Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жасанды зерде және цифрлық фабрикалар: Индустрия 4.0 элементтері қазақстандық кәсіпорындарда қалай енгізіліп жатыр

Сәрсенбі, 16 Қазан 2019, 17:25:34

Өнеркәсіпті цифрландыру міндетін алғаш рет ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойды. Сол кезде цифрлық технологиялардың қолданылуымен құрылатын жаңа индустрияларды тарату қажет болды. 2018 жылғы үндеуінде Елбасы үшінші индустрияландырудың бесжылдығын «инновациялық» етуді тапсырды. Бұл жердегі негізгі фактор — Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуы тиіс еді. Бұл — автоматтандыру, роботтандыру, жасанды зерде, «үлкен деректермен» алмасу және т. б. Үкіметке бизнеспен бірлесіп 2025 жылға дейінгі базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды. 2019 жылы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төртінші өнеркәсіптік революцияның жұмыскерлердің білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарды күшейтетінін атап өтті. Сондықтан 2025 жылға дейін негізгі салалар бойынша Индустрия 4.0 дамыту үшін қажетті 10 мың маманды оқыту жоспарын әзірлеу тапсырылды. Әрбір облыс әкімінің 2025 жылға дейінгі өңірде жұмыс орындарын құру Картасы болуы тиіс. 

Биылғы 15 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен экономикалық мәселелері жөніндегі кеңесте индустрияландыру бағдарламасын іске асыру өнеркәсіптік өндіріс пен өңдеу секторының құлдырауын тежеуге, жаңа өнім түрлерінің шығарылуын жолға қоюға мүмкіндік бергені атап өтілді. Алайда, Қ. Тоқаев атап өткендей, экономикада түбегейлі өзгерістер орын алған жоқ. Жергілікті және шетелдік сарапшылар қауымының назары индустрияландыруға аударылған, индустрияландыру идеясының өзінің алалануына жол беруге болмайды. Мемлекет басшысы кемінде өңірлік ауқымда бәсекеге қабілетті бола алатын 3-5 технологиялық дамыған салаларды қалыптастыру қажеттігін айтты. 

Негізгі назар еңбек өнімділігін кемінде 1,7 есеге арттыру мен өңделген өнімнің қазақстандық экспортын едәуір көбейтуге бағытталуы тиіс. Үкіметтің алдында шикізаттық емес экспорт өсімін 2022 жылға қарай 1,5 есеге және 2025 жылға қарай 2 есеге өсіруге қол жеткізу міндеті тұр. 

 

«Индустрия 4.0» дегеніміз не?

Бүгін біз барлық дерлік салаларды цифрлық технологиялардың белсенді енгізілуінің куәгері болып отырмыз. Технологиялық жаңғыртудың маңыздылығын сезіне отырып, Қазақстан өнеркәсіпті цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі технологиялық даму тұрғысыннан қай деңгейде екенімізді түсіну үшін Индустрия 4.0 бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазіргі жай-күйін бағалады. Талдау нәтижелері көрсеткендей, еліміздегі кәсіпорындардың басым бөлігінің Индустрия 4.0-ге толық көшу үшін технологиялық және ұйымдастырушылық базасының жеткізіліксіздігі анықталды. 

«Индустрия 4.0» дегеніміз не? Бұл термин әдетте төртінші өнеркәсіптік революциянің синонимі ретінде пайдаланылады, яғни, өндіріске киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізу және тұрмыс, еңбек пен бос уақытын қоса алғанда, адамның қажеттіліктеріне қызмет ету, сондай-ақ өндірістегі барлық процестерді толық ауқымды автоматтандыру ретінде түсініледі. «Индустрия 4.0» аясында енгізілетін негізгі технологиялар — үлкен деректер, заттар интернеті, виртуалды және толықтырылған шынайылық, 3D-баспа, кванттық есептеулер, блокчейн, роботтандыру. 

 

Бүгінде не іске асырылуда?

Күрт өрлеу туралы айтуға болмайды, өйткені өзгерістер процесі уақытты талап етеді. Дегенмен, өз өндірістерінде Индустрия 4.0 элементтерін енгізуде белсенділік танытып жатқан салалар бар. 

Мысалы, тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласындағы 13 ірі кәсіпорын жалпы инвестициялар сомасы 315,4 млрд теңге болатын 58 ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі сәтте 88,7 млрд теңге сомасына 20 жоба іске асырылған. ТКӨК — цифрлық трансформация көшбасшысы деуге болады. 

Сонымен қатар Министрлік цифрлық технологияларды және цифрландырудың тиімділігін көрсету, Индустрия 4.0 танымалдылығын арттыру, мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу мақсатында 7 модельдік цифрлық фабриканы («АК Алтыналмас» АҚ, «Евразиан Фудс» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Карлскрона» ЖШС, «Балтекстиль» ЖШС, «Алматы желдеткіштер зауыты» ЖШС) құру бойынша жобаны іске асыруда. Компаниялар бүгінгі таңда 7,5 млрд теңге сомасына 14 жобаны іске асырды және жабдықтардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ресурстар шығындарын төмендету т.б. есебінен үнемдеу түрінде пайда алуда. Жалпы, өңірлер бойынша 2022 жылға дейін 90 кәсіпорында цифрлық жобаларды енгізу жоспарланған (200-ге жуық цифрландыру жобалары), оның ішінде 35 кәсіпорында жобалар жүзеге асырылған. 

 

Индустрия 4.0 пайдасы қандай?

Индустрия 4.0 отандық кәсіпорындарға өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру есебінен өзінің табысын арттыруға ғана емес, жаңа технологиялық даму деңгейіне шығып, жаңа нарықтарды табуға, қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіруге мүмкіндік береді. 

«Біз Индустрия 4.0 енгізу нәтижелері қосымша мүмкіндіктер тудырады деп күтеміз, соның арқасында біз шағын ішкі нарық, теңізге шығу жолы болмаған жағдайда тым қашықтық, білікті жұмыс күшінің тапшылығы т.б. тәрізді объективті жағымсыз факторлардың ықпалын төмендете аламыз», — делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Қазір цифрландыру жоспарларында алдыңғы кезекте жоғарғы қосылған құны бар экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды назарға алу тұр (тау кен металлургия кешені, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика). Бұл орынды да, себебі өндірістің тиімділігі оның өнімдерінің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. 

Сонымен қатар, осы салалардағы кәсіпорындар цифрландыру жобаларын іске асыру үшін қажетті ресурстардың жеткілікті көлеміне ие. 

Өндірістегі барлық процестерді кіріктіруге келсек, бұл ретте өндірісті толық кіріктіру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет екенін айта кеткен жөн. Олар – барлық деректер қорын цифрландыру, датчиктер мен сенсорларды жабдықтарға қосу, жалпы байланыс желісін жүргізу және қажетті бағдарламалық қамту жұмысын баптау. 

Жаһандық өндіріс тізбегіне қосылу процесі туралы айтқанда, оңтүстіккореялық «POSCO» компаниясымен бірге «ПОСУК Титаниум» («POSUK Titanium») ЖШС кәсіпорнын құрған «Өскеменй титан-магний комбинаты» АҚ атап өте аламыз. Бұл кәсіпорында қазір өндірістің барлық кезеңдерін автоматтандыру және бақылау бойныша жоба іске асырылып жатыр, бұл ірі кеме жасаушы компаниялардың оларды соңынан өткізу үшін шығарылатын өнімге расталған өндіріс паспорты бар электронды сертификатты беруге мүмкіндік тудырады. 

Қазір заманауи ақпараттық технологияларды қолданусыз тиімді өндірісті елестету қиын. «Ақылды» өнімдерді енгізу экономиканың басымдықты секторларын, атап айтқанда, Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін аса маңызды. 

Мысалы, бүгінде тау кен металлургия секторында келесі іске асырылып жатқан жобаларды атап өтуге болады: 

Қазақстандағы белгілі алтын құймаларды өндіруші, модельді цифрлық фабрикалардың арасындағы көшбасшылардың бірі «АК Алтыналмас» АҚ Ақтоғай бөлімшесінде алтын шығару фабрикасында IntelliSense интеллектуалды жобасы технологиясын енгізу технологиялық процестерді предиктивті талдау және үлкен деректерді басқару үшін нейронды желілердің күрделі моделін құруға мүмкіндік береді. 

Ақтоғай алтын шығару фабрикасы – Қазақстандағы алғашқы модельді өндіріс, онда жасанды интеллект технологиясын пайдалану ішкі қаптамалардың тозуы мен шарларының жүктемелену деңгейін болжауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, диірмен кешенінің артық жүктемеленуінің алдын алады, бұл процестің ашықтығын арттырып, диірменнің жұмыссыз тоқтап қалуын азайтады. 

Сонымен қоса, тау-кен өндлірісі өнеркәсібінің жүйе құрушы кәсіпорындарын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру аясында «Қазмырыш» ЖШС, «ERG» және «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ компаниялары Pitram, ERP, мобильді персоналды басқару, баланстарды есептеу жүйелерін, сондай-ақ Қашар карьерінде «Ақылды карьер» жобасын енгізді. Жобаларда озық технологиялар қолданылды: ERP датчиктер, борттық компьютерлер, спутниктік позициялау, бұл ретте, барлығы нақты уақыт режимінде іске қосылды.

Pitram өндірісті оперативті басқару міндетін шешуде. Тиеу-жеткізу машиналарының кабиналарында борт компьютерлері орнатылған, онда машинистер нақты уақыт режимінде кендерді тиеу, тасымалдау және түсіру туралы деректерді енгізеді. Жүйе автоматты түрде машинистің бір ауысымдағы өнімділігін есептеп, Wi-Fi арқылы ақпаратты серверге жеткізеді, одан соң өңдейді. Өз кезегінде персоналды сәйкестендіру жүйесі нақты уақытта қызметкерлер мен жабдықтадық қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Датчиктер шахтер қолшамдарына орнатылады. 

 

Қашардағы «Ақылды карьер – ақылды фабрика» 

«ERG» компаниясының хабарлауынша, жоба Қашар карьерінің алаңында концентраттың толық интеграцияланған өндірістік циклын қамтиды. Барлық кезеңдер автоматтандырылады: бұрғылау және қопару жұмыстары, конвейерде карьерден фабрикаға тікелей жеткізу, жоғары сапалы темір кені концентратымен байыту процесі.

Жоба 2017 жылы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКБӨБ) Қашар алаңында іске қосылды. «Ақылды карер» жобасы тиімділік көрсеткіштерінің толық айқындығы мен бақылануын қамтамасыз етеді, бұл кәсіпорын өнімдерінің жалпы экономикалық тиімділігін арттырады. Жаңалық Индустрия 4.0-дің бірнеше элементтерін енгізумен толықтай интеграцияланған темір кені өндірісі циклін қамтиды.

Жоба элементтерінің бірі ГАЖ және ERP жүйесімен біріктірілген Модуляр автоматтандырылған жүйесін енгізумен байланысты. Оған өндірістік процестерді модельдеу жатады. Карьердегі жағдайға жедел мониторинг жүргізу, қажетті түзетулерді енгізу және тау-кен көлігі жабдықтарын оңтайлы бөлуді оператор емес, компьютерлер жүзеге асырады. Адамдар тек «ақылды карьердің» үздіксіз жұмыс істеуін бақылайды.

Соның нәтижесінде компания 100% оперативті есеп пен инвестициялық шешімдер қабылдауды қолдау үшін жабдықты пайдалану туралы сенімді әрі толық ақпаратты алады. Мұның барлығы ақауларды азайтуға, техниканың жоспарланбаған тоқтау уақытын жояды, оның қозғалысы мен тарату жылдамдығын арттырады, шығындарды оңтайландырады және ең бастысы жабдықтың өнімділігін 10%-дан астам арттырады.

 

«Химфарм» АҚ

Кәсіпорын негізгі және қосалқы өндіріс процестерін цифрландыру бойынша алты жобаны, сондай-ақ үлкен деректерді басқару, сараптау және адам ресурстарын басқару саласындағы жобаларды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 500 млн теңгеден асады.

Компанияның берген мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда мынадай жобалар аяқталған:

Eunomia Power Bi (графикалар және диаграммалар түрінде кәсіпорынның қазіргі жағдайына қатысты негізгі көрсеткіштерді визуализациялау. «Осылай жасаса, не болады» қағидаты бойынша сараптама жасау қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорынның іс-әрекет болжамдары мен модельдерін құруға мүмкіндік береді);

«Work Day» (жиынтықты HR) – Қызметкерлерді басқару;

SAP ТОРО — Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша регламенттік жұмыстарды жоспарлау мен есепке алуды автоматтандыру; адами және материалдық ресурстарды жоспарлау. Енгізілген шешім өндірісті жоспарлау процестеріне тікелей әсер етеді;

Цифрлық инженерлік оқыту орталығы (мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығы) — «Химфарм» АҚ зауыты жанында орналасқан аталған орталықтағы оқыту автоматтандыру техникасы саласының көптеген бөлігін қамтиды, қандай да бір технологияның қазіргі жағдайын ескереді.

Техникалық тестілеу және аяқтау сатысындағы жобалар:

Топтамалау және агрегация (дәрі-дәрмектерді таңбалау және қадағалау) – 1 кезең. Дәрі-дәрмектердің ел аумағында өндірілген немесе елімізге импортталған кезеңінен бастап, тұтынушылардың дәріханалар арқылы сатып алған кезеңіне дейін немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жеткенге дейін олардың қозғалысын қадағалау тетігіне қатысу арқылы ҚР халқының сапалы әрі қауіпсіз медициналық өніммен қамтамасыз етілуіне мониторинг жасау және бақылау жұмыстарын автоматтандыру. 

Power Map of QA – кәсіпорындағы сапаны қамтамасыз ету саласындағы шешім. Шешім графиктер мен диаграммалар түрінде кәсіпорынның ағымдағы жағдайы бойынша негізгі көрсеткіштерді визуализациялауға мүмкіндік береді. 

 

«Қостанай минералдары» АҚ

Кәсіпорын Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуді толықтай қолдайды. 

Өткен жылдың өзінде өндірісті автоматтандыру және цифрландыру еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін 10%-ға, ал орташа айлық жалақы көрсеткіштерін 15%-ға жақсартуға жол ашты. 3-6 топтағы хризотил өндірісі өсіп, сағатына 54,8 тоннаны құрады, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 12%-ға көп.

Бекітілген цифрлық стратегия аясында Индустрия 4.0 негізгі элементтері анықталды және бүгінде жобаларды сәтті енгізу жұмыстары жалғасуда.

Кәсіпорындарды дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі - бизнесті цифрлық трансформациялауды қабылдау. Ұзақмерзімді цифрлық стратегияның негізгі басымдықтары ретінде цифрлық мега-жобаларды құру және дамыту анықталды, олар:

  • Цифрлық фабрика

  • Цифрлық кеніш

  • Цифрлық сервис

  • Цифрлық офис

2012 жылдан бастап «Цифрлық фабрика» жобасы іске асырыла бастады. Қазіргі таңда Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2012 жылы ескі үгіткіштер цифрлық басқару функциясы бар заманауи ортадан тепкіш үгіткіштерге ауыстырылды.

Бүгінгі таңда бір каскадқа көшумен байытудың технологиялық схемасы жаңғыртылған. Фабриканың энергия тиімділігі айтарлықтай жақсарды.

2013 жылдан бастап «Цифрлық кеніш» жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр.

«Қостанай минералдары» компаниясының берген мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда тау-кен-көлік кешенін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі жобасы енгізіліп жатыр, бұл операциялық іркілістерді қысқартуға, өнімділікті арттыруға, отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды бақылауға, автомобиль және темір жол көлігі тасымалдарының логистикалық схемасын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Экономикалық тиімділігі – жылына 51 млн теңге.

Сонымен қатар, тау-кен жұмыстарын цифрлық жоспарлау енгізілді, модельдердің бірнеше нұсқалығы және жоспарлау жылдамдығы алынды, тау-кен жұмыстарын сапасыз жоспарлау және адам факторының әсері шектелді (Экономикалық тиімділігі – жылына 30 млн теңге).

«Цифрлық сервис» және «цифрлық офис» саласында да белсенді жұмыс жүргізілуде. Бірқатар пилоттық жобалар іске асырылуда: болжамды техникалық қызмет көрсету, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламалық өнім, зерттеу жүргізу үшін пилотсыз құрылғыларды қолдану, ауысым алдындағы медициналық тексерістердің электронды жүйесі, 3D модельдерін қалыптастыру, автотүсіргілер жүргізушілерінің қозғалыс қауіпсіздігін бақылау жүйесі, жұмыс уақыты мен қызметкерлердің жүрген жерлерін бақылау жүйесі, қазандықты басқаруды автоматтандыру және т. б.

Биыл ірі жобаларды енгізу жоспарланған: техникалық тексерістерді және жабдықтарды жөндеуді цифрлық есепке алу, бұл техникалық жағдайды визуализациялауға және іркілістерді қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жарылғыштық картограммасы жасалуда, карьерт борттарының тұрақтылығын есептеуге және геологиялық-маркшейдерлік жұмыстарды қамтамасыз ету үшін жабдықтар енгізілуде. 

Негізгі перспективалық бағыттардың қатарында процестер мен операцияларды бақылау (процестерді визуализациялау), процестерді басқаруды автоматтандыру (бақылау жүйесі), өлшеу құралдарын деректерді жинау және қашықтықтан беру құрылғыларымен ауыстыру (жылу, су, электр энергиясы), техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының автоматтандырылған жүйесін енгізу, кен орнының геомеханикалық моделін құру, кәсіпорын инфрақұрылымының 3D-модельдерін қалыптастыру, ауысым алдындағы медициналық тексерулердің электрондық жүйесі және басқа да көптеген қызықты нәрселер бар.

Сондай-ақ, R&D (зерттеулер мен әзірлемелер) саласында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үшін компанияның ішінде геологиялық барлаудан бастап, өнімді сатуға дейін іздестіру жұмыстарымен айналысатын топ құрылған.

 

Бүгінде еңбек өнімділігінің артқаны туралы айтуға бола ма?

Иә, біз кәсіпорынның еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш саналатын еңбек өнімділігінің артқаны туралы айта аламыз. Автоматтандырылған жобалар кешенін қолдану өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз, бірақ оның бақылауымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түсінікті, бұл уақыт аралығында өнімнің көп көлемін шығаруға мүмкіндік береді. 

Өндірістік процетерді автоматтандыру өнім шығаруды арттыруға, өзіндік құнын төмендетуге және сапасын жақсартуға әкеледі, қызмет ететін персонал санын азайтады, машинадардың сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын ұлғайтады, материалдарды үнемдейді, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жақсартады. 

 

Индустрия 4.0 тағы қандай артықшылықтар береді?

Индустрия 4.0 технологияларын пайдалану өндірістік жарақаттану деңгейін және өндірістің аса зиянды әрі қауіпті секторларында кәсіби ауруларды азайтудың пәрменді әдісі. Мысалы, тау кен өндірісі жұмыскерлерін позициялау жүйесін қолдану диспетчерге және нысанның командалық пунктіне нақты уақыт режимінде ақпаратты жеткізумен барлық тау кендерінде адамның тұрған жерін табуды қамтамасыз етеді, бұл апатты жағдайларда шұғыл іс-әрекеттерге көшуге мүмкіндік береді. 

Мұндай жүйені қолдану үлгісі – түсті металл кендерін өндіретін және өңдейтін қазақстандық тау-кен өндірісі компания-холдингі «Қазмырыш» ЖШС. Малеев кен орнында қысқа уақыт ішінде Pitram мобильді персоналды басқару жйүесін енгізу тиімділігі шахтадағы техникалық жабдықтар мен жұмыскерлердің тұрған жерін бақылап, персоналдың қауіпсіздігін арттырып, жарақаттануды болдырмауға мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар, аса қауіпті учаскелерде, мысалы, қорыту немесе құю цехында өнеркәсіптік роботты қолдану өндірістік жарақттану оқиғаларын біршама азайтады. 

Еңбек қауіпсіздігін арттыру өлшеміне келсек, мұнда өндірістік жарақаттану жиілігі коэффициент қолданылады – бұл еңбекті қорғауды жетілдіру мақсатында өндірістік жарақаттануды талдаудың статистикалық әдісінде қолданылатын көрсеткіш. Сонымен қатар белгілі бір формуламен есептелетін жарақаттанудың ауырлығы коэффициенті қолданылады, жұмыскердің еңбек міндеттемелері мен басшының тапсырмаларын орындау кезінде алған зақымдануларының саны мен дәрежесі ескеріледі. 

Бұл көрсеткіштерге кәсіпорындардың өздері мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мониторинг жүргізеді. 

 

Қазақстандық кәсіпорындар Индустрия 4.0 енгізуге әзір ме?

Кәсіпорындардың Индустрия 4.0 енгізуге әзірлігін бағалау жүргізілетін келесі категориялар қарастырылады: 

  • технологиялар (ҒЗТКЖ, дизайндар әзірлеуді, өндірісті, сатып алулар жүйесін, сондай-ақ ішкі және сыртқы логистиканы қамтитын);

  • басқару және стратегия (АТ менеджменті, кәсіпорындар стратегиясы және өнім циклін басқару );

  • өндірісті ұйымдастыру (өнімнің өндірістік процестерде қадағалануы, сапасын бақылау, сондай-ақ шикізат қорларын, материалдарды, дайын өнім мен жеткізуді басқару );

  • персонал мен коммуникациялар (өндірістік міндеттерді бөлуді, дағдылдар мен құзыреттерді, сондай-ақ оқыту шараларын басқару ).

Бұл талдау шағын және орта бизнес субъектілерінің ағымдағы жағдайда бағалауына, өндіріс секторларын Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге әзірлігін саралауға, өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Индустрия 4.0 дегеніміз цифрлық технологиялар ғана емес, адамдар мен инновациялық мәденетті де қамтитынын түсіну маңызды. Тек кешенді трансформация ғана өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды оңтайландыру, табыстылығын көбейту, еңбек жағдайларын жақсарту, өнеркәсіптік қауіпсіздік түріндегі барыншы тиімділікті бере алады. 

Индустрия 4.0-ге көшу кәсіпорындарға жаңа технологиялық даму деңгейіне шығып, жаңа нарықтарды табуға. қосылған құнның жаһандық тізебіген кірігуге мүмкіндіктер тудырады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.