Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020, 11:31:30

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру шаралары қаралды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады. 

Министр атап өткендей, ағымдағы жылдың қаңтар айында маусымдық бағаның 0,3%-ға өскені байқалды. Бұл ретте, ол өткен жылғы қаңтарға қарағанда 2 есе төмен және алдыңғы жылдардағы алғашқы айларындағы бағаның өсуімен салыстырмалы.

«Бірқатар жедел және жүйелі шаралар қабылдау үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктер бар деп есептейміз. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері қолданыстағы тетіктерді барынша пайдалануы қажет. Шекті бағаны бекіту тетігін белсенді пайдалану қажет», — деді Б. Сұлтанов. 

Министрдің айтуынша, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану түбегейлі өзгерістерді талап етеді.

«Осындай баламалы құралдардың бірі жеңілдетілген қаржыландыру арқылы бағаны ұстап тұру міндеттемелерін қабылдау бойынша сауда желілерін ынталандыру тетігі болып табылады. Біз оны «айналым схемасы» деп атадық және өңірлерді оны белсенді пайдалануға бірнеше рет шақырдық. Алайда, бұл құрал, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа еш жерде қолдануға алынбады. Іс жүзінде бағаны тежеудің ең ыңғайлы тетігі нарықтың бәсекелестігін қорғау жөніндегі шаралар болып отыр», — деді Б. Сұлтанов.

Монополияға қарсы орган 2019 жылы 198 хабарлама жіберді, оның ішінде 83 хабарлама сауда желілеріне жіберілді. Олардың 182-сі, оның ішінде 75-і сауда желілерімен орындалды. Бұл бағаның өсуін біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Өткен жылдың желтоқсан айында ол тек 0,1%-ға өсті. Ал алдыңғы жылдың тиісті айында бұл көрсеткіш 1,4%-ға құрады. Делдалдармен жұмыс істеу кезінде баға келісімдеріне қарсы күрес әдістері қолданылуы тиіс.

Б. Сұлтанов атап өткендей, екіншіден, ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыруды қамтамасыз ету қажет.

Сауда және интеграция министрлігі Әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілердің барлық қауымдастықтарымен кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық азық-түлік тауарлары бойынша өндірісті ұлғайту бойынша үлкен әлеует бар екенін көрсетті. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Мемлекеттік бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін субсидия алушыларға бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеу тетігі көзделген.

Үшіншіден, тауарларды сақтау мен тұтынушыларға жеткізудің заманауи инфрақұрылымын құру қажет.

«Бұл инфрақұрылымды құру бізді тиімсіз делдалдар желісінен арылтады және қосылған құнның барлық тізбегі бойынша маржиналдықтың ашық деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді. Тиімсіз делдалдарды болдырмайтын отандық тауар өндірушілер үшін өнімді тікелей өткізу арнасы пайда болады. Өнімді сақтау және тиімді бөлу үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады», — деді Б. Сұлтанов.

Бұдан өзге, министрлік мемлекеттік органдармен және даму институттарымен бірлесіп Қазақстанда тиімді тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Премьер-Министр жанынан жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдар мен Азия даму банкінің қатысуымен отырыстар өткізуді бастады.

«Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда. Орталықтар өндірушілердің жанында болады және тауарларды жинауды, сақтауды және бастапқы өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарының желісі құрылатын болады. Бұл көпфункционалды орталықтар өндірушілер мен сатып алушылардың кездесу орнына айналады. Заманауи көтерме базарлар жүйесі қалыптасады және тауарларды жеткізу логистикасы оңтайландырылады», — деп түсіндірді Б. Сұлтанов. 

Төртіншіден, баға мониторингі және электрондық сауданы дамыту үшін халықты тарту қажет.

«2019 жылдың желтоқсанында Қарағанды қаласында PRICE SCANNER баға мониторингі үшін мобильді қосымша іске қосылды. Бағалар туралы барлық деректер азаматтардан алынған ақпаратқа негізделген. Бұдан басқа, электрондық сауда алаңдарын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күнде Оңай Базар және Happy food Astana сияқты желілер ашылды. Олар өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін оңтайландыруға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ведомствоның ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқанын баяндады. 

Азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлері бойынша қамтамасыз ету 80% және одан да көп пайызды, ал кейбіреулері бойынша 100%-дан астамын құрайды. Бұған алма (69,5%), балық (62%), шұжық өнімдері (61,1%), ірімшік және сүзбе (58,4%), қант (54,4%) және құс еті (51,2%) кірмейді, олар бойынша импортқа тәуелділік бар. 

«Атап айтқанда, құс еті, ірімшік және сүзбе, сары май, қант, алма және шұжық өнімдері бойынша импорт алмастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазірдің өзінде ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар әзірленді. 2020 жылы қуаты 105 мың тонна 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаты 73 мың тонна 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2000 гектарға бақ отырғызу жоспарлануда, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауыты құрылысын салу басталды және жұмыс істеп тұрған 3 қант зауыттарына жаңғырту жүргізу жоспарлануда», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

С. Омаров атап өткендей, қазіргі кезде оң өзгерістер бар. Мысалы алма бойынша соңғы жылдары өнімділік 70 ц/га-дан 74 ц/га-ға дейін артты. Сәйкесінше өндіріс көлемі 18%-ға артты. Отандық өндірістің алмамен қамтамасыз етілуі 65%-дан 69,5%-ға дейін артты.

Қант бойынша өндіріс көлемі 345 мың тоннадан 505 мың тоннаға дейін, өнімділік 285 ц/га-дан 305 ц/га-ға дейін артты. Отандық өндірістің қантпен қамтамасыз етілуі 7% - дан 14% - ға дейін артты.

Ірімшік пен сүзбе бойынша өндіріс көлемі 2019 жылы 7,5%-ға өсіп, 29,5 мың тоннаны құрады. Өзіндік өндіріс ішкі нарықтың қажеттілігін 58%-ға жабады (50,5 мың тонна).

Құс еті өндірісі 3 жылда (2016-2018 жж.) 26%-ға артып, 192 мың тоннаны құрады. 

Макарон бойынша 2019 жылы 165,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілді (2018 жылға қарай өсім 4,3%), ішкі тұтыну 140 мың тоннаға бағаланады, бұл халықтың қажеттілігін макарон өнімдерімен толық жабады.

Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілі Джованни Каппанелли АДБ көтерме сауда нарықтарын, агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарын дамыту стратегиясы бойынша егжей-тегжейлі жоспар мен жол картасын әзірлегенін хабарлады. 

Д. Каппанеллидің айтуынша, ауыл шаруашылығы көтерме сауда нарықтарын және агро-логистикалық орталықтарды құру азық-түлік тауарларына бағаның құбылмалылығын төмендетуге, фермерлердің сауданың үстеме бағасынан әділ үлес алуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, оларға үлкен кіріс әкеліп, астықтан кейінгі шығындарды қысқартуға жол ашады. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Премьер-Министр Асқар Маминнің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шаралар пакеті дайындалып, іске асырылып жатқанын хабарлады. Ол өңірлер әкімдері аталған шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Қысқа мерзімді шаралар аясында азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу үшін ҚР АШМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының маңызды түрлері бойынша өндіріс, экспорт, импорт және тұтыну теңгерімін дайындауы тиіс. Осы теңгерімдер негізінде әрбір өңірдің ішкі нарығында азық-түлік тауарлары ұсыныстарының талап етілетін көлемін қамтамасыз ету қажет.


Жаңалықтар тізбегі
28 Ақпан 2020, 13:11
ҚР Президенті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады
28 Ақпан 2020, 12:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Samruk Business Forum» шарасына қатысты
27 Ақпан 2020, 19:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
27 Ақпан 2020, 15:21
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады
27 Ақпан 2020, 15:11
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
27 Ақпан 2020, 10:40
Инвестициялар, балық шаруашылығы және ШОБ — Атырау облысы қай салаға басымдық береді
26 Ақпан 2020, 20:21
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Ақпан 2020, 19:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады
26 Ақпан 2020, 17:27
Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ Аймақаралық ынтымақтастық  форумының қорытындысы бойынша $500 млн жуық болатын 52 келісімге қол қойылды
26 Ақпан 2020, 16:47
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
26 Ақпан 2020, 15:02
Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады
26 Ақпан 2020, 12:47
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
25 Ақпан 2020, 20:26
Су тасқынына дайындық және бизнес ахуалды жақсарту: Үкімет отырысы қалай өтті
25 Ақпан 2020, 18:57
Жамбыл облысы Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерін дамытуға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:49
Жамбыл облысы Қордай ауданында 12 елді мекенді газдандыру жобаларын қаржыландыруға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:40
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевпен келіссөз жүргізді
25 Ақпан 2020, 18:07
Ветеринария және мал шаруашылығында қолданылатын биопреператтарға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 13:59
ҚР ІІМ су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде
25 Ақпан 2020, 13:38
Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алдында гидротехникалық құрылыстарға талдау жүргізілді — ҚР ЭГТРМ
25 Ақпан 2020, 11:58
2025 жылға қарай ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн адамға дейін ұлғаяды — Р. Дәленов
25 Ақпан 2020, 11:06
Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды
25 Ақпан 2020, 10:08
9 мың адам мен 1 730 бірлік техника су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел әрекет етуге дайын — ҚР ІІМ
25 Ақпан 2020, 09:45
Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды тездету қажет — А. Мамин
25 Ақпан 2020, 09:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
24 Ақпан 2020, 20:58
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады
24 Ақпан 2020, 18:12
Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады
24 Ақпан 2020, 14:53
ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады
24 Ақпан 2020, 13:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
24 Ақпан 2020, 12:21
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктеріне қатысты депутаттық сауал
24 Ақпан 2020, 10:55
Дәулет Бекманов ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
24 Ақпан 2020, 10:04
25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49
22 Ақпан 2020, 14:18
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы, Ирак және Палестинадағы елшілерін тағайындады
22 Ақпан 2020, 13:17
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады
22 Ақпан 2020, 11:08
Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды
21 Ақпан 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан 2020, 17:12
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
21 Ақпан 2020, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі