Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына арналған толықтырулар мақұлданды

Сейсенбі, 26 Наурыз 2019, 09:55:05

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасына арналған толықтырулар мақұлданды.

Бұл құжат жастардың табысты әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасауға және оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттауға ықпалын тигізеді.

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрт басты блок бойынша нақты міндеттер қойғанын баяндады:

· қолжетімді білім мен таланттарды қолдау;

· жұмыспен қамтамасыз ету;

· әлеуметтік қолдау;

· азаматтық ұстаным мен этносаралық келісімді, патриоттықты нығайту.

Тұңғыш Президент атап өткендей: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты». Сондықтан мемлекеттік жастар саясатының мақсаты – оларға толыққанды рухани, мәдени, білім беру, кәсіби және физикалық тұрғыдан жан-жақты қолдау білдіру. Барлық көрсетілген бағыттарды іске асыру үшін Үкімет Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасын қабылдады. 23 қаңтар күні Ұлт көшбасшысы жастар форумы барысында жастардың сөзін тыңдады және олардың ұсыныстарын құжатқа енгізуді тапсырды. 

Бірінші. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жас қазақстандықтардың кәсіптік бағдарын анықтауға бағытталған «Өзіңді тап» жобасын іске қосу. Яғни жастарға өзі қызығатын дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру керек.

Екінші. Еліміздің аймақтарында бүркітшілер орталығын ашу және дамыту шараларын қабылдау. Жаттығу орталықтарын ашып, түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіп қана қоймай, Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп бұл көне өнерді Қазақстандағы этнотуризмнің маңызды элементіне айналдыру жоспарланған.

Үшінші. Өзін-өзі қорғау бойынша тегін шеберлік-сыныптарын өткізуді қарастырумен жастарға арналған спорттық клубтарды дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдау.

Төртінші. Еліміздегі ЖОО-лармен және колледждермен бірігіп «Студенттік бастама» деп аталатын жалпыреспубликалық волонтерлер қозғалысын және жас волонтерлер базасын құру. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, жетімдер мен жалғызбасты, үйсіз-күйсіз адамдарға көмек көрсету.

Бесінші. Медиа саланың келешегінен үміт күттіретін жас өкілдерін тарта отырып, Қазақстан ұлттық брендін алға жылжытуға бағытталған жаңа құралдар жасау.

Осылайша, бүгінгі таңда Жол картасының жобасы 89 тармақтан тұрады және бес бағыты бар.

Бірінші бағыт – Еңбек етіп жүрген жастарды баспанамен қамтамасыз ету. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жыл сайын жас мамандарға арналған мыңға жуық жалға берілетін тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Ол баспаналар кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығы мен бюджеттік мекемелерде, ғылым саласында жұмыс істейтін жас мамандарға, жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге арналып салынады. Отбасындағы бала саны, арнайы күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырғандар, толық емес отбасылар және тағы басқа факторлар да ескерілетін болады.

Екінші бағыт – жастарды еңбекпен қамту. «Жас кәсіпкер» бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылған. Үш жылдың ішінде 60 мыңнан астам жас кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылады. Ауылдағы жастарға 15 мың шағын несие беру жоспарланған. Ал жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 30 мыңнан аса мемлекеттік грант бөлінеді.

Үшінші бағыт – білім беру мен волонтерлер ұйымдарын дамыту. Қазір «Жас маман» деп аталатын бағдарлама әзірленіп жатыр. Осы бағдарлама арқылы сұранысқа ие 100 индустриалды және сервистік кәсіп бойынша мамандар дайындалады. Бұл бағыттағы жұмыстар 3 жыл бойы еліміздегі 20 алдыңғы қатарлы ЖОО мен 180 колледждің базасында, еліміздің барлық өңірлерінен 200 мың жасты қамтумен жүзеге асады.

«Ашық университет» жобасына барлық жоғары оқу орындары мен колледждерді қосу да жоспарланған. Сонымен қатар іргелі әрі қолданбалы зерттеулерді гранттық қаржыландыру жылына 3 миллиард теңгеге ұлғайтылатын болады. Волонтерлық шараларға белсене қатысып жүрген студенттердің шәкіртақысы 30%-ға көбейтіледі.

Төртінші бағыт – жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту. «Жасыл Ел» қозғалысының негізінде «Жасыл қала – Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Құрылыс компанияларында студенттік құрылыс отрядтары үшін квота бөлінеді. 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы және тағы басқалары әзірленеді.

Бесінші бағыт – бұл жас отбасыларды, денсаулық пен әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау бойынша шаралар кешені. Мысалы, аймақтық жастар чемпионаты мен студенттер универсиадаларын жаппай өткізу тәжірибесін жаңарту жоспарланған. Жоспардың аясында бірқатар кешенді жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Олардың ішінде түрлі жастар санатын әлеуметтендіру, суицидтің алдын-алу, отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды алға жылжыту, дарынды жастарды қолдау және тағы басқа бағыттар бар.

Жалпы, аталған бағыттардың барлығын жүзеге асыру жас отбасылардың әлеуметтік ахуалын арттыруға, адами капиталының сапасын өсіруге, сондай-ақ жастардың түрлі санаттарының тиімді әлеуметтенуіне мүмкіндік береді.

Мәселені қарау барысында жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамамен Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов пен Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов баяндама жасады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова Парламент Сенатында қаралып жатқан республикалық бюджетке өзгерістерде Жастар жылын өткізуге 24,6 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті және барлық министрліктерді жүргізіліп жатқан жұмыстарға белсене атсалысуға шақырды. Бұл орайда негізгі мәселелер жастарды жұмыс орындарымен қамту, өз ісін ашуға грант ұсыну, жастар іс-тәжірибесі мәселесіне ерекше көңіл бөлу болып табылады. Сондықтан бұл әлеуметтік блок министрліктеріне ғана емес, басқаларына да қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Шілде 2020, 17:39
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
14 Шілде 2020, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020
14 Шілде 2020, 15:31
Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.