Үкіметте Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттары қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет мүшелерімен және өңірлер әкімдерімен кеңес өткізді, оның барысында Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының басты бағыттары қаралды.

Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойғаны айтылды, олардың шешілуі экономиканың одан әрі өсуіне, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағыттарының негізінде біздің еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын тигізетін болады. 

Мемлекет басшысының тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, өңірлерді дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша қойған міндеттерін шешудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. 

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша нақты шараларға ертеңгі Үкімет отырысы арналатын болады. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу