Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елбасының төрағалығымен Үкіметтің, «Nur Оtаn» партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңес өтті

Жұма, 18 Қазан 2019, 15:43:42

Кеңесте «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары» бағдарламасы қаралды.

Отырыс барысында Премьер-министр А.Маминнің, Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулиннің, Премьер-министрдің бірінші орынбасары және Қаржы министрі А.Смайыловтың, Премьер-Министрдің орынбасарлары Б.Сапарбаевтың және Р. Склярдың баяндамалары тыңдалды.

Ұсынылған ақпаратты тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы  партияның айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда партиямыздың алдында қоғамды жұмылдыру, партия атынан сайланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан Үкімет пен Фракция жүйелі жұмыс жүргізіп, ел-жүрттың нақты мәселелерін бірлесе шешуі керек», – деді партия төрағасы.

Елбасы сайлауалды бағдарламаның және Ұлт жоспарының орындалу нәтижелеріне тоқтала келе, партияның қалған міндеттемелерін орындауға қатысты ықтимал қатерлерді атап көрсетті.

«Біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Үш жарым жылдың ішінде 430 мыңнан астам жұмыс орны пайда болып, 2,7 мың шақырым жол салынды. Еуразия құрлықаралық дәлізі іске қосылды. Елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 28 пайызға жетті. Бір жыл ішінде біз «Doing Business» рейтингісінде 8 позицияға ілгерілеп, 28-ші орынға көтерілдік», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен партияның сайлауалды бағдарламасы Үкіметтің бес жылдық қызметінің негізін құрауы керек екенін атап өтті. Ал партияның Мәжілістегі фракциясының мүшелері ықтимал қатерлердің дер кезінде алдын алып, бағдарламаның орындалуын үнемі қадағалап отыруы қажет.

«Біздің міндетіміз – ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау. Мәжіліс сайлауына партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын дайындау жұмыстарын бүгіннен бастау керек. Стратегиялық бағытты негізге алып, әртүрлі әлеуметтік топтардың нақты мүдделерін көздеп, ел-жұрттың нақты сұраныстарын өтеген жөн», –  деді партия төрағасы.

Сонымен бірге, Елбасы өңірлерді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына тоқталды.

«Қазір бұл стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отыр. Олардың орындалуын қадағалап отырған тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды. Жоспарланған жұмыстарға үнемі түзетулер енгізіліп келеді. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі «Nur Оtаn» партиясымен және оның фракциямен бірлесіп, аталған бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау ұйымдастыруы керек. 2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

Елбасы сонымен бірге «Nur Оtаn» партиясының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардағы фракциясының жұмысына тоқталып, «Nur Оtаn» партиясының рейтингі барлық деңгейдегі депутаттардың жұмыстарының нәтижесінде қалыптасатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың өңірлерге жұмыс сапарларының форматын қайта қарауды және партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде бірінші басшылар мен азаматтардың кездесуін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

«Талдау нәтижесі біздің партияның депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті пайдаланбайтындығын көрсетті. Сонымен қатар, «Nur Оtаn» фракциясы қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша бастама көтере бермейді. Соңғы бірнеше ай ішінде «Nur Оtаn» фракциясының мүшелері бірде-бір резонанстық іс бойынша өз ұстанымдарын білдірмеген», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы фракция жұмысында бюрократияны және үйлестірудің күрделі процедураларын жою қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев партия органдарының – Партиялық бақылау комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыруды тапсырды.

«Осы органдарға кіретін депутаттар белсендірек әрекет етуі қажет. Сіздер тиісті мәселелерді сындарлы түрде көтеріп, жұртшылықтың қатысуымен нақты шешімдер ұсынғандарыңыз жөн, – деді партия төрағасы.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті өздеріне Конституция арқылы бекітілген заңнамалық бастаманы фракция депутаттарының іс жүзінде қолдана бермейтінін атап өтті.

«Депутаттар – партияның діңгегі, белсенді электораттың негізі. Халық сіздерге партия арқылы тиісті өкілеттіктер берді. Сіздер азаматтарымыздың мәселелерін шешу жолында жұмыс істеулеріңіз керек», – деді Елбасы.

Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси көшбасшылығын сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – тұрақтылық, Қазақстанның өсіп-өркендеуі және қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Сондықтан уәделерімізді орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет», – деді Елбасы.

 

Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.