Осы жұмыстың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 88% жақсы және қанағаттанарлық күйге келтірілді. Жергілікті жолдар бойынша бұл көрсеткіш 71% құрады. І және ІІ техникалық санаттағы республикалық желідегі жолдар үлесі 34% (8,2 мың км) дейін артты», — деді Б. Атамқұлов.  

Биыл жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың км автожол қамтылды (салу және реконструкциясы – 4 мың км, жөнделуде – 1,5 мың км республикалық желісі, жергілікті жолдар желісінің 4 мың км жөнделуде).

Республикалық желісінің 4 мың шақырым автожолында құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр (Қарағанды-Балқаш-Қапшағай, Ақтөбе-Атырау-Астрахань Талдықорған-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай, Көкшетау-Петропавлов-Курган, Ұзынағаш-Отар, Мерке-Бурылбайтал, Қостанай-Денисовка, Үшарал-Достық). 

Анықтама: Үкіметтің алдына қойылған тапсырмаға сәйкес 2020 жылдың соңында жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым болатын автожол учаскелерінде жол қозғалысын ашу жоспарланған: 

● Талдықорған-Өскемен (763 км) – 763 км;

● Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (955 км) – 645 км (363 км-Қарағанды-Балқаш, 282 — Балқаш-Күрті); 

● Ақтөбе–Атырау-Астрахань (725 км) – 279 км (60 км Атырау-Астрахань, 219 км Қандыағаш-Мақат);

● Қалбатау-Майқапшағай (415 км) – 415 км;

● Мерке-Бурылбайтал (266 км) – 266 км; 

● Үшарал-Достық (184 км) – 60 км;

● Ұзынағаш-Отар (96 км) – 56 км;

● Көкшетау-Петропавл-Курган (260 км) -67 км (60 км-Петропавл-Курган, Көкшетау қаласына кіреберісте 7 км);

● Қостанай-Денисовка (114 км) — 60 км (Рудный-Денисовка).

1,5 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде 1,1 мың км биыл аяқталады. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі хабарлағандай, бүгінде жол бойы сервисінің 1 815 нысаны жұмыс істеп тұр, оның ішінде 894 (49%) Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. 

Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп ынтымақтастық туралы келісім аясында Ұлттық стандартқа сай келетін жол бойы сервисі нысандарының санын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

«Биыл біз санитарлық-гигиеналық торабы бар 23 жанар-жағар май құю станциясын салуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ 70 санитарлық-гигиеналық торап жеке орнатылады. Осылайша, жол бойы сервисінің 58%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сай келтіріледі», — деді Б. Атамқұлов.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының маңызды міндеті жергілікті жолдар желісінің сапасын арттырып, ел тұрғындарын үйге дейінгі жолмен қамтамасыз ету. Жергілікті жолдар желісінің жалпы ұзындығы 70,9 мың км құрайды. 

Жергілікті жол желісін дамытуды қаржыландыруға министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы паритет тәсілі қолданылады, осы мақсатта жыл сайын нысаналы трансферттер бөлінеді. 

«Биыл жөндеу жұмыстарымен 4 мың шақырым жол қамтылған, 30 мың адам тартылған, жыл соңына дейін жергілікті жол желісінің 75% жақсы және қанағаттанарлық күйге жеткізіледі. Ал 2025 жылға қарай 27 мың шақырым жергілікті автожол желісін жөндеу жоспарланған. Бұл өз кезегінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық күйге жеткізуге мүмкіндік береді», — деді ведомство басшысы.  

Сонымен қатар, өткен жылдың наурыз айында Жол активтерінің сапасы орталығы құрылған. 

Бұл орталықтың негізгі міндеті жолдарды салу және жөндеу кезінде жұмыс және материалдар сапасына сараптама жасау, жолдардың жай-күйіне құралмен диагностика жүргізу, жолдардың орташа жөнделуіне техникалық құжаттаманың ведостволық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ қауіпсіздік аудиті болып отыр. 

Б. Атамқұлов хабарлағандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша Орталық ауқымды жұмыстар жүргізді, республикалық желідегі ғана емес, жергілікті жолдардың да салынуы мен жөнделуі бақылауға алынды. 8 мыңнан аса инспекциялық шақырту жүзеге асты. Сапа орталығының жұмысының нәтижесі биыл жыл соңына қарай адал мердігерлердің, техникалық қадағалау қызметтерінің және облыстар бойынша жол сапасының рейтингін жасауға мүмкіндік береді.  

Биыл 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жолаушылар пойызы жүргізіле бастады

Темір жол көлігінің ел экономикасын дамытуда ерекше рөлі бар. 2019 жылдың қорытындысы бойынша темір жол көлігімен 407 млн тонна жүк тасымалданған (2018 жылы – 397 млн тонна).

Транзиттік тасымалдан түскен табыс 16% өсіп, 277 млрд теңгені құрады (биыл 4 айда 130,6 млн тонна жүк тасымалданды). 

Транзиттік тасымалдан түскен кіріс 16% өсіп, 277 млрд теңгені құрады (а.ж. 130,6 млн тонна жүк тасымалданды). 

Биыл да, COVID-19 індетінің таралуына байланысты әлемдегі жағдайға қарамастан, темір жол саласы тасымалдауда оң көлем көрсетіп отыр.  

Былтыр «Темір жол көлігі туралы» туралы Заңға аса маңызды өзгерістер енгізілді. Заңның негізгі міндеті және мақсаты жолаушылар тасымалын субсидиялауды жеңілдету, жүктердің жасырын транзитінің алдын алу, кіреберіс жолдарды пайдаланушылардың құқықтарын қорғау және жол жүру билеттерін заңсыз сатқаны/қайта сатқаны үшін жауапкершілікті күшейту болып отыр. 

Биыл министрлік темір жолдағы жекеменшік жүк тасымалдаушылардың жұмысы туралы нормалардың енгізілуін ескерумен заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізуде. 

Еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобаларға бойынша көлік дәліздерін жаңғыртуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап біз Достық – Ақтоғай – Мойынты (840 км) учаскесін жаңғырту бойынша стратегиялық жобаны іске асыруға көшеміз, ол учаскенің өткізу қабілетін 2 есе арттырып, жүктердің тасымалдану мерзімін 1,5 есе қысқартады», — деді Б. Атамқұлов.

Учаскені жаңғырту кезінде 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылады (пайдалануға берген соң 120 жұмыс орны), бұл Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының азаматтарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, министрлік қазіргі кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша ұзындығы 73 км болатын Аоматы станциясын айналатын темір жол желісін салу бойынша жобаны пысықтап жатыр. 

Министрдің айтуынша, жолаушылар вагонының паркін жаңарту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары арқылы 2019 жылы 109 жолаушылар вагоны сатып алынды. Биыл тағы 100 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. 

Бұдан басқа, министрлік мүмкіндігі шектеулі жандар үшін темір жолдағы жолаушылар тасымалының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нысаналы жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

«Қазіргі кезде 44 бағытта (58 маңызы бар бағыттан) 98 арнайы вагон-купе жүреді, вагон ішінде жүргізіле алатын мүгедектер арбасы бар, олар пойызға отырғызу және түсу кезінде пайдаланылады. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жол жүруде олар үшін 50% жеңілдік қарастырылған», — деп нақтылады ведомство басшысы.  

Оның айтуынша, жол жүру құжаттарын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету ортақ міндет болып отыр. 

Мәселен, өткен жылы вокзалдарда жеке тұлғалардың билеттерді заңсыз сатып алып қайта сату фактілерінің артуы салдарынан жол жүру билеттерінің жетіспеуіне қатысты проблема туындады. 

«Тұрғындар тарапынан билет кассаларына қатысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсті. Мұндай жағдайды болдырмау үшін 2019 жылы шілде айында біз толық «Мобиус» электронды билет сату жүйесіне көштік. Енді егер билет болмай қалатын жағдай болса, күту парағы бойынша кезек тәртібінде сатып алынады. Күту парағы арқылы 2019 жылы 98 мың билет сатылды. Осылайша билеттердің “көлеңкелі” алыпсатарлығының жолы кесіледі», — деп түсіндірді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Пойыздың жүруіне 7 тәулік қалғанға дейін қайтарылған барлық билеттер, пайдаланылмаған брондалған орындар мен факультатив тіркемелер Күту парағына орналасытырылады.  

Айта кетейік, жолаушылар тасымалы бойынша барлық қызметтер COVID-19 індетінің таралу ықпалына ұшырап, пойыздардың жүруі бүкіл ел аумағы бойынша тоқтатылған еді. 

Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына қарай 1 маусымнан бастап жолаушылар пойызының жүруі кезең-кезеңмен жандана бастады. 

Анықтама: 15-28 мамыр аралығында 293 мың билет сатылды.

Пойыздардың жүруін жандандыруды 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған. 

1-кезең: 2020 жылыдң 1 маусымынан бастап 54 жұп пойыз жолға шығады (5 тальго, 31 стандартты, 18 қала маңы). 

2-кезең: 2020 жылдың 10 маусымынан бастап 39 жұп пойыз жолға шығады (9 тальго, 11 стандартты, 19 қала маңы). 

3-кезең: қалған 15 жұп пойыздың жолға шығу мәселесі мемлекеттік шекараның ашылуына және тұрғындардың сұранысының көбеюіне қарай қарастырылатын болады. 

Автомобиль көлігі саласындағы негізгі міндет - жолаушылар және жүк ағымын ұлғайту, көлік құралдары паркін жаңарту, автожол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту. 

2019 жылы автокөлікпен 3,5 млрд тонна жүк және 23,8 млрд жолаушы тасымалданған. 

Анықтама: биыл 4 айда автокөлікпен 877,4 млн тонна жүк, 5,6 млрд жоралушы тасымалданды, бұл 2019 жылдың осындай кезеңінен сәйкесінше 9% және 24% төмен, бұл әлемде індеттің таралуына және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты болды. 

Министрдің айтуынша, өткен жылы жеңілдікпен несиелендіру аясында республикалық бюджеттен 23,5 млрд теңге бөлініп, 648 отандық өндіріс автобусы сатып алынды. Нәтижесінде еліміздің автобус паркінің тозуы 43% дейін төмендеді. Биыл автобус паркін одан әрі жаңарту жоспарланған. Автокөлік құралдарының жүк паркін жаңарту үшін жағдайлар жасалуда. 

Еліміздегі әлемдік пандемия мен төтенше жағдайға байланысты ахуалға байланысты осы жылдың 30 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарадағы 17 автомобиль өткізу пунктінің қызметі тоқтатылды. Бұл шаралар отандық компаниялар үшін халықаралық жүк тасымалдау географиясын шектеді.

Осыған байланысты автомобиль саласын одан әрі дамыту үшін халықаралық шекараны кеңейтуге және отандық компанияларға жүк ағынын ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ЕАЭО мүшелерімен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.

«Осы жылдың соңына дейін қалалық жолаушылар тасымалын дамыту бойынша шаралар кешенін бекіту, әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялауды қамтамасыз ету, автобус паркін жаңарту бойынша шараларды қабылдап, өңдеу жиынынан босату және ершікті тартқыштарды алғашқы тіркеу үшін жинау мәселелерін шешу қажет», — деді Б. Атамқұлов.

Осы жылдың 4 айында теңіз порттарында 2 млн-нан астам тонна жүк өңделді

«Өткен жылы Ақтау мен Құрық теңіз порттары арқылы шамамен 6 млн тонна жүк тасымалданды – бұл 2 млн тонна мұнай, 1,4 млн тонна паромдық жүк, 1,5 млн-нан астам тонна астық. Сондай-ақ теңіз кемелеріндегі жүк көлемі де артты, бұл өткен жылдың қорытындысы бойынша 4,2 млн тоннаны құрап, 2018 жылдың көрсеткішінен 40%-ға артық болды», — деді Б. Атамқұлов.

Пандемияға байланысты экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеуіне қарамастан, Каспий бағытында жүктерді тасымалдау көлемі осы жылдың соңына дейін 2019 жылдағы деңгейде жоспарланып отыр.

Жүк ағынын ұлғайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерінің порттарымен жаңа теңіз желілерін ашу, Каспийден Қара теңіз порттарына дейін жүк тасымалдарын ұлғайту, Ақтау порты базасында көлік торабын («контейнерлік хаб») құру жөніндегі жобалар пысықталуда.

Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақ аясында қол қойылған Кеме қатынасы туралы келісімді қабылдау, сондай-ақ Ертіс өзені бойынша Ресеймен және Қытаймен екіжақты қатынасты дамыту қосымша серпін береді.

 

Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 45 есеге артты

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 8,6 млн-нан астам жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылдың сәйкес көрсеткішінен 9%-ға артық. Ел әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 17,7 млн адамды құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 12%-ға көп.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша транзиттік жолаушылар ағыны 1 млн жолаушыға дейін өсті.

Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту аясында өткен жылы Қостанай және Балқаш қалалары әуежайларының ұшу-қону жолағы реконструкцияланды. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 мамырда «Fly Arystan» бірінші отандық төмен бюджетті тасымалдаушы іске қосылды.

2019 жылғы қарашадан бастап Қазақстанның 11 әуежайына «ашық аспан» режимі енгізілді. Оның аясында 14 жаңа халықаралық әуе бағытын ашу көзделген.

Соңғы 3 жылда қазақстандық және шетелдік авиа тасымалдаушылар 19 жаңа бағытты ашты, оның ішінде Токиода, Варшава, Будапешт, Хельсинки және т. б. бар.

Анықтама: ҚР аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу және дер кезінде әрекет ету мақсатында Мемлекеттік және Ведомствоаралық комиссиялар мына шешімдерді қабылдады:

● кезең-кезеңмен, биылғы 3 ақпаннан бастап халықаралық бағыттар бойынша аптасына 440 рейс (442-ден 2 жиілікке дейін) 97 бағыт бойынша немесе барлық халықаралық ұшу сапарларының 99% (Орал – Франкфурт және Атырау – Амстердамнан басқа) уақытша тоқтату;

● осы жылдың 22 наурызынан бастап аптасына 540 рейс (күніне 77) орындалған 45 ішкі маршрутты кезең-кезеңмен тоқтата тұру, 1 сәуірден 1 мамырға дейін толық тоқтату.

Б. Атамқұлов атап өткендей, коронавирус пандемиясы кезінде азаматтық авиация саласы экономиканың аса зардап шеккен секторларының бірі болды, сондықтан Үкімет отандық әуе компаниялары мен әуежайлардың шығындары мен банкроттығын қысқарту мақсатында салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шараларының топтамасын қабылдады.

«Биылғы 4 айда тасымалданған жолаушылар саны 1,7 млн жолаушыны құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 23%-ға төмен, қызмет көрсетілген жолаушылар саны 3,3 млн жолаушыны құрады, ал транзиттік авиажолаушылар саны 120 мың адамды құрады», — деп хабарлады министр.

Коронавирус пандемиясының таралуына байланысты жағдай жақсарғаннан кейін Министрлік жаңа халықаралық әуе бағыттарын жаңғырту және ашу бойынша жұмыс жүргізетін болады.

«Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту бойынша биыл Түркістан қаласындағы жаңа халықаралық әуежайды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары басталды», — деді Б. Атамқұлов.

Сондай-ақ Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының құрылысы және Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылады. Ішкі туризмді дамыту аясында қаржы бөлінген жағдайда Үржар және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың екі ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жұмыстары қолға алынады.

 

Осы жылдың басынан бері шамамен 25 мың тұрғын үй тапсырылды

Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында Министрлік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырып жатыр.

«Өткен 3 жылда бағдарлама аясында 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 330 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Бір тұрғынға тұрғын үйді салу көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және дамыған елдер деңгейіне таяу. Өткен жылы 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. 116 мың отбасы өздерінің баспана жағдайын жақсартты», — деді министр.

Әлеуметтік әлсіз жағдайдағы 11 мың отбасы және мегаполис қалаларда жұмыс істейтін 3 мың жұмыс істейтін жастар әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 10 мыңға жуық отбасы қолжетімді бағамен әлеуметтік несиелік тұрғын үй сатып алды. Бес мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары бойынша баспана алды. Бұл — көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар.

Биыл қабылданған бағыттарды іске асыру жалғасуда. 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу (150 мың тұрғын үй) және 39 мыңнан астам отбасыны мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланған.

«Жыл басынан бері ауданы 3,1 млн шаршы метр болатын тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді,бұл шамамен 25 мың тұрғын үй. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін "Шаңырақ" пилоттық жобасын іске қосамыз. Ол үшін 390 млрд теңге бөлінеді, оның 180 млрд теңгесі өңірлердегі 15 мың әлеуметтік несиелік тұрғын үй құрылысына бөлінеді. 210 млрд теңге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы "5-10-20" шарты бойынша кезекте тұрғандарға бастапқы тұрғын үйді сатып алуға жұмсалады», — деді ведомство басшысы.

«5-10-20» бағдарламасы әкімдіктерде кезекте тұрғандарға және табысы әрбір отбасы мүшесіне 3-ке жуық күнкөріс минимумын, яғни шамамен 10 мың теңгені құрайтын азаматтарға арналған. Несиелеудің шекті сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында – 18 млн теңгеден аспайды. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қарағанды облысында – 15 млн теңгеден аспайды, өзге аймақтарда – 12 млн теңгеден аспайды.

Сонымен қатар құрылыс кешенін қолдау үшін отандық құрылыс индустриясын дамыту шаралары қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй және өндірістік ғимараттар, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым құрылысы кезінде негізгі материалдардың құрылыс өнімдеріне нарықтың қажеттілігі 934 млрд теңгені құрайды.

«Отандық кәсіпорындар 586 млрд теңгеге құрылыс материалдарын өндіреді, ал 348 млрд теңгеге импортталады. Импортты алмастыру үшін 33 жаңа жоба құрылуда, оның ішінде 27 жоба 2020 жылы іске қосылады. Соның нәтижесінде біз импорт үлесін 25%-ға төмендетіп, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық үлесті 90%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», — деді Б. Атамқұлов.

 

Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 300-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр

Халық үшін ең басты нәрселердің бірі — сапалы коммуналдық қызметтерді алу және қолайлы жағдайда өмір сүру. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қалалар мен ауылдарда 111 млрд теңге сомасына 315 жоба іске асырылып жатыр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және қолда бар тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 19,2 млрд теңгеге жобалар іске асырылып жатыр.

Қалыптасқан ахуал жағдайында өзекті міндет — карантин енгізілген елді мекендердің азаматтарына коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу мәселесі.

Осылайша, оны алушылардың санаттары анықталды, олардың өтініштері бойынша бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін ай сайын сәуір мен мамыр айларына 15 мың теңгеден төлем жүргізілуде.

«Жалпы қабылданған шаралар тұрғындарды орталық сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда 87,7%-ға дейін және қалаларда 97,5%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ коммуналдық желілердің тозуын 55%-ға дейін және жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесін 22,2%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, осы жылдың 11 мамырында Президент тұрғын үй саясатын реформалау бойынша жаңа идеологияны енгізу туралы айтты. Жаңа тұрғын үй саясатының негізгі қағидаты – халықтың табысы мен жинақтарының болуы.

Ол үшін мыналар ұсынылады:

● әкімдіктердегі қазіргі тұрғын үй кезегіне реформа жүргізіп, тұрғын үйге мұқтаж жандардың нақты критерийлерін әзірлеу қажет, яғни, есепке алу функциясын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бере отырып, барлық азаматтардың тұрғын үй алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

● Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ребрендингін жүргізу және оның базасында «Бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құра отырып, «Отбасы банкі» деп атауын өзгерту.

«Ұсынылып отырған реформа тең әрі түсінікті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, яғни әрбір жұмыс істейтін азамат тұрғын үй ала алады. Жетекшілік ететін салаларды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында біз 2019 жылы Жобалық басқару департаментін құрдық, оның негізгі міндеті барлық мемлекеттік жобаларды, бағдарламалар мен стартегиялық бастамаларды қамтитын жобалық басқару тетіктері мен құралдарын енгізу болды», — деді Б. Атамқұлов.

Сөз тек ИИДМБ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары туралы ғана емес, министрлік іске асырып жатқан барлық жобалар мен бастамалар бірыңғай жүйеге біріктілірген, бұл жүйе реттелген есеп жүргізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қызметкерлер мен контрагенттерге түсетін жүктемені азайтады. 

Министр сонымен қатар тұрғындардың саланың түріл бағыттарының дамуына қатысты сауалдарына жауап берді. Мәселен, лифтілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты Б. Атамқұлов енді әкімдіктердің мамандарына әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша мемлекеттік инспектор статусы берілгенін хабарлады. 

Лифті мамандары қауымдастығымен бірлесіп өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс өндірісіне құқылы болуға аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары әзірленіп, келісілді. 

«Тұрғын үйлердегі лифтілерді жаңарту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінде министрлік жалпы сомасы 8,6 млрд теңгеге 232 жобаны мақұлдады. Бұл шаралардың барлығын іске асыру лифтілердің азаматтар үшін сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді министр. 

Ұшақ билеттерінің ақшасын қайтару туралы сұраққа Б. Атамқұлов әуе компанияларына әуе билеттерін төтенше жағдай режимі кезеңі үшін айыппұлсыз және толық көлемде қайтаруды рәсімдеу тапсырылғанын айтты.   

«Қазір белгілі бір уақыт қажет, әуе компаниялары міндетті түрле барлық билеттерді кезек бойынша қайтарады. Сонымен өатар әуе билеттерін сататын көптеген делдалдар бар, оның ішінде билеттер сатылатын aviata.kz, tickets.kz агрегаторлары, турагенттіктері т.б. бар. Бұл компаниялардың біздің министрлікке бағынбайтынын айтқым келеді, олар жеке кәсіпкерлік субъектілері болып саналады. Сонымен бірге, мұндай агрегаторлардың шетелдерде тіркелген жағдайлары болды. Сондықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған делдалдарға қатысты азаматтық-құқықтық мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгіну қажет», — деп түсіндірді ол.

Көмірдің жеткіліксіздігі туралы сұраққа жауап берген министр биыл жылу маусымы ойдағыдай аяқталғанын жеткізді. Өткен жылу маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындар көмірмен толық қамтамасыз етілді, 11 млн тоннаға жуық көмір тиелді, оның ішінде тұрғындар үшін 8 млн тоннаға жуық көмір тиелген. 

2020-2021 жылдары келесі жылу маусымын өткізу үшін министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірлер бөлінісінде айлық қажеттілігі бойынша бөлумен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі мен тұрғындар үшін көмірге қажеттілік жоспарын жасап жатыр. 

Халықаралық әуе рейстерінің қашан ұшырыла бастайтыны туралы сұраққа қатысты, бірқатар министрліктерге келесі бағыттар бойынша халықаралық әуе қатынасын қайта жандандыруды пысықтауға қатысты ұйымдастыру шараларын өткізу жұмыстарын бастау тапсырылды: 

  • I кезеңде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал деңгейін жіктеуге сәйкес ҚХР, Оңтүстік Корея, Әзербайжанға; 
  • II кезеңде эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейі анықталып, оған келесі елдер кірді: Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд, Чехия.

«Қазір аталған мемлекеттердің авиация билігімен әуе рейстерін қалпына келтіру мүмкіндігі бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ біздің азаматтар мен шетел азаматтарының мемлекеттік шекаралар арқылы өтуін келісу мәселесі пысықталуда, себебі бірқатар елдерде кіруге және шығуға тыйым салынған. ҚР бас санитарлық дәрігері осы елдердегі жағдайға мониторинг жүргізуде және эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда тиісті шараларды қолданатын болады. Рейстердің бірден жанданбайтынын айта кеткім келеді, ол барлық инстанциялардың келісуі бойынша, эпидемиологиялық ахуалға байланысты қалпына келтірілетін болады», — деп түсіндірді Б. Атамқұлов.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу