Қазақстанда Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөнінде жол картасы бекітілді

Премьер-Министрдің өкімімен шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің экспортын ілгерілету жөнінде жол картасы бекітілді.

Жол картасы шегінде ішкі және сыртқы кедергілерге ерекше назар аударылады, оларды жою отандық эскпорттаушылар отандық өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету кезінде кезігетін теріс факторлар мен салдарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Жол картасының іс-шаралары қолайлы бәсекелес негізделген жағдайлар жасау және белсенді сауда саясаты арқылы ұлттық экспортты қолдау жолымен кіріс саласындағы саясат пен жауапты экономикалық саясат жолымен экономиканың экспорттық аясын одан әрі дамытуға бағытталған.

Жол картасы шикізаттық емес сектор мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экспорттаушыларының тұжырымдамалық-реформаторлық ұсыныстарының негізінде әзірленген, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуде жаңа тәсілдерді қамтиды.

Жол картасында 81 іс-шара көзделген, оның ішінде шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету жөнінде 52 іс-шара және көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

Жол картасының мақсаттарына қол жеткізу мынадай тұжырымдамалық бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

  • жүйелі – мемлекеттік қолдау шараларын және нысаналы топты айқындау әдістерін қайта құрылымдауға бағытталған шаралар;
  • құқықтық – нормативтік және құқықтық актілерді өзектендіру мен жетілдіруді талап ететін шаралар;
  • экономикалық – өндірістің шығынын төмендетуге бағытталған шаралар (өнімнің өзіндік құнын төмендету), өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (оның ішінде қаржы және қаржы емес қолдау шаралары);
  • институционалдық – экспорт саласында барлық институттардың қызметін шоғырландыратын отандық экспортты дамыту мәселелері жөнінде бірыңғай институтты қалыптастыруға бағытталған шаралар.
Жол картасы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты ҚР Президентінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы  Жолдауында берілген тапсырмаларды және ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №511 қаулысымен бекітілген "Ұлттық экспорттық стратегия" бағдарламасын орындау шегінде әзірленген.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу