Арыста мыңнан аса үй қалпына келтірілді

15 шілдедегі мәлімет бойынша, Арыс қаласында 1047 үй қалпына келтірілді. Құрылыс жұмыстары тағы 4225 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үй нысандарында жүргізілуде.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге 5,9 мыңнан астам құрылысшылар тартылған. 17 секторда жалпы саны 194 құрылыс компаниясы, 245 техника жұмыс жасауда. Сондай-ақ 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге 1617 құрылысшы тартылған.

ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу